Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс 3-1.pptx
Скачиваний:
6
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
3.87 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ №3-1

ТАҚЫРЫБЫ: ӨСІМДІК ЖӘНЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ (САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ, ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ)

ОРЫНДАҒАН: АМАНТАЙ ГҮЛМАНАТ ТЕКСЕРГЕН: КАРСЫБАЕВА Қ.А.

АСТАНА 2019

ЖОСПАР

Кіріспе1. Өсімдік және мал шаруашылықтары саласының

халықшаруашылығындағы мәні2. Салалардың салалық құрылымы. БәсекеқабілеттілікҚорытындыПайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Ауыл шаруашылық Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыда көрініп келді және мемлекеттің экономикалық және қоғамдық - саяси тұрақтылық факторларын анықтай отырып жоғары сатыдан көріне бермек. Республиканың экономикалық дамуының бірегей әлеуетті бағыты бола отырып, ауыл шаруашылығы зор потенциалы мен ірі резервтерімен ерекшеленеді. Қазақстанның әрқилы климат жағдайы біркелкі жылы белдеудің барлық мәдениетінің дамуына және мал шаруашылығының дамуына әсер етеді.

Ежелден-ақ өсімдік шаруашылығының негізін дәнді дақылдар құрайды. Дәнді дақылдар дүниежүзіндегі өңделетін жер қорының 1/2-інен астамын алып жатыр. Олардың егістіктері іс жүзінде адамдардың қоныстану аймағына сәйкес келеді. Соңғы 50 жыл ішінде дәнді дақылдар өнімділігі үш есеге артқан, жылына өндірілетін мөлшері 2 млрд т-дан асып отыр. Дәнді дақылдар өнімділігі егіс көлемін ұлғайту есебінен емес, әрбір гектардан алынатын түсімді көтеру есебінен көбеюде. Дәнді дақылдардың шығымдылығы дамушы елдерде 15—20 ц/га болса, дамыған елдерде ол көрсеткіш 35—40 п/га. Дүниежүзі бойынша жылына дәнді дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азня елдерінде, 1/4-і Солтүстік Америка, ал қалған бөлігі Еуропа елдері мен басқа елдер үлесіне келеді. Елдер арасындағы 1-орында соңғы кезде АҚШ-ты басын озған Қытай, 3-орында — Үндістан, 4-орында Ресей болса, 5-орынды Франция иеленеді. Дәнді дақылдар тамақ, құрама жем, спирт және т.б. өндіріс салаларына шикізат болып табылады. Дәнді дақылдардың негізін басты үш дақыл — бидай, күріш және жүгері құрайды. Дәнді дақылдар егістігінің 32%-ын бидай, 20%- ын күріш, ал 18%-ын жүгері егістігі алып жатыр

Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы.

1. ӨСІМДІК ЖӘНЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ САЛАСЫНЫҢ ХАЛЫҚШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МӘНІ

Егін шаруашылығы жүйесі кәсіпорында өсімдік өсіруші салалардың: егін шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, бау-бақша шаруашылығы және басқалардың жиынтығынан тұрады.

Өсімдік шаруашылығы жүйесі кәсіпорынның мамандандырылуына, жердің, қажетті техниканың бар болуына, қолданылатын технология мен өндірістің ұйымдастырылуына тәуелді.

Топырақ құнарлығын сақтау және арттыру тәсілдері жетілдірілді, әрі егіншілік жүйесі ауысымында көрініс тапты. Бұл ,ең алдымен, машиналар мен жарақтардың, технологияның, баптап-күтілген өсімдіктер дәрісінің жетілдірілуімен жөне ғылыми-техникалық процесс жетістіктерінің өндіріске енгізілуімен қамтамасыз етілді.

Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі болып табылады. Бұл салада тұрғындардың негізгі тағамдық азықтары жасалады, адам орта есеппен тағамға қолданылатын калорияның 30%-ға жуығын және белоктың 60%-ға жуығын мал шаруашылығы өнімі есебінен

алады.

Мұнымен қатар мал шаруашылығы өнеркәсіптің ет-сүт, тағам, жеңіл және басқа салалары өндірісін шикізатпен қамтамасыз етеді.

Мал шаруашылығы егіншілікпен өзара тығыз байланыста болады. Егін шаруашылығы мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз етеді: елдің ауыл шаруашылық алқабының үштен екісіне жуығы мал азығын алу үшін пайдаланылады. Өз кезегінде өсімдік шаруашылығының әртүрлі қалдықтарын пайдалана отырып, оны органикалық тыңайтқыштармен қамтамасыз ете отырып, мал шаруашылығы егін шаруашылығына үлкен ықпал етеді. Мал шаруашылығы деген ұғым ауыл шаруашылығының бір топ салаларын: ірі қара мал шаруашылығын, қой шаруашылығын, құс шаруашылығын, шошқа шаруашылығын, бал арасы шаруашылығын, аң шаруашылығын және басқаларын қамтиды.

Бұл салалар адамға керекті өнім алу мақсатында мал мен құстың түр-түрін өсіру және жетілдіруге арналған. Олар сүт, ет, жұмыртқа, бал және басқа маңызды тағамдар алынатын көз болып табылады.

ОҚО-да жылыжайлардың егіс көлемі

2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қараның саны – 4,9%, қой мен ешкі - 4,7%, жылқы - 5,6%, шошқа - 12%, түйе - 4,0% және құстар - 6,5%, ет өндірісі - 3,3%, сүт - 2,1%, жұмыртқа - 19,2% және жүн - 4,2%, әрбір сиырдан сауылған сүт - 1,8% және әрбір мекиен-тауықтан алынған жұмыртқы – 3,2% артты.

2009 жылы мал шаруашылығы өндірісіндегі құрылымдардың үлесіне жүргізілген талдаудан, үй шаруашылықтарында еттің 72,5%, сүттің 88,6%, жұмыртқаның 50,6% және жүннің 60% өндірілген, бұл саланы дамытуға айтарлықтай тежеу болып, асыл тұқымды мал басының үлес салмағы төмен.

Облыста 791 бірлік мал көмінділері немесе қажеттіліктің 80%, 198 мал сою алаңдары (68%) бар. Алайда, ветсанобъектілерді салуға бөлінетін қаражат көлемі2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда өңделген ауыл шаруашылығы шикізат өнімінің жалпы өнімдегі

үлесі сүттен 2 пайызға, бидайдан 4,3 пайызға, майлы дақылдардан 4,2 пайызға, еттен 2 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың 2007 жылы өндірген өнімдерінің көлемі алдындағы жылмен салыстырғанда 11,7 пайызға артты.

2010 жылдың айлары бойынша өткен жылмен салыстырғанда ірі қара мал-4(790 мың), қой-ешкі- 6(3712 мың), жылқы-6(155 мың), түйе- 3(17 мың) , құс- (2364 мың) пайызға және ет- 2(140мың ),сүт- 2 (566 мың), жұмыртқа –(277,7 млн дана), жүн – 4(6,6 мың) пайызға артты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]