Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VOPROSY_DLYa_1RK_RDIGB_15-16.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
134 Кб
Скачать
☆
  1. Стандарт. Міндетті және ерікті талаптары

Мемлекеттік стандарттарда қажеттілігі республикалық сипаттағы өнімге, жұмыстар мен қызметтерге қойылатын талаптар бар.

Міндетті талаптар:

  • Адамның денсаулығы, қоршаған орта,мүліктің, қызметтің, процестің қауіпсіздігі, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздік пен санитарлық нормалар;

  • Өнімдердің техникалық және ақпараттық үйлесімділігі мен өзара алмастырушылығы;

  • Бақылау әдістерінің бірлігі мен таңбалаудың бірлігі.

Ұсынылатын талаптар:

  • Өнімнің негізгі тұтынушылық сипаттамалары мен оларды бақылау әдістері

  • Өнімді орауға, тасымалдауға, сақтау мен кәдеге жаратуға қойылатын талаптар

  • Әзірлеу, өндіру мен пайдалануға қатысты ережелер мен нормалар

  1. ҚР-ның «Техникалық реттеу туралы» заңы

  1. Мемлекеттік қадағалау, негізгі бағыттары

  • Стандарттар мен метрологиялық ережелердің сақталуын мемл қадағалау жоспарларын қарастыу мен олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады

  • Отандық өнімдердің сапасы мен бәсеке қабілеттілігін арттыруға мемлекеттік қадағалау саясатын қалыптастырып, оны іске асырады

  • Мемл қадағалау жөніндегі аумақтық қызметтер құрады

  • Мемл қадағалау мәселелері бойынша нормативтік және құқыөтық құжаттар әзірлеу

  • Ішкі нарыққа сапасыз және шартқа сәйкес емес тауарлардың шығуына жол бермеу үшін сертификаттау жөніндегі органдар мен сынау зертханаларының қызметін мемл бақылауды күшейту

  1. Стандарттау. Негізгі бағыттары

  • Ішкі және сыртқы нарықта отандық өндірушілер өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында заңнамалық актілер мен нормативтік құжаттар әзірлеу мен оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестіру

  • Стандарттау саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргізу

  • Стандарттау жөніндегі мемл саясатты қалыптастыру және оны іске асыру

  • МСЖ-нің негізгі даму және жетілдіру бағыттарын белгілеу

  • Халықаралық талаптармен үйлестіру негізінде ҚР-ның нормативтік базасын құру

  1. Метрология. Негізгі бағыттары

  • Мемлекеттік стандарттар мен орнатылған ережелерге, талаптарға, нормаларға сәйкес қажетті дәлдікте ҚР-ның өлшем бірлігін қамтамасыз ету және қол жеткізуге бағытталған метрологиялық қызметтердің жұмыстарын қамтамасыз ету

  • Өлшем бірлігін қамтамасыз ету

  • ҚР-ның өлшем сенімділігі мен деңгейін жоғарылату

  • Қолдануға рұқсат етілген шама бірліктерін орнату

  • Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша заңнамалық және нормативтік негіздердің шама бірліктерінің эталонды базасын құру және жетілдіру

  • Метрология және мемлекеттік метрологиялық қадағалау, бақылау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу

  • Өлшем құралдарына, өлшем әдістері мен нәтижелеріне қойылатын жалпы метрологиялық талаптарды белгілеу

  • Метрология саласындағы халықаралық ынтымақтастық

  1. Техникалық реттеу мен метрология бойынша комитет. Тапсырмалары, функциялары

Техникалық реттеу және метрология жөнінде комитет (2005 ж дейін стандарттау, сертификаттау және метрология жөнінде комитет) өзінің әрекетін ҚР 2004 жыл 9 қараша «Техникалық реттеу туралы», 2000 жыл 7 маусым «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», 2010 жыл 4 мамыр «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР заңдарын, басшылыққа алып, 2000 жылдың 18 қазан №1552 ҚР үкіметі қаулысымен бекітілген, «Министерство по инвестициям и развитию РК (ҚР индустрия және сауда министрлігінің) стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша комитет туралы ережесіне» сәйкес жүзеге асырады. Жаңа заңдар халықаралық талаптарға толық жауап береді.

ҚР Үкіметінің 2001 жыл 2 шілдеден бастап №904 қаулысымен бекітілген: Стандарттау, сертификаттау, метрология бойынша Комитеттің негізгі мақсаттары, функциялары және құқықтары:

1. стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу және сапаны басқару саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;

2. стандарттау, метрология, сертификаттау, мемлекеттік қадағалау, сапаны басқару бойынша заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

3. стандарттардың мемлекеттік қорын қалыптстыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын шет елдерінің халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттарымен үйлестіру;

4. Стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредитациялау және сапа басқару бойынша Қазақстан Республикасының негізге алынатын мелекеттік стандарттарынәзірлеу;

5. Халықаралық ұйымдарда стандарттау, метрология, сертификаттау мен аккредитациялау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасын таныстыру және осы бағытта халықаралық ынтымақтастық;

6. Стандарттау, метрология, сертификаттау және сапамен басқару саласында орталық және орындаушы жергілікті органдар, шаруашылық субъектілер қызметтерін басқару;

7. Сертификаттау жөнінде орган және сынау зертханалары ретінде заңды тұлғаларды аккредитациялау;

8. Сертификаттау, сертификациялық сынау, салыстырып тексеру, калибрлеу және типін растау мақсатында өлшеу құралдрын сынау құқығына мемлекеттік сертификаттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйелерінде аккредитациялау;

9. Физикалық шама бірліктер эталон базасының қалыптасуы және дамуы;

10. Стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредитациялау және сапаны басқару саласында білікті кадрлдарды дайындауды ұйымдастыру;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]