Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тарихы-2.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
139.42 Кб
Скачать

20, . Ксро ның құлауы және тмДның құрылуы. Алматы декларациясы.

КСРОның құлауының басты себептерінің бірі экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, одақ экономикасынын технологиялық жағынан артта қалуы, сондай ақ оның өндірісі шығарған тауарларының бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРо АҚШ пен әскери бәсекге түсіп және капиталистік елдермен әскер стратегиялық тепе тендікті сақтау ушін қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950-90жж арасындағы 40ж әскери шығын 20трл долларға жеткен мұндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардаптарға ұшыратты.Қазақстан экономикасының артта қалуы және ондағы кемшіліктер туралы 1986ж бастап ашық айтыла бастады. 12-5жылдықта республика экономикасының қайта құру мүмкіндіктері іздестірілді, жаңа идеяларды іске асырудың жолдары қарастырылды. Оның өзі бес жылдықта ұлттық табыстың өсуінде, әлеуметтік ахуалды жақсартуда, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруде кейбір табыстарға қол жеткізді. 1991ж 8желтоқсан Белорусь , РСФСР және Украина республикаларының басшылары Миск каласында кездесіп мәлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді , сондықтан республикалардың одақтан шығуы объективтік процесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терен экономикалық және саяси дағдарысқа алып келді, халықтың тұрмыс деңгейі төмендегі тұрмыс денгейі төмендеп кетті. Қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар кушейді деп атап өтілді. Мұнын өзі одаққа кірген мемлекеттердің жаңа одағын ТМД құруға жол ашты. 1191ж 21желтоқсанда Алматыда 11республика өкілдері қатысқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы ТМД құрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алматыда қабылданған декларацияда Минскідегі айтылған жалпы принциптік мәселелердің барлығы мақұлданды. Жаңадан құрылған достастық мемлекет басшылары және укімет басшыларының кеңесі деген жетекші органдар құрды. Онда жалпы бағыттағы көкейкесті саяси және әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешу көзделді. Достық одаққа кірген мемлекет басшылары БҰҰ алдында бұл тәуелсіз мемлекеттердін барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу туралы өтініш жасады . сонымен қатар бұрынғы КСРО да жасалған ядролық қаруды және оған әскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі келісімге қол қойылды . ТМД осы кезге дейін кенестер одағы қол қойып, халықаралық дәрежедегі жасаған келісімдердән орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті. Сөйтіп, 1991ж желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларынығ келісімі КСРОның өмір сүруін тоқтатумен аяқталды.

21, Қазақстан Республикасының Конституциясы  Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.

Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.