- •1, Ақпан Буржуазиялық демократиялық революциясы және қазан төңкерісі: Қазақстандағы саяси күштерінің қақтығысы.
- •2, I және II Жалпы қазақ сьездері.» Алаш» ұлттық автономиясы мен «Алаш Орда» үкіметінің құрылуы.
- •1918 Жылы жазда Кеңес өкіметі Қазақстанда Жетісудың басым бөлігінде, Сырдария облысында, Торғай облысынын оңтүстік өңірлерінде және Бөкей Ордасының бірқатар аумағында ғана сақталып қалды.
- •1930-32Жж. Ашаршылық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.
- •9, Мәдени революцияның мақсаты
- •1919—1923 Жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды:
- •XX ғасырдың 20-жылдарының ортасына қарай Қазақстанда төмендегідей білім беру жүйесі қалыптасты:
- •11, Қазақ кср-інің соғыс қарсаңындағы экономикалық дамуы
- •13, Халықтың тылдағы еңбегі
- •14, 1950–1960 Жылдардағы Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы
- •16, XX ғ. 70-80 жылдары Қазақстан: экономика мен қоғамдық мәдени өмірдегі қайшылықтар.
- •20, . Ксро ның құлауы және тмДның құрылуы. Алматы декларациясы.
- •Конституция құрылымы
- •22, Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси дамуы
- •23, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- •Ресей Федерациясымен ынтымақтастық
- •Кытай Халық Республикасымен ынтымақтастық
- •Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық
- •26, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы
1918 Жылы жазда Кеңес өкіметі Қазақстанда Жетісудың басым бөлігінде, Сырдария облысында, Торғай облысынын оңтүстік өңірлерінде және Бөкей Ордасының бірқатар аумағында ғана сақталып қалды.
Азамат соғысы жағдайында барлық материалдық ресурстарды, бірінші кезекте азық-түлікті майдан қажетіне жұмылдыру халықтың әр түрлі топтары арасында азық-түлікті тұтынудың жаңа әдісін енгізу қажеттігі туындады. Бұл күрделі міндетті шешу үшін Кеңес үкіметі Азамат соғысы басталысымен «әскери коммунизм» саясаты деп аталатынэкономика саласында төтенше шаралардын тұтас жүйесін енгізді. «Әскери коммунизм» саясаты өндіріс пен бөлуді орталықтандырудың мемлекет қолына елдің қорғаныс мүдделеріне сай азық-түлік пен шикізат, өнеркәсіп өнімдерін т.б. ресурстарды шоғырландыру мен тиімді пайдалануды көздеді. Ірі кәсіпорындармен қатар орта, тіпті ұсақ кәсіпорындар да национализациялануы, астық монополиясы мен азық-түлік салғырты және жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі енгізілуі тиіс болды.
«Әскери коммунизм» саясатының негізгі мәні азық-түлікті жоспарлы түрде болу болып табылды. Кеңес өкіметі В.И. Лениннің айтуы бойынша «шаруалардың өңдірген өнімінің өздерінін күнкөрістеріне жететін шағын бөлігінен басқасының бәрін армия мен өнеркәсіптің мұқтажы үшін мәжбүрлеу жолымен» [1]. алуға тиіс болды. Азық-түлік салғырты шаруалардан «артық өнімді» тартып алу үшін қарулы азық-түлік отрядтары мен армияға артықша құқық берді.
Әскери коммунизм саясаты
«Әскери коммунизм» саясаты РКФСР-дағы нысанда, дәл сондай ауқымда жүргізілмегенмен, оның жекелеген элементтері Қазақстанда да іске асырылды. Қазақстанның революция орталығынан алыс жатқандығы, өлкенің едәуір аумағында жүріп жатқан әскери қимылдардан шаруашылықтың құлдырауы, жекелеген уездер мен облыстардағы шаруашылық-экономикалық дамудың өзіне тән ерекшелігі және басқа факторлар өлкеде азық-түлік салғыртын енгізуге мүмкіндік бермеді. Бұл саясатты толықтай жүзеге асыру негізгі астықты өңірлерді «ақтардан» азат еткеннен кейін, яғни 1920 жылдың басында ғана мүмкін болды.[2].
Бұл екі арада Азамат соғысы елде кеңінен қанат жая түсті. Қазақстанмен шектесетін аумақтарда бірқатар аймақтық кеңеске қарсы үкіметтер пайда болды.
Антанта елдері қолдаған чехословак корпусының көмегімен Самарада әсер-ақгвардияшылар үкіметі - Құрылтай жиналысы комитеті (Комуч), Омбыда адмирал Колчак баскарған Уақытша Сібір үкіметі құрылды. 1918 жылы 18 қаңтарда Орынбордан куылған атаман Дутов Кенестерге қарсы қайта шабуылға шықты, 1918 жылы 3 шілдеде Орынборды басып алып, Кеңестік Түркістанды Орталық Ресейден бөліп тастады.
Қазақстанның көптетен өңірлерінде Азамат соғысының етек жайып, Кеңес өкіметін құлату жағдайларында Алашорда (Алаш автономиясының үкіметі) Кеңестерге қарсы бірігіп күресу үшін Орынборда атаман Дутовпен одақ құрды. Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен және Самарадағы Құрылтай жиналысы комитетімен (Комуч) тығыз байланыс орнатты, Кеңестерге қарсы бірлесе күрес жүргізу мақсатымен Орал, Сібір және Жетісу қазақтарымен байланысын нығайта түсті.
Азамат соғысының барысы саяси шешімдерді қарулы күштердің қимылымен бекітіп отырмаса, олар сөз жүзінде қала беретіндігін көрсетті. II Бүкілқазақ съезінің шешіміне сәйкес Алаш басшылығы жалпы саяси мәселелер — Құрылтай жиналысы мен ұлттық автономия мәселесін жүзеге асырумен қатар, аймақтық үкіметтермен байланыс орнату үшін тездетіп ұлттық қарулы күштерді құруы тиіс болды.
1918 жылы маусымда Алашорда үкіметі жергілікті жерлерде нақты билікке қол жеткізу үшін біркатар декреттер қабылдады, соған сәйкес Алаш автономиясының аумағында Кеңес өкіметі шығарған барлық құжаттар мен заң актілері жарамсыз деп танылды.[3]. Алашорданың жанынан «большевиктермен күресу үшін жігіттерді әскерге шақыру» міндетін орындайтын «әскери министрліктің қызметін» атқаратын үш адамнан тұратын әскери кеңес құрылды.[4].
1918 жылғы 24 маусымдағы заң актісімен «Алаш аумағында 1917 жылы 17 маусымда Уақытша үкіметтің қаулысымен енгізіліп, оны Кеңес өкіметі жойып жіберген земстволық мекемелер қайта қалпына келтірілді».[5]. Сонымен бірге Алаш автономиясы барлық әдіс-амалдармен жаңа құрылған Ресей үкіметтерінен II Бүкілқазақ съезі шешімінің негізінде қазақ автономиясын мойындауларына бар күшін салды. Әр түрлі үкіметтермен (Құрылтай жиналысының комитеті, Сібір облыстық думасы, Уақытша Сібір үкіметі және т.б.), Ресейдің бірқатар саяси партияларының көсемдерімен келіссөздер жүргізе отырып, Ә. Бөкейханов бастаған Алашорда басшылары қандай жағдай болса да қазақ халқына ұлттық мемлекеттілік құру мүмкіндігін күн тәртібіне қойды.
Қазақ Ұлттық автономиясын құру туралы II Бүкілқазақ съезінің шешімін жүзеге асыруға кіріскен Ә. Н. Бөкейханов бірден кезек күттірмейтін бірқатар маңызды мәселелерді қарастырды. Қазақстанның батысында, солтүстігінде, шығысында саяси жағдай әр түрлі еді. Алаш қайраткерлерінің басқа саяси күштерге қатынасы да түрліше қалыптасты. Бөкейханов пен онын айналасындағылар бұл жағдайларды толықтай есепке алды. Семейде Кеңес өкіметі құласымен осында келген Ә.Н. Бөкейханов жаңа жағдайда қимыл жасау тактикасы туралы нұсқау берді. Облыстар мен уездердегі өз әріптестеріне тапсырыс берген нұсқауларының мәтіні Алаш көсемінің мәселеге әр қырынан келгендігін көрсетеді. Мәселен, Орынбордағы Торғай облыстық Алаш комитетінің басшысы Сейітқазым Қадырбаевқа жіберілген жеделхатта былай делінеді: «24 маусымда Алашорда өз жұмысына кірісті. II Бүкілқазақ съезінің шешімдерін жүзеге асыратын болады. Башқұрт және Сібір автономияларына туысқан автономиялар ретінде қараймыз. Большевиктерді тарату ісінде олармен одақтаспыз. Басқа облыстарда да тізе қоса отырып жұмыс істейміз. Торғайда Алашорданың облыстық бөлімін, уездерде уездік бөлімдерін ашуға кірісіңіздер. Олардың мүшелері земстволық мекемелерден құралсын. Уездік бөлімдер 3—5 адамнан тұрады, олардың біреуі қазақ милициясына қатысты істерді жүргізеді. Екіншісі ақша қаражатын жинаумен айналысады. Земство белгілі бір уақытка дейін сақталады. Земство ісіне Алашорда араласпайды.
Алашорда саясат және мәдениет саласындағы қазаққа қатысты істерді жүргізеді. Қазақ халқы үшін Алашордадан басқа өкімет жоқ. Әр болыстан халық милициясын құру үшін дереу 30 жігіттен жинаңыздар. Қару-жарақ, киім-кешекпен қамтамасыз ету, офицерлерді оқыту мәселелері бойынша Дутовпен сөйлесіңіздер. Ақмола мен Семей облыстарында жігіттер жиналып жатыр. Семейлік жігіттер Алтай губерниясындағы ұрыстан жеңіспен оралды... Дутовпен және Ахмед-Закимен (Валидимен) байланысыңыздар, Түркістандыбольшевиктерден азат ету үшін қолдан келген барлық мүмкіндікті пайдаланыңыздар. Бұл мәселеде Алашорда Дутовпен және Ахмед-Закимен бірдесе әрекет етеді.
Әлімхан (Ермеков. — авт.), Ахмет(Байтұрсынов. — авт.) және Мырзағазы (Есболов. — авт.) Омбыдағы Сібір үкіметімен келіссөз жүргізуде. Большевиктер құйыршықтарына ешқандай аяушылық болмасын! Алашорда төрағасы Әлихан (Бөкейханов)».[6].
Алаштың Орал облыстық комитетінің басшылығына Ә. Бөкейханов қосымша мынадай ұсыныс жасады:«... он жетінші, он сегізінші жылдардың салығын жинауға дереу кірісіңіздер, атты милицияға адам тартыңыздар, бірінші кезекте еріктілерді алыңыздар... милиция құрамын жасақтау жеделхатты алған күннен бастап үш апта ішінде аяқталуға тиіс».[7]. Омбы,Зайсан, Өскемен, Көкпекті, Қарқаралы, Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Ақмола, Атбасар, Баянауылдағы Алаш комитеттеріне келетін болсақ, олар мұнымен қоса қазақ халқынын өкілі міндетін мойнына алып, «Сібірлік уақытша үкіметтің жергілікті өкілдерімен» тығыз байланыста жұмыс істеуі керек.[8].
Алайда ұлттық автономия идеясы большевиктер тарапынан кеңестік тұғырнама мен таптық принцип тұрғысында ғана қолдау тапты. Басқа саяси күштердің бәрі бұл идеяның шешімін Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының еркімен байланыстырды.
5, Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (Қазақ АКСР, Қазақстан) (қаз. Qazaq Aptonom Sotsijalistik Sovettik Respublikasь, Qazaƣьstan, қаз. Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңестік Республикасы, Қазақстан) — Қазақстан аумағындағыРКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.
ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы - алдымен Қызылорда (1920-1924), кейіннен 1927 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді.[1].
Шекарасы
1932 жылдары батысында Төменгі-Волжск өлкесімен. солтүстік-бастысында - Ортаңғы-Волжск өлкесімен, солтүстігінде - Орал облысымен, солтүстік-шығысында Батыс Сібір өлкесімен, оңтүстігінде - Орталық Азия Кеңестік республикаларымен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шекарала жатты.
Ауданы және Халқы[өңдеу]
Ауданы (1933 жылғы 1 қаңтарында) 2 853 мың шаршы км. құрады. Халқы - 1931 жылдың 1 қаңтарындағы санағы бойынша - 7 260,5 мың. адам, оның ішінде қала тұрғындары (1926 жылығы санақ) - 911,2 тыс. адам болды.
6, . Басындағы экономикалық жағдай ЖЭС ге өту.Қазақ өлкесінде ЖЭС-ті жүргізуші Кеңестер болды. Оларға шаруалардың сенімі арта түсті. Алайда Кеңес құрылысында қиыншылықтар мен кемшіліктер де кездесті. 1921 ж. қаңтарда «мемлекеттік тіл туралы заң» шығып, іс-қағаздарды қырғыз және орыс тілінде жүргізу енгізілді. 1921 ж. шілдеде Орынборда қазақ комсомолының 1-съезі өтті. Ғани Мұратбаев Түркістан комсомолының қазақ бюросының тұңғыш төрағасы. 1924 ж. В.И.Ленин қайтыс болып, Қаз-да Лениннің құрметіне 7944 адам партияға алынды. Оның 90% жұмысшылар болды және 2 мыңы қазақ еді. Сонымен қатар республика 1 автономиялы облысқа, 13 округ, 192 ауданға бөлінді.Индустрияландыру – өнеркәсіп саласын дамыту, зауыт, фабрика, темір жол, кен ашу, жұмысшылар санын көбейту мақсатында жүргізілді. Индустрияландыру КСРО халық шаруашылығын дамытудың 1-ші 5 жылдығымен (1928-1932 жж.) қатар келіп өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты. Индустрияландыру қарсаңында елдегі жалпы өнімнің 84,4%-ын ауыл шаруашылық өнімдері берді. Өйткені халықтың 90% ауылда тұрды. Ал қалада 10%-ы тұрды.Ф.И.Голощекин 1925 ж. партияның 14-съезінде индустрияландыру бағытын жариялады. Елде ол ЖЭС-ті тоқтатып, «әскери коммунизм» кезіндегі күрес әдістерін қолданып, жеке диктатура жүйесін енгізді, яғни әкімшіл-әміршіл саясат жүргізді.Қаз-да индустрияландыру саясаты табиғат байлықтарын зерттеуден басталды: Академик Губкиннің экспедициясы, кейін II Баку деп аталған Орал–Ембі мұнайлы ауданын ашты. Ал академик Курнаков Орталық Қаз-дың минералды шикізат қорын ашты. Сондай-ақ тұңғыш қазақ инженер-геологы Қ.И.Сәтбаев соғыс алдындағы Жезқазған мыс кенін ашып, осы үшін 1942 ж. КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алды.Индустрияландыру жоспары 1927-1928 жж. толық орындалды. Социалистік жарыстар ұйымдастырылып, 30-ж-дардың соңына қарай Қаз-дағы Стахановшылар қозғалысы күшейіп, екпінділердің саны 10 мыңнан асады. Донбас шахтері Стахановтың ерлігін Қарағанды шахтері Т.Күзембаев қайталап, социалистік еңбек ері атанады.Шикізатты елден әкету мақсатында 1927 ж. Орта Азия мен Сібірді байланыстыратын Түркістан-Сібір темір жолы салына бастап, 1930 ж. 28-сәуірде теміржолдың оңтүстік және солтүстік бөлігі Айнабұлақ станциясында түйісіп, 1931 ж. 1-қаңтарда пайдалануға берілді. Түрксіб теміржолында 100 мыңнан аса жұмысшы істеп, тәулігіне 1500 метр теміржол салынды. Жалпы ұзындығы – 2665 км-ге жетті. Құрылыстың басшысы – Шатов, инженер-технологы – М.Тынышпаев, ал жай жұмысшыдан басшылыққа дейін көтерілген Д.Омаров болды. Түрксібке жәрдемдесу комитетінің басшысы – РКФСР халық комиссарлары кеңесінің төрағасының орынбасары – Т.Рысқұлов болды. Ал Түрксібке жәрдемдесу комиссиясының төрағасы Қаз АКСР ХКК төрағасы – Нұрмақов болды. Түрксібте ерең еңбегі үшін социалистік еңбек ері атағын алған жай жұмысшы Қазыбеков болған. Түрксіб құрылысына дейін Қаз-да 1000 км2 жерге 1 км теміржолдан тиген. Теміржол арқылы жүк айналымы 1913 ж-мен салыстырғанда 21,3 есеге өсті.Индустрияландыру жылдарында урбанизация (қала халқы санының өсуі) процесі өте шапшаң жүрді. Мысалы индустрияландыру қарсаңында қалаларда 8,5% халық тұрса, 1938-1939 жж.29,8%-ға жетті. Ал қаладағы қазақтардың үлесі 16%-ға жетті. Жұмысшы құрамында 1935 ж. қазақтардың үлесі 43%-ға жетті.Соғысқа дейінгі 5 жылдықтар кезінде: Түрксіб темір жолы, Қарағанды шахталары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері, Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш, Жезқазған кен – металлургия комбинаттары, Кенді Алтай, Ащысай полиметалл кәсіпорындары, Ақтөбе комбинаты, жылу және су электр станциялары салындыы.
Индустрияландыру барысында жаңадан қалыптасқан Қазақстан жұмысшы табының 30%-ы шаруалар еді. Қазақстан өнеркәсібінің отарлық дәуірде негізі қаланып, кейін жалғастырылған бір жақты дамытылуы осы күнге дейін зардабын тигізуде.
7, Қазастанда индустриализациялауды жүзеге асырудың ерекшеліктері.Қазақ өлкесінде ЖЭС-ті жүргізуші Кеңестер болды. Оларға шаруалардың сенімі арта түсті. Алайда Кеңес құрылысында қиыншылықтар мен кемшіліктер де кездесті. 1921 ж. қаңтарда «мемлекеттік тіл туралы заң» шығып, іс-қағаздарды қырғыз және орыс тілінде жүргізу енгізілді. 1921 ж. шілдеде Орынборда қазақ комсомолының 1-съезі өтті. Ғани Мұратбаев Түркістан комсомолының қазақ бюросының тұңғыш төрағасы. 1924 ж. В.И.Ленин қайтыс болып, Қаз-да Лениннің құрметіне 7944 адам партияға алынды. Оның 90% жұмысшылар болды және 2 мыңы қазақ еді. Сонымен қатар республика 1 автономиялы облысқа, 13 округ, 192 ауданға бөлінді.Индустрияландыру – өнеркәсіп саласын дамыту, зауыт, фабрика, темір жол, кен ашу, жұмысшылар санын көбейту мақсатында жүргізілді. Индустрияландыру КСРО халық шаруашылығын дамытудың 1-ші 5 жылдығымен (1928-1932 жж.) қатар келіп өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты. Индустрияландыру қарсаңында елдегі жалпы өнімнің 84,4%-ын ауыл шаруашылық өнімдері берді. Өйткені халықтың 90% ауылда тұрды. Ал қалада 10%-ы тұрды.Ф.И.Голощекин 1925 ж. партияның 14-съезінде индустрияландыру бағытын жариялады. Елде ол ЖЭС-ті тоқтатып, «әскери коммунизм» кезіндегі күрес әдістерін қолданып, жеке диктатура жүйесін енгізді, яғни әкімшіл-әміршіл саясат жүргізді.Қаз-да индустрияландыру саясаты табиғат байлықтарын зерттеуден басталды: Академик Губкиннің экспедициясы, кейін II Баку деп аталған Орал–Ембі мұнайлы ауданын ашты. Ал академик Курнаков Орталық Қаз-дың минералды шикізат қорын ашты. Сондай-ақ тұңғыш қазақ инженер-геологы Қ.И.Сәтбаев соғыс алдындағы Жезқазған мыс кенін ашып, осы үшін 1942 ж. КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алды.Индустрияландыру жоспары 1927-1928 жж. толық орындалды. Социалистік жарыстар ұйымдастырылып, 30-ж-дардың соңына қарай Қаз-дағы Стахановшылар қозғалысы күшейіп, екпінділердің саны 10 мыңнан асады. Донбас шахтері Стахановтың ерлігін Қарағанды шахтері Т.Күзембаев қайталап, социалистік еңбек ері атанады.Шикізатты елден әкету мақсатында 1927 ж. Орта Азия мен Сібірді байланыстыратын Түркістан-Сібір темір жолы салына бастап, 1930 ж. 28-сәуірде теміржолдың оңтүстік және солтүстік бөлігі Айнабұлақ станциясында түйісіп, 1931 ж. 1-қаңтарда пайдалануға берілді. Түрксіб теміржолында 100 мыңнан аса жұмысшы істеп, тәулігіне 1500 метр теміржол салынды. Жалпы ұзындығы – 2665 км-ге жетті. Құрылыстың басшысы – Шатов, инженер-технологы – М.Тынышпаев, ал жай жұмысшыдан басшылыққа дейін көтерілген Д.Омаров болды. Түрксібке жәрдемдесу комитетінің басшысы – РКФСР халық комиссарлары кеңесінің төрағасының орынбасары – Т.Рысқұлов болды. Ал Түрксібке жәрдемдесу комиссиясының төрағасы Қаз АКСР ХКК төрағасы – Нұрмақов болды. Түрксібте ерең еңбегі үшін социалистік еңбек ері атағын алған жай жұмысшы Қазыбеков болған. Түрксіб құрылысына дейін Қаз-да 1000 км2 жерге 1 км теміржолдан тиген. Теміржол арқылы жүк айналымы 1913 ж-мен салыстырғанда 21,3 есеге өсті.Индустрияландыру жылдарында урбанизация (қала халқы санының өсуі) процесі өте шапшаң жүрді. Мысалы индустрияландыру қарсаңында қалаларда 8,5% халық тұрса, 1938-1939 жж.29,8%-ға жетті. Ал қаладағы қазақтардың үлесі 16%-ға жетті. Жұмысшы құрамында 1935 ж. қазақтардың үлесі 43%-ға жетті.Соғысқа дейінгі 5 жылдықтар кезінде: Түрксіб темір жолы, Қарағанды шахталары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері, Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш, Жезқазған кен – металлургия комбинаттары, Кенді Алтай, Ащысай полиметалл кәсіпорындары, Ақтөбе комбинаты, жылу және су электр станциялары салынды.Индустрияландыру барысында жаңадан қалыптасқан Қазақстан жұмысшы табының 30%-ы шаруалар еді. Қазақстан өнеркәсібінің отарлық дәуірде негізі қаланып, кейін жалғастырылған бір жақты дамытылуы осы күнге дейін зардабын тигізуде.
8, Қазақ ауылын отырықшыландыру мен ужымдастырудың қайғылы нітижелері. 20ғ 30ж ашаршылық.Партияның ХV съезі ауыл аруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады.(1927ж.желтоқсан) негізгі ұстанымдар: еріктілік, дербестік, материалдық мүдделілік, ұжымдастыру сатыларына кезең-кезеңмен өту. ҚАКСР-де ұжымдастыруды 1932ж.көктеміне қарай аяқтау белгіленді. 1929ж. Алғ. МТС-тер құрылды ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8000 жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңшылдықтар» жіберілді. Олар Ресейдегі колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды. Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте-бірте өтуі, еркіндік ұстанымдары бұзылды. Ұжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер:
- қатал жаппай қуғынлаумен террорға негізделді.
- даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.
- әкімшілшк күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.
- шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады.
Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырд: 1928ж.-2%, 1930ж.- 56,4%, 1931ж.қазанда – 65%. Азық-түлікпен қамт/з етудің қиындауына байланысты 1929ж. «әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді: шұбартау ауданында малдың 80%-і мемлекетке өткізілді. Балқаш ауданында 297 000 малға салғырт салынды. (ауданда 173 000 мал болған). Торғай ауданында 1млн.мал басынан салғырт салдарынан 98 000 ғана қалды. Торғайлықтар «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» ұранын көтерді. Еріктілік ұстанымы өрескел бұзылды.колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай-кулактар» қатарына жатқызылып, қатаң жазаланды: 1929ж.56,498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931ж. 5500 отбасы жер аударылды. 1929-33жж. ОГПУ (бшріккен мемлекттік саяси басқарма) үштігі – 9805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3386адам, 3-10жыл концентрациялық лагерьге қамауға – 13151 адамға үкім шығарды. 1933ж. Саяси басқарма үштігі 21 000 адамды қамауға алды.
1930ж. 30мамыр – республика Үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110 000га жер бөлді.мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930-32 жж. Аштық жайлады. 1932ж.ақпан – колхозшы қожалықтарының 87%-і , жекешелердің 51,8%-і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5млн. Мал болса, 1933ж.1қаңтарда 4,5млн мал қалды. Бұл жағдай өлкеде аштық қасіретін туғызды: 1930ж. – 313 000адам, 1931ж. – 765 000адам, 1932ж. – 769 000 адам қайтыс болды.
1930ж.қаңтар – 1931ж.маусым аралығы – 1млн. 70мың адам Қытай,Иран,Ауған жеріне көшіп кетті. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414мыңы кейін елге оралды. Аштық зардаптары:1930-33жж. 2,1млн.адам қырылды(барлығы 6,2млн.адам)Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969ж.ғана қалпына келтірілді.
