Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сәуір айы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67.29 Кб
Скачать

№ 4 «Балауса» екінші кішілер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні,айы,жылы:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімдері: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Табиғат құбылысы «Су»

Мақсаты: су-тіршілік көзі туралы білімдерін кеңейту

Білімділік мақсаты:судың қасиеті,пайдасы,маңызы туралы айту.

Дамытушылық мақсаты:есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу

Қостілділік:су-вода,табиғат құбылысы-природная явление,табиғат-природа,күн-солнце

Көрекіліктер:желдің,судың суреттері

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-оятушылық

Көңілді шеңбер

Тәрбиеші жақсы қасиеттерді білдіретін сөздерді айтып, ойынды әрі қарай доп арқылы жалғастырады айтылған сөзді қайталамау керек.

-Сен жақсысың!

-Сен әдептісің!

-Сен сүйкімдісің! Әрі қарай жалғастырады.

Балалар жалғастырады.

Ұйымдастыру-шылық-ізденушілік

Аузы жоқ сыңғырлайды,күледі,

Онсыз бірақ жер бетінде тіршілік жоқ.

-балалар,қалай ойлайсыңдар,бұл жұмбақтар не жайлы?

-су туралы не білесіңдер?

-су сөйлей ала ма?

Тәрбиеші:Судың түрлі қасиеттері бар,мысалы,су ағады,қар болып жауады,мұз болып қатады,теңіз болып толады.Мінекей ,балалар, сондықтан да суды сиқырылы деп атаймыз.

Сергіту сәті: «Ауа,от,су,жер.»

Жер (балалар отырады)

Ауа(қолдарын жоғары көтереді)

Су(толқынды бейнелейді)

От (орындарынан тұрып айналады)

Ойын: «Анықтамасын тап»

-су қандай?

-су кімге, не үшін қажет?

-судың қандай қасиеті бар?

-адамдар,жан-жануарлар,өсімдіктер сусыз тіршілік ете ала ма?

Балалар су аққанда қандай дыбыс естідіңдер?

Енді суды иіскеп көрейік,иісі бар ма?

су.

Су жайлы айтылған

Су жылы,суық,ыстық болады

Су сылдырлайды

Судың ағатынын,мүз болатынын,теңіз болып толатынын біледі

Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.

Су мөлдір таза

Суссыз өмір жоқ

Сыңғырлайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Біз не білдік су мөлдір,иіссіз,сұйық зат.Су өзін құйған ыдыстың көлеміндей болады.Судың күйі әртүрлі болады деп ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қортындылайды.

Судың қандай күйде болатынын біледі

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Судың қасиеті жылғадан ағады,мұз болып қатады,ауаға бу болып ұшатынын біледі

Қандай түсініктерді меңгереді: адамдар,жан-жануарлар,өсімдіктер сусыз тіршілік ете алмайтындарын түсінеді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: «Анықтамасын тап»ойынының мазмұнын түсініп ойнай алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]