- •Мазмұны
- •Курстың тақырыптық жоспары
- •2. Лекция сабақтарының конспектісі
- •1 Дәріс. Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері
- •Нақты іс-әрекет:
- •2 Дәріс. Психология ғылымы дамуының негізгі тарихи кезеңдері
- •3 Дәріс. Тұлға психологиясы
- •4 Дәріс. Таным процестерінің психологиялық ерекшеліктері.
- •Бақылау сұрақтары:
- •5 Дәріс. Адамның эмоциялық-еріктік сферасы ерекшеліктері.
- •Бақылау сұрақтары:
- •6 Дәріс. Психологиядағы іс-әрекет мәселесі
- •7 Дәріс. Инженерлік іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері.
- •8 Дәріс. Кәсіби өзіндік сананы тәрбиелеу және оның қалыптасуы
- •9 Дәріс. Қарым-қатынас іс-әрекет формасы ретінде.
- •10 Дәріс. Қақтығыстың психологиялық ерекшеліктері
- •11 Дәріс. Педагогикалық әсер ету психологиясы
- •12 Дәріс. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық мәселелері.
- •13 Дәріс. Әлеуметтік үлкен топ және бұқаралық құбылыстар психологиясы
- •14 Дәрiс. Басқару қызметінің психологиялық ерекшеліктері
- •21Ғасырдың барлық менеджерлері шартты түрде категорияларға бөлінеді:
- •15 Дәріс. Инженерлік қызметтегі басқарудың әлеуметтік-психологиялық мәселелері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Глоссарий
- •Зейін -психикалық іс-әрекеттің белгілі бір нәрсеге бағытталуын және шоғырлануын айтамыз, зейіннің негізгі қасиеттеріне тұрақтылық, шоғырлануы, бөлінушілігі, аударылуы және көлемі жатады.
- •Фрустрация - тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін, шектен асқан қанағаттанбаушылық фрустрацияның, яғни сана мен әрекеттің бұзылуының негізі болады.
Нақты іс-әрекет:
Еңбек психологиясы – адамның еңбек етуінде психологиялық ерекшеліктерді, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, шарттардың қызметке әсерін зерттейді. Еңбек психологиясы бірнеше бөлімдерден тұрады:
- инженерлік психология – автоматтандырылған басқару жүйелерін, техниканың жаңа түрлерін жобалау, құру мен эксплуатациялау тәжірибесінде қолдану мақсатында замануи техника мен адам арақатынасы үрдістерінің заңдылықтарын зерттейді. Ол сондай ақ, адам қызметінің ерекшеліктерінен шығатын техникалық құрылғыларды құруда қойылатын талаптарды шығара отырып, адамның психикалық және психофизикалық үрдістері мен қасиеттерін зерттейді, яғни техника мен еңбек шарттарын адамға икемдеу мәселелерін шешеді.
- авиациялық, космостық – ұшқыш, космонавт қызметінің психологиялық ерекшеліктерін талдайды.
Педагогикалық психология - оқыту мен тәрбиелеудің психикалық заңдылықтарын зерттейді.
Медициналық психология – дәрігер қызметі мен емделуші тәртібінің психологиялық аспектілерін зерделейді (нейропсихология, психофармако-логия, психотерапия).
Заң психологиясы - қылмыс үрдісі қатысушыларының тәртібінің психологиялық ерекшеліктерін (куәгер түсініктерінің психологиясы), қылмыскердің мінез-құлқы мен тұлғасының қалыптасуының психологиялық мәселелерін зерттейді.
Даму критерийі-
Жас ерекшелік психологиясы - даму барысында адамның сапасы мен әр түрлі психологиялық үрдістерін, білімді игеруінің жас мүмкіндіктерін, тұлға дамуының факторларын және әр жастың мінездік ерекшеліктерін (балалар психологиясы, жасөспірім психологиясы, жастық шақ психологиясы, ересек адам психологиясы, геронтопсихология) зерттейді.
Жалпы заңдылықтан ауытқыған (аномальды) даму психологиясы адам психикасының дамуында әртүрлі ауытқуларды зерттейді (патопсихология, олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология).
Салыстырмалы психология – адам мен жануар психикаларын, кездесетін ұқсастықтары мен айырмашылықтарының себептерін зерделейді және салыстырады (бір бөлімі - зоопсихология).
Қоғам мен тұлға қарым-қатынасының критерийі:
Әлеуметтік психология – адамдардың әртүрлі ұйымдасқан және ұйымдаспаған қоғамдық орталарындағы қарым-қатынас үрдісінде туындайтын психикалық құбылыстарды зерттейді.
Одан басқа, сыныптауға қиын болып келетін - шығармашылық психологиясы, тұлға психологиясы, генетикалық психология сияқты психология салалары бар.
Жоғары мектеп психологиясы педагогикалық психологияның бөлімі болып табылады. Дегенмен, жоғарғы оқу орнында оқыту мәселесі психология ғылымының әр саласының білімдерін қолдану арқылы шешіледі. Жоғары мектеп психологиясының пәні ретінде жоғары мектепте оқыту мен тәрбиелеу үрдістерінің тиімділігінің психологиялық шарттары мен заңдылықтары табылады.
«Жоғары мектеп психологиясы» курсын оқу, кәсіптік оқытушылық қызметке және тұлға аралық қарым-қатынаста жалпы біліктілікті арттыруға қажетті психологиялық ойлау қабілетінің құрылуына, психологиялық білім мен дағдының қалыптасуына әсер етеді. Психологиялық ойлау, ең алдымен, барлық адам бірегей және қайталанбас жеке тұлға деген түсінікті қолдану мен бекітуді талап етеді. Тұлға бұл жоғары құндылық, сондықтан адам психикасына тікелей күшпен кіру және араласуға жол берілмейді. Психикасындағы кез келген өзгеріс тек қана адамның өз әрекетінің нәтижесінде ғана болады.
Сонымен, қазіргі психологияға психологияның жеке салаларға тармақталуын туғызатын жіктеу үрдісі тән.
Психологияда психиканың маңызды деректері, заңдылықтары және механизмдері шығатын арнайы әдістер бар.
Психологиялық зерттеу әдістері 4 топқа бөлінеді (Б.Г. Ананьев бойынша):
ұйымдастырушылық (зерттеудің барлық уақытында қызмет етеді):
- салыстырмалы әдістер(көлденең қима, мысалы, адам дамуының тізбектелген сатысында қандай да бір психикалық үрдістің дамуын салыстыру, бақылау);
- лонгитюдті әдіс (бойлық қима, мысалы, адамның жастық және тұлғалық өзгерістерін анықтауға мүмкіндік беретін бір адамды ұзақ және жүйелі түрде зерттеу);
- кешенді әдістер.
Ғылыми деректерді табудың эмпирикалық тәсілдері:
- бақылау (өзін өзі бақылау);
- эксперимент (лабораториялық, табиғи, құрылымдық);
- психодиагностикалық әдістер (стандартталған және жобаланған тесттер, сауалнама жүргізу, социометрия, сұхбат, әңгіме және т.с.с.).
Мәліметтерді өңдеу тәсілдері:
- сандық (математико-статистикалық);
- сапалық.
Түсініктемелік әдістер (фазалардың кезеңдері мен қиын сәттерді бөлу арқылы материалдарды талдау, қарым қатынас орнату).
Сонымен, психология қызметі бойынша, дамуы бойынша, қоғам мен тұлғаның қарым-қатынасы бойынша сыныпталатын жеткілікті тармақталған салалар желісіне ие..
Психология таным үрдісінің психологиясы, тұлға психологиясы және адам қарым-қатынасының психологиясы сияқты негізгі бөлімдерді бөліп көрсетеді.
Танымдық процестердің психологиясы – бұл сезіну және қабылдау, көңіл бөлу және елестету, есте сақтау және ойлау сияқты психикалық құбылыстардың тікелей қатысын зерттейтін бөлім.
Тұлға психологиясы - тұлғаның психологиялық күйі мен қасиеттерін (қабілеттер, мінез, қажеттіліктер, уәждемелер) зерттейтін психология саласы.
Тұлға аралық қарым-қатынастар формасы адам қарым-қатынасы психологиясымен зерттеледі.
Психологияны біртұтас зерттеу жалпы психологияда көрсетілген жалпы түсініктер мен ережелерді меңгеруден басталады. Жалпы психология педагогикалық, медициналық, заңнамалық, салыстырмалы психологиялармен бір қатарға қойылатын психология ғылымының бұтағы емес. Жалпы психология психологияда ашылған жалпы заңдылықтарды, осы ғылым пайдаланатын әдістерді сипаттауда қолданылатын ерекше атау. Жалпы психология кейде теориялық және эксперименталдық психология болып аталады.
Жалпы психология танымдық және тәжірибелік қызметтерді; сезінудің, қабылдаудың, есте сақтаудың, елестетудің, ойлаудың, психологиялық өзіндік реттеудің жалпы заңдылықтарын; адам тұлғасының дифференциалды-психологиялық ерекшеліктерін; мінез-құлық уәждемелерінен асып түсетін мінез және темперамент және т.б зерттейді
Жалпы психология саласындағы зерттеу нәтижелері – психология ғылымының барлық саласы мен бөлімдері дамуының іргелі негізі.
3. Инженерлік психология басқару және бақылау жүйесіндегі адамның еңбек қызметінің психологиялық заңдылықтарын, оның осы жүйедегі техникалық құрылғыларымен ақпараттық қарым-қатынасын зерттейді.
Психологияның бұл саласы «адами фактордың», яғни, «адам - машина» жүйесінің тиімділігіне әсер ететін адам - оператордың қасиеттер жиынтығының есебімен жаңа техниканы жобалау мен құруда психологиялық негіздерді жасау мақсатына ие.
Бір жағынан инженерлік психология техникалық жабдықтарды жобалау мәселелерін шешуге тікелей бағытталғандықтан, инженерлік пән ретінде шығады. Екінші жағынан, «адами факторды» зерттейтін психология ғылымының саласын көрсетеді және адам-оператор қызметін шарттайтын психикалық заңдылықтарды тануға үлкен мән береді.
Инженерлік психология адам еңбегін шырайлы, қауіпсіз, өте тиімді етуге бағытталған адамгершілік мақсаттарға қызмет етеді. Инженерлік психология өмір сүруінің қажеттілігі өндіріс пен техника дамуының заманауи сатысында адамның психикалық қызметтерін алмастыра алатын, ақпаратты қабылдап және өзгерте алатын, өндірістік процесстерге бақылау жасап, басқарушылық әсер тудыратын машиналардың пайда болуымен түсіндіріледі. Заманауи теңіз кемесі – «адам-машина» жүйесінің мысалдарының бірі - мұнда адам (немесе адамдар тобы) материалдық құндылықтарды өндіру, басқару, ақпаратты өңдеу және с.с. процестерде техникалық құрылғымен қарым қатынаста болады. Жалпы жағдайда жүйенің машиналық бөлімін пайдаланылатын құрылғы, сыртқы орта мен құрылғы жағдайы туралы ақпаратты көрсету құралы және құрылғыны басқару органдары құрайды. Адам ақпаратты қабылдайды, жүйенің қызмет ету мақсаттарына сәйкес өңдейді, шешім қабылдайды және басқару әсерін іске асырады. Адам-машина жүйесі ойдағыдай қызмет етуі үшін «машиналық» және «адамдық» бөлімдердің өзара түсінісуін, олардың арасындағы сапалық қарым-қатынасын қамтамасыз ету қажет. Нақ осы адам мен машина қарым-қатынасы саласында жүйенің машиналық, сонымен қатар адами бөлімдерінің қанағаттанарлық жағдайына қарамастан, драмалық салдарға әкеліп соғатын кедергілер туындайды (мысалы, 1956 ж. Солтүстік Атлантикада шведтік «Стокгольм» лайнері мен итальяндық «Андреа Дориа» лайнерінің соқтығысуы). Басқару жүйесінде адам шынайы объектілермен емес, олардың бейнесін келтіретін орынбасарларымен қызмет етеді. Шеңберлі бақылау көрсеткішінің экранындағы белгі түріндегі радиолокатор көрсеткіші, бағыт пен арақашықтық есептеуіштеріндегі сандық мәндер бақыланатын объектінің орналасуы мен орын ауыстыруын көрсететін ақпараттық модельді құрайды.
Ақпараттық модель бақыланатын объектіні, оның басқару жүйесін, сыртқы ортаны және оларға әсер ету тәсілдерін көрсетудің белгілі бір жүйесіне сәйкес ұйымдасқан ережелерін көрсетеді.
Ақпараттық модель шынайылықты мінсіз көрсетпейді, ол тек қана ықшамдайды және дөңгелектейді. Ақпараттық модельдің объектінің нақты көрсеткіштеріне сәйкес келмеуі – адамның қате шешім қабылдауының бір себебі.
Адам ақпараттық модельге жүгінген кезде оның санасында жиналған білімі мен тәжірибесі негізінде ішкі тұжырымдамалық модель - бақыланатын объекті мен сыртқы орта күйі туралы көріністер жиынтығы құрастырылады. Тұжырымдамалық модель ғана адам қабылдаған шешімдер сипаты мен оның шығарған басқару әсерін анықтайды. Тұжырымдамалық модельдің құрылуы – техникалық құралдармен жеткізілген ақпаратты қабылдауға сүйенетін психикалық процесс.
Психикалық процестерді, операторлар психикасының күйі мен сипаттамаларын зерттеу негізінде «адам-машина» жүйесінде тұжырымдамалық модельді құру мен шешімдерді шығару мәселелері инженерлік психологияның ғылыми пән ретінде негізгі мазмұны болып табылады.
Инженерлік психология объектісі, пульт алдындағы адам - еңбек ететін оператор болып табылады, оның негізін қашықтықтан басқару арқылы машинамен, еңбек құралымен және сыртқы ортамен қарым-қатынас құрайды.
Инженерлік психологияның ғылым ретінде қалыптасуы өткен ғасырдың 40 ж. АҚШ және Англия психологтарының еңбектерінде бастау алған. Инженерлік психологияның ресейлік мектептерде көрінуі 60 ж. басына жатады; олардың құрылуы мен дамуында Б.Ф.Ломов, В.Д.Небылицын, В.П.Зинченко, М.А.Котик, А.М.Емельянов, В.Ф.Венд, В.М.Мунипов еңбектері маңызды рөл ойнайды.
Еңбек қызметі процесінде адам, машина мен орта қарым-қатынасының мәселелерін эргономика – еңбек қызметінің антропометрикалық, психофизиологиялық, ақпараттық, педагогикалық аспектілерін қарастыратын еңбек қызметі туралы интегралды ғылым зерттейді. Инженерлік психологияны, «адам - машина» күрделі жүйесіне қатысты эргономика мәселелерін шешетін, осы жүйелерді жобалау мен эксплуатациялау кезінде психологиялық факторларды есепке алатын эргономиканың бір бөлігі ретінде қарастыруға болады.
Сонымен, инженерлік психология - қарқынды дамып келе жатқан ғылыми пән. Егер оның дамуының бастапқы сатысында әскери техника, авиация, энергетикалық жүйенің қажеттілігі көрсетілсе, кейінгісінде инженерлік – психологиялық зерттеулер әдістері мен нәтижелеріне космонавтика, теңіз, автомобиль, теміржол көліктері, әртүрлі техникалық процестерді басқарудың автоматтандыру жүйелері жоғары сұраныс танытты. Соңғы жылдары компьютерлік техниканы қолдану саласында инженерлік – психологиялық құрастыруларға сұраныс күрт өскен.
Нег.: 7 [12-70], 4 [5-91, 132-145], 8 [10-90]
Қос.: 4 [4-41], 7 [7-19, 48-63], 6 [10-78]
Бақылау сұрақтары:
Психика қандай формаларда көрінеді?
Табиғи психологиялық эксперимент дегеніміз не?
Заманауи кезеңде психологиялық білімдерді қолдану аясын негіздеңіздер.
Психология қандай ғылымдармен байланысты?
Психология ғылымының негізгі салаларын атаңыздар.
