- •Мазмұны
- •Курстың тақырыптық жоспары
- •2. Лекция сабақтарының конспектісі
- •1 Дәріс. Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері
- •Нақты іс-әрекет:
- •2 Дәріс. Психология ғылымы дамуының негізгі тарихи кезеңдері
- •3 Дәріс. Тұлға психологиясы
- •4 Дәріс. Таным процестерінің психологиялық ерекшеліктері.
- •Бақылау сұрақтары:
- •5 Дәріс. Адамның эмоциялық-еріктік сферасы ерекшеліктері.
- •Бақылау сұрақтары:
- •6 Дәріс. Психологиядағы іс-әрекет мәселесі
- •7 Дәріс. Инженерлік іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері.
- •8 Дәріс. Кәсіби өзіндік сананы тәрбиелеу және оның қалыптасуы
- •9 Дәріс. Қарым-қатынас іс-әрекет формасы ретінде.
- •10 Дәріс. Қақтығыстың психологиялық ерекшеліктері
- •11 Дәріс. Педагогикалық әсер ету психологиясы
- •12 Дәріс. Ұжымның әлеуметтік-психологиялық мәселелері.
- •13 Дәріс. Әлеуметтік үлкен топ және бұқаралық құбылыстар психологиясы
- •14 Дәрiс. Басқару қызметінің психологиялық ерекшеліктері
- •21Ғасырдың барлық менеджерлері шартты түрде категорияларға бөлінеді:
- •15 Дәріс. Инженерлік қызметтегі басқарудың әлеуметтік-психологиялық мәселелері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Глоссарий
- •Зейін -психикалық іс-әрекеттің белгілі бір нәрсеге бағытталуын және шоғырлануын айтамыз, зейіннің негізгі қасиеттеріне тұрақтылық, шоғырлануы, бөлінушілігі, аударылуы және көлемі жатады.
- •Фрустрация - тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін, шектен асқан қанағаттанбаушылық фрустрацияның, яғни сана мен әрекеттің бұзылуының негізі болады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми зерттеу техникалық университеті» КЕАҚ
Дәрістерге арналған әдістемелік нұсқау
Модульдік білім беру бағдарламасы
«Машина жасаудағы инновациялық технологиялар мен жабдықтар»,
«Мұнайхимиясы мен мұнайөңдеу»,
«Өндірістік үрдістерді автоматтандыру»
«Психология»
пәні бойынша
Алматы 2015
Дәрістер конспектісі «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, тех.ғыл.канд., Қасымбаева Г.Н. 2012-жылғы 23-тамызда Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру және модульдік білім беру бағдарламасы бойынша №1080 «Машинажасаудағы инновациялық технологиялар мен жабдықтар» жұмыстық оқу жоспары негізінде құрастырған.
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының мәжілісінде қарастырылды «12» маусым 2015ж., хаттама № 6
ҚТжӘГП
кафедрасының меңгерушісі
филос.ғыл.докт., профессор Бегалинова К.К. Б.А.
Кеңсе: Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы.
Мекенжай: 480013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 22 , БОҒ, 812 аудитория
Тел.: 257-71-95, внут.71-95
Факс: (8-327-2)92-60-25
Е-mail: kasymbaeva1960@mail.ru
Мазмұны
1. Курстың тақырыптық жоспары |
4 |
2. Лекция сабақтарының конспектісі |
4 |
3.Глоссарий |
69 |
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі |
76 |
Курстың тақырыптық жоспары
|
Тақырып |
Академиялық сағат саны |
|||
Дәріс |
Сем |
МОӨЖ
|
МӨЖ |
||
|
Психология ғылымының пәні және міндеттері |
1 |
1 |
2 |
2 |
|
|
Психология ғылымы дамуының негізгі тарихи кезеңдері |
1 |
1 |
2 |
2 |
|
Тұлға психологиясы |
1 |
1 |
2 |
2 |
|
Таным процестері қызметінің психологиялық ерекшеліктері |
1 |
1 |
2 |
2 |
|
Адамның эмоциялық-еріктік сферасының ерекшеліктері |
1 |
1 |
2 |
2 |
|
Іс-әрекет психологиясы |
1 |
1 |
2 |
2 |
|
Инженерлік іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері |
1 |
1 |
2 |
2 |
|
Кәсіби өзіндік сананы тәрбиелеу және оның қалыптасуы |
1 |
1 |
2 |
2 |
|
Қарым-қатынас іс-әрекет формасы ретінде |
1 |
1 |
2 |
2 |
|
Қақтығыстың психологиялық ерекшеліктері |
1 |
1 |
2 |
2 |
|
Педагогикалық әсер ету психологиясы |
1 |
1 |
2 |
2 |
|
Ұжымның әлеуметтік-психологиялық мәселелері |
1 |
1 |
2 |
2 |
|
Әлеуметтік үлкен топ және бұқаралық құбылыстар психологиясы |
1 |
1 |
2 |
2 |
|
Басқару қызметінің психологиялық ерекшеліктері |
1 |
1 |
2 |
2 |
|
Инженер қызметіндегі басқару қарым-қатынасының әлеуметтік-психологиялық мәселелері |
1 |
1 |
2 |
2 |
|
Барлығы: |
15 |
15 |
30 |
30 |
2. Лекция сабақтарының конспектісі
1 Дәріс. Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері
Біз барлығымыз қоғамда өмір сүреміз және сол жағдай еркіне байланысты адамдар психологиясын, өзіміздің жеке психикамыз бен тұлға ерекшеліктерімізді түсініп, ескеруге міндеттіміз. Біз қандай да бір дәрежеде психологтармыз. Бірақ біздің өмірлік психологиямыз, егер біз оны ғылыми психологиялық біліммен толықтырсақ қана жеңеді және байи түседі.
Барлық адам бақытсыздықтары - ауру, сәтсіздік немесе жалғыздық - өзінің жеке табиғатын дұрыс түсінбеуімен және соның салдарынан өз-өзіне және қоршаған ортаға қате қарауымен шартталады.
Егер сіз өз өміріңізді жақсы жаққа өзгерткіңіз келсе, өмірдің барлық салаларында: отбасында жақындарыңызбен арақатынаста, оқуда, мансапта, бизнесте, денсаулық сұрақтарында табысқа кенелгіңіз келсе және бастысы, іштей өзіңізді және өз өміріңізді жақсартуға дайын болсаңыз, онда барлық заманауи психологиялық білім арсеналын және психологиялық жетілдіру мен әсер ету құралдарын меңгеру қажет.
21 ғасыр өндірістің, техниканың жаңа түрлерінің, байланыс құралдарының дамуымен, электрониканың, автоматиканың кең қолданылуымен, көліктің жаңа түрлерін игерумен және т.б. сипатталады. Осының барлығы адам психикасына орасан зор талаптарды қояды. Аса жоғары мәнге психологиялық факторлардың, яғни адамның танымдық үрдісінде -ойлау, есте сақтау, көңіл бөлу, тұлғалық қасиеттерінде - мінез-құлық ерекшеліктері, темперамент қасиеттері, әсер ету жылдамдықтары және т.с.с. қамтылған мүмкіндіктердің есепке алынуы ие.
Сондықтан еңбек етудің күрделі түрлерімен қойылатын талаптарға байланысты адамның психологиялық мүмкіндіктерін зерделеу қазіргі психологияның маңызды рөлін сипаттайды.
Ең алдымен психология, адамды әрекет етуге ынталандыратын, шешім қабылдауға, қоршаған ортаға бейімделуге, алынған нәтижелерді бағалауға мүмкіндік беретін түрткіні зерттейді. Адам өзінің жаны бар екенін ойламайды. Алдымен өзін-өзі ұғынып, содан кейін ғана өзгелерге көмектесуге болады. Жанды көруге болмайды, бірақ оны сезінуге, әсерленуге, онда болуға болады, өз жан дүниеңді түсіну керек. Адамды, оның іс әрекеті мен құлқы бойынша түсінуге болады (оның болмысын).
Ғылыми психология - бұл:
Психиканың пайда болу, қызмет ету және даму үрдістерін қоршаған әлемнің белсенді бейнесі ретінде зерттейтін ғылым саласы.
Психология ғылымының ерекшелігі - психология пәнінің ерекше реттелгендігі және тану объектісі мен субъектісінің бірлігінде болып табылады. Субъект объектпен байланысты (яғни, адам және жан).
Психология нәтижесінде адамды құрастыруға болатын өз әрекетінің бірегей тәжірибелік салдарларына ие.
Психология әрі жас, әрі ежелгі ғылым.
Ғылыми психология психикалық құбылыстардың: ойлардың, күйзелістің, ықыластың, ниеттің пайда болу заңдарын орнатады. Ол, осы психикалық құбылыстар адам іс-әрекетін, оның қылықтарын, басқа адамдарға қарым-қатынасын қалай анықтайтынын айқындайды. «Адамдар қандай жағдай туғызса, жағдай дәл сондай мөлшерде адамдарды туғызады».
Психология сөзі 16 ғасырда батыс еуропалық мәтіндерде пайда болды. «Психология» термині гректің «psuche» - жан және «Logos» - мағына, ғылым, тану, оқу, зерттеу сөздерінен құралған. Нақты мағынасында, психология –психика туралы білім, оны зерттейтін ғылым.
Неміс схоластары Р.Гоклениус және О.Кассман 1950 ж. психология терминін ұсынады және ол 1732 ж. Х.Вольфтың «Рационалды психология» кітабы жарыққа шыққаннан кейін нақты бекітілді.
Қазіргі психологияның міндеттері:
Психикалық құбылыстардың болмысы мен олардың заңдылықтарын түсінуді үйрену;
Оларды басқаруды үйрену;
Алынған білімді тәжірибенің әр саласындағы адамдар қызметіның тиімділігін арттыру және күнделікті өмірдегі адамдардың психикалық денсаулығын, қанағаттанушылығын, бақытын көтеру мақсаттарында қолдану.
Ғылыми психология келесі принциптерге сүйенеді:
Детерминизм принципі – психикалық құбылыстардың себептік келісілуі;
Іс-әрекет пен сана бірлігінің принципі - яғни, сана іс-әрекет арқасында пайда болады, және іс-әрекет сана арқасында өмір сүреді;
Іс-әрекетте психиканың даму принципі.
2. Қазіргі психология ғылымдар қатарының тоғысында тұр. Ол бір жағынан қоғамдық ғылымдар, екінші жағынан - жаратылыстану, және үшінші - техникалық ғылымдар арасында аралық орынды алады. Барлық өз салаларында психология өзінің зерделеу пәні мен өзінің теориялық принциптерін сақтайды. Психологиялық мәселелердің көпжақтылығы психологтардың назар ортасында үнемі адам қалатынымен түсіндіріледі.
Қазіргі психология білімнің бірқатар бөлек пәндері мен ғылыми бағыттарын қамтитын кең тармақталған саланы көрсетеді.
Психология салаларын бірнеше критерийлер бойынша бөледі және сыныптайды:
