- •1, Ақпан Буржуазиялық демократиялық революциясы және қазан төңкерісі: Қазақстандағы саяси күштерінің қақтығысы.
- •2, I және II Жалпы қазақ сьездері.» Алаш» ұлттық автономиясы мен «Алаш Орда» үкіметінің құрылуы.
- •1918 Жылы жазда Кеңес өкіметі Қазақстанда Жетісудың басым бөлігінде, Сырдария облысында, Торғай облысынын оңтүстік өңірлерінде және Бөкей Ордасының бірқатар аумағында ғана сақталып қалды.
- •1930-32Жж. Ашаршылық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.
- •9, Мәдени революцияның мақсаты
- •1919—1923 Жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды:
- •XX ғасырдың 20-жылдарының ортасына қарай Қазақстанда төмендегідей білім беру жүйесі қалыптасты:
- •11, Қазақ кср-інің соғыс қарсаңындағы экономикалық дамуы
- •13, Халықтың тылдағы еңбегі
- •14, 1950–1960 Жылдардағы Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы
- •16, XX ғ. 70-80 жылдары Қазақстан: экономика мен қоғамдық мәдени өмірдегі қайшылықтар.
- •20, . Ксро ның құлауы және тмДның құрылуы. Алматы декларациясы.
- •Конституция құрылымы
- •22, Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси дамуы
- •23, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- •Ресей Федерациясымен ынтымақтастық
- •Кытай Халық Республикасымен ынтымақтастық
- •Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық
- •26, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы
1919—1923 Жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды:
халықты оқытуға жарайтын маман кадрлардың жетіспеуі;
жаңа оқулықтардың жоқтығы және жазу құралдарының жоқтығы және жазу құралдарының жеткіліксіздігі;
қалаларда әсіресе ауылдық жерлерде білім беру органдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі.
1924 жылдың ақпан айында Қазақстанда Бүкілодақтық «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының бөлімшесі құрылды. «Сауаташқыш» газетінің бетінде жекелеген топтар үшін сабақ өткізу жоспары жарияланып тұрды, сауатсыздықты жоюшы-мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімдік курстар ашылды. 1930 жылғы 11 ақпанда Қаз ОАК-і «Қазақ АКСР-інде халықтың сауатсыздығын міндетті түрде жою туралы» қаулы қабылдады. Жою мерзімі бірінші бесжылдықтың аяғы болып белгіленді. Шараларды жүзеге асырудың жоспары жасалды және сауатсыздықты жоюға арналған қаржы қоры құрылды. 1931 жылы республикада шалғай аудандарға мәдени жорық ұйымдастырылды. Комсомол және пионер ұйымдары оған белсене атсалысты. Алайда елде сауатсыздықты жою ісі тіпті 1935 жылы, мәдениет майданы қызметкерлерінің I съезі өткенге дейін аяқталмады. Осы сьезден кейін республикадағы сауатсыздықты жою жұмысы өзінің соңғы кезеңіне аяқ басты. Қазақ АКСР Ағарту халкомы жанынан ересек халыққа білім беру басқармасы құрылып, оның ішінде сауатсыздар мен шаласауаттылар мектебі бөлімдері ашылды. 1939 жылы Қазақстан халқының жалпы сауаттылығы 76,3%-ға жетті.
Әліпбиді өзгерту
Сауатсыздықпен күрес барысында сол мезгілге шейін пайдалануда келген араб графикасын латын графикасымен алмастыру мәселесі қойылды. РКФСР-дің ұлттар ісі жөніндегі халық комиссариаты 1923 жылы араб қарпіне реформа жасау жөніндегі комисия құрды.
Бұл комиссия үш мәселе бойынша жұмыс жасады:
жазуы жоқ халықтар үшін жазу даярлау;
өз жазуы бар халықтарды латын қарпіне көшіру;
түркі жазуын реформалау.
1926 жылы наурыз айында I Бүкілодақтың түркологтар съезі өтіп, түркі тілдес халықтар жазуын латын графикасына көшіру мәселесі қаралды. Латын қарпіне көшу ісіне сол кездегі Қазақ АКСР халық ағарту халкомы А.Байтұрсынұлы қарсы шықты. Ә.Бөкейханов пен A.Байтұрсынұлы араб жазуының кейбір белгілерін жеңілдетуді ұсынды.
Араб әліпбиін қалдыруды жақтаушылар латын қарпін қолдануға көшу — ұлттық мәдениетке жасалған қастандық екендігін айтты. Олар Қазақстанда тек еуропалықтарға тән жаңа әліпбиге көшу қажет, бірақ оған әлі жағдай пісіп-жетілген жоқ деп есептеді. Алайда біртұтас мәдениет кеңістігін орнықтыру міндетін ұстанған Кеңес басшылығы республикаөкілдерінің пікірімен санаспады. Жаңа әліпби жасау жөніндегі комиссия құрылып, ол 1928 жылдың күзінде латын қарпі негізіндегі қазақ әліпбиінің жобасын ұсынды. Латын қарпіне түгел ауысып болғанша араб графикасы пайдаланыла тұратын болды. Полиграфиялық техника латын алфавитімен жабдықтала бастады Бұл газет, оқулықтар, әдебиеттершығаруды жеңілдетті. Республика бір мезгілде екі әліпбиді, яғни: қазақ тілі үшін — латын, орыс тілі үшін - кириллицаны қолданатын болды.
XX ғасырдың 30-жылдарының соңына қарай КСРО тоталитарлық мемлекетке айналды. Тоталитарлық жүйенің орнауы мәдениеттен де байқала бастады. 1940 жылы кириллица негізіндегі жаңа қазақ әліпбиінің жобасы жасалды. Жоғарғы кеңестің 1940 жылы 10 қарашадағы V сессиясында «Латынданған қазақ жазуын орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» Заң қабылданды.
Саяси ағарту жүйесі. Қазақстанда сауатсыздықты жою Коммунистік партияның жергілікті халық арасында саяси ағарту жұмысын жүргізуімен тығыз байланысты болды. Жергілікті халықтың саяси сауатын ашу, олардың қатарынан коммунистерді тәрбиелеп шығару осы кезеңдегі қазақстандық коммунистік партияның басты міндеті еді. Халық арасында үгіт жүргізуді күшейту үшін саяси ағарту ісінің әр түрлі тәсілдері: дәріс оқу, баяндама, әңгімелесу, пікірталастар, әр қилы көрнекілікті шерулер өткізу қолданылды. 1920—1930 жылдарда Қазақстанда саяси-ағарту орындарының ең көп тараған түрі: оқу үйлері, қызыл отау, клубтар, кітапханалар, ағарту қызметкерлерінің үйлері болды.
Қазақстан коммунистері үшін саяси-ағарту ісі маңызды міндетке айналды, өйткені олардың көпшілігінің саяси идеялық дайындығы төмен деп саналды. Республика коммунистерін тәрбиелеу үшін саяси сауат ашу мектептерінің жүйесі құрылды. Бұл мектептерде оқуға партиялық, кеңестік, кәсіподақ жұмыстарын атқаруға лайық деген белсенділер тартылды.
Коммунистер арасында жүргізілетін саяси ағарту жұмыстарының өзге де түрлері: маркстік үйірмелер (өз бетімен жұмыс істеу дағдысын алу және марксизм теориясынан жалпы түсінік алу) және партиялық клубтар (партклубтар әр түрлі секциялардан — партия құрылысы, революция және партия тарихы, көсіподақ қозғалысы, дінге қарсы насихат, т.б. тұрды) жолға қойылды. 1930 жылдары саяси ағарту жұмыстарының мәні орталық басшылыктың саяси курсы бағытына бейімделе түсті. Партияішілік қатынаста басқарудың әкімшілік формасы орныға бастады. Орталық Азия мен Қазақстандағы коммунистік партия және басқа шығыстық коммунистік ұйымдармен жұмыс жүргізу үшін Мәскеуде Шығыс халықтары коммунистік ұйымдарының Орталық бюросы құрылды. Осы бюро ұлт тілдеріндегі саяси әдебиеттерді басып шығара бастады.
Мектептік білім[өңдеу]
Жаңа мектептер ашу Кеңес өкіметінің алғашқы айларында-ақ қолға алынды. 1918 жылдың 21 қаңтарында РКФСР ХКК-нің «Шіркеуді мемлекет пен мектептен ажырату» туралы Декреті шықты. Қазақстанда мектептерді басқару жергілікті кеңестердің қолына көшті. 1921 жылы 18 қаңтарда Орынборда халыққа білім беpy жөніндегі Бірінші жалпықазақтықконференция болып, онда республикадағы халыққа білім беру ісін ұйымдастыру міндеттері айқындалды.
