- •Тағамдағыкөмірсуларжәнеолардыңмаңызы. Көмірсулардыңасқорытужолдарндағықорытушы мен сіңіруші. Көмірсуалмасуындағыбауырдыңрөлі.
- •Липидтер алмасуындағы бауырдың рөлі.
- •Липогенез, липолиз,липонеогенезге сипаттама беріңіз және осы прцесстердің рөлі.
- •Кетон денелердің биосинтезі, өкілдерінің химиялық табиғат,тағдыры,организмдегі маңызы,кетоацидоз себептері,кетон денелерін анықтаудағы диогностика маңызы
- •.Атеросклероз дамуы кезінде липопротеидтердің ролі,Атеросклероз дамуы кезінде қазіргі теориясы.
- •Заттар алмасуындағы цтк, бт, тф ролі.
- •Холестриннің биосинтезі және мевалон қышқылы түзілуіне дейінгі реакцияларды көрсетіңіз осы этап жайлы тусіндіріңіз.
- •.Бмқ тағдыры, тотығуы, энергиялық құндылығы.
- •Липидтердің тасымалдау формалары,құрамының ерекшелігі,тағдыры.
Заттар алмасуындағы цтк, бт, тф ролі.
ЦТК. Бұл процесс тізбекті емес, айналмалы процесс. Көптеген аралық өнімдер ретінде үш және дикарбон қышқылдары түзіледі. Өтетін жері митохондрия, реакциялары қайтымсыз, бағыты тек қана АСҚ-ның тотығуын қамтамасыз етеді. Осы цикл жүйелі реакциялардан тұрады, нәтижесінде үш карбон қышқылының екі рет декарбоксилденуі жүзеге асады, әр үш НАД пен бір ФП тотықсызданады. Бір де бір ЦТК-ның реакциялары өтуі үшін оттегі қажет емес, сонда да бұл процесті аэробты деп санайды. Себебі, оттегі жоқ болса, ЦТК-дағы ферменттер тотықсызданып қалады.
ЦТК-ның маңызы өте үлкен:
«Метоболиттік қазан»,-адам денесінің ошағы» деп атайды. Себебі, бұл ЦТК-да АСҚ молекуласы жанады.
ЦТК-да арлық өнімдер түзіледі. Бұл өнімдерден басқа керекті қосылыстар түзілуі мүмкін. Бұл ЦТК-ның пластикалық қызметі.
Барлық алмасу процестерінің орталығында болып, оларды бір-бірімен байланыстырады.
Сутегі атомымен жабдықтушы көзі болып табылады. Бұл сутегі атомдары НАДН2 немесе ФПН2 түрінде болады.
ЦТК-ның мәні: сутегінің көзі болып табылады.
БТ. Биологиялық тотығу дегеніміз-көп сатылы тотығу- тотықсыздану реакцияларының жүйелі жолмен жүріп отыратын тізбегі. Органикалық заттардың биологиялық тотығуының нәтижесінде эндогенді су және энергия түзіледі. Энергия АТФ үшін пайдаланылады және жылу түрінде бөлінеді.
Биологиялық системада электронда болатын энергия ғана пайдаланылады, ал ядро энергиясы көп болғанымен, тірі организм үшін маңызы жоқ, сондықтан пайдалана алмайды, ткандердің тыныс алу процесінде электродар энергиясын біртіндеп жоғалтып ақырында протоннан бөлінеді. Оттегі О2 4е алып, реакцияға түсу қабілеті күшейген 2О иондық түріне айналады. Оттегі әрбір ионы 2Н-пен қосылып, судың бір молекуласын түзеді. Бұны эндогенді су деп атайды.
БТ-ның мәні: Энергияның бөлінуі. Эндогенді судың түзілуі
Холестриннің биосинтезі және мевалон қышқылы түзілуіне дейінгі реакцияларды көрсетіңіз осы этап жайлы тусіндіріңіз.
Холестриннің синтезі үшін басты зат – ацетил КоА болып табылады және B- гидроси – В- метилглутарил – КоА түзілу кезеңіне дейін холестриннің синтезі сияқты өтеді.
Ары қарай редуктазаның әсерінен тотықсызданған НАДФ – тың (НАДФН2) қатысуымен В-гидрокси – В- метилглутарил – КоА (ГМГ-КоА) мевалон қышқылына (С6) айналады.
Холестриннің алмасуындағы липопротеидтердің ролі:
Ауыз қуысындағы липидтерге әсер ететін ферменттер жоқ болған соң, олар тек қана механикалық әдіспен ұнтақталады. Асқазандағы липаза активті емес, себебі асқазан сөлінің рН 1,5-2,0 ге тең, ал липазанаң оптимум рН-ы 4-5 ке тең.
Бұл липаза тек қана эмульгирленген түрінде сүттің липидтеріне әсерін тигізеді. Емшектегі балалардың асқазан сөлінің рН ортасы липазаның оптимумына рН-на сәйкес келеді.(рН-5,5)
Ересек адамдарда липидтердің гидролизденуі ашы ішекте ұйқы безінің липазасының әсерімен өтеді. Бұл фермент активті емескүйде түзіледі. Ол активтену үшін өт қышқылының тұздары қажет. Активтелген липаза ТАГ-терден біртіндеп глицериннің көміртегіне қосылған БМҚ-дарын бөліп шығарады. Сонда (-МАГ қалады)
Ішек сөліндегі липаза активті фермент, ол (-МАГ-ге) әсерін тигізіп, глицеринге дейін ыдыратады.
Липазалардың әсерін тигізу алдында липидтер эмульсиялану керек. Бұл процесс өту үшін эмульгаторлар қажет. Осы эмулгатордың әсерінен беткі тартылыс күші кемиді де, ішек жиырылу процесінің көмегімен май тамшылары ұсақталады. Ұсақ май тамшыларының беткі қабатына жұп өт қышқылдары жиналып , оны теріс зарядқа келтіреді, сондықтан түзілген эмульсия тұрақты болады. Өт қышқылдары бауырда холестрин тоттыққан кезде болады. Екі түрлі болады хол қышқылы, дезоксихоль қышқылы, бұлар таурин немесе гликохол мен қосылып жұп өт қышқылдарын түзеді.
