- •Психология ғылым ретінде
- •2. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
- •3. Психология салалары
- •Қайталау және бақылау сұрақтары:
- •Психика. Сана. Тән мен жан
- •2. Мидың ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау қызметі
- •4. Ми қызметінің физиологиялық негіздері
- •2. Түйсіктердің физиологиялық негізі
- •Қайталау және бекіту сұрақтары:
- •Психикалық танымдық процестер:
- •3. Түйсік түрлері
- •4. Түйсік қасиеттері
- •2. Қабылдаудың қасиеттері
- •3. Қабылдаудың физиологиялық негіздері
- •4. Қабылдау формалары
- •5. Бақылау және қабылдауға тәрбилеу
- •2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
- •3. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •4. Сөйлеу түрлері
- •Елес және ес. Ойлау
- •3. Ес теориялары
- •4. Ес түрлері
- •5. Ес процестері
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •1. Ойлау жөнінде түсінік
- •2. Ойлау формалары
- •3. Ой қызметтері
- •5. Ойлау және жеке адам.
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Зейін түрлері
- •3. Зейіннің физиологиялық негізі
- •4. Зейіннің негізгі қасиеттері
- •2. Қиялдың физиологиялық негіздері
- •3. Қиял түрлері
- •4. Шығармашыл қиял әдістері
- •5. Қиял және жеке адам
- •2. Нышан және қабілет
- •3. Қабілет және тұлға даралығы
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Тұлѓаның даму себептері
- •4. Тұлғаның бағыт-бағдары
- •4. Өзіндік сана
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Ерік теориялары
- •3. Еріктің физиологиялық негіздері
- •4. Ерік құрылымы
- •5. Ерік сапалары
- •6. Т±лғаның ерік тәрбиесі
- •2. Темперамент туралы теориялар
- •3. Темперамент түрлері
- •4. Темперамент және іс-әрекет
- •2. Мінез жөніндегі білімдер
- •3. Мінез бітістері
- •6. Мінездің ұлттық ерекшеліктері
- •7. Мінез және адамның жас сатылары
- •2. Сезім ерекшеліктері
- •3. Сезім қызметтері
- •4.Сезім түрлері
- •5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
- •Жеке адамның психологиялық өзгешеліктері. Темперамент
- •1. Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып- қымтырылмайды, оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар.
- •Даму психологиясы пәні. Даму психологиясының негізгі категориялары
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •Адам дамуының психологиялық мәселелері. Онтогененездегі жас кезеңдері.
- •2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
- •3. Психикалық даму және оқыту.
- •4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
- •2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
- •3. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және
- •3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.
- •5. Кіші оқушының жеке басының дамуы.
- •6. 1 Сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың
- •Жасөспірім шақтағы қарым-қатынас ерекшеліктері.
- •Жасөспірімдердің өмірлік жоспарлары мен кәсіп таңдауы
- •Талқылауға арналған сұрақтар
- •Дәрістің жоспары:
- •Дәрістің жоспары:
- •Әдебиеттер:
Жеке адамның психологиялық өзгешеліктері. Темперамент
Жоспар:
Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы
Темперамент туралы жалпы ұғым
Оқушы темпераментімен санасу
Темперамент-нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент- организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары нерв қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т.б.) эмоция сезімдеріне де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады.
Темперамент туралы алғашқы ой- пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын – қан, салқындататын – шырын (слизь), құрғататын- бауырдағы сары өт (талақ). Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше «красие» деп атаған. Ал латын тілінде кейін бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.
Сөйтіп, гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың біз – бірінен аз – көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (латынша «сангиус» - қан), ал шырын басым болса (грекше «флегма» - шырын), флагметик темперамент деп; ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше «мелай – нехоле» - қара өт), организмде сары өт басым болса, холерик (грекше холе - өт) темпераменті деп аталған.
Гиппократ организмдегі сұықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды деді. Ол мидың ролін түсіне білді, оны бездердің бірі деп санады. Бұл – адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Рим дәрігері Гален (129-199) темпераменттің санын он үшке жеткізеді. Гален организмде жылылыұқ неғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор. Өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірибеге көңіл аудара бастау – сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді.
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмнің түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйеснің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т.б. байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс филослфы И. Кант (1724-1804) өзінің «Антропология» деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір- біріне балама ретінде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды.
Темперамент туралы теориялар XIX ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс алады. Мәселен, неміс антатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы нерв жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Зеланд Н.Л.(1833-1902)1, ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П.Ф.Лесгафт (1837-1909) темпераментерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады. Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И.П Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді.
Нерв жүйесінің типтері ми қабығындаы қозу, тежелу процестерінің үш негізгі белгісінің (күші, тепе- теңдігі, қозғалғыштығы)жиынтығынан құрастырылады.
Нерв процестерінің күшіне – ми қабығының жұмыс істеу қабілеттілігі, яғни сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады. Нерв процестерінің тепе-теңдігі деп қозу мен тежелудің бір-біріне тең келуін айтады. Нерв прцестерінің қозғалғыштығы деп олардың бірінің екіншісіне алмаса алу қабілеттілігін айтады.
Сөйтіп И.П. Павлов ілімінің айтуынша, нерв жуйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің бірі- ұстамсыз тип. Ұстамсыз тип – жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу, тежелу процестері бір- бірімен сәйкес келмейтін (қозу ылғи да басым келіп отыратын)ерекше қозғалыстағы тип. Күшті типтердің екіншісі – ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу бір – біріне, тең,бірақ алмасуы сараң баяу қозғалыстың тип. Әлсіз типте қозу мен тежелу процестері баяу көрініп отырады. Күшті тітіркендіргіштердің әсерінен туатын шектен тыс тежеулер де әлсіз типте жиі болып отырады. Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип морт сынып кететін болады. Павлов ашқан нерв жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиясын, негіздерін жақсы түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді—ширақ, нерв жүйесі күшті, қозуы тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді – ұстамсыз, нерв жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым; флегматиктерді нерв жуйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір – біріне тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; меланхоликтерді – нерв жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады.
И.П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас, көшпелі типтердің кездесетіндігін айтты. Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қозуы ерекше күшті, тежелуі бірдей күшті (бірақ аз болса қозуы басымдау тұратын), сонымен қатар қозу мен тежелуің күшті тепе-тең келетін варианттары байқалған. И.П. Павлов жануарлардың нерв жүйесінің типін айыру үшін жасаған тәжірибесінің кейбір қорытындылары адам темпераменттерінің физиологиялық негіздерін түсінуге толық жарайтындығын көрсете келіп, темпераментке мынандай анықтама береді: «Темперамент жануарлар мен жеке адамның жалпы сипаттамасы, әрбір индивидиумның барлық әрекетіне белгілікейіп беретін нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы» 1.
Соңғы жылдары көрнекті орыс психологы Б.М. Тепловтың (1896-1965) лабораториясында нерв жүйесінің типтері одан ары зерттеле түсті. Егер И.П Павлов өзінің тәжірибесін жануарларға жасаған болса, Б.М. Теплов пен оның шәкірттері осындай тәжірибені адамдарға жасады. Бұл зерттеулерде И.П. Павловтың нерв жүйесінің төрт түрлі типі туралы ілімі адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңыз алатын бірден- бір ғылыми теория екені тағы да дәлелдене түсті. Б.М. Тепловтың шәкірттерінің бірі В.Д. Небылицин(1930-1972) осындай зерттеулердің бірінде нерв жүйесінің әлсіз типінің өзі бірнеше варианттарға бөлінетінін анықтап берді. Бұрын өмір сүруге икемсіздеу деп саналатын осы әлсіз типтің өзі енді қозғалғыш, баяу, қозу мен тежелуі теңгерілмеген типтер деп бөлінетін болды. Әлсі типтің де сезімталдығы күшті екндігі, осыған орай оның сыртқы ортаға бейімделе алу қабілеті мол екендігі зерттелді.
Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы
И.П. Павловтың нерв жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әр түрлі темперамент өкілдері былайша сипатталады. Мәселен, нерв процестері күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар көбінесе ұйытқымалы, қимыл-қозғалысқа шапшаң келеді. Олар- ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратып істегенмен, олардың кейде қолын бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады. Бұлар – холерик темпераменттерінің өкілдері. Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атады. Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы, ширақ тип ойнақы, еті тірі бірақкез-келген істі тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақ көңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері- іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларының тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жайттар.
Флегматик темпераментіндегі адам көбінесе салмақты, сабырлы келеді. Олар кез келген нәрсеге сезім білдіе бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сыртқа шықпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір осл жері – қимы қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оңтайлықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқын қандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.
Меланхолик темпераментіндегі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер еткен нәрсенің бәрін өз сезімін білдіре бермейді не де болса ішінде жүреді. Мұндай темпераменттегі адам өзге адамдармен онша көп жұғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз ойынашомуға бейім тұрушылық, орынсызибалылық – осы темпераменттің ең бір нашар жағы. Орыстың классик жазушылары өз шығармаларында түрлі темпераменттің өкілдерін тамаша көрсеткен. Мәселен, Л. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романындағы қарт князь Волконский холерик темпераментінің, «Анна Коренинадағы» Степан Оболонский сангвиник темпераментінің, Н.В. Гогольдің «Өлі жандардағы» Собакеевич – флегматик темпераментінің нағыз айқын өкілдері болып табылады.
Қызметтің түрлі салаларындағы асқан талантты адамдардың арасынан да түрлі темпераменттердің өкілдері табылады. Мәселен, А.С. Пушкиннің өзі де, өның сүйсіне жырлаған басты кейіпкерлерінің бірі – бірінші Петр де холерик темпераментінің өкілдері болған. «Полтава соғысында» Петрдің темпераментін А. С. Пушкин былайша суреттейді:
«Жалтылдап екі көзі, түсі ызғарлы,
Қимылы өте шапшаң, тым қаһарлы
Тамаша тұрған бойы бір ғаламат,
Бір өзі тәңірінің қаһарындай,
Адымдап келе жатты...» 1
Орыстың ұлы қолбасшысы А. Суворов та холерик делінген: «Оның көзқарасы, сөзі, қимылдары өзгеше қунақылықпен көрініп тұратын. Ол тыныш отыру дегенді білмейтін, жүз жұмысты бірден істеп тастаудыаңсап тұратын адам еді. Қартайған кезінде де ол жай жүруді білмеген, жүіріп жүрген, атқа мінгенде шала жүретін, жолында орындық тұрса, айналып өтудің ойына, оның үстінен қарғып кететін болған».
Орыс жазушыларының көрнекті өкілдері герценді- сангвиник, темпераменттерінің өкілдеріне жатқызуға болады.
Табиғи жағдайда темпераменттердің «таза» түрін ажырата алу, көбінесе қиынға соғады. Өйткені олар адамның өмір барысында қалыптасатын әр түрлі ерекшеліктерінің көлеңкесінен жөнді көрінбей қалуы да мүмкін.
Дегенмен ұзақ уақыт бойына жүргізілген зерттеулер бізге төменгі класс оқушылары араснан темпераменттердің «таза» түрлерін тауып алуға мүмкіндік береді.
Оқушылардың сөйлеу ерекшеліктерінің қалыптасу жолын қарастыра отырып, сөздің адам психикасына ерекше реңк беретіндігін, мұның балалардың темперамент ерекшеліктерінен жақсы көрінетіндігін байқауға болады. Бұл жерде профессор Н.И Красногорскийдің баланың жоғарғы нерв қызметі оның сөйлеу ерекшеліктеріне(атап айтқанда дауыс ырғағына, мәнерлік пен сөйлеу қарқына) әсер етіп отырады деген қағидасының дұрыс екендігі байқалады. Осы айтылғанмен қатар, балалардың темпераментін анықтауда олардың жалпы ақыл-ой әрекетінің ерекшеліктерн, жұмыс істей білу қабілетін, осыларғабайланысты түрлі қозғалыс –қимылдарымен де санасуға болмайды. Жоғарыда айтылғандарға байланысты әр түрлі темпераменттегі баланың ерекшеліктерін төмендегіше тұжырымдауға болады:
