- •Дәрістік кешен (дәріс тезистері, иллюстрациялық және үлестірмелі материалдар, ұсынылатын әдебиеттер тізімі); і модуль. Қарым-қатынас психологиясы пәні және міндеттері
- •Негізгі әдебиеттер: [1, 4, 5, 6, 8, 11,12, 13] Қосымша әдебиеттер: [1, 2, 9, 12, 13, 18, 19, 22]
- •Негізгі әдебиеттер: [1, 4, 5, 6, 8, 11,12, 13] Қосымша әдебиеттер: [1, 2, 9, 12, 13, 18, 19, 22]
- •Негізгі әдебиеттер: [1, 4, 5, 6, 8, 11,12, 13] Қосымша әдебиеттер: [1, 2, 9, 12, 13, 18, 19, 22]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 4, 5, 6, 8, 11,12, 13] Қосымша әдебиеттер: [2, 8, 9, 10, 11, 13, 14, 17, 20, 21]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •1 Модуль бойынша Иллюстрациялық және үлестірмелі материалдар:
- •А) Туған – туыстар арасындағы.
- •Тұлғаның қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру
- •Іі модуль. Тұлғаның әлеуметтенуі және іскерлік қарым-қатынас
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 10, 11,12,14 Қосымша әдебиеттер: [2, 9, 12, 15, 16, 21, 26, 27]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 4, 5, 6, 8, 11,12] Қосымша әдебиеттер: [2, 9, 12, 13, 18, 19, 22, 25]
- •1. Қазіргі жастардың әлеуметтену каналдары
- •2 Жастардың әлеуметтену механизмі
- •3 Әлеуметтенудің әлеуметтік-психологиялық мәселелері
- •4 Әлеуметтенудің әлеуметтік-мәдени мәселері
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 5, 12, 13, 18, 19, 22, 23, 26]
- •1 Қарым-қатынас жасау туралы жалпы мәлімет пен ұсыныстар
- •2 Телефонмен қарым-қатынас жасауға дайындық
- •3 Радио және теледидар арқылы қарым-қатынас жасау ерекшеліктері
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •1 Келіссӛздердің негізгі сипаттамалары
- •2 Келіссӛздерге дайындық
- •3 Серіктеске қойылатын сұрақтар және келіссөздер жҥргізу
- •4 Шет елдермен келіссөз жүргізу ерекшеліктері
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •1 Іскерлік таласты жҥргізу
- •2 Сынның әртҥрлілігі мен формалары
- •3 Сынай білу
- •4 Сынды қабылдау және оның негізгі жауаптары
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •2 Қарым-қатынас кедергісі
- •4 Тәрбиенің жасқа байланысты ерекшеліктері
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •1 Іскерлік әсер
- •2 Психологиялық әсер
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •2 Модуль бойынша Иллюстрациялық және үлестірмелі материалдар:
- •Практикалық сабақтардың жоспары
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 4, 5, 6, 8, 11,12] Қосымша әдебиеттер: [2, 9, 12, 13, 18, 19, 22, 25]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 5, 12, 13, 18, 19, 22, 23, 26]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 5, 12, 13, 18, 19, 22, 23, 26]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 10, 11,12,14] Қосымша әдебиеттер: [2, 9, 12, 15, 16, 21, 26, 27]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
Негізгі әдебиеттер: [1, 4, 5, 6, 8, 11,12, 13] Қосымша әдебиеттер: [1, 2, 9, 12, 13, 18, 19, 22]
Дәріс 2. Қарым-қатынастың коммуникациялық сипаттамасы
Дәріс тезистері:
Жоспар:
Тұлғааралық қатынастағы кері байланыс.
Коммуникациядағы кедергі туралы түсінік.
Коммуникациядағы ықпалдау.
Қарым-қатынас барысындағы ақпарат алысу деңгейлері.
Дәріс тезистері:
Қарым-қатынас барысында ақпарат бір адамнан екінші адамға тек беріліп-алынып қоймайды, алмасады. Сондықтан қарым-қатынастағы ақпарат алысу – тікелей ары-бері ауысу емес, бұл процестің негізгі мақсаты белгілі жағдайдың не мәселенің жалпы мағынасын анықтау, ортақ көзқарасты белгілеу мен келісімге келу. Осы міндетті шешу үшін тұлғааралық ортақтасу барысында кері байланыс механизмі қызмет етеді. Бұл механизмнің мәні тұлғаарлық коммуникацияда ақпарат алмасу екі есе көбейеді, коммуникатордан реципиентке өткен ақпараттың ішкі мағынасымен қатар реципиент коммуникатордың ақпаратына, оның тәртібіне қалай қарайтыны, қалай бағалайтыны жөнінде мәліметтер беріледі.
Кері байланыс дегеніміз – коммуникатордың әрекетіне реципиенттің реакциясы туралы берілетін ақпарат. Кері байланыстың мақсаты – ортақтасу серігіне оның мінез-құлықтары өзгелер жағынан қалай қабылданып, сезіліп тұрғанын түсінуге көмектесу болып табылады. Кері байланыс түрлері: тікелей және жанама. Тікелей кері байланыс кезінде реципиенттің сөйлеушінің құлқына реакциясы ашық түрде көрініс алады. Мысалы, тікелей қуаныш, ашу, ыза, мұң сезімдерін айқын көрсететін ым-ишара. Тікелей кері байланыс реципиентті коммуникатор түсінуі үшін қолайлы жағдай жасап, ортақтасуды тиімді және нәтижелі етеді.
Кері байланыстың жанама түрі – психологиялық ақпаратты ортақтасу серігіне жасырын, астыртын жеткізу жолы. Ол үшін неше түрлі риторикалық сұрақтар, қатынас серігі күтпеген эмоциялық реакциялар пайдаланылады. Сөйлеушінің ойлаған сезімдері мен пікірлері үнемі дұрыс бола бермегендіктен ортақтасу барысы да, ақпарат алысу да белгілі дәрежеде күрделене түседі. Психологиялық кері байланыс – тұлғааралық коммуникацияның алғашқы ерекшелігі.
2. Коммуникация барысында ортақтасуға қатысушылардың мақсаты тек ақпарат алысу емес, сол ақпаратты қатынас серігінің мүмкіндігінше дұрыс қабылдап түсінгені. Коммуникатордан реципиентке түсетін мәлімдемелерді жору тұлғааралық коммуникацияның жеке мәселесі ретінде қарастырылады.
1. Мәлімдеменің құрылысы мен мазмұны коммуникатордың жеке тұлғалық қасиеттеріне, оның реципиентке қалай қарайтынына, ортақтасу өтіп жатқан жағдайларға тәуелді болады.
2. Коммуникатор жіберген мәлімдемелер тұрлаусыз болады: олар реципиенттің жеке психологиялық өзгешеліктеріне, оның сөйлеушіге, сөз мағынасына, ортақтасу жағдайына деген қатынасына орай өзгереді. Мысалы: бастығынан және ұлынан бірдей сөз естіген адам екі түрлі сезімге бөленеді. Бастығының сөзін ілтипатпен тыңдаса, ұлының сөзін ашумен тыңдайды. Немесе бір телебағдарламаны әркім өз саяси көзқарасына, мәдени дәстүріне, рухани құндылықтарына қарай әртүрлі бағалайды.
Ақпаратты дұрыс қабылдаудың басты себебі – ортақтасу процесінде коммуникациялық кедергілердің болуы не болмауы. Коммуникациялық кедергі – қатынас серіктері арасында дұрыс ақпарат беру жолындағы психологиялық тосқауылдар. Кедергі пайда болған кезде ақпараттың алғашқы мәні не өзгереді, не жоғалады, не мүлдем реципиентке жетпейді.
Коммуникациялық кедергілердің түрлері: түсініспеушілік кедергісі, әлеуметтік-мәдени айырмашылық кедергілері, қатынас кедергілері.
Түсініспеушілік кедергілері: фонетикалық, семантикалық, стильдік, логикалық.
Фонетикалық кедергі адамдар әр түрлі тілде, диалектте, не сақауланып сөйлегенде пайда болады. Сөйлеушінің тілі реңкі жоқ, тез, жаңылтпаш, қажетсіз сөздерге толы болған кезде де, түсініспеушілік кедергісі туындайды. Мысалы, орыс тілін білмейтін адам Ресейде түсініспеушілік кедергісіне тап болады. Бұндай кедергілерді жою жолы – тілдің сапасын, жылдамдығын ретке келтіру, шешендік өнерді игеру.
Семантикалық кедергілер жаргон және слэнг мәселесімен тығыз байланысты. Ортақтасуға қатысушылардың өзіндік шағын мәдениеттерінде ұғымдар мен құбылыстардың ерекше мән мағынасы болады. Ортақтасу барысы нәтижелі болу үшін өзгелердің семантикалық жүйесін түсінуге тырысу қажет. Тұлғаарлық коммуникацияны нәтижесіз, тиімсіз ететін кедергілердің келесісі – стильдік тосқауыл. Стильдік кедергі – коммуникатор мен реципиенттің көңіл-күйіне сәйкес келмеуі. Коммуникатор неғұрлым сезімтал болса, реципиенттің ахуалын, ортақтасу жағдайын ұқыпты назарға алса, соғұрлым оның мәлімдемесі реципиенке дұрыс дәрежеде жетеді.
Логикалық кедергілер – сөйлеуші мен тыңдаушының қабылдау логикасы, дәлелдеу жүйесі әртүрлі болғанда пайда болады. Қоғамда логикалық жүйелер өте көп. Мысалы, балалар логикасы, әйелдер мен ерлер логикасы, басшы мен бағыныштылар логикасы т.с. Кейде коммуникатордың дәлелдері реципиент үшін қиын да күрделі болса, кейде түсініксіз болады. Өз сөзін тыңдаушыға жеткізу үшін сөйлеуші дәл сол жағдайға сәйкес делелдерді пайдаланса, мақсатына жетеді.
Әлеуметтік-мәдени айырмалар кедергілері әлеуметтік, саяси, діни көзқарастарға, жынысына, жасына, мамандығына байланысты болады. Осындай жәйттерге ортақтасу барысындағы түсініктер мен ұғымдарды, сөйлеушінің бейнесін қабылдау тәуелді.
Қатынас кедергісі – коммуникаторды жақтырмайтындықтан оның мәлімдемесін қарсы қабылдау, сенімсіздік сезімін туғызатын коммуникатордың сөзіне күдікпен қарау.
Кез-келген психологиялық кедергі – ақпарат қабылдау жолында құрылатын реципиенттің өз-өзін қорғауы. Психологиялық қорғаныстың 3 жолы бар:
ақпаратты дұрыс қабылдамау не бұрмалау, қарсы пікірлерге көңіл бөлу;
ақпараттың қайнар көзінің құнын төмендету;
түсінбеу.
3. Коммуникативтік ықпалдау шарттары мен түрлерінің екі типі бар. Коммуникатордың реципиентке жасаған әсерінің мақсаты мен құралдарына орай әміршіл және диалогтық коммуникация типтеріне бөлінеді. Екі типтің айырмашылығы коммуникатордың ұстанымына, мәтіннің сипатына, коммуникациялық кеңістікте, кеңістіктің ұйымдастырылуына, бейсөздік тәртіпке орай анықталады. Психологиялық ұстаным автордың коммуникациялық стилін белгілейді. Әкімшілік ықпал етуде «жоғарыдан-төменге» ұстанымы, диалогта «тепе-тең» ұстанымы жүзеге асады. Әкімшілдік коммуникация кезінде мәтіннің сипаты жалпылама, біржақты болып, текст авторының көзқарасы ғана дұрыс саналады. Мәтін тыңдаушыға емес, керісінше, тыңдаушы мәтінге бағынышты болады. Коммуникатор өз пікірін ашық түрде айтпайды, өзгелердің ойына сілтеме жасай салады. Мысалы, осындай көзқарас бар, әдеттегідей т.б. Диалог кезінде коммуникатор өзіндік ой-пікірлерді жасырмайды, өз атынан сөйлейді, жалпылама сөздерден қашқақтайды. Мәтін мазмұны тыңдаушыға бейімделіп дискуссиялық сипатта беріледі. Әкімшіл коммуникаторда дауыс бермейді, олар тек тыңдауы шарт, ал диалог коммуникациясы кезінде о бастан тыңдаушылардың мәселені талқылауға мүмкіндігі, құқығы бар екенін мойындайды. Коммуникатордың қимылдары, ым-ишаралары әкімшіл жағдайда тыңдаушыларды басуға, бағындыруға арналған: мінберде тұрып сөйлеу, микрофонды, жұдырық пен сұқ саусақты, жабық позаларды пайдалану. Бұған қарама-қарсы диалог коммуникациясында ашық қимылдар мен ым-ишаралар, еркін позалар жүзеге асады, коммуникатор реципиентпен бір деңгейде болып тең адамдар әңгімесін жүргізеді. Бірақ диалог коммуникациясы ең тиімді, ең заманауи деген жалған түсінікке жол бермеген дұрыс, керек кезінде әкімшілдік коммуникация да тиімді бола алады. Әкімшіл ықпалы тез арада жеке адамдарды бір міндетті шешуге жұмылдырса да олардың жеке тұлғалық қасиеттеріне, психикалық құрылысына қатты әсер етпейді. Диалог керісінше, тыңдаушының тұлғалық құрылысына тікелей әсерін тигізіп, оларды өзгерте алады.
4. Тұлғааралық коммуникацияның тағы да бір сипаты оның екі деңгейлі құрылымы. Ортақтасу барысында ақпарат алмасу сөздік және бейсөздік деңгейлерде өткізіледі. Сөз деңгейінде ақпарат алысудың негізгі құралы – сөз, тіл болса, бейсөздік деңгейде сөзден басқа коммуникация белгілері қызмет көрсетеді.
Бейсөз тәсілдер адамның эмоциялық реакцияларының айнасы ретінде оның ортақтасу барысындағы көңіл-күйін түсінуге жәрдемдеседі. Ортақтасу кезінде олардың орны мен мәні өте биік. Бейсөз құралдарға оптикалық-кинестикалық, паралингвистикалық және экстралингвистикалық, проксемикалық, визуалдық жүйелер жатады.
Оптика-кинестикалық жүйе, оны адамның қолының (жест), бетінің (мимика), денесінің қимылдары (пантомимика) құрайды.
Акустикалық жүйеге паралингвистика және экстралингвистика жатады. Паралингвистика – бұл коммуникатор дауысының сапасы: тембрі, ырғағы, қаттылығы, жылдамдығы, интонациясы, логикалық екпіні. Экстралингвистика – бұл дауыстың өзі емес, оның айналасындағы құбылыстар: жөтел, күлкі, пауза, жылау т.б. Сөз болмаса да бұлардың коммуникациялық мағынасы зор. Сондықтан коммуникацияның акустикалық әдістерінің мәнін танып-білу, оларды тиімді пайдалану ортақтасу барысын нәтижелі етеді.
Бейсөз жүйенің ішінде коммуникацияның кеңістігі мен уақытын ұйымдастыру да үлкен роль атқарады. Бетпе-бет сөйлеушілер өз мақсатына тез жетеді.
Тұлғааралық коммуникацияның тағы бір психологиялық шарты – ортақтасу серіктерінің тиімді тыңдау техникасын меңгеруі. Бір қарағанда өзіне жақын «есту», «тыңдау» ұғымдары ортақтасу кезінде мағынасының айырмасын білдіреді. Адамдар бірін-бірі естіп тұрып тыңдамайды. Сондықтан, ғылыми тұрғыдан тиімді және тиімсіз тыңдау туралы айтуға әбден болады.
Тиімсіз тыңдаудың жәйттері:
сөйлеушінің сөзін, сезімін дұрыс ұқпау;
сөйлеушіде оны естімегендей түйсік туғызу;
сөйлеушінің мәселесін өзіне ыңғайлап ауыстыру;
сөйлеушінің сөзін күлкіге айналдыру, маңызсыз деп табу;
талқыланған мәселенің дұрыс шешімін таба алмау;
өзара түсінушілікті дамытпау;
өзара сенімділікті орнатпау.
Тиімді тыңдау – бұл тыңдаушыдан тұрақты зейінді, қызығушылықты, өзгенің мәселесін беріліп қабылдауға дарындықты талап ететін күрделі ерікті құбылыс. Тиімді тыңдаудың екі түрі бар: рефлексиялық және бейрефлексиялық.
Рефлексиялық тыңдау сөйлеушіге тек эмоциялық демеу емес, ол белгілі мәселені шешуге араласқан кезде пайдаланылады. Бұндай жағдайда тыңдаушы кері байланысты сөз арқылы жеткізеді. Тыңдаушы әңгіме тақырыбы бойынша ашық және жабық түрдегі сұрақтарды қояды, сөйлемдердің мәнін анықтау үшін қайталайды, қорытады, түйіндейді.
Бейрефлексиялық тыңдау – зейінді үнемдеу, сөз айтылмай тек бейсөз тәсілдерді белсенді қолдану арқылы сөйлеушіге жан дүниесін атқаруға мүмкіндік беру.
Қорыта айтқанда, ортақтасу мақсатына жету үшін тиімді тыңдау техникасын меңгеру қажет.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
