Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тарихы-2.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
139.42 Кб
Скачать

26, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президентiнің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң,ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқыныңөсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсызашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспанбарлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны

Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Әні: Шәмші Қалдаяқов

27, Қазақстан-2050» стратегиясында көрсетілген жаңа бағдарға экономикалық прагматизм негіз болған. Ол бірінші кезекте экономикалық мақсаттылық пен ұзақмерзімді мүдделер тұрғысында экономикалық және басқарушылық шешімдердің барлығын алып тастамай-ақ қабылдану дегенді білдіреді. Бұл түсінікке сонымен қатар мыналар кіреді: Қазақстан теңқұқылы бизнес-серіктес ретінде қатыса алатын жаңа нарықтық қуысты анықтау, жаңа экономикалық өсім нүктесін құру, экономикалық әлеуетті арттыру мақсатында жайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру, экономиканың тиімді жеке секторын құру және мемлекеттік-жеке серіктестік дамыту, экспортты мемлекеттік ынталандыру. «Қазақстан-2050» стратегиясында Президент осы ғасырдың жаһандық сын-қатерлерінің бірі ретінде үшінші индустриалды революция туралы айтқан болатын және бұл пайымдаумен сарапшылар атап өткен технологиялық прогрессизм мен жаңа индустриалдандыру идеялары түйіседі. Үшінші индустриалды революция өндіріс түсінігінің өзін алмастырады. Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттілігін түбегейлі өзгертеді.

28, Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.

Ассамблеяның қызметі[

Қазақстан түрлі халық өкілдерінің әнұран шырқау сәті

Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.

Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Сондықтан 2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды. Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы – халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.

Ел Президенті еліміздегі тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Этносаралық қатынастар жүйесінде мемлекеттік тіл ел бірлігін қалыптастырудың маңызды факторы болып танылған. Сондықтан да Ассамблея қызметінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту маңызды орынға ие.

Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде. Бүгінде Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі әлем назарын аударып отыр.

Қазақстандық үлгі Біріккен ұлттар ұйымында, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып оң бағаға ие болды, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекет тіліне аударылды.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун елімізге сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысып Ассамблея принципі БҰҰ-ның жұмыс принципімен толық сәйкес келеді деп атап өтті.

Қазақстандық үлгі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар ісі жөніндегі Жоғары комиссары арасындағы өзара іс қимылдың негізгі бағыттарының біріне айналды. Қазақстандағы қоғамдық келісім үлгісіне қызығушылық танытушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар саны күн санап артып келеді.

Ассамблея туралы Заң

2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті. Этносаралық қатынастар субъектілерінің жұмысының елімізде жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесін қалыптастырды.

Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Заңға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы ол – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.

Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылад

29, Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы – Ақорда, Астананың бас символы Бәйтерек, қазақ мемлекеттігінің болмыс-бітімін айшықтайтын «Мәңгілік ел» Салтанат қақпасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу үшін арналған ғимарат - Бейбітшілік пен келісім сарайы, мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылатын Тәуелсіздік Сарайы, Астананың ең үлкен ойын-сауық орталығы - Хан-Шатыр Елорданың имиджін асқақтатудағы маңызы жоғары архитектуралық кешендер. Аталмыш құрылыс нысандарынан басқа қала келбетін көркейтетін өзге де материалдық дүниелер бар және салынғалы жатыр.

Астана қаласы имиджі деңгейінің жоғарылығы 2012 жылы түркі әлемінің және ТМД елдерінің мәдени астанасы мәртебесін иеленуге мүмкіндік берді. Сондықтан осы секілді жағымды имиджді қалыптастыру арқылы кеңес беру технологияларының жанама ықпал жасаудың өзіндік белгілер көрінісі жетістікке әкелетіндігін танытты. Елорда имидждік дәрежесі жоғарылығының кезекті жемісі 2012 жылы Халықаралық көрмелер бюросының 161 мүше-мемлекеттері өкілдерінің жасырын дауыс беруі барысында Бельгияның Льеж қаласын басып озып, ЕХРО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізетін қала болып таңдалуы еді.

Астананың өтінімін Халықаралық көрмелер бюросының 103 қатысушы-елі қолдады, 44-і - «қарсы» дауыс берді. Астанадағы ЕХРО-2017 Орталық Азия аймағы мен ТМД елдерінде өткізілгелі отырған алғашқы халықаралық көрме болмақ. Астанадағы ЕХРО көрмесі 3 айға - 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін созылады. Оған әлемнің 100-ге тарта елі және 10-ға жуық халықаралық ұйымдар қатысады деп күтілуде. Көрмеге 5 миллионнан астам адам келеді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылды қорытындылауға және «Қазақстан-2050» Стратегиясының міндеттерін іске асыру мәселесіне арналған кеңесте ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындық жүргізу инновациялық экономиканы дамытудың аса маңызды катализаторына айналуы қажеттігін атап көрсетті. Осы кеңесте Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Біз Астананы таза, энергияны тұтыну жағынан тиімді, «жасыл» қалаға айналдыруға тиіспіз. Елордамыз өзге өңірлерге үлгі болуға тиіс... Астананың ребрендинг бағдарламасын да әзірлеп, кәсіби және маркетингтік науқан ұйымдастыру қажет», - деген еді.

Көрмені ұйымдастыру Қазақстанның халықаралық ілгері жылжуы жолындағы үлкен қадам болмақ. ЕХРО-2017-ні өткізу елорданың, сондай-ақ тұтастай алғанда республиканың экономикалық және инфрақұрылымдық дамуын қосымша ынталандыруға қызмет ететін болады. Елорданының және оның маңындағы аймақтардың шағын және орта бизнесінің дамуы ерекше серпін алады, ең алдымен, халыққа қызмет көрсету, қонақ үй бизнесі және ішкі туризм салаларының ұтары мол. Бұл шара елорданың көрме нысандары мен инфрақұрылымы құрылысына елеулі көлемде жеке инвестициялар тартуға, оларға қызмет көрсетуге ондаған мың жұмыс орындарын құруға, ішкі туризмді дамытуға және елге шетелдік туристер ағынын ұлғайтуға, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік ресурстарын шоғырландыруға мүмкіндік береді. Көрмелер нысандары құрылысына инвестициялар тартудан басқа күтілетін экономикалық тиімділік мынада: ЕХРО ауқымында салынатын нысандар болашақта Қазақстанды және оның астанасын ірі халықаралық, көрме және ақпараттық-таныстырылымдық алаң ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.Көрме әлемді қазақстандықтардың көпұлтты мәдениетімен, ежелгі тарихымен, өнерімен, дәстүрлерімен, қонақжайлылығымен таныстырады, әлемдік қоғамдастықтың алдында Қазақстанның туристік тартымдылығын және танымалдығын арттырады. Елорданың мәдени дамуының да маңызы зор. ЕХРО өткізу кезінде Астанада әлемнің түпкір-түпкірінен әртүрлі мәдениеттер үні шырқалады. Көрме аумағында күн сайын концерттер, ұлттық күндер және басқа да ойын-сауық шаралары өткізіледі.

ЕХРО-2017 ірі коммерциялық емес жоба, ол аймақтың және тұтастай алғанда елдің дамуының қуатты катализаторы болмақ. Құрылысқа, туристік инфрақұрылымға, қонақ үй бизнесіне салынатын инфестициядан түсетін кірісті былай қойғанда, көрменің зияткерлік мұрасы Қазақстанды жаңа деңгейге көтеретін болады. Әсем Астананың одан әрі қарыштап өсуіне және бұрынғыдан да өршіл мақсаттарын жүзеге асыруға жаңа серпін алады. Ал қазақстандықтар өз күштеріне және өз елінің мүмкіндіктеріне тағы да көз жеткізе алады.

Бейбітшілік пен келісімнің «әлемдік қаласына» айналған Астананың позитивті территориялық имиджі тек экономикалық жағымен қатар, стратегиялық көзқарас бойынша да маңызды. Бұл мақала шеңберінде имидж қалыптастыру арқылы кеңес беру мәселелерін толық айқындау мүмкін емес. Сондықтан Халықаралық көрме өткізер алдындағы қала имиджі мен мәртебесін дамытуда имидж қалыптастыру мен кеңес беру технологияларын ұштастыра отырып дайындау, игеру қосымша ғылыми зерттеулерді қажет етеді

 ЭКСПО-2017 қарсаңында бізге Астананың көліктік инфрақұрылымын дамыту туралы ойластыру қажет. Астана аэропорты осы жылдың өзінде-ақ өзінің максималды өткізу қабілеті – 3,5 миллион адамға жетеді. Сондықтан оның әлеуетін ұлғайту үшін 2015 жылы жаңа терминал құрылысы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту үшін 29 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Бұл өткізу қабілетін 2017 жылға қарай жылына 7,1 миллион жолаушыға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

30, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инфрақұрылымды 7 негізгі бағыт бойынша дамыту көзделген. Бұл көліктік-логистикалық, энергетикалық және индустриялық инфрақұрылымдардың дамуы. Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңарту, мектептер мен тұрғын үйлер салу жұмыстары, сондай-ақ шағын және орта бизнестерді қолдау жүзеге асырылады. Халықаралық қаржы ұйымдарымен бірге 13,5 млрд. АҚШ доллары сомасына шағын және орта бизнесті (бұдан әрі - ШОБ), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, жол салу, электр энергетикасын дамыту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы жобаларды іске асыру басталады, оның ішінде 9 млрд. АҚШ доллары халықаралық қаржы ұйымдары есебінен қаржыландырылады. Жаңа экономикалық саясат біздің экономикамызда құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталады. Бұл көліктік, энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы бәсекеге қабілеттілікті, өнімділікті жоғарлату және экономиканың құрылымын жақсарту болып табылады. Осы салаларға инвестициялар экономиканың өсуі мен жұмыспен қамтуға ең көп мультипликативтік әсер етеді және болашақта орнықты дамудың негізін қалыптастырады. Оң сыртқы сауда сальдосын қолдау мақсатында қазақстандық экспортты қолдау қамтамасыз етілетін болады. ЕО-ға экспорттаушылар үшін қолданылатын мөлшерлемелерден (шетелдік валютада 2-3%) аспайтын мөлшерлемелер бойынша сауда және экспорттық қаржыландыру тетіктері әзірленеді.  Ел экономикасын одан әрі индустрияландыру саясаты өңірлік ерекшелікті ескере отырып, белгілі бір басым секторлардағы өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығы шеңберінде жүргізіледі. Елде іскерлік белсенділікті одан әрі қолдау үшін Ұлттық қордан 2015 және 2016 жылдары жыл сайын 100 млрд. теңге бөлінетін болады. Бұл қаражат «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен «Қазақстан даму банкі» АҚ-ның банкаралық кредиттеуінің қолданыстағы бағдарламасын пайдалана отырып, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеуге, оның ішінде ШОБ-ты қаржыландыруға - 100 млрд. теңге және ірі кәсіпкерлікті қаржыландыруға - 100 млрд. теңге бағытталады. Доллармен алынған қарыздар бойынша борыштық жүктемені төмендету және ШОБ-тың іскерлік белсенділігінің тоқтатылуына жол бермеу мақсатында халықаралық қаржы институттарынан қарыз тартуды жеделдету арқылы ШОБ-ты ұлттық валютада кредиттеуді жүзеге асыру жалғастырылатын болады. Бизнес секторының инвестициялық шығыстарының өсуін ынталандыру мақсатында Бизнестің жол картасы-2020 шеңберінде шағын және орта бизнесті кредиттеудің өсімін, лизингтік операцияларды кеңейтуді, ИИДМБ-2 жобаларын қаржыландыруды қолдау, «Агробизнес 2020» бағдарламасы шеңберінде агроөнеркәсіптік кешенді қаржылай қолдау жалғастырылады.  Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 шеңберінде шаралар қабылданатын болады. 2. Макроэкономикалық тұрақтылық үйлестірілген ақша-несие және салық-бюджет саясаты мен инфляция деңгейін жоспарланған 6-8 % дәлізде ұстап тұру есебінен қамтамасыз етіледі.  Ақша-несие саясатында орта мерзімді кезеңде инфляциялық таргеттеуге көшу үшін негіз қалыптастырылатын болады. Инфляциялық таргеттеу теңгедегі жинақтардың нақты кірістілігін арттыруға және күтілетін инфляцияны төмендетуге мүмкіндік береді. Ақша массасын реттеу инфляциямен арақатынастылықта жүзеге асырылады.  Валюталық саясат казақстандық экономиканың ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталады. Сонымен бірге, теңгенің айырбас бағамының шұғыл ауытқуларына жол берілмейді. Валюта нарығында алыпсатарлықты шектеу бойынша шаралар қабылданады. 2015 жылы Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп, қолма-қол шетелдік валюта нарығында айырбас пункттерінің қызметіне қойылатын талаптарды арттыру бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізеді. Ұлттық Банктің халықаралық резервтерін барабар деңгейде ұстап тұру жөніндегі саясат Ұлттық Банктің алтын-валюта қорлары көлемінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтер импортының 3 айлық көлемінен төмен азаюын болдырмау арқылы да жалғастырылатын болады. Салық-бюджет саясаты Жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасына сәйкес бюджеттің тепе-теңділігін қамтамасыз етуге бағытталады. Салық саясаты экономиканың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және өңдеуші өндірістердің өсуін ынталандыруға бағытталатын болады. Бұл ретте кәсіпорындарға салықтық жүктеменің өсімі көзделмейді. Тапшылық жөніндегі фискалдық шектеулер бойынша бюджет шығыстарын айқындау, мемлекеттік міндеттемелердің кезең-кезеңмен өсуі, жекеше сектордың инвестицияларын бюджеттік инвестициялармен ауыстыруды болдырмау бюджет саясатын қалыптастырудың негізгі тәсілдері болып табылады. Республикалық бюджетке жүктемені азайту мақсатында қоса қаржыландыру шарттарында инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарының сыртқы қарыздары тартылады және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері пайдаланылады. 3. Қаржылық тұрақтылыққа әлемдік экономикадағы ықтимал жаһандық тепе-теңсіздік тудырған кері әсерлерді барынша азайтуға, сондай-ақ қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенімен қолдау көрсетіледі. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес жүргізілетін болады. 2015 жылы қаржы жүйесін реттеу саясатының негізгі басым бағыттары: 1) экономикада ұлттық валютаның рөлін арттыру; 2) экономиканы кредиттеуді одан әрі ұлғайту үшін банктердің теңгелік өтемділігінің өсуін ынталандыру; 3) банк секторын сауықтыру болып табылады. 1. Ұлттық валютаның экономикадағы рөлін арттыру мақсатында мынадай шаралар қабылданатын болады: 1) теңгедегі жинақтарды ынталандыру мақсатында салымшыларға кепілдік берілетін, «Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ теңгедегі депозиттер бойынша төлейтін сомасы капиталдандыруды ұлғайта отырып, 5 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейін ұлғайтылады; 2) халықтың доллардағы кепілдік берілетін депозиттері бойынша ұсыным берілетін сыйақы мөлшерлемесінің ең жоғары мөлшері жылдық 4 %-дан 3%-ға дейін төмендетіледі; 3) тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларын шартты бірліктермен белгілеуге тыйым салынады. 2.Экономиканы кредиттеуді одан әрі ұлғайту үшін банктердің теңгедегі өтімділігін өсіруді ынталандыру мақсатында мынадай шаралар қабылданатын болады: 1) қажет болған жағдайда пруденциалдық реттеудің жекелеген нормаларын уақытша төмендету мүмкіндігі қарастырылады; 2) коммерциялық банктердегі өтімділіктің тапшылығына жол бермеу үшін оларға теңгедегі өтімділік беріледі. 3. Банк секторын сауықтыру мақсатында мынадай шаралар қабылданатын болады: 1) банктердің проблемалық активтерінің деңгейін азайту жөніндегі жұмыс жалғастырылады. «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ жарғылық капиталы 250 млрд. теңгеге қосымша ұлғайтылады, оның банктермен ынтымақтастығының тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғастырылады.  Проблемалық активтермен жұмыстың басқа тетіктерін жетілдіру, оның ішінде ұйымдардың жұмыс істемейтін активтерді басқару бойынша қызметін, салық салу мәселелерін (салықтық әкімшілендіру) жетілдіру де басым бағыттар болады; 2) реттеу саясаты саласында «Базель III» банктер капиталының жеткілікті болуының жаңа стандарттары кезең-кезеңмен енгізіледі. Бұл ретте жаңа стандарттарға біртіндеп және ауыртпалықсыз көшу мақсатында бірінші кезеңде банктерге капиталдың, капитал құрамдауыштарының жеткілікті болуы бөлігінде неғұрлым жұмсақ талаптар белгіленеді. Ұлттық Банк қалыптасып отырған экономикалық жағдайды ескере отырып, банктердің капиталдың жеткілікті болуының жаңа нормативтерін орындауын мониторингтеуді жүзеге асырады. Тұтастай алғанда, 2015 жылы экономикалық саясат сыртқы теріс факторлардың салдарын жұмсартуға, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын нығайтуға бағытталады. Қаржы секторын сауықтыру, макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау және экономиканы әртараптандыру арқылы қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі міндеттер шешіледі. Аталған шаралар елдің макроэкономикалық дамуының қол жеткізілген оң нәтижелерін сақтау және экономиканың одан әрі тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін теңгерімделген сипатта болады. Сыртқы нарықтардағы ахуал нашарлаған жағдайда Үкімет пен Ұлттық банк елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау жөнінде қосымша шаралар қабылдайды.