- •Мазмұны
- •Курстың тақырыптық жоспары
- •2. Лекция сабақтарының конспектісі
- •1 Дәріс. Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері
- •Нақты іс-әрекет:
- •2 Дәріс. Психология ғылымы дамуының негізгі тарихи кезеңдері
- •3 Дәріс. Тұлға психологиясы
- •4 Дәріс. Таным процестерінің психологиялық ерекшеліктері.
- •Бақылау сұрақтары:
- •5 Дәріс. Адамның эмоциялық-еріктік сферасы ерекшеліктері.
- •Бақылау сұрақтары:
- •6 Дәріс. Психологиядағы іс-әрекет мәселесі
- •7 Дәріс. Инженерлік іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері.
- •8 Дәріс. Кәсіби өзіндік сананы тәрбиелеу және оның қалыптасуы
- •9 Дәріс. Қарым-қатынас іс-әрекет формасы ретінде.
- •10 Дәріс. Қақтығыстың психологиялық ерекшеліктері
- •11 Дәріс. Педагогикалық әсер ету психологиясы
- •12 Дәріс. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық мәселелері.
- •13 Дәріс. Әлеуметтік үлкен топ және бұқаралық құбылыстар психологиясы
- •14 Дәрiс. Басқару қызметінің психологиялық ерекшеліктері
- •21Ғасырдың барлық менеджерлері шартты түрде категорияларға бөлінеді:
- •15 Дәріс. Инженерлік қызметтегі басқарудың әлеуметтік-психологиялық мәселелері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Глоссарий
- •Зейін -психикалық іс-әрекеттің белгілі бір нәрсеге бағытталуын және шоғырлануын айтамыз, зейіннің негізгі қасиеттеріне тұрақтылық, шоғырлануы, бөлінушілігі, аударылуы және көлемі жатады.
- •Фрустрация - тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін, шектен асқан қанағаттанбаушылық фрустрацияның, яғни сана мен әрекеттің бұзылуының негізі болады.
Зейін -психикалық іс-әрекеттің белгілі бір нәрсеге бағытталуын және шоғырлануын айтамыз, зейіннің негізгі қасиеттеріне тұрақтылық, шоғырлануы, бөлінушілігі, аударылуы және көлемі жатады.
Зияттылық сезім - адамның таным әрекетімен байланысты. Шығармашылдық пен өнерге деген көңіл – күй қатынасынан туындайды.
Интеракция - адамдардың бірлескен әрекетінде әсерлесуін көрсететін қарым-қатынас компоненті.
Интроверт пен экстроверт – кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып, өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері – интроверттер делінеді. Ал өзге адамдар ішкі дүние сырымен тұйықталып қалмай, жан-дүние сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отыратындар – экстроверттер.
Инстинкт – ағзаға туа берілген шартсыз рефлекстердің негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы.
Индивид – адамдардың психологиялық сипаттамаларының физикалық алып жүрушісі.
Идентификация- қарым-қатынас партнерінің орынына өзін қоя алу.
Индукциялық - жекеден жалпыға қарай жүретін ой қорытындысы.
Индивидуалдылық – бұл өздігінен дамитын және өздігінен реттелетін автономдық ерекше және қайталанбайтын биоәлеуметтік жүйе.
Каузальді атрибутция – адамдар туралы алынған мәлімет жеткіліксіз болғанда, оның мүмкін әрекеттері мен қасиеттерін тауып, сол объектіге телу.
Коррекциялық әдістер – аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері, оқыту.
Контент-анализ – белгілі бір іс-әрекет өнімі арқылы адамның қандай екендігі жөнінде ақпарат жинағы (киім киісіне, жүріс-тұрысына т.б.)
Коммуникация - мәлімет беру.
Көңіл күй – адамның барлық толғаныс тебіреністері мен әрекеттеріне өң беретін ұзақ эмоциялық күй.
Қабылдаудың заттылығы – адамының сыртқы орта заттарының құбылыстарының белгілі-бір топқа қатысты нақтылап қабылдауға қабілеті.
Қажеттілік – адам мен жануарлардың тіршілік етуі мен қажеттіліктерін қанағаттандырудағы белсенді іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысына байланысты. Бұл – ағзаның ішкі жағдайы мен күйін сақтауы.
Қоғамдық қажеттіліктер - еңбекке, адамдармен қарым-қатынасқа,
қоғамдық іс-әрекетке деген қажеттілік.
Қызығу дегеніміз – тұлғаның объектіге, оның өмірлік мәні мен
эмоциялық тартымдылық күшіне қарай таңдамалы қатынасы.
Қабылдау- адамның сезім мүшелерінің тікелей әсер етуі арқылы заттар мен құбылыстардың мидағы тұтастай бейнеленуі.
Қабылдаудың константтылығы немес тұрақтылығы – бұл заттың физикалық қасиеттерін білумен және танымалдылығымен байланысты болып тұрақталынуы.
Қабылдаудың тұтастығы - адамның санасында заттардың көптеген сипаттамаларымен, қасиеттерімен бірге қабылдануы.
Қиял - жаңа елестетулер негізінде құралған елестің іске асу процесі, адам іс-әрекетінің іске асу қажеттілігінен туған.
Қозғалысты ес - түрлі әрекеттерді есте қалдырып, сақтап, қайта жаңғырту.
Қабілет – білім, дағды, ептіліктерді игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу аспауы көп жәйттерге тәуелді.
Лептосоматик – нәзік денелі, ұзын бойлы, кеуде қуысы қушық, иығы тар, ұзын және арық аяқ-қолды.
Махаббат – адамның өз-өзіне және өзгелерге қатынасының өнімді формасы. Ол жауапкершілікті, қамқорлықты, сыйлауды, өзгені білуді және ол адамның өсуі мен дамуына мүмкіндік жасауға талпынуды болжайды.
Моральдік сезімдер - қоғам талабына орай, адамның өз мінезіне лайық не лайық еместігін сезінген көңіл-күйді білдіреді.
Мәліметтерді өңдеу әдістері – сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бөлу, талдау).
Модельдеу - жас ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік және психологиялық нормаларға байланысты. Зерттеуші моделді жасалынады да, респондент сол моделмен салыстырылады. (моделдеуде адамның жаман жағы айтылмайды, бұнда тек % пен ғана айтылады.
Математикалық-статистика – белгілі бір қасиеттің сандық көрсеткіші.
Мотивтер – іс-әрекет пен мінез-құлықтың саналы түрде жасалынуы.
Материалдық қажеттіліктер – адамның өмір тіршілігінің (бұл тамаққа, киімге, тұрғын үйге, тұрмыстық заттарға
т.б.заттарға қажеттіліктер) негізіне байланысты.
Материалдық қызығу - тұрғын үй ыңғайлылығына, тағамдық заттарға, киімге және т.б. қажеттіліктерге деген құлшыныс арқылы көрінуі мүмкін.
Мінез - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің индивидуалды қатынасы, ол берілген субъектінің белгілі бір өмір жағдайындағы мінез-құлқымен шартталған.
Мазасыздық – бұл шынайы және өткінші қауіптілікті бастан кешіре алу.
Меланхолик (грек. melanos – қара, cole - өт) – психикалық белсенділіктің төмен деңгейімен, қозғалыстың баяулығымен, моторика мен сөйлеудегі ұстамдылықпен, тез шаршағыштықпен сипатталады.
Нақты қызметтік ес – адамның нақты іс-әрекеті. мезеті мен қажетіне орай қозғалыстарды орындауына байланысты іске қосылады.
Психодиагностика – нақты міндеттерді шешуге арналған практикалық немесе теориялық меңгеру операцияларының біртекті амалдарының жиынтық әдісі.
Психологиялық функциялар – адамдар мен әлемнің арасындағы байланыстардың айырмашылығын көрсету үшін К.Г.Юнгтің қолданған тулға құрылымына кіретін 4 функциялары. Ойлау мен сезім рациональді функциолар ретінде біріктірілген, себебі олар өмір тәжірибесі жайлы пайымдаудың қалыптасуына мүмкіндік береді.
Психоәлеуметтік дағдарыс – индивидуум өміріндегі физиологиялық даму және әлеуметтік талаптармен негізделетін дағдарыс кезеңі; позитивті де, негативті де аяқталуы ықтимал.
Психология - психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстар – бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері (мысалы, мұғалім сабақты оқушылардың бәріне бірдей айтады, ал оқушылар әр қалай қабылдайды, яғни әртүрлі түсінеді).
Перцепция - өзара қабылдау және адамдардың бірін-бірі түсінуі.
Пікір – заттар мен құбылыстардың арасындағы байланыстардың бекітілуі (қыс келді-қар жауды).
Пикник – май қабаты анық көрінеді, орта және аласа бойлы, жайылған денелі, домалақ басты, мойыны қысқа адамдар.
Психика – адамның ішкі әлемі ретінде түсіндіріледі, өзіндік бақылау мүмкіндігі бар.
Патопсихология - адамның психикасының зақымдану салдарынан псиъхика әр түрлі күйзеліске ұшырайды. Соны бір жүйеге келтіріп оқытып тәрбиелеу мәселесімен шұғылданады.
Педагогикалық психология - бұл салада адамды оқытумен тәрбиелеу мәселесі қарастырылады.
Рефлексия – латынша «бейнелеу» ұғымын береді. Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.
Рецептивті бағдар - бір топтың екіншісін эксплуатациялауы қатал заңмен бекітілген қоғамдарда жиі кездеседі. Эксплуатацияға ұшырағандар өз жағдайларын өзгертулеріне не ешқандай күштері жоқ, не тіпті ойлары да жоқ, өйткені оларда біртіндеп өмірлік қажетті нәрселердің барлығын иелерінен алуға болады деген көзқарас қалыптасады.
Рухани қажеттіліктер – адамның білімге, өнерге т.б. қажеттіліктері.
Оларға танымдағы және эстетикалық ләззаттағы қажеттіліктер жатады.
Рухани қызығу - музыка, сурет, спорт т.б. және білімге: математикаға,
физикаға, әдебиетке, психологияға т.б. деген танымдық қызығулар.
Сыртқы, немесе обьективтік бақылау – фактілер мен құбылыстардың табиғаты психикалық тұрғыдан түсіндіріледі.
Сұрақ - адамдар берілген сұрақтар реті бойынша жауап береді.
Сұрақнама - анкета, тест, т.б. осы сұрақнаманың түрлері.
Социометрия - (лат. қоғам және өлшеймін)-шағын топтағы тұлғааралық қатынастардың ерекшелігін зерттеу әдісі. Бұл әдісті әлеуметтік психолог және психиатр Я. Морено (18921974) жасады.
Сана - бұл қоғамдық болмыс, психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті.
Сәйкестікке жету – мамандық не идеологиялық сенім таңдауға байланысты дағдарыстан өтіп, нәтижесінде нақты таңдау жасалынатын эго-сәйкестік статусы.
Сәйкестік дағдарысы – Э.Эриксон теориясында бозбала не бойжеткен “мен кіммін?” “мен қайда барам?” деген сұрақтарға қысыла жауап іздейтін уақыт кезеңі.
Сәйкестікке қажеттілік – Э.Фромм бойынша адамның өзін басқалардан өзгеше қабылдауға ерекше қажеттілігі.
Салыстыру - шынайы әлемдегі заттар мен құбылыстар арасындағы ұқсастық пен айырмашылығын ажыратушы операция.
Синтез - ой арқылы құбылыстар мен заттардың бөліктерін тұтас ету.
Сангвиник (лат. sanguis – қан) – жоғары психикалық белсенділікпен, қуаттылықпен, жұмысқа қабілеттілікпен, қозғалыс жылдамдығымен, мимиканың молдығымен және әртүрлілігімен, сөйлеудің жылдам қарқынымен сипатталады.
Сезімдік ес – бұл біздің сезімімізді есте қалдыру мен жаңғырту қабілеттілігімізге байланысты.
Сөздік логикалы ес – мазмұнына біздің ойымыз кіреді.
Сурдопсихология - есту мүшесі кеміс балалардың саңыраулардың, мылқаулардың психологиясын бір жүйеге келтіріп оқыту тәрбиелу мәселесімен шұғылданады.
Сезім мүшелері- бұл сыртқы орта ақпараттарын бас ми қыртысына жеткізуші механизмі.
Стереотипизация – қарым-қатынас кезінде адамның жасына, жынысына, ұлтына, бет әлпетіне, дене бітіміне, т.б. қатысты адекватты емес қорытынды жасау.
Стресс - бұл күтпеген шытырман жағдайда туатын эмоциялық күй. Қауіп-қатер жағдайындағы әрекеттер, жылдам шешімге келу қажеттілігі, қауіп төнген сәттегі реакция, күрт өзгерген жағдайдағы мінез-құлық стресстік күйлер болып табылады.
Сезім - бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс беретін толғаныс, күйзелістері.
Тест - белгілі бір сандық сапалық ақпарат береді және күрделі техникалық ақпараттарды қажет етпейтін стандартты, қысқа сынақ.
Темперамент – жоғарғы жүйке қызметінің типтік ерекшеліктеріне сәйкес адамның даралық сипатын білдіретін психологиялық ерекшелік. Т. адам мінезінің табиғи негізін анықтайды. Жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің типінің күшіне, теңдігіне, ауысу ерекшелігіне сәйкес темпераменттің төрт түрі сипатталады, ол: холерик, флегматик, сангвиник, меланхолик.
Темперамент типтері – тұлғаның психикалық қасиеттерімен сәйкес келетін заңды құбылыс немесе байланыс.
Тұлға - әлеуметтік қатынастарымен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі.
Тура қарым-қатынас - бетпе-бет қарым-қатынас жүргізу;
Түсіну - ойлаудың негізгі белгісі.
Тікелей түсіну - жанама ой операциясын керек етпейтін қабылдауға ұқсас процесс.
Түйсік- заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерінің мидағы бейнесі, материалды тітіркендіргіштердің адам сезім мүшелеріне әсер етуі арқылы туындайды.
Таңдамалылық – жеке адамның қызығушылығына, бағдарына және қажеттіліктеріне байланысты сыртқы орта заттары мен құбылыстарын қабылдау қабілеттілігі.
Тифлопсихология - көзі нашар көретін, соқырлар, су қараңғылардың психологиясын зерттейді.
Фрейдизм – ХХ ғасырда психологияда кеңінен тараған ағым. З.Фрейд есімімен байланысты. Ағым – мінез-құлықтың негізгі реттеуші күші, қозғаушы факторы – жыныстық еліктеу дейді. Мұндай еліктеу мен сезім әректі санадан тыс табиғи қажеттілік деп саналады.
Флегматик (грек. phlegma – сөл) – психикалық төмен белсенділікпен, баяулықпен, мимиканың жадаулығымен сипатталады.
