Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VOPROSY_DLYa_1RK_RDIGB_15-16.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
134 Кб
Скачать
☆
  1. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» ақ. «Ұлттық акредиттеу орталығы» ақ. Функциялары:

  1. Техникалық шарттарды сараптауға, әзірлуге көмектесу;

  2. Шет ел техникаклық шарттарын есептеу, тіркеу;

  3. Мемлекеттік және орыс тіліндегі ақпараттарды таңбалау бойынша өнімге тауар жарлықтарын құру;

  4. Заң тұлғаларының метрологиялық қызметке ғылыми-әдістмелік және техникалық көмек көрсету;

  5. Өнімге, автокөлік қызметтері мен қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне сәйкестәк сертификаттарын беру;

  6. Сапа жүйесін енгізу бойынша консалтинг жұмыстарын жүргізу;

  7. ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарына сәйкес сапа жүйелері және өндірісті сертификаттау;

  8. Тауарлардың шығу тегін сараптау;

  9. Өнімді өндіріске қоюда инженерлі-аналитикалық қызмет және әдістемелік көмек көрсету;

  10. Шетел және отандық бағалы металдардан және олардың құймаларынан жасалған әшекей бұйымдарын сынау;

  11. Қымбат металдарына және тастарға техникалық сараптама жүргізу.

  1. «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты». Функциялары.

1. Мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйесін жетілдіру мен дамуы және халықаралық талаптарға адаптациялау;

2. Ақпараттау технологиялары жетістіктері негізінде мемлекеттік стандарт қорының қалыптасуы және дамуы;

3. Отандық өнімнің бәсекеқабілеттілігін жоғарылату үшін сапамен басқарудың заманауи әдістерін енгізу;

4. Саудадағы техникалық кедергілерді болдырмау үшін ақпараттық-анықтамалық қамтамасыз ету;

5. Стандарттау, сертификаттау және сапа жүйесі саласында мамандарды дайындау және біліктілігін жоғарлату.

  1. «Қазақстанның метрологиялық институты» Қызмет саласы, функциялары

1. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жүргізілетін мемлекеттік саясатты ескеріп ҚР метрологияны дамытуға бағытталған жұмыстар өткізу;

2. ҚР өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі негіздерін жетілдіру мақсатында ғылыми- техникалық, тәжірбиелік, ұйымдық-әдістемелік жұмыстарын өткізу;

3. ҚР шама бірліктерінің техникалық базасын құру және дамыту;

4. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінде заңнамалық және нормативттік негіздерін құру және дамыту, халықаралық талаптарға сәйкес метрологиясы бойынша нормативттік құжаттарды үйлестіру;

5. Метрология саласында жұмыс жүргізу құқұқтарына заңды тұлғаларды аккредитациялау барысында ұйымдардың техникалық тексеру;

6. ҚР жасалған және импортталатын өлшеу құралдарына орнатылған сынақ өткізу;

7. Метрология саласында, мекемелерді, кәсіпорындарды және басқа тұтынушыларды ақпараттық және нормативттік қамтамасыздандыру;

8. Метрология саласында кадрлар дайындау және біліктілігін жоғарлату.

  1. Стандарттаудың мемлекеттік жүйесі, мақсаты, тапсырмалары

ҚР-да халық шаруашылығының барлық тармағында стандарттауды ұйымдастыру, әдістемелік және тәжірибелік негіздерін анықтайтын МСЖ әрекетке енгізілді. Негізгі мақсаттары:

Техникалық процестерді жеделдету, қоғамдық өндіріс пен еңбектің, оның ішінде инженерлік және басқарушылық еңбектің, еңбек өнімділігінің тиімділігін арттыру;

2. Өнімнің сапасын жақсарту және оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету;

3. Өнімді жобалау мен өндіру саласындағы мамандандыруды дамыту жағдайын қамтамасыз ету;

4. Өнімге қойылатын талаптарды еліміздің қорғанысының қажеттілігімен байланысты болуын қамтамасыз ету;

5. Жоғары сапалы тауардың экспортын кеңінен дамыту үшін жағдай жасау;

6. Өндірістік қорларды ұтымды пайдалану және ресурстарды үнемдеу;

7. Халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

8. Денсаулықты қорғауды қамтамасыз ету.

Бұл мақсаттарға жету үшін стандарттау алдына қойылған міндеттер:

1. Берілген өнімнің, шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттар мен жинақтаушылардың сапа сипаттамаларын кешенді стандарттау негізінде даяр өнімнің сапасына қойылатын талаптарды белгілеу;

2. Дайын өнімді жобалау, өндіру және пайдалану сатысында талап етілетін сапаны қалыптастыру үшін жағдай жасайтын ғылым мен техниканың алдыңғы шептегі деңгейіне сәйкес стандарттар жүйесін тағайындау;

3. Өнімді бақылау және сынау құралдары және әдістерінің бірыңғай сапа көрсеткіштері жүйесін, сонымен қатар бұйымның тағайындалу және пайдалану жағдайларына байланысты сенімділік деңгейін анықтау;

4. Өнім сапасының, түрлерінің, маркаларының және типтік өлшемдерінің тиімсіз көптігін болдырмау мақсатымен жобалау және өндіру саласындағы нормалар, талаптар мен әдістерді тағайындау;

5. Бұйымды жөндеу мен пайдалануды тиімді ету, өзара ауыстырымдылық деңгейін көтеру, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру және мамандандырудың маңызды жағдайы болып табылатын өнеркәсіп өнімдерін бірыңғайландыру және машиналарды агрегаттауды дамыту;

6. Елімізде өлшем бірыңғайлығы мен өлшем сенімділігін қамтамасыз ету, физикалық шамалар бірлігінің мемлекеттік этолондарын, сондай-ақ жоғары дәлдікті құралдар мен әдістерін одан әрі дамыту мен жақсарту;

7. Бірыңғай құжаттамалар жүйесін, сонымен бірге автоматтандырылған басқару жүйесінде қолданылатын сәйкестендірілген құжаттама жүйелерін орнату, техникалық-экономикалық ақпараттарды кодтау және жіктеу жүйесін, өндірісті ұйымдастыру нысандары мен жүйелерін және еңбекті ғылыми ұйымдастырудың техникалық құралдарын орнату;

8. Ғылым мен техниканың маңызды аймақтарында бірыңғай терминдер және белгілерді тағайындау;

9. Еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесін орнату;

10. Табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды пайдалануды жақсарту саласы стандарттары жүйесін тағайындау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]