Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
д-рістер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
239.31 Кб
Скачать

2 Дәріс. Психология ғылымы дамуының негізгі тарихи кезеңдері

    1. Өзінің даму тарихында психология ұзақ жолды басып өтті. Психологияның объектісін, пәнін және мақсатын түсінуде, ол көптеген өзгерістерге ұшырады.

Психологияның дамуын шартты түрде 3 кезеңге бөліп көрсетуге болады:

  1. Ғылымға дейінгі, немесе тұрмыстық психология;

  2. Философиялық психология; антикалық дәуір психологиясы; Ортағасыр, Қайта өрлеу және Жаңа заман психологиясы (б.э.д.VI ғ. – б.э.д.XIX ғ. басы);

  3. Ғылыми психология ( б.э. XIX ғ.).

Тұрмыстық психологиялық білім қоғамдық және жеке тәжірибеден қаланған, психологиялық білімнің ғылымға дейінгі бейнесін қалыптастырған. Яғни, психология – бұл, ең алдымен қызмет ету және басқа адамдармен қарым – қатынас жасау барысында басқа адамды және өз – өзін танып білу. Әрекет жасау барысында әрқашан адамның ұстанған ниеті, уәждемелері қарастырылады.

Француз психологы П. Жаненің ойынша, тұрмыстық психология – бұл халықтың психологтарға дейінгі шығарған психологиясы. Демек, адам «қайталау – білім анасы» деген мақалды білмеуі мүмкін, дегенмен ол жеке тәжірибесінің арқасында, мәтінді қайталап оқу оның жадында жақсырақ сақталатынын жақсы білді.

Психика жайындағы алғашқы көріністер анимизммен (латын тілінен анима – рух, жан) – көне көзқарастармен, яғни жер бетіндегі барлық заттардың жаны бар дегенмен байланысты болды. Жан тәнге ешқандай байланысы жоқ, тірі және өлі заттарды басқару қабілеті бар негіз ретінде түсіндірілді.

Ежелгі гректер жанның оның физикалық негізімен тығыз байланысын әуел бастан – ақ түсінген. Ертедегі түсініктерде жан адам денесінен ол ұйықтап жатқанда шығуға, және ол ұйықтап жатқанда өзінің жеке өмірін сүруге қабілеті бар деп түсіндірілген. Адам өлген кезде, жан денеден адамның аузы арқылы мәңгілікке ұшып кетеді деп болжаған. Жанның орын ауыстыруы туралы ілім – ең ежелгі ілімдердің бірі болып табылады. Ол тек қана Ежелгі Үндістанда ғана емес, сонымен қатар, Ежелгі Гректерде де, әсіресе, Пифагор мен Платонның философиясында бейнеленген.

Кейінірек, ежелгі философиялық ілімдерде идеализм тұрғысынан, немесе материализм тұрғысынан шешілген негізгі психологиялық аспектілері қарастырылды. Адамның жанын шар тәрізді, майда және жылдам қозғалатын атомдардан тұратын материяның бір түрі ретінде, тән бейнесі ретінде қарастыру – материалист–философтар Демокрит, Лукреций, Эпикурларға тән болды. Демокрит, жан үшін де және космос үшін де ортақ бір заң бар, ол заң бойынша себепсіз құбылыстар болмайды, дегенмен олардың барлығы – үздіксіз қозғалыстағы атомдардың соқтығысуынан пайда болатын заңды нәтиже деп есептеген. Кейінірек себептілік принципі детерминизм деп аталған.

Гиппократ психологияға жан қасиеттері тән қасиеттеріне байланысты деген ұғымды ендірген. Гиппократтың атымен осы күнге дейін жетіп келген темпераменттің төрт түрін атауға болады.

Анаксагор, ұйымдастыру (жүйелеу) идеясын алға тартты, яғни, ақыл емес, адамның тәнінің ұйымдастырылуы оның артықшылықтарын айқындайды.

Сократтың қызығушылығын жеке субъектінің (оның өнімдері мен құндылықтары) ақыл – ой әрекеттері тудырды. Гераклиттің «өзінді танып біл» деген формуласын Сократ субъекттің ішкі жан дүниесіне, оның сеніміне және құндылықтарына, ең жақсыны танып білуге байланысты ақылды тіршілік ағзасы ретінде әрекет етуді білуіне қаратты. Сократ адамның ішкі жан дүниесіне, оның сенімдері мен құндылықтарына, ақылы бар бейне ретінде әрекет етуіне баса назар аударды. Ой әрекеті диалогтық қарым-қатынас жасау барысында зерттелді. Осы зерттеулерден кейін жан түсінігі физикалық табиғат білмейтін «қайырымдылық», «әділеттілік», «ғажайыптылық» және т.б. сияқты идеялармен толықтырылды.

Идеалистік философияның негізін қалаушы ежелгі грек философы, Сократтың оқушысы Платон болды. Платон, жан ол таңғажайып діни бастама, және ол тәнмен қосылмай жатып өмір сүреді деп есептеді. Платон жан құбылыстарын ақыл, батылдық және шабытқа жіктеді.

Өлімнен кейін жан тәннен шығады және таңғажайып діни «идеялар әлемімен» қатынасқа түседі. Платон бойынша кез-келген ілім – бұл естелік. Жан өзінің жерге туылғанға дейінгі көргенін еске түсіреді. Сәйкесінше күш салып, дайындалғаннан кейін жан өзінің жерде туылуына дейін көргенін еске түсіре алады. Ол, адам «жердегі емес, көктегі отырғызу» деп оқытты. Платон алғаш рет іштей сөйлеу сияқты психикалық қызмет түрін ұсынды: жан ойлайды, өз-өзіне сұрақ қояды, оған жауап береді, дәлелдейді және бас тартады.

Аристотель жанды психологиялық білімнің пәні ретінде түсінудің жаңа дәуірін ашты. Өзінің «Жан туралы» трактатында ол психологияны өзіндік білім бөлімі ретінде қарастырды және алғаш рет жанның тірі тәннен бөлінбейтіндігі туралы идеяны алға тартты. Аристотель психологияның басты түсіндіру принциптерін: жүйелілік, даму, себептілікті жасап шығарды. Ағза бұл жүйе және сәйкесінше оның өзіне сай іскерлікке деген әртүрлі деңгейде қабілеттіліктері бар. Сонымен қатар Аристотель қабілеттілік иерархиясының сұлбасын жасап шықты:

  • вегетативтік (бұл өсімдіктерде де кездеседі);

  • сезімді-қозғалтқыштық (жануарларда және адамдарда);

  • ақылдылық (тек адамдарда кездеседі). Жанның функциялары оның дамуының деңгейлері болып табылады.

Аристотельдің пайымдауынша, әрбір адам, сәби кезінен бастап ес тоқтатқан ересек кезеңге жеткенге дейін органикалық әлем өз даму тарихында басып өткен кезеңдерден өтеді. Нәтижесінде бұл биогенетикалық заңдылық деп аталды.

Ол сонымен қатар, әрқашанда мақсаттық себеп немесе «бір нәрсе үшін жасалатын әрекет» бар деп есептеді.

Ортағасыр дәуірінде жан тәңірлік (діни), өте ғажайып бастама және сол үшін жан өмірін зерттеу дін ілімінің тапсырмаларына бағынышты деген тұжырымдама бекітілді.

XVII ғ. бастап психологиялық білімнің дамуында жаңа дәуір басталды. Психология ғылым ретінде сананы зерттей бастады. Сана ретінде сол уақытта ойлау және сезу қабілеті түсіндірілді.

Р.Декарт (1596-1650) – механикалық модель негізінде мінез-құлықты түсіндіретін теорияны ойлап тапты. Жүйке жүйесін, Декарттың ойынша, жеңіл ауа тәрізді бөлшектер өтетін «түтікше» түрінде ойлады. Сыртқы импульс осы «жандарға» қозғалыс береді, оларды миға жеткізеді және олар сол жерде автоматты түрде бұлшық еттерде көрініс табады. Ыстық зат, қолды күйдіре отырып, оны тастап жіберуге үндейді. Жарықтық сәуленің жазықтықтан шағылысуы сияқты реакция жүреді. Осыған орай, Декарт, сыртқы физикалық келеңсіздіктерге ағзаның заңды қозғаушы жауабы ретінде рефлекстің орталық идеялары бар мінез-құлықтың детерминисттік концепциясының негізін қалады. Бұл декарттық дуализм – бас миында орналасқан «ақылды жан» басқаратын және механикалық қозғалатын тән. Декарттың танымал «Мен ойлаймын, демек, мен өмір сүремін» фразасы, адам өзінде кездестіретін ең алғашқы нәрсе – ол өзінің жеке санасы екенін дәлелдейтін пікірінің негізі болып табылды. Тәннің жұмыс істеу принципі – рефлекс, ал жанның жұмыс істеу принципі – рефлексия (лат. «артқа назар»).

Неміс философы Г.Лейбниц (1646-1716) –психика мен сананың декарттық теңдігін жоққа шығарды, бейсана психикасы ұғымын енгізді. Адам жанында психикалық күштердің - сансыз «кішкентай перцепциялардың» (түйсіктің) үздіксіз жұмысы жүреді. Олардан саналы қалау мен қажеттіліктер туындайды.

Кейінірек психологияның даму барысында таным негізінде тәжірибені қабылдау керек екендігі ұсынылды. Осылайша эмпирикалық психология туды, оның негізгі принципі нақты психикалық құбылыстарды, олардың классификацияларын бақылаудан және олардың арасында тәжірибеде тексерілетін заңдылықтарды орнатудан тұрады.

Ағылшын философы Дж.Локк (1632-1704) – адам жанын ештеңе жазылмаған таза тақтамен салыстырды. Жан сезімдік әсерлер арқылы қарапайым идеялармен толықтырылады және ойлай бастайды, яғни күрделі идеялар қалыптаса бастайды. Бұл идеялар ассоциациялар (байланыс) көмегімен қалыптасады. Барлық идеялар сананың пікірі алдында жауап береді. «Сана адамның жеке ақылында болып жатқан дүниелерді қабылдау». Бұл әдіс интроспекция деп аталады. Аталған әдіс бойынша адамның ой әрекетін және санасын зерттеуге болады.

Сезу және қозғалу мүшелерін зерделеу бойынша физиологтардың (Мюллер, Вебер) жұмысы жаңа психологияны дайындады, ол философиямен тығыз байланысқан дәстүрлі психологиядан ерекше болды. Психологияны физиологиядан да, философиядан да бөліп жеке ғылыми пән ретінде қарастыратын негіз пайда болды.

Кейінірек психологияның тарихында субъект санасынан тәуелсіз өмір сүретін құбылыстар әлемі ашылды, олар сыртқы тәжірибеге және басқа да кез-келген табиғи фактілерді объективті зерттеуге қолжетімді болды. Зерттеулік және сандық әдістерге негіз ретінде, бұл психикалық әлемде жеке заңдар мен себептер бар деген негіз қаланды. Бұл психологияны физиологиядан да философиядан да бөлетін негіз құрды.

ХІХ ғ. 60-шы жылдары психология жеке ғылым ретінде бөлініп шықты. Бұл арнайы ғылыми-зерттеу ұйымдарының – жоғары оқу орындарында психологиялық зертханалар мен институтттар, кафедралар құрылуымен, сонымен қатар психикалық құбылыстарды зерттеуге арналған тәжірибелердің енгізілуімен байланысты болды.

1879 жылы Лейпциге Вундтта әлемдегі ең алғашқы тәжірибелік психологиялық зертхананы ашты. Психологияны физиологиялық психология деп атап, Вундт физиологтардың мәселелерін – сезімді, реакциялар, ассоциациялар, психофизика уақытын зерделеумен айналысты.

Көп ұзамай, 1885 жылы Бехтерев В.М. Ресейде осыған ұқсас зертхананы Ресейде ұйымдастырды. Осылайша, психология – өмір сүрудің ерекше формасы ретінде психиканың даму және қызмет ету заңдылықтары туралы ғылым. «Психология» термині алғаш рет ғылыми қолданысқа ХVI ғасырда енді. Алғашында ол жан құбылыстарын зерттейтін ғылымға тиісті болды. Кейінірек XVII – XIX ғғ. психологтардың зерттеу аясы айтарлықтай кеңейді, адам түсініксіз психикалық процестері мен әрекеттерін қамти бастады. ХХ ғасырда психология адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, реакциялары туралы ғылым деп аталды. Ал содан кейін психология психиканың көрінуі мен қызмет етуінің объективті заңдылықтарын зерттейтін ғылым болып табылды.

Демек, қарастырылған қысқаша тарихи шолу психологияның ғылым ретінде дамуы мен қалыптасуына дейінгі аралықты көрсетті.

    1. 20 ғасырдың басында психологияда күйзеліс жағдайлары орын ала бастады, ол ескі қисынсыз түсініктермен байланысты болды. Негізгі назар адамның қоршаған ортаға бейімделуіне, мінез-құлықты реттеудің санадан тыс факторларына аударылды. Бұл күйзелістен шығу әрекеттері әртүрлі психологиялық ағымдардың пайда болуына әкеп соқтырды.

1913 жылы америкалық психолог Д.Уотсон зерделеудің объективті тәжірибелік әдістерін қолданылған кезде ғана, психологияны ғылым деп атауға болатынын тұжырымдады. Объективті түрде қайсыбір жағдайда туындайтын адамның мінез-құлығын ғана зерттеуге болады.

Мінез-құлық – бұл өзі бейімделіп жатқан орта түрткілерімен, қарым-қатынасымен шартталған ағза реакцияларының жиыны. Осылайша, психологияның – бихевиоризм деген бағыты пайда болды. Жаңа бағыттың негізгі қосқан үлесі психология зерттейтін облыстың кеңеюімен байланысты болды. Психология пәні сыртқы объективті бақылауға тән, сана стимулынан тәуелсіз - реактивті қарым-қатынастарды қамти бастады.

Бихевиористер психологиялық эксперименттерді негізінен жануарларға – ақ тышқандарға жүргізе бастады. Эксперименттік құрылғы ретінде лабиринттер мен «проблемалы жәшіктердің» көптеген түрлері жасалды. Оларға жіберілген жануарлар одан шығу жолдарын табуды үйренді. Бұл мектеп үшін сынау мен қателесу арқылы дағдылануды үйрену тақырыбы ортақ мәселе болды. Бихевиористер, психология – мінез-құлық туралы ғылым, ал санамен байланысты барлық қалған түсініктерді ғылыми психологиядан шығарып тастау керек деп есептеді. «Бала иттен қорқады» деген түсінікті ғылыми тұрғыдан қарастырғанда ешқандай мағына бермейді, объективті түсініктемелер қажет: «ит балаға жақындағанда ондағы жас және үрей күшейеді». Сондай-ақ олар, мінез-құлықтың жаңа түрлері шартты рефлекстердің түзілу нәтижесінде пайда болады деп есептеді. Адамның іс-әрекеттері әлеуметтік ортаның ықпалы нәтижесінде пайда болады, адам оған толығымен тәуелді болады. Адам басқа адамдардың мінез-құлығына еліктеуге жақын келеді, ол осы еліктеу барысында өзінің қаншалықты жағымды әсер алатынын ескерумен байланысты болады.

Психологияның бұл бағытының жағымды жағы адам әрекетін, сырттан бақыланатын реакцияларды тіркеуге алу мен талдаудың объективті әдістері енгізілді; оқыту, дағдының пайда болуы, мінез-құлық реакцияларының заңдылықтары ашылды.

Бихевиоризмнің кемшілігі, осы бағыт өкілдері адамның психикалық іс-әрекетінің күрделілігін есепке алмады, адам мен жануарлардың психикасын жақындастырды, сана, шығармашылық, жеке тұлға ретінде өз орнын белгілеу процестерін ескермеді.

Бихевиоризммен қатар дәл сол уақытта жаңа бағыт – психоанализ пайда болды. Яғни, сана астында субъект танып білмеген психикалық күштер, процестер мен механизмдердің ең күшті пласттары жатыр. Бұл ілімді австриялық дәрігер Зигмунд Фрейд (1856-1939) ұсынды. Фрейд психикалық ауытқулармен ауырған ауруларды емдеумен айналысты. Фрейд, психиатр ретінде жүйке ауруларына шалдыққан адамдардың ішкі психикалық дүниесін зерттей отырып, сана, бейсана және астар сана деген үш бөлімнен тұратын психиканың қарапайым моделін жасап шығарды. Осы модельде З. Фрейд бейсананы ашқан жоқ, себебі бейсана феномені антикалық дәуірден белгілі болатын, ол тек қана сана мен бейсана орнын ауыстырып: үстінде сана тұратын психиканың орталық компоненті бейсана болып табылды деп айтты. Бейсана - ең бастысы сексуалды инстинкт болып табылатын инстинкттер мен құштарлық аясы ретінде түсіндірілді. Емдеу барысында ол сананың нейрофизиологиялық және психологиялық мәліметтерін пайдаланды, бірақ ол өз емделушілерінің психикасында патологиялық өзгерістердің себептерін түсіндіретін жолды көре алмады. Ал, себебін білмей отырып, соқыр тәуекелмен әрекет жасауына тура келді, себебі сол мәселелерді шешіп қана терапевттік нәтижені алуға болады.

Ізденіске деген алғашқы түрткі гипноздың қолданылуы болды. Гипноздағы адамды қандайда бір әрекетті жасауға оны үндеу үшін ол осы әрекетті жасап болғаннан кейінгі әрекетін өзін ақтау үшін әрекеттерінің ешқандай мәнін түсінбегенін білдірмеу үшін ол өзінің алдына мақсаттар қоя отырып дәлелдейтінін көруге болады. Шын мәніндегі себептер санаға белгісіз, бірақ олар мінез-құлықты басқарады. Дәл осы күштерді талдаумен Фрейд айналысты.

Осы процестердің ішіндегі ең маңыздысы құштарлық энергиясының сексуалды табиғаты болып табылды. Жас кезінен бастап жанұя ортасында ол жеке тұлғаның уәждемелеуші ресурсын анықтайды. Көптеген өзгерістерге ұшырай отырып ол сөне бастайды, қысыла бастайды, дегенмен де, сананың «цензурасын» жарып шығып, әртүрлі симптомдар түрінде, соның ішінде патологиялық (қозғалыстың, қабылдаудың, естің және т.б. ауытқулар) түрінде кездеседі.

Фрейдтің есептеуінше, психологиялық сырқаттар бұл қоғаммен тыйым салынған инстинктивті құштарлықтарын қандыру индивидтің күресінің нәтижесі болып табылады. Қоғамдық талқылаудың күшті болғандығы соншалықты, жеке тұлға тіпті оларды сезініп көруге де шамалары болмады, осының арқасында оларды психикалық өмірдің кең ауқымды бейсана бөлігіне ысырылып тасталды. Бейсана бөлікті Фрейд – ОЛ немесе бейсаналық деп атады. Алдыңғы сана – Жоғарғы-МЕН деп (яғни, ол біздің цензор) атады. Сананың рационалды бөлігі – МЕН деген атқа ие болды. Фрейдтің емдеу тәсілі, емделушісіне ОЛ және Жоғарғы МЕН арасындағы сұрапыл соғыстың уақытын көрсете отырып, МЕНнің қабілетін күшейтіп, мәселені шешуді қамтыды. Тәуелсіз ассоциация (байланыс) әдісі көмегімен, психоаналитик түс көруді талқылай отырып бейсана ауқымын. санаға аударғысы келеді.

Демек, Фрейд көмегімен психология пәнінің бұрынғы мағынасы өзгерістерге ұшырады.

Сананың құрылымы туралы жаңа деректер гештальтпсихологияның пайда болуымен жарыққа шықты. Бұл бағыт Германияда Т.Вертгеймер, В.Келер және К.Левиндердің ат салысуының арқасында пайда болды. Олардың тұжырымдауынша, сана бұл бүтін құрылым болып табылады, оның жалпы ұйымдастырылуына оның жеке бір бөліктері тәуелді.

Мысалы, әуен әртүрлі тондарда орындалған кезде әртүрлі сезімдерге баулығанымен, ол бәрі-бір бірдей сияқты танылады.

Гештальтистер жануарларда жүргізген тәжірибелерінде гештальттың психикалық бейнелерін ескермей отырып, олардың қозғалыс тәртібін түсіндіруге болмайтыны көрсетілді. Тауықтарда сұр түстің екі сараптамасы пайда болды. Алдымен олар сұр квадрат жәшікке шашылған жемді, жанында тұрған қара квадраттан айырып, шоқып жеуді үйренді. Соңғы тәжірибеде алғашында жағымды әсер беруге бағытталған квадрат одан да ашық түсті квадраттан қалып қойды. Тауықтар өздері шұқып үйренген квадратты емес ең соңғы ашық түсті квадратты таңдады. Олар түрткіге (стимул) емес, ал түрткілердің қарым-қатынасына назар аударды («барынша ашық түске»).

Адамға ұқсас маймылдармен тәжірибе жүргізу барысында, олар проблемалы жағдайлардан кездейсоқ әрекеттердің көмегімен емес, заттар арасындағы өзара қарым-қатынастарды тезарада ұға отырып шешім қабылдауымен ерекшеленді. Заттарды бұлай қабылдау «инсайт» деп аталды. Ол жаңа гештальттың құрылуының арқасында пайда болады.

Демек, сана гешталь теориясында психологиялық заңдылықтар бойынша түрленетін таным құрылымының динамикасымен бейнеленетін тұтастық ретінде көрсетілді.

Гуманистік психологияда А. Маслоу (1908-1970), К. Роджерс (1902-1987), В.Франкл (1905 туылған) психологиялық зерттеулер аясына нақты проблемаларды енгізу мәселесін жүктеді. Гуманистік психологияның өкілдері психологиялық зерттеулердің пәні ретінде дұрыс шығармашылық жеке тұлғаны есептеді. Гуманистік бағдарлау адам қажеттіліктерінің негізі ретінде махаббат, шығармашылық өсу, жоғарғы құндылықтар, мән қарастырылуымен айқындалды.

Гуманистік тәсілдеме басқаларға қарағанда ғылыми психологиядан алшақ болып есептеледі, оның басты рөліне адамның жеке тәжірибесін қояды. Гуманистердің ойынша, индивидиум өзін-өзі бағалауға және өзінің жеке тұлғасының жарыққа бастайтын жолын табуға қабілетті.

3. Ресейлік ғылыми психологияның негізін қалаушы И.М. Сеченов болып есептеледі. Оның «Бас миының рефлекстері» атты кітабында негізгі психологиялық процестер физиологиялық түсіндірмеге ие. Олардың сұлбасы рефлекстің сұлбасына өте жақын: олар сыртқы әрекеттесуден бастау алып, орталық жүйке жүйесінің қызметімен жалғасады және жауап беру қызметімен – қозғалыс, іс-әрекет, сөйлеумен аяқталады. Ресейлік психология тарихындағы маңызды орынды Г.И. Челпанов иеленген. Оның басты қызметі Ресейде психологиялық институттың (1912) негізін қалауында. Зерттеудің объективті әдісін пайдалана отырып психологияда тәжірибелік бағытты В.М. Бехтерев дамытты. И.П. Павлов күші ағзаның іс-әрекетіндегі шартты-рефлекторлық байланыстарды зерттеуге бағытталды.

20 ғасыр психологиясының дамуына ауқымды үлес қосқандар: Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, П.Я.Гальперин.

Л.С.Выготский адамның психикалық дамуының мәдени-тарихи концепцияларының негізін енгізді. А.Н.Леонтьев жоғарғы психикалық функциялардың қалыптасу механизмдерін зерттеді. П.Я.Гальперин – ақылды іс-әрекеттердің сатылы қалыптасу концепциясының авторы.

Қазақстанда психологиялық ойлау құрылуының 3 кезеңін атап көрсетуге болады.

  1. Бұл кезеңге Қазақ халқының фольклорлық дәстүрі тән, ол өзінің бастауын, психологиялық идеяларын 15-18 ғасыр ақын-жазушыларынан алды. Бұл кезең қазақ психологиялық ойлау тарихының алғы бастамасы болып табылады. Бұл кезеңнің айрықша ерекшелігі адамның ішкі жан дүниесіне қызығушылықтың пайда болуы.

  2. 19 ғасырдың ортасынан бастап кеңес үкіметінің орнауына дейінгі кезең. Бұл кезең Қазақстандағы психологилық ғылым қалыптасуының бастамасы болып табылады. Қазақтың зиялылары өз халқының фольклорлық дәстүрін жалғастырды, жалпы, балалық, педагогикалық және қоғамдық психология сұрақтары бойынша түпнұсқалық ережелерді жасап шығарды.

  3. Қазақстандағы кеңес психологиясының дамуы. Бұл кезеңнің өзі екі кезеңге бөлінеді. Ғылыми психологияның негіздерінің қалыптасуы (1917-1945). Екінші кезең соғыстан кейінгі психологиялық ғылымның дамуы (1945 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін).

Қазақстанда ғылымның дерліктей барлық салалары кеңес үкіметі жылдарында құрылды, дегенмен де революцияға дейінгі қазақ психология-педагогикалық мәдениетінің (Әл-Фараби, Уәлиханов, Алтынсарин, Құнанбаев, Торайғыров) маңызды прогрессивті дәстүрлеріне сүйенді. 1918-1919 жылдар аралығында баспа ісі жақсарды, «Мұғалім» журналы жарық көрді, сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық тақырыптарда кітапшалар шығарылды.

30 жылдардың соңында республикада психология және педагогика облысында жеке өз мамандары болды. Ғылыми зерттеулердің негізі қалана бастады (А.Сытдықов, С.Қожахметов). 1939 жылы Ленинград қаласында Т.Тәжібаев «Ушинский және Ресейдегі педагогикалық психология» тақырыбында өзінің кандидаттық диссертациясын қорғады. Бұл Қазақ республикасының өкілі қорғаған психология бойынша алғашқы диссертация еді. Бұл жұмыс Ресейдегі танымал психологтардан жоғарғы бағаға ие болды.

1946 жылдың қыркүйек айында ҚазПИ-да психология кафедрасы ұйымдастырылды. 1948 жылы Абай атындағы ҚазПИ-да КСРО Минвузының ЖАК тұсында педагогикалық ғылымдар бойынша диссертацияны қорғауға қабылдауға құқылы болды. Кейінірек психология бойынша аспирантура ҚазПИ және ҚазМУ-да ашылды. ҚазМУ кеңесінде Е.Суфиев педагогикалық психология бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.

Педагогикалық және жасаралық психология облысында ұлттық мамандарды дайындауда Қазақстанға Ресей ғалымдары үлкен көмек көрсетті. Мәскеудің, Киевтің, Ленинградтың ҒЗИ психология кафедраларында Е.В.Агинянц, А.И.Клименко, О.К.Орманбаева, В.Шабельников, Х.Т.Шериязданова, М.М.Муканов, Н.А.Логинова, Б.Сарсенбаева, А.Жакупов өздерінің кандидаттық диссертацияларын қорғады.

Осы уақыт аралығында үш докторлық диссертация қорғалды: М.М.Мұқанов, К.Б.Жарықбаев, Ж.И.Намазбаева.

Жалпы Қазақстанда жасаралық және педагогикалық психология жетекші облыс болып табылады.

Нег.: 4 [623-651], 7 [28-57]

Қос.: 5 [10-28,182-193], 2 [538-560]

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстандағы психологиялық ой-пікірдің даму кезеңдерін атап көрсетіңіздер.

  2. ХХ ғасыр психологиясының негізгі бағыттарын сипаттаңыздар.

  3. Қазіргі кезеңде отандық психологияның дамуы қандай?

  4. Психологияныі жеке ғылым болып бөлініп шығуына не әсер етті?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]