- •Дәрістік кешен (дәріс тезистері, иллюстрациялық және үлестірмелі материалдар, ұсынылатын әдебиеттер тізімі); і модуль. Қарым-қатынас психологиясы пәні және міндеттері
- •Негізгі әдебиеттер: [1, 4, 5, 6, 8, 11,12, 13] Қосымша әдебиеттер: [1, 2, 9, 12, 13, 18, 19, 22]
- •Негізгі әдебиеттер: [1, 4, 5, 6, 8, 11,12, 13] Қосымша әдебиеттер: [1, 2, 9, 12, 13, 18, 19, 22]
- •Негізгі әдебиеттер: [1, 4, 5, 6, 8, 11,12, 13] Қосымша әдебиеттер: [1, 2, 9, 12, 13, 18, 19, 22]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 4, 5, 6, 8, 11,12, 13] Қосымша әдебиеттер: [2, 8, 9, 10, 11, 13, 14, 17, 20, 21]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •1 Модуль бойынша Иллюстрациялық және үлестірмелі материалдар:
- •А) Туған – туыстар арасындағы.
- •Тұлғаның қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру
- •Іі модуль. Тұлғаның әлеуметтенуі және іскерлік қарым-қатынас
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 10, 11,12,14 Қосымша әдебиеттер: [2, 9, 12, 15, 16, 21, 26, 27]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 4, 5, 6, 8, 11,12] Қосымша әдебиеттер: [2, 9, 12, 13, 18, 19, 22, 25]
- •1. Қазіргі жастардың әлеуметтену каналдары
- •2 Жастардың әлеуметтену механизмі
- •3 Әлеуметтенудің әлеуметтік-психологиялық мәселелері
- •4 Әлеуметтенудің әлеуметтік-мәдени мәселері
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 5, 12, 13, 18, 19, 22, 23, 26]
- •1 Қарым-қатынас жасау туралы жалпы мәлімет пен ұсыныстар
- •2 Телефонмен қарым-қатынас жасауға дайындық
- •3 Радио және теледидар арқылы қарым-қатынас жасау ерекшеліктері
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •1 Келіссӛздердің негізгі сипаттамалары
- •2 Келіссӛздерге дайындық
- •3 Серіктеске қойылатын сұрақтар және келіссөздер жҥргізу
- •4 Шет елдермен келіссөз жүргізу ерекшеліктері
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •1 Іскерлік таласты жҥргізу
- •2 Сынның әртҥрлілігі мен формалары
- •3 Сынай білу
- •4 Сынды қабылдау және оның негізгі жауаптары
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •2 Қарым-қатынас кедергісі
- •4 Тәрбиенің жасқа байланысты ерекшеліктері
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •1 Іскерлік әсер
- •2 Психологиялық әсер
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •2 Модуль бойынша Иллюстрациялық және үлестірмелі материалдар:
- •Практикалық сабақтардың жоспары
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 4, 5, 6, 8, 11,12] Қосымша әдебиеттер: [2, 9, 12, 13, 18, 19, 22, 25]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 5, 12, 13, 18, 19, 22, 23, 26]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 5, 12, 13, 18, 19, 22, 23, 26]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 10, 11,12,14] Қосымша әдебиеттер: [2, 9, 12, 15, 16, 21, 26, 27]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
Дәрістік кешен (дәріс тезистері, иллюстрациялық және үлестірмелі материалдар, ұсынылатын әдебиеттер тізімі); і модуль. Қарым-қатынас психологиясы пәні және міндеттері
Дәріс 1 . Қарым-қатынас психологиясы пәні және міндеттері
Жоспар:
Психология пәні және қарым-қатынас міндеттері.
Ортақтасу және оның қызметтері.
Тұлғааралық ортақтасу түрлері.
Қарым-қатынас психологиясының қамтитын сұрақтары.
Дәріс тезистері:
Қарым-қатынас психологиясы – жантану ғылымдарының бір саласы. Оның пәні адамдардың қарым-қатынастары болып табылады. Қарым-қатынас психологиясы – адамдардың өзара қарым-қатынас заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Қарым-қатынас психологиясы – адамдарды және жеке адамды дамыту құралы. Қарым-қатынас психологиясының түп-тамыры адамдардың материалдық өмірінде жатыр, ол адамдар қатынасының бүкіл түрін жүзеге асырды. Адамның тұлғааралық, қоғамдық қарым-қатынастарының барлығы ортақтасу арқылы жүзеге асады. Қарым-қатынас психологиясы адамзат тарихының жолсерігі, оның адамзат филогенезіндегі мәні шексіз. Жеке адамдардың да күнделікті тіршілігінің алғышарты – ортақтасу болады.
Қарым-қатынас психологиясының қамтитын сұрақтары:
адами қатынас деген не? Оның ерекшеліктері мен механизмдері қандай?
жеке адам белгілі бір топ мүшесі болған сәтте қандай өзгеріске ұшырайды, өзін қалай ұстайды? Неге оның мінез-құлқында өзгерістер пайда болады?
Қарым-қатынас психологиясының негізгі бағыт-бағдарлары:
1. «Мен» - «Басқа» жүйесіндегі арақатынас. Қарым-қатынас барысында пайда болатын тұлға аралық қатынастарды танып білу, адамдардың бірін-бірі тану мен түсіну механизмдерін зерттеу, олардың ортақ қызметін ұйымдастыру тәсілін анықтау, бір адамның екінші адамға ықпал етуінің жолдары мен мүмкіндіктерін айқындау.
2. «Топ» - «Мен» жүйесіндегі арақатынас. Әртүрлі әлеуметтік жағдайлардың адамның мінез-құлқы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ықпалын зерттеу. Адамның әлеуметтік ұстанымдары, әлеуметтік көзқарастары, топ және қоғам адамның тұлғасын қандай жолдармен қалыптастырады және өзгертеді? Әлеуметтену – даму барысында әлеуметтік құндылықтарды, нормаларды әр адамның өз бойына сіңіру үрдісі.
3. «Мен» - «Топ». Жеке адамның әлеуметтік жағдайларға, қоршаған ортаға жасаған белсенді ықпалы. Әрбір адам - өз өмірінің, өз әлеуметтік байланыстарының қожасы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы ролдері мен орындарының жасаушысы ретінде қарастырылады.
Сонымен, қарым-қатынас психологиясының негізгі мәселесі – адами қарым-қатынастың тұлғаралаық және топаралық формаларын танып-білу, ортақтасудың пайда болуы мен қызмет етуін және жеке тұлғаның қарым-қатынасы барысында әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің қалыптасуын зерттеу.
Қарым-қатынас психологиясы адамдар мен топтардың әлеуметтік мінез-құлықтарының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Қарым-қатынас психологиясы – мінез-құлыққа әлеуметтік ықпал етудің тиімді тәсілдері мен технологияларының жиынтығы. Адам өмірін қарым-қатынассыз елестету мүмкін емес.
2. Ортақтасу – қарым-қатынас психологиясының негізгі ұғымы. Ортақтасусыз жеке адамның тұлғалық қалыптасуы үрдісін, жалпы қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды. Ортақтасу, Г.М.Андреваның пікірі бойынша, адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.
Ортақтасу формалары:
Тікелей ортақтасу – табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық қарым-қатынас, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл – адамдардың бір-бірмен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.
Жанама ортақтасу – қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялық қарым-қатынас. Хат жазу, радиодан сөйлеу т.с. адами ортақтасуды күрделендіріп жібереді.
Тұлғааралық ортақтасу – екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей қарым-қатынасы. Тұлғааралық ортақтасудың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірге күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.
Бұқаралық ортақтасу – бейтаныс адамдардың тікелей не жанама қарым-қатынасы. Мысалы: стадион, театр т.б. – бұқаралық тікелей ортақтасу, телемарафон, радиохабар – жанама ортақтасу.
Персонааралық ортақтасу – ортақ іс-әрекет үрдісінде жеке қасиеттерін ашатын белгілі тұлғалардың психологиялық қарым-қатынастары. Мысалы: президенттер, депутаттар т.б.
Ролдік ортақтасу – белгілі әлеуметтік ролдерді орындаушылардың психологиялық қарым-қатынасы, мысалы: студент – оқытушы, әке – бала, сатушы – алушы т.б. Әрбір адам әр сәтте әртүрлі ролдерді орындайды, сол ролдерге байланысты қоғамда өз орнын табады. Сол ролдерді орындағанда адамның өзгешеліктері назарға алынбайды, тек әлеуметтік ролге қажетті іс-әрекеттері маңызды болып саналады. Әрине, әлеуметтік рол адамның мінез-құлқының егжей-тегжейін анықтамайды.
Ортақтасу барысында адамдар өзі және басқалар үшін өзіндік психологиялық ерекшеліктерді ашады, көрсетеді, түсінеді. Адамның психологиялық қасиеттері ортақтасу нәтижесінде пайда болады, дамиды, өзгереді. Басқалармен арақатынас жасағанда адам қоғамдық ережелерді, нұсқаларды, білім мен іс-әрекет тәсілдерін, жалпы әлеуметтік тәжірибені өз бойына сіңіреді. Ортақтасу нәтижесінде адам жеке тұлға болып қалыптасады.
Ортақтасу – адамның психикалық дамуының және мінезінің алғышарты, негізі. Сонымен, ортақтасу – адамның психологиялық дамуының факторы. Олар:
ортақтасу үрдісінде басқалардан өзгешелігі қалыптасады, адам тек ортақтасу арқылы адам болады;
ортақтасу үрдісінде өзге үшін, өзі үшін адамның психологиялық қасиеттері ашылады (ғашық болған адам өзін-өзі жаңа қырынан танып-біледі);
ортақтасу үрдісінде жеке адам жалпы адамдық тәжірибені меңгереді.
Ортақтасудың атқаратын қызметтері:
1. Байланыстыру, прагматикалық қызметі. Ортақтасу бұл жерде кез-келген бірлескен іс-әрекет барысында адамдардың бірігуінің шарты болып табылады.
2. Қалыптастыру, дамыту қызметі. Бұл жерде арақатынас адамның психикалық бейнесінің қалыптасуы мен өзгеруінің алғышарты болып табылады. Кішкентай баланың даму барысында оның мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге көзқарастары үлкен адамдармен жасаған арақатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы қарым-қатынас нәтижелері ішкі психикалық құбылыстарға және баланың өзіндік сыртқы қимылдарына айналады. Сыртқы қарым-қатынассыз балалардың ой-өрісі өспейді. Балалар үйінде өскен жасөспірімдердің ой-өрістері өздерінің құрбыларынан едәуір төмен болады. Олардың бүкіл өмірі туған-туысқандарымен, жақсы көрген адамдармен өтсе, психологиялық қасиеттері адами сапаға жақынырақ болары анық.
3. Растау қызметі. Басқалармен жасаған ортақтасу барысында адам өзін-өзі танып білуге, бекітуге, өзінің бар екендігін дәлелдеуге мүмкіндік алады. Адам өзінің бар екендігін, өз тұлғасының құндылығын басқа адамдар арқылы біледі. Адам үшін ауыр жазаның бірі – жападан жалғыз қалу, ешкіммен араласпау, басқалардың назарынан тыс қалу. Осы әдісті А.Макаренко өз коммунасында жиі қолданатын, кінәлі балаға басқалар байкот жариялайтын. Растамау – көп психикалық аурулардың себепшісі. Бала ата-анасынан «сен жақсы», «сен біз үшін барсың» деген дәлелдерді естімесе, оның санасында қалған іздер эндогендік психозға жол ашады. Күнделікті тіршілік «растау терапиясына» толы: танысу мен сәлемдесу, құттықтау, ізет көрсету т.б. Осының барлығы әр адамның бар екендігін растайтын дәлел.
4. Тұлғааралық эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен тіректеу қызметі. Басқаларды қабылдау, олармен сан қилы қатынастар жасау кезінде адамдар бірін-бірі бағалап, бірімен бірі не жағымды, не жағымсыз эмоциялық қарым-қатынас орнатады.
5. Тұлғаішілік қызмет. Адам өз-өзімен іштей не дауыстап сөйлесіп диалог арқылы арақатынас жасайды. Тұлғаішіндік ортақтасуды адам ойлауының әмбебап тәсілі деуге болады.
3. Мақсатына қарай қарым-қатынас психологиясы тұлғааралық ортақтасудың үш түрін ажыратады: императив (бұйрық), манипуляция (айла), диалог (қостіл, қоссөз).
Императивтік немесе әміршіл ортақтасу - өз ортақтасу серігінің тәртібі мен іс-әрекетіне бақылау жасау мақсатындағы әсер етудің авторитарлық, директивтік формасы. Ортақтасу партнері тек әсер етудің нысанасы, пассив ретінде қарастырылады. Императивтің ерекшелігі, партнерді бағындыру жөніндегі негізгі мақсатының жасырынбай анық көрініп тұратындығында. Әсер етудің құралдары ретінде бұйрық, талап, әмір, тиым салу, нұсқау пайдаланылады. Яғни, әміршілдік ортақтасу – басқаны өзіне қажетті белгілі әрекетке күшпен бағдарлау.
Қоғамдық қарым-қатынастарда императивтік ортақтасудың өз орны бар. Мысалы: әскери қатынастар, төтенше жағдайлар, бастық-қызметкер қатынастары. Осындай салаларда императивтік ортақтасуды пайдалану қолайлы әрі нәтижелі. Сондай-ақ мұндай ортақтасуды мүлде қолдануға болмайтын салалар да баршылық. Ортақтасудың бұл түрін достар мен жұбайлар арасында, ата-ана мен бала арасында, тәрбие мен педагогика саласында пайдалану ыңғайсыз әрі нәтижесіз. Бұйрық, тиым сөздермен ұстаздар балаға сөзін өткізе алады, бірақ оны бала сырттай қабылдап орындайды. Бұйрық түрінде берілген тілектер баланың ішкі құндылығы бола алмайды.
Манипуляция, алдап-арбау ортақтасуы – жиі кездесетін тұлғаралық ортақтасу түрі, ортақтасу партнерін өзінің жасырын ниетіне бағындыруды көздеген іс-әрекет. Өз мақсатына жету үшін манипулятор ортақтасу партнерін нысана ретінде қарастырады. Манипуляциялық ортақтасу – басқаны өз мақсатын жасырын қажетті іс-әрекетке баулу.
Императив және манипуляцияның ұқсастығы екеуінің мақсаты бірдейлігінде: яғни қатынас серігінің ойы мен бойын билеу, бақылау. Айырмасы: манипуляциялық стильде шынайы мақсат жарияланбайды, жасырын болады. Алдап – арбау ортақтасуының қоғамдағы ресми орны – бизнес, сауда-саттық, іскерлік, насихат болып табылады. Бұл түрдегі ортақтасудың демеу берушісі, жаршысы Дейл Карнеги. Манипуляторды сипаттайтын қасиеттер: өтірік, зерігу, өзіне де басқаға да сенбеушілік.
Диалог ортақтасуы. Бұл – тең құқықты субъектілердің арақатынасы, ортақтасу мақсаты - өзін-өзі және өзгені тану, білу, дамыту. Жоғарыда аталған арақатынастардан негізгі айырмашылығы – эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтруизмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу. Бұл ортақтасу үрдісінде екі дауыс, екі пікір естіледі, бұл субъект – субъект қатынасы.
Диалог ортақтасуының ережелері:
1. Сұхбаттасушының және өзінің көкейкесті кейін ескеру, «осы жерде – осы сәтте» қағидасын басшылыққа алып арақатынас жүргізу, дәл осы кездегі сезімдерін, тілектерін, психологиялық халдерін назарға алу.
2. Ортақтасу серігінің тұлғасына баға бермеу, алдын-ала оның ниеттеріне сену, біріне-бірі сенімділік білдіру.
3. Серікті өзіне тең, өзіндік пікірі мен шешімі бар тұлға деп қабылдау.
4. Шешілмеген мәселе мен сұрақтар ортақтасу мазмұны болуы керек.
5. Сұхбат адамның өз атынан жүргізілуі керек, біреудің пікіріне жол сілтемей, өзінің сезімдері мен тілектерін білдіруі қажет.
Диалог ортақтасуы қатысушылардың өзара түсінушілігін тереңдетіп, бірінің жан байлығын бірі көбейтуге, әрқайсысы өз-өзінің ашылуына жағдай жасайды. Осы типтегі ортақтасуды іске асыру үшін қажетті өмірлік шарттар және қатысушылардың ішкі дайындығы болуы керек. Әрине, іскерлік ортақтасуда бұндай типті меңгерген адамдардың психикалық денсаулығы, мінездерінің біртұтастығы, салмақтылығы көзге түседі.
Ортақтасу - өте күрделі феномен. Оның әртүрлілігі көптеген функцияларына тәуелді, ал көпқызметтілігі жеке адам мен қоғам өміріндегі орны мен мағынасына байланысты. Ортақтасудың ішкі құрылымы да өте күрделі, оны шартты түрде үш жаққа бөлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция.
Коммуникация – арақатынас партнерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру және қабылдау үрдісі.
Интеракция – тұлғааралық қиымыл ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.
Перцепция – адамдардың бірін бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
