Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psikhol_lek_kaz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
385.29 Кб
Скачать

Қайталау және бекіту сұрақтары:

1. Қарапайым тіршілік иелерінің жүйке құрылымы қандай?

2. Бас миы әртүрлі бөліктерінің атқаратын қызметтері қалай айырылады?

3. Психикалық қызметтердің бас миында мекенді болуы жөніндегі проблеманың мәні неде?

4. Ми бөліктері қызметтерінің тұтастық сипатын қалай түсіндіресіз?

5. Бас миы тетіктерінің қызмет принциптері қандай?

6. Адам бас миындағы қуаттау блогінің атқаратын қызметі не?

7. Ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау ми қызметі қалай орындалады?

8. Іс-әрекет бағдарламасын түзу, реттеу және бақылау ми бөлігінің сипаты қандай?

9. Ми қызметімен байланысты физиологиялық процестер қалай жүреді?

3-дәрісбаян.

Психикалық танымдық процестер:

Түйсік.Қабылдау.Ес.

Ойлау және сөйлеу.Зейін.Қиял.

Т Ү Й С І К пен Қ А Б Ы Л Д АУ :

1. Түйсік түсінігі.

2. Түйсіктердің физиологиялық негіздері.

3. Түйсік түрлері.

4. Түйсіктер қасиеті.

1. Түйсік түсінігі

Қоршаған орта мен өз тәніміз жөніндегі біліктердің негізгі көзі - біздің түйсіктеріміз. Олар қоршаған орта мен ағза қалпы жөніндегі ақпараттардың миға жетіп, адамның төңіректегі дүние ортасы мен өз тәніне байланысты бағыт-бағдар түзуіне қажетті негізгі өзек, арнаны құрайды. Егер осы өзектер жабық болып, сезім мүшелері керекті ақпараттарды жеткізіп тұрмағанда, ешқандай саналы өмір жөнінде әңгіме ету мүмкін болмас еді. Деректерден белгілі болғандай, тұрақты ақпарат көзінен айрылған адам мүлгіген кейіпке түседі. Мұндай жағдай адамда кенеттен көру, есту, иіс сезу қабілетінен айрылып немесе сана сезімі қандай да сырқатқа байланысты шектелсе, көрініс береді. Бұл кейіпте адам алғашқыда ұйқы құрсауына шырмалып, кейін төзіп болмас күйзеліске ұшырайды.

Көптеген байқаулардың көрсеткеніндей, ерте балалық шақта кереңдік пен зағиптіктен жеткілікті ақпарат ала алмаудан адамның психикалық дамуы күрт тоқтайды. Егер соқыр-керең болып туған баланы немесе ерте жастан мұндай халге душар болған субъектті арнайы оқытып, кемістіктердің орнын толтырудың жолдары мен әдістерін үйретпесе, олардың психикалық дамуы өрістей алмай, өз бетінше кемелденуі біржола жойылады.

2. Түйсіктердің физиологиялық негізі

Түйсік - дүние хақындағы біздің барша білімдеріміздің бастау көзі. Сезім мүшелеріне әсер етуші объектив заттар мен құбылыстар тітіркендіргіштер деп аталады да, ал олардың әсерінен сезім мүшелерінде туындайтын құбылыс - тітіркену деп қабылданған. Тітіркенуден, өз кезегінде, жүйке тарамдарында қозу пайда болады. Түйсік жүйке жүйесінің қандай да тітіркендіргішке жауапты реакциясы ретінде туындап, әрқандай психикалық құбылыс секілді рефлекторлық сипатқа ие.

Түйсіктің физиологиялық механизмі - арнайы жүйке тетігі талдағыш (анализатор) қызметі. Әр талдағыш үш бөліктен тұрады: 1) сыртқы энергияны жүйке процесіне қосушы дененің шеткі бөліктерінде жайласқан рецепторлар; 2) қозуды орталық жүйке бөлігіне жеткізуші афференттік немесе сезімтал жүйкелер; 3) шеткі бөліктен жеткен жүйке импульстарын өңдеуші талдағыштың ми қабығындағы бөліктері. Анализаторлардың ми қабығы аймағында нақты рецептор жасушаларына сай арнайы мекендері болады. Түйсік пайда болуы үшін барша талдағыштардың тұтастай, бірлікті қызметі қажет. Сонымен бірге олар енжар қабылдаушы ғана емес, тітір­кендіргіштердің әсеріне орай икемді өзгеріске келе бере­тін мүше,мұндай өзгерістерге қажет талдағыштар өз құ­ры­лымында қозғаушы тетіктерге де ие: тері қа­ба­тының дірілі, тамыр тартылуы, те­­рі жиырылуы, ал кей кездері көз аудару, мойын бұру, қол қағыстары және т.б. бәрі де түйсік реакцияларына байланысты туындайтыны белгілі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]