Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
карым катынас лекция.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
313.56 Кб
Скачать

3 Сынай білу

Сынай білудің нәтижесін білу. Сынай білу алдын сол жағдайда оның керек пе екендігін білу, керек және сол қарсыластық жағдайда бәсеңдете ме әлде ұшыра ма екендігін бақылаймыз. Алдымен осы қателіктердің шекті екендігін қою керек. Оның біреуге пайдасы бар ма? Георг Лихтенберг: «сӛйлер алдында ойлану керек, кешірім сұрауға бол ма?» деген. Сондай-ақ, бұл процестің аяғы немен аяқталады. Жан-жақты анализ жасамай қарсы шығуға болмайды. Кез келген қарсыластың обьектілері нақты және дәл болуы керек. Қарсы шығар алдында одан қалай жүріп жатқанын, қалай ӛзгеретінін ойластыру кажет және де сӛгіс алған адамның моральдық және юристік фактілерге сүйенетінін естен шығармаңыз. Қарсы шығудың формасын таңдай отырып қарсыласының жағдайынтәжірбиеліжұмысшы денсаулығын, жасын ескеру керек. Бұл жағдайда ӛзіңді-ӛзің сӛгуің керек. Біреуден бір нәрсені талап етерден бұрын ӛзін осы талаптарга сай болғаны дұрыс. Жалпы сӛзбен ешқандай дәлелсіз қарсы шығуға болмайды. Жіберген қатені ашар алдында міндетті түрде негізгі себептеріне кӛңіл аударып, қарсыластың кӛңіліне назар

аудару керек. В.Гюго: «Мейірімді болу оңай, ал әділетті болу қиын», деген. Қарсы шығуды сол жағдайды түзету жолдарымен аяқтау керек. Тәжірбиеде әдетте, жетекшілер 4 түрлі қарсы шығудың жолдарын қолданады:

- қарсыластың түсінбеушілігі;

- жауапсыздығы;

- сенімсіздігі;

- жауаптылығы, бірақ сенімсіздігі.

Осы 4 түрлі әдістің әрқайсысы қарсыластың жеке ерекшелігіне байланысты қолданылады. Ежелгі араб мақалында: «Біреуге ащы шындықты айтар алдында, тіліңнің ұшына бал жағып ал» деген.

4 Сынды қабылдау және оның негізгі жауаптары

Әр адам қандайда бір мәселе бойынша бәстескен кезде ӛзінің ойын, тәртібін ӛзгертуге тырысады және ол ӛз ойының маңыздылығын дәлелдегісі келеді. Мұдай тәртіп ӛз жағдайын ақтауға кӛмектеседі. Сынаушы адам ӛзінің дәлелдерінің әсер етпеуіне және келіспеушіліктің азаймауына кӛңілі толмайды. Бұның нәтижесінде байсалды басталған әңгіме ұрыс-керіспен аяқталуы ыктимал. Кӛп адамдардың ойынша қарым-қатынастың барысындағы келіспеушілікті шешудің ең тиімді жолы шабуыл деп ойлайды. Бұл жағдай сынаушы адам шындықтан алыс кету кезінде ӛте қолайлы. Әрине, мұндай жағдай сынаушы адамның уақытша қанағаттануына және ӛркӛкіректігіне мүмкіндік береді. Бірақ жаңағы адаммен қарым-қатынастың толық қанды үзілуіне себепші болады. Бұл жағдайды екі түрлі альтернативті қарастыруға болады:

1. Мәселенені бүге-шегесіне дейін нақтылау.

2. Сынды мойындау

Кӛп жағдайда сынаушы адамның әңгімесі мына сӛздерден басталады: Маған сіздің қарым-қатынасыңыз ұнамайды немесе мәселенің соңын ойламайсыз. Әңгіме осылай басталған кезде әңгімелесуші адамның талаптарын нақтылап алу қажет. Бұл жағдайда әңгімелесуші адам оны шабуыл деп қабылдамайды. Керісінше бір-бірін түсіне бастағандай сезінеді. Мәселенің мән-жайын біліп алу үшін қарапайым сұрақтарға жауап алу керек: Кім? Қашан? Қайда? Неге? Не себепті? Не мақсатпен? Мәселенің мән жайын біліп алу арқылы тұрақсыз пікірге қол жеткізуге болады. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: