- •Техникалық реттеу, мақсаты, принциптері.
- •Стандарттау. Мақсаты, нысандары, зерттеу аймағы
- •Стандарттау. Мақсаты, деңгейлері
- •Техникалық регламент. Негізгі бағыттары, талаптары
- •Техникалық регламент. Қр-да қабылданған техникалық регламенттер тізімі
- •Стандарт. Стандарт әзірлеу принциптері. 22-сұрақ
- •Стандарт. Стандарт түрлері
- •Стандарттау. Негізгі бағыттары
- •Метрология. Негізгі бағыттары
- •Техникалық реттеу мен метрология бойынша комитет. Тапсырмалары, функциялары
- •Стандарт. Міндетті және ерікті талаптары
- •Мемлекеттік қадағалау, негізгі бағыттары
- •«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» ақ. «Ұлттық акредиттеу орталығы» ақ. Функциялары:
- •«Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты». Функциялары.
- •«Қазақстанның метрологиялық институты» Қызмет саласы, функциялары
- •Стандарттаудың мемлекеттік жүйесі, мақсаты, тапсырмалары
- •Салааралық мемлекеттік стандарттау жүйесі, жіктелуі
- •Стандарт әзірлеу сатылары
- •Стандарт әзірлеу кезіндегі негізгі принциптер
- •Стандарт құруда, рәсімдеуде және оның мазмұндалуында жалпы талаптар
- •Стандарттың құрылымдық элементтері
- •Бірыңғайландыру (унификаттау), симплификаттау және агрегаттау
Техникалық регламент. Негізгі бағыттары, талаптары
Техникалық регламент - бұл орындауға міндетті ережелерден құрылған құжат. Техникалық регламенттер Техникалық реттеу заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсатта әзiрленедi және қолданылады. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу арқылы өзгертiлуi мүмкiн. Техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың өңделген өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың кiруiн болғызбауға бағытталған санитарлық және фитосанитарлық шараларды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда, өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан, бiрдей әрi тең дәрежеде белгiленедi және қолданылады. Ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық регламентте тұтынушыны өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс.Бағыттары: өндірістік және өнеркәсіптік қауіпсіздіктері; ғимарат, құрылым және оған қатысты территория; өрт қ; биологиялық қ; электромагниттік қ; экологиялық; радиациялық және ядролық қ; химиялық қ; электрлі қ; ақпараттық қ; токсикологиялық қ; өлшем бірілігі қ; тағам өнімдерінің қ; Балаға там-у қ; механикалық қауіпсіздік.
Техникалық регламент. Қр-да қабылданған техникалық регламенттер тізімі
Стандарт. Стандарт әзірлеу принциптері. 22-сұрақ
Стандарт. Стандарт түрлері
Стандарт – бұл белгілі бір салада реттіліктің оңтайлы дәрежесіне бағытталған және танылған органмен расталған келісім негізінде құрастырылған нормативті құжат. Негізге алынатын стандарттар – Белгілі бір салаға арналған жалпы және басқарушылық ережеден тұратын нормативтік құжат. Олар басқа стандарттарды шығаруға негізболатын стандарттар немесе әдістемелік құжат түрінде қолданылады.
Өнімді, қызметті, процесті бақылау әдістерінің стандарттары – әр түрлі әдістердің, стандарттар процедураларының, ережесін әдістемелерін және онымен байланысты әрекеттерді тағайындайтын құжат.
Өнімге арналған стандарт – Өнімнің тағайындалуына сәйкестігін қамтамасыз ететін біркелкі өнімдер топтарына немесе нақты өнімге қойылатын талаптардан тұратын нормативті құжат. Бұл стандарт толық және толық емес болуы мүмкін. Өнімге арналған толық стандарт сынау үшін үлгіні алу ережелерін сынауда жүргізу тәртібін және т.б. белгілейді. Өнімге арналған толық емес стандарт өнімге арналған талаптардың бөлігі болады.
Процеске арналған стандарт- Нақты процеске немесе қызметке автокөлік аумағында, банкілік қызмет көрсету, білім беруге қойылатын талаптарды белгілейтін құжат.
Үйлесімділікке стандарт – Бұл бүтін өнімге сол сияқты өнімнің жеке бөлшектерінің үйлесімділігіне қойылатын талаптар бекітетін нормативтік-құжат. Мысалы ауаны тазалау жүйесіне....
Ашық мәндегі стандарттар – Келісім шарттық қатынаста анықталатын сипаттамалар бар нормативтік құжат.
Әдістемелік жағдай – Ноормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне жетуге болатын операциялар процестерді жүзеге асыру әдісі бар нормативтік құжат.
Сипаттамалық жағдай – өнім бөлігінің және бөлшектер өлшемін, шығатын материал құрылысын, конструкция сипаттамасынан тұратын нормативтік құжат.
ҚР-ның «Техникалық реттеу туралы» заңымен тағайындалған стандарттау бойынша нормативті құжаттары
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары - ҚР СТ;
2) Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктегiштерi - ТЭА МЖ;
3) мемлекетаралық стандарттар - МЕМСТ, техникалық-экономикалық ақпарат жiктегiштерi, ережелер мен ұсынымдар;
4) белгiленген тәртiппен қолданылатын стандарттау жөнiндегi халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жiктегiштерi, техникалық шарттар, ережелер, нұсқаулықтар, қағидалар, әдiстемелiк нұсқаулар мен ұсынымдар;
5) ғылыми-техникалық, инженерлiк қоғамдар мен басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң стандарттары;
6) ұсынымдар;
7) фирмалық стандарттар;
8) техникалық шарттар;
9) салалық стандарттар.
