- •Техникалық реттеу, мақсаты, принциптері.
- •Стандарттау. Мақсаты, нысандары, зерттеу аймағы
- •Стандарттау. Мақсаты, деңгейлері
- •Техникалық регламент. Негізгі бағыттары, талаптары
- •Техникалық регламент. Қр-да қабылданған техникалық регламенттер тізімі
- •Стандарт. Стандарт әзірлеу принциптері. 22-сұрақ
- •Стандарт. Стандарт түрлері
- •Стандарттау. Негізгі бағыттары
- •Метрология. Негізгі бағыттары
- •Техникалық реттеу мен метрология бойынша комитет. Тапсырмалары, функциялары
- •Стандарт. Міндетті және ерікті талаптары
- •Мемлекеттік қадағалау, негізгі бағыттары
- •«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» ақ. «Ұлттық акредиттеу орталығы» ақ. Функциялары:
- •«Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты». Функциялары.
- •«Қазақстанның метрологиялық институты» Қызмет саласы, функциялары
- •Стандарттаудың мемлекеттік жүйесі, мақсаты, тапсырмалары
- •Салааралық мемлекеттік стандарттау жүйесі, жіктелуі
- •Стандарт әзірлеу сатылары
- •Стандарт әзірлеу кезіндегі негізгі принциптер
- •Стандарт құруда, рәсімдеуде және оның мазмұндалуында жалпы талаптар
- •Стандарттың құрылымдық элементтері
- •Бірыңғайландыру (унификаттау), симплификаттау және агрегаттау
Стандарт құруда, рәсімдеуде және оның мазмұндалуында жалпы талаптар
Талапттар стандарттаудың ерекшеліктері мен мазмұнына сәйкес мәтін, кесте, графикалық материал түрінде жазылады. Стандарттың мәтіні қысқа, әртүрлітүсінуге жол бермейтін және стандартты қолдану саласына сәйкес және логикалық жағынан қисынды болуы тиіс. Стандартқа объективті әдістермен тексеруге болатын сипаттамалар мен талаптарды ғана кіргізу қажет.стандартта қолданыстағы стандарттар мен заңнамалық актілерде белгіленген терминдерді, анықтамаларды, белгілеулер мен қысқартуларды қолдану керек. Стандартта:
Ауызекі сөздерді, техникалық сөздер мен кәсіби сөздерді қолдануға;
Сол бір түсінікті беретін, мағынасы бойынша жақын әртүрлі ғылыми-техникалық терминдерді (синонимдер), сондай-ақ орыс, қазақ тілінде тең мағыналы сөздер мен терминдер болған жағдайда шетел сөздері мен терминдерін қолдануға;
Ерікті құрастырылған сөздерді қолдануға;
Қазақ және орыс орфографиясының ережесінде, тиісті стандарттарда, сондай-ақ осы стандартта белгіленген басқа сөздердің қысқартуын қолдануға жол берілмейді.
Стандарттың мәтінін тарауларға бөлу керектарауларды тармақтар немесе кіші тараулар мен тармақтарға бөлуге болады. тармақтар қажет жағдайда тармақшаларға бөлінеді. Стандарттың мәтінін тармақтар мен тармақшаларға бөлгенде әрбір тармаө пен тармақшада аяқталған ақпарат болуы тиіс.
Тарауларды, кіші тараулар мен тармақшаларды араб цифрларымен нөмірлеп, жол басындағы бос жерлерден бастап жазу керек.
Стандарттың тараулары мен кіші тарауларының аттары болуы тиіс. Тармақтардың әдетте аттары болмайды. Ат тараулардың, кіші тараулар мен тармақтардың мазиұнын толықтай ашуы қажет.
Тармақтар мен кіші тармақтардың ішінде атап өту келтірілуі мүмкін.
Көрсеткіштерді жақсылап көрсету және салыстыру қолайлы болу үшін кестелер қолданылады. Кестенің аты, егер болса оның мазмұнын білдіруге, нақты, қысқа болуы тиіс.
Графикалық материал стандартқа оны дұрыс түсіну, сондай-ақ объектінің қасиеттерін немесе сипаттамаларын белгілеу мақсатында орналастырылады. Графикалық материалға стандарттың мәтінінде сілтеме берілуге тиіс.
Стандарттың құрылымдық элементтері
Құрылымы:
Титулдық бет міндетті түрде. Стандарттың бірінші беті болып табылады. Мемл стандарт шығарылғанда титулдық беттің жоғарғы жағында ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының суреті орналастырылады.
Алғысөз міндетті түрде. Стандарттың титул бетінің екінші бетінде орналастырылады. «Алғы сөз» деген сөз беттің ортасында бас әріптен бастап жазылады. Алғы сөзде келтірілген мәлімет соңында нүкте қойылмай араб сандарымен нөмірленеді.
Мазмұны, қажет жағдайда. Оған тараулардың рет нөмірі мен атауы және қосымшалардың атаулары олардың белгіленулері мен атаулары көрсетіліп, ал қажет жағдайда графикалық материал өзі басталатын беттің нөмірі көрсетіледі.
Кіріспе, қажет жағдайда. Қажет жағдайда стандартты әзірлеудің себептерінің негіздемесі келтіріледі. Кіріспеде талаптар қойылмауға тиіс. Кіріспе мазмұннан кейін жеке бетте орналасады.
Атауы, міндетті түрде.ол қысқа әрі стандарт таратылатын объектіні дәл сипаттап, оларды жылдық және ақпараттық стандарт көрсеткіштеріне кіргізуге арналған құжаттарды дұрыс жіктеуді қамтамасыз етуге тиіс.
Қолданылу саласы, міндетті түрде. «қолданылу саласы» деген элемент стандарттың тағайындалу саласын анықтау және стандартталатын объектіні нақтылау үшін келтіріледі.
Нормативтік сілтемелер, қажет жағдайда. «Нормативтік сілтемелер» элементінде стандарттың мәтінінде сілтеме жасалған нормативтік құжаттардың тізбесі болады.
Анықтамалар, қажет жағдайда. Анықтама элементінде стандартта пайдаланылатын терминдерді нақтылау немесе анықтау үшін қажетті анықтамалар болады. стандартта қолданыстағы заңнама актілерінде, стандарттар мен техникалық регламентте келтірілген терминдер мен анықтамаларды пайдалану қажет болған жағдайда терминнің анықтамасының соңында жақшада ол белгіленген стандарт көрсетіледі.
Белгілеулер мен қысқартулар,қажет жағдайда. Бұл элементтің құрамында осы стандартта қолданылатын белгілеулер мен қысқартулар болады. белгілеулер мен қысқартулар стандарттың мәтінінде қажетті түсініктеме беріліп келтіру тәртібімен жазылады.
Талаптар, міндетті түрде. Стандарттау объектілеріне, олардың маманданымына қойылатын талаптар негізгі, бірін-бірі жоққа шығармайтын стандарт түрлерінде, яғни өнім мен қызметтің стандарттарында, негізін қалаушы стандарттарда, бақылау әдістерінің стандарттарында, процестердің стандарттарында белгіленеді.
Қосымшалар, қажет жағдайда.стандарттың ережелерін толықтыратын материалды қосымшада орналастыруға жол беріледі.
Библиографиялық деректер,қажет жағдайда. Онда мына ақпараттар болуға тиіс:
Стандартты тіркеуді жүзеге асыратын органдар табыс ететін УДК белгісі.
Мемларалық стандарттар жіктеуішінің коды
Мемлекеттік стандарттар жіктеуіші бойынша коды
Жалпы стандарттар жіктеуіші және өнімнің экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің, процестің, қызметтің коды.
Негізгі сөздер. Олардың қатарына құжаттарды жіктеуіштер, калалогтар, базалар мен дерекқорлар бойынша іздеуді жеңілдететін стандартталатын объектіні біркелкі сипаттайтын негізгі сөздер көрсетіледі.
