- •1, Ақпан Буржуазиялық демократиялық революциясы және қазан төңкерісі: Қазақстандағы саяси күштерінің қақтығысы.
- •2, I және II Жалпы қазақ сьездері.» Алаш» ұлттық автономиясы мен «Алаш Орда» үкіметінің құрылуы.
- •1918 Жылы жазда Кеңес өкіметі Қазақстанда Жетісудың басым бөлігінде, Сырдария облысында, Торғай облысынын оңтүстік өңірлерінде және Бөкей Ордасының бірқатар аумағында ғана сақталып қалды.
- •1930-32Жж. Ашаршылық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.
- •9, Мәдени революцияның мақсаты
- •1919—1923 Жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды:
- •XX ғасырдың 20-жылдарының ортасына қарай Қазақстанда төмендегідей білім беру жүйесі қалыптасты:
- •11, Қазақ кср-інің соғыс қарсаңындағы экономикалық дамуы
- •13, Халықтың тылдағы еңбегі
- •14, 1950–1960 Жылдардағы Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы
- •16, XX ғ. 70-80 жылдары Қазақстан: экономика мен қоғамдық мәдени өмірдегі қайшылықтар.
- •20, . Ксро ның құлауы және тмДның құрылуы. Алматы декларациясы.
- •Конституция құрылымы
- •22, Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси дамуы
- •23, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- •Ресей Федерациясымен ынтымақтастық
- •Кытай Халық Республикасымен ынтымақтастық
- •Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық
- •26, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы
16, XX ғ. 70-80 жылдары Қазақстан: экономика мен қоғамдық мәдени өмірдегі қайшылықтар.
А)Қоғамның саяси дамуы.
- 70-жылдар ерекшеліктері:
жаңашыл үрдістер әлсіреді.
- қоғамдық құрылыс ұстанымдары мен түрлері тоқырауға ұшырады
- саяси өмір ұстанымдарына түзетулер енгізген бетбұрыстар кезеңі басталды. 1968 жылғы тамыз – Чехословакияда жаңару, Сталиндік үлгіден бас тарту оқиғасы. « Прага көктемі аталған бұл ұмтылыс бес ел әскерлерінің Чехословакия территориясына енгізуіне байланысты тоқтатылды. Идеологиялық науқан басталды. ЧКП дамуындағы дағдарысты жоюға, опортунистік күштерге теориялық соққы беруге, партияның жетекшілік рөлі туралы марксистік – лениндік тұжырымдаманы қайта қалпына келтіруге әрекет жасалды. Социализм жүйесі елдерінде социализмді бірте-бірте жетілдіру идеясы туындады. 1960 жылы Қазан төңкерісінің елу жылдығына арналған мәжілісте Брежнев еліміздегі тарихи жолдың басты қорытындысы – кемелденген социализмнің орнатылуы деп мәлімдеді.
1977 жылы 7 қазанда КСРО конституциясы қабылданды.Комунизмге өтер жолдағы кезең – кемелденген социализм, ал КСРО-ның саяси негізі – халық депутаттары кеңестері деп танылды. Бұл кезеңнің экономикалық жүйесін мемлекетьтік және колхоздық-кооперативтік меншік түріндегі социалистік меншік құрайды.
1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР жаңа конституциясы қабылданды.Конституцияда негізгі демократиялық бостандықтар жарияланды, бірақ олар сөз жүзінде ғана орындалды. 1963 жылы Мәскеуде қазақ студенттерінің тұңғыш биресми бірлестігі – «Жас тұлпар» құрылды. Бұл ұйым қызметі 70 жылдары тоқтатылды. 1974-1977 жылдары Х. Қожахметов қазақ халқын ұлттық қайта түлету мақсатында «Жас қазақ» ұйымын құруды ойластырды. 1979 жылы көктемде КСРО МХК төрағасы Ю. Андропов ұсынысымен КОКП ОК-і Қазақстан аумағында неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады.
ә) Өнеркәсіптегі жағдай:
70 жылдары ғылым мен техниканы тұтастырып, ғылыми-өндірістік бірлестіктер көбейді. Осындай бірлестіктермен бірлесе жұмыс істейтін кәсіпорындар саны артты:
1971 -97, 1985 – 610. 80-жылдары басында КСРО бойынша Қазақстанның үлесіне өндіріске енгізілетін ғылыми-техникалық жаңалықтардың үш пайызы тиіп, әкономикалық тиімділігі 2,9% болған. Өндіріс саласыедағы кемшіліктер:Республикада бұрынғысынша шикізат өндірісіне біржаққты бағдар ұсталды. Пайдалы қазбалар мен қуат көздерін өндірудегі шикізат пен қуатты пайдалану тиімділігі төмен болды. Б) Мәдени өмір.Экономикадағы ірі агрокешендер құру кезеңінде «болашағы жоқ» ауылдар жойылып, шағын комплектілі мектептер жабылды. 1960-80 жылдары 27 жоғары және 100-ден астам орта арнаулы оқу орындары ашылды.Қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулері дүние жүзіне танымал болды: Сокольский, Ахмедсафин, Айтхожин.
70-80 жылдары көптеген ғылыми еңбектер жарыққа шықты: 5 томдық «Қазақ КСР тарихы» кітабы, Әл-Фараби, Ш. Уәлиханов, Алтынсариннің мұраларын зерттеген басылымдар және т.б. Мәдени дамуда табыстар мен қайшылықтар қатарласа жүрді. Кеңестік насихат, үлттық мәдениеттің гүлденуі туралы, тұтас алғанда кеңес мәдениетінің интернационал-дануы жөніндегі тезисті үнемі қуаттап жатты.
17, 1979 жылы Ақмоладағы (Целиноград) оқиғалар. Еділ бойындағы неміс автономиялық құрылымы таратылғаннан кейін жүздеген мың неміс ұлтының азаматтары Қазақстанға қоныс аударған болатын. КОКП Орталық Комитеті 1979 жылдың көктемінде Қазақстан аумағында неміс автономиялық облысын құру жөнінде шешім қабылдады. Бұл қазақ халқының мүдделерін аяққа басудың айқын көрінісі еді. Қазақстан өкіметінің бұл шешімге қарсы тұрарлық дәрмені болмады. Республика аумағында Неміс автономиясын құру жөніндегі комитеттің шешімі бойынша, болашақ автономияның әкімшілік орталығы етіп, Ақмола облысындағы Ерементау қаласын белгілеуге ұйғарым жасады. Автономияның құрамына Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының бірнеше іргелес аудандары енгізілмек болды. Дегенмен шешімді іске асырудың сәті түспеді.
1979 жылғы маусымның 16-сы күні қазақ жастарының үлкен бір тобы Целиноград қаласының орталығындағы Ленин атындағы алаңға жинала бастады. Олардың қолдарында «Қазақстан бөлінбейді», «Неміс автономиясына жол жоқ!» деген жазулары бар транспаранттар болды. Көп ұзамай орталық алаң адамға лық толдды. Митингіде сөз сөйлегендер байсалды ойлар қозғады. Олар Қазақстанның көп ұлттар мекендеген республика екендігін және мұнда ондаған жылдар бойы қазақтар, орыстар, украин, татар, немістер басқа да ұлттар өкілдерінің қоян-қолтық еңбек етіп жатқанын айтты. Осындай маңызды шешімнің жұртшылықтың талқылауынсыз қабылданғанына наразылық білдірілді. Митингіде сөйлеген бір студент «Біз Кремільдің мұндай шешімін айыптаймыз!»Облыс басшыларының митингіні тез арада таратып жібермек болған әрекеттері сәтсіз аяқталды. Митингіге қатысушылар сапқа тұрып, қала көшелерімен ұрандатып өтті. Халық қарсылығы билеушілердің өктемдігін іске асыртпай тастады. Келесі 19 маусымда болған шеруде облыс басшылары Ақмола жерінде ешқандай автономия болмайтынын мәлімдеді. Толқулар басылып, дүрлігу саябыр тапты. Партия ұйымдары МҚК- мен біріге отырып, Ақмола оқиғалары туралы мағлұматтардың елге таралмауын қамтамасыз етті. Сонда да неміс автономиясы туралы оқиғалар ауыздан-ауызға таралып, бүкіл республика жұртына белгілі болды.
18, 1986ж Желтоқсан оқиғалары және олардың қоғамның сачсилауына әсері. Жетпіс жылдай өмір сүрген тоталитарлық жүйе қанша жерден әрекеттенгенімен адамдардың ой пікір бостандығын біржолата тұншықт ыра алмады. Кеңестік жүйенің ұлттар мен халықтардың мәдениеті мен тарихын ж.е ұлттық сана сезімін тұншықтыруға бағытталған әрекеттеріне қарсы жаңа наразылық пен жаңа күш туып келе жатты. Бұл күш 1986 ж Желтоқсан оқиғасы кезінде айқын көрінді. Желтоқсан оқиғасының басталуына республика басшылығын ауыстыру жөніндегі Мәскеудің әміршілдік әрекеті ғана себеп болған жоқ.Жаңа басшылыққа республика халқына мүлдем таныс емес Колбиннің келуі ж.ж бойына жинақталған ашу ыза мен наразылықтың буырқана сыртқа атылып шығуына түрткі болды.Қазақ елінің мемлекеттік егемендігі мен қазақ халқының мүдделерін аяққа басқан Мәскеудің әрекеттерін айыптаған қазақ жастарының демонстрациясы басқа ұлтқа қарсы бағытталмаған еді.Талай ұлт пен халыққа пана болған , төрінен орын берген қазақ халқы, қазақ даласын мекендеген басқа халықтарға қарсы ұлтшылдық пиғылда ешқашан болған емес.1986 ж 17 желтоқсанда Алматыда басталған шеру бейбіт ж.е саяси сипатта болды.Онда мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған ұрандар айтылып, басқа халықтарға қатысты олардың намысын қорлайтын әрекеттер жасалған жоқ.Алаңға жиналған жастар Пленум шешімі жөнінде түсінік берілуін талап етіп, сол шешіммен өздерінің келіспейтіндігін білдірді .Саяси наразылықты билікке төнген қатер деп есептеген республика басшылығы жастар наразылығын тұрақты армия бөлімдерін қолдана отырып басып жаншу мәслесін қойды.Бейбіт сипаттағы наразылықтың жаппай тәртіпсіздікке ұласуына республика басшыларының өткір жағдайдан шығудың бейбіт жолын таба білмеуі, олардың ақыл парасат пен ізгі ниетке емес, қайта күшке сүйенуі себеп болды. Ішкі істер министрі Власовтың бұйрығы бойынша Алматыға ішкі істер әскерлерінің арнайы бөлімдері жіберілді.Шеруге қатысушыларды тарату кезінде сойылдар, кіші саперлік күректер,үйретілген иттер , су шашатын машиналар пайдаланылды . Күшпен басылған желтоқсан оқиғасының зардаптары да ауыр болды. Толық емес мәліметтер бойынша ішкі істер министірлігінің деректерін де ұсталғандардың саны 2336, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің деректері бойынша 2401 адам болды. Уақытша қамау орындарына , арнаулы қабылдау ж.е тергеу изоляторына жеткізіліп, сонымен бірге ұсталып қала сыртына апарып тасталған адамдарды есептегенде ұсталғандардың барлық саны 8.5 мың адам болған.Дене жарақатын алғандар саны 1.7 мың адамға жеткен. Оқиғаға қатысушылардың қозғалған қылмысты істерін сот пен тергеуде қарау процесінде де заңдылықтың өрескл бұзылуына жол берілді.Тергеулер қысқа мерзімде,үстірт,ойдан шығарылған ж.е айыптауға айқын бейімділікпен жүргізіді .99 адам сотталып , 271 адам оқудан, 319 адам жұмыстан шығарылды,жүздеген адам партия ж.е комсомол қатарынан қуылды. (Халықтар достығының лабороториясы) аталып келген Қазақстан бір күн ішінде (қазақ ұлтшылдығының ұясы ) атанып шыға келді.КОКП Орталық Комитетінің Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына берген бағасының басты қорытындысы осы еді. Мәскеу мен оның жергілікті жердегі өкілі Колбиннің Желтоқсан оқиғасынан кейінгі қызметінің басты бағыты қазақ интелигенциясын жаныштауға бағытталды.Республика басшылығындағы қазақтар мен жоғары оқук орындарындағы жергілікті ұлт оқытушылары ж.е зиялыларының есебі алынды.Тіпті қазақтар көп шоғырланған оңтүстік облыстардағы студенттердің басқа ұлт өкілдерінен көптігі де сарапқа салынды.Жоғары оқу орындарындағы қазақ жастарының көбеюі де орталыққа жақпады.Ұлт тілінде тек өз республикасында ғана білім алуға болатындығы ескерілмеді.Жоғары оқу орнына қабылдауда жергілікті ұлт өкілдеріне шектеу енгізілді. Колбиннің «Үшінші Қазаны» Қазақстанды біржолата қазақтық сипаттан айыруды мақсат тұтқан қызыл империяның ең соңғы ж.е шешуші зор майданы еді.Бұл майдан да ең алдымен ұлтты рухани жаныштаудан басталды.Студент жастарды, ұлттық интелленгияны , қазақ баспасөзін, тіпті ұлттық бюрократияны да жүйлі түрде тоқпақтау осындай мақсатты көздеді.Бірақ саяси күреске үлкен серпін берген Алматы оқиғасын ж.е оның қорытындыларын тұншықтыруға Орталықтын шамасы келмеді.Желтоқсан оқиғасы бүкіл кеңестік аумақтағы ұлттық қайта серпілудің басында тұрды.Бұған Баку,Тбилиси,Сумгаит,Ферғна,Ашгабат,Рига,Вильнус,Душанбе,Жаңа ө оқиғалары жалғасты. Тоталитаризмнің мызғымайтындай болып қатқан мәңгілік мұзын алғаш рет жібіткен Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына әлі күнге дейін толық қанды баға берілген жоқ . Өйткені , сол кездегі оқиғалардағы шындықтың айтылмауына мүдделі адамдар әлі де бар.Уақыт өте келе бұл оқиғаға да тарих өз бағасын бере жатар . Қалай болғанда да Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы кеңестік жүйедегі екі күштің: жаңа басталып келе жатқан буыны қатпаған жас демократия мен сол кезде әлі де өз күшінде тұрған әкімшіл әміршіл жүйенің алғашқы қақтығысы еді.
19, . Қайта құру және Қазақстандағы 1985-1991 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір
Кеңес елінің басшылары тауарсыз утопияны іске асыруда бір-бірімен дәйекті түрде жарысып, сынақ алаңындағы сияқты шетсіз-шексіз эксперименттер жүргізді. Елдің әрбір жаңа басшысының билікке келуі алдыңғы кезеңде жол берілген қателіктер мен асырасілтеушіліктерді еңсеру жөніндегі белсенді «реформаторлық» қызметімен ілесе жүрді. Бірақ осы бастамалардың бәрінің өзекті желісі «социализмді жетілдірудің»жоғары әлеуетін анықтау болды. 80-жылдардың аяғына дейін идеологиялық қатаң қағида мен саяси төзімсіздік қалыптасқан «кеңестік үлгінің» орынды баламасының кез келген мүмкіндігін жоққа шығарды.
Кеңестік кезеңге дейінгі және кеңестік кезеңдегі тарихты сын көзбен қайта ой елегінен өткізу демократиялық үдерістің дамуындағы маңызды белес болды. «Басқаша болуы мүмкін емес», «Тарихшылар дауласады», «Бұл жайында айтылмады», «Қазақстан тарихы: ақтаңдықтар» атты жариялымдарда, мақақалар жинақтарында – Қазан револяциясына, Азамат соғысы мен Отан соғысына, большевиктер жетекшілерінің – В.Лениннің, И.Сталиннің, Ф.И.Голощекиннің т.б. қайраткерлеріне жаңаша берілген бағалар пайда болды. Шындықты іздеу ахуалында саяси террордың құрбандарын ақтау жөніндегі жұмыстар жалғастырылды. 1987 жылдың қыркүйегінде құрылған КОКП ОК Саяси бюросының 30-40 жылдардағы және 50-жылдардың басындағы қуғын-сүргіндерге байланысты материалдарды қосымша зерделеу жөніндегі комиссия 30-50 жылдардағы ең ірі саяси зұлматтардың барып тұрған озбырлық және заңдылықты бұзу салдарынан болғаны туралы қорытынды жасады. 1988 жылы жұртшылықтың қысымымен Қазақстан Компартиясы ОК-нің шешімімен жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев саяси, кейінірек азаматтық тұрғыда ақталды. Қалың халық бұқарасы осынау қазақ әдебиетінің жарқын өкілдерінің шығармаларымен танысуға көптен күткен мүмкіндік алды.
Кезінде Виктор Гюго: «Армияның шабуылына қарсы тұруға болады, бірақ уақыты келген идеяның таралуына қарсы тұруға болмайды» деп жазған еді. Жариялық пен демократияландыру идеялары қоғамды қарышты қарқынмен өзгерте бастады. 1988 жылы КОКП-ның жұмысм істеуінде, сталиншілдіктен арылу оқиғасын өрістетуде бетбұрысты жыл болды. Осы жылы өткен ХІХ Бүкілодақтық партия конференциясы төменгі буындағы партиялық ұяларды ең қажетті және өзекті мәселе ретінде айтылып жүрген жайттарды жариялады. «Бюрократизммен күрес туралы» қарарда конференция «кадрларды іріктеп, орналастырудың ашық, конкурстық, шығармашылық негізде жүргізілуін» талап етті. Конференция шешімдері арнасында партия ұйымдары кадрлерді іріктеп, жоғарылату кезінде неғұрлым демократиялық үрдістерді іс жүзінде қолдана бастады. Мәселен, 1989 жылы қалалық және аудандық партия комитеттерінің жаңадан сайланған хатшыларының әрбір үшіншісі, 1990 жылы жартысынан астамы конкурстық негізде сайланды. Мұндай көзқарас басшылық құрамға неғұрлым тың күштердің келуіне жол ашты. Қазақстанда бұр үрдіс 1989 жылға дейін күн тәртібінен орын ала алмады. Қазақстан Компартиясының ХVІ съезінде кейбір делегаттардың республикалық партия ұйымының және оның басшылғының қызметін неғұрлым сыншылдықпен бағалауға тырысқан әрекеттері табысты болмады. 1985 жылдан 1990 жылға дейін Қазақстанда демократияның қалыптасуында кейіннен игі рөл атқарған өзгерістер орын алды. Бұл кезеңде Коммунистік партияның өз ішіндегі реформатиялық күштер өзінің қатарларына неғұрлым білікті, жаңашыл, ұшқыр ойлы, жан-жақты саяси білімді меңгерген адамдарды тартуға объективті түрде мүдделі болды. Өкімет орындарының қудалауына қарамастан, республикада 1987-1988 жылдары бастапқыда экологиялық қозғалыстар түрінде пайда болған бейресми ұйымдар жасақтала бастады. Мұндай жағдайда қалыптасқан экономикалық және саяси жүйенің түпқазығын неғұрлым тереңірек түрлендіру қажеттігін түсінетін де уақыт жетті. Қоғамдық бастамаларда шектеудің қатаң саясатына қарамастан, 80-жылдардың ІІ жартысындағы саяси оқиғалардың салдары ретінде Қазақстанда жаңа саяси ахуал қалыптаса бастады. Көптеген қоғамдық қозғалыстар мен бейресми ұйымдар пайда болды, көппартиялыққа көшудің алғышарттары қалыптасты. Неше түрлі митингілерде, демонстрацияларда, сайлаушылардың клубтарында күнделікті өмірдің өзекті мәселелері, ел дамуының көкейтесті проблемалары талқыланды. Республикадағы реформа жүргізіп отырған ірі саяси орталықпен терезесі тең бәсекелесуші баламаға айнала алмаса да, тұрғын халық арасында белгілі бір әлеуметтік негізге ие болған бейресми ағымдардың жағдайы басқаша болды. Қазақстандықтардың құндылыққа бағдарлануы 1989 жылдың маусымынан бастап республикалық партия ұйымының басшысы, 1990 жылдың 24 сәуірінен Қазақстанның Президенті болған Н.Ә.Назарбаев жағына қарай өскелең серпінмен ойыса бастады, ол «нарықтың экономика және демократия біздің өзгерістеріміздің түпкі мақсаты болмақ» деп есептеді. 1989 жылғы ақпанда сол уақытта КСРО Жоғарғы Кеңесіне сайлауға түскен О.Сүлейменовтың бастамасымен ядролық қаруға қарсы «Невада-Семей» қозғалысы дүниеге келді, ол Семей полигонында ядролық қаруды сынаудың тоқтатылуын талап етті. Нақ осы «Невада-Семей» Қазақстанда қайта құру кезеңінде ең ауқымды, бұқаралық қозғалысқа айналу тағдыры жазылды. Аяқ астынан дүниеге келген қозғалысты Қазақстанның Өкімет орындары қолдады.1989 жылы «Невада-Семей» қозғалысы полигонда жарылыс жасауға жоспарланған 18 ядролық жарылыстың 11-іне жол бермеді. 1989 жылы қарашада КСРО Жоғарғы Кеңесі Ядролық сынауларды тоқтату туралы қаулы қабылдады. 1991 жылы 29 тамызда Мәскеуде Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның (ТЖМК) бүлігі сәтсіздікке ұшырағаннан кейінгі жаңа жағдайда Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды.Осымен бір мезгілде дерлік Қазақстан қоғамында басқа қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар – «Әділет», «Мемориал» т.б. топтаса бастады. Өкімет орындарының 1988 жылдың аяғы мен 1989 жылдың басында Қазақстандағы бейресми қоғамдық ұйымдарды бейтараптандыру әрекеттері өкімет басына Н.Ә.Назарбаев келгеннен кейін ғана тоқтады.1990 жылдың көктемінде бірқатар социал-демократиялық ұйымдар Қазақстан социал-демократиялық партиясына бірікті. 1990 жылғы мамырдың аяғында «Азат» ұлттық-демократиялық қозғалысының ұйымдастыру комитеті құрылды, оның құрылтай съезі маусымда шақырылды.1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында ҚазақстанКоммунистік партиясының кезектен тыс ХVІІІ съезі өтті. Съезде ККП-ні Қазақстан Социалистік партиясы деп қайта атау туралы шешім қабылданды. 1991 жылы 5 қазанда Алматыда Қазақстан Халық Конгресі партиясының (ҚХКП) І Құрылтай съезі ұйымдастырылды. «Невада-Семей», «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті («Арал-Азия-Қазақстан» ХҚК), Әйелдер одағы, «Бірлесу» тәуелсіз кәсіподағы, «Қазақ тілі қоғамы», Республиканың жас құрылысшылары қауымдастығы және Қазақстанның басқа да бірқатар ұлттық-мәдени орталықтары ҚХК-нің құрылтайшылары болды. 1991 жылы 5 қазанда Алматыда Қазақстанның «Азат» азаматтық қозғалысының І құрылтай съезі өткізілді. Съезде қозғалыстың Жарғысы мен Бағдарламасы қабылданды. 80-жылдардың аяғында басқа да республикалардағы сияқты Қазақстанда да 800 мың мүшесі бар коммунистік партияның әлеуеті төмендей бастады. КОКП қатарынан партия мүшелерінің шығу фактілерінің жылдан-жылға жиілеуі Қазақстан Компартиясының ішкі өміріндегі кері кету үрдісінің тым елеулі екенін көрсетті. Егер 1988 жылы 265 коммунист өз бастамасымен партиялық билеттерін өткізген болса, 1989 жылы олаодың саны 1468-ге дейін жетті. 1989 жылдың аяғында партиядан шыққандардың саны КОКП мүшелігіне өтушілердің санынан асып түсті. Партияны тастап шығушылардың саны Қазақстан Компартиясының өмір сүрген толық емес соңғы екі жылында күрт өсті: 1990 жылы 12446 адам, ал 1991 жылдың алғашқы үш тоқсанында 15 мыңнан астам адам партиядан шықты.
1990 жылғы 12 наурызда КСРО халық депутаттарының кезектен тыс ІІІ съезі ашылды. Съезд КСРО Конституциясының КОКП-ның қоғамдағы басшылық рөлі туралы 6-бабының күшін жойды, мұның өзі саяси жүйенің түбегейлі өзгеруін білдірді. Басқарудың президенттік жүйесіне көшу туралы шешім оның жұмысының екінші бір маңызды қорытындысы болды. Ел Президенті болып М.С.Горбачев сайланды.1990 жылы наурызда ХІІ сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтті. 340 депутаттық мандатқа 1242 кандидат тіркелді. Сайлау сайлаушылар дауыстарының теңдігі принципіне сәйкес келмейтін, Одақтық сайлау туралы Заң бойынша өткізілді. Бұл Заңға сәйкес былайша сайлау көзделді:Депутаттарының 2/3-сі жалпыға бірдей сайлау жүйесі бойынша сайланады;Депуттаттардың 1/3-і қоғамдық ұйымдардан – шығармашылық одақтардан, ардагерлер ұйымдарынан (соның ішінде КОКП-ден, комсомолдан) сайланды
