- •Психология ғылым ретінде
- •2. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
- •3. Психология салалары
- •Қайталау және бақылау сұрақтары:
- •Психика. Сана. Тән мен жан
- •2. Мидың ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау қызметі
- •4. Ми қызметінің физиологиялық негіздері
- •2. Түйсіктердің физиологиялық негізі
- •Қайталау және бекіту сұрақтары:
- •Психикалық танымдық процестер:
- •3. Түйсік түрлері
- •4. Түйсік қасиеттері
- •2. Қабылдаудың қасиеттері
- •3. Қабылдаудың физиологиялық негіздері
- •4. Қабылдау формалары
- •5. Бақылау және қабылдауға тәрбилеу
- •2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
- •3. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •4. Сөйлеу түрлері
- •Елес және ес. Ойлау
- •3. Ес теориялары
- •4. Ес түрлері
- •5. Ес процестері
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •1. Ойлау жөнінде түсінік
- •2. Ойлау формалары
- •3. Ой қызметтері
- •5. Ойлау және жеке адам.
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Зейін түрлері
- •3. Зейіннің физиологиялық негізі
- •4. Зейіннің негізгі қасиеттері
- •2. Қиялдың физиологиялық негіздері
- •3. Қиял түрлері
- •4. Шығармашыл қиял әдістері
- •5. Қиял және жеке адам
- •2. Нышан және қабілет
- •3. Қабілет және тұлға даралығы
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Тұлѓаның даму себептері
- •4. Тұлғаның бағыт-бағдары
- •4. Өзіндік сана
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Ерік теориялары
- •3. Еріктің физиологиялық негіздері
- •4. Ерік құрылымы
- •5. Ерік сапалары
- •6. Т±лғаның ерік тәрбиесі
- •2. Темперамент туралы теориялар
- •3. Темперамент түрлері
- •4. Темперамент және іс-әрекет
- •2. Мінез жөніндегі білімдер
- •3. Мінез бітістері
- •6. Мінездің ұлттық ерекшеліктері
- •7. Мінез және адамның жас сатылары
- •2. Сезім ерекшеліктері
- •3. Сезім қызметтері
- •4.Сезім түрлері
- •5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
- •Жеке адамның психологиялық өзгешеліктері. Темперамент
- •1. Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып- қымтырылмайды, оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар.
- •Даму психологиясы пәні. Даму психологиясының негізгі категориялары
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •Адам дамуының психологиялық мәселелері. Онтогененездегі жас кезеңдері.
- •2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
- •3. Психикалық даму және оқыту.
- •4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
- •2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
- •3. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және
- •3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.
- •5. Кіші оқушының жеке басының дамуы.
- •6. 1 Сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың
- •Жасөспірім шақтағы қарым-қатынас ерекшеліктері.
- •Жасөспірімдердің өмірлік жоспарлары мен кәсіп таңдауы
- •Талқылауға арналған сұрақтар
- •Дәрістің жоспары:
- •Дәрістің жоспары:
- •Әдебиеттер:
3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.
Оқу әрекеті. Бастауыш мектептегі оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әртүрлі.
Жеке пәндерден сабақтарды ойдағыдай үйрену үшін алдымен баланың осыған ықыласы болуы шарт. Оқу ойынға қарағанда қиын болғандықтан балалардың кейбіреулерінің оқуға ықыласы болмайды. Оларды оқуға үгіттеу арқылы тарту қиын. Сондықтан оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып одан шыққан нәтижені мадақтау керек. Орындалған тапсырма үшін қуану кейін алдағы тапсырманы орындауға түрткі болады. Әдетте, ықыластың тікелей және жанама түрі бар. Тікелей ықылас оқушының бір нәрсеге қызығуынан болады. Ал жанама ықылас сол нәрсе қызық болмаса да, жалпы сабақ үлгерімін жақсартқысы келгендіктен болады. Ықыластың жанама түрі қіші оқушылардың өмірінде негізгі рөл атқаруы тиіс.
Бастауыш мектепте тапсырма балаларға мынадай екі түрлі жолмен беріледі: 1) берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді. 2) Тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін оның үлгісі беріледі. Мысалы, тақпақты жаттау үшін оның тексі беріледі. Осы текске өзгеріс еңгізуге рұқсат етілмейді. Сол текске сүйене отырып бала оны жаттап алады.
Әдетте, оқу өзінше бала үшін әрекеттену, яғни проблемалық мәселені шешу дегенде, осының мынадай үш сатыдан тұратынын айтады: 1) берілгентапсырманың шартымен танысудан, 2) оны орындаудан, 3) оның қалай (дұрыс не бұрыс) орындағанын тексеруінен. Пәндер неше түрлі болғандықтан осы сатыларды орындау түрліше кездеседі. В.В.Давыдовтың айтуынша, оқу әрекеті мынадай бөлшектерден құрастырылады: 1) тапсырмадан яғни оқу ситуациясынан; 2) тапсырманы орындаудан; 3) орындалған тапсырманы тексеру кезеңінен; 4) баға қоюдан.
Ал оқу әрекетінің ендігі бөлшегіне келсек, осының өзі тиісті мағлұматтарды пайдалана отырып, сол тапсырманы орындаудан тұрады. Мұны оқу әрекеті дейді. Тапсырманы қалай орындауда және пәндер сабағына тәуелділігі түрліше келеді. Айталық, кіші оқушылар сөздің құрамы және осындағы морфемалардың рөлін білу үшін мынадай бірнеше әрекет жасау қажет:
берілген сөздің төркінін (этимологиясын) біліп, оны тап сондай, не ұқсас варианттармен салыстыру қажет;
әуелгі сөздің мағынасын одан шыққан сөздің мағынасымен салыстыру керек;
әуелгі сөздің формасын (жазылуын, не дыбысын) одан пайда болған сөзбен теңдестіру қажет;
тапсырма ретінде берілген сөздегі морфемалардың қандай қызмет атқаратынын тексере білу керек.
Солардың бәрі жеке оқу әрекеті болып саналады.
Ойын әрекеті. Бала мектепке барғанша тек ойынмен айналысып жүреді. Енді оқу оның негізгі қызметіне айналса да, бала ойнауын бірден тоқтатпайды. Бала әлі де бұрынғысындай ойнағысы келеді. Ойын баланың өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады. Осыған орай кіші оқушының ойыны бұрынғысана өзгеріліп, көбінесе жаңа мазмұнда кездеседі. Ойынның бұрынғысынан өзгешелігі мынадай, сол рөлдердің азаматтық қасиетінің сапасына, айталық қайраткерлігіне, ептілігіне, батырлығына т.б. мән береді. Демек, кіші оқушы «мен бәленше боламын« демей, сол бейнелердің мінез-құлқын таңдап, солардың қайсысы әсем, қайсысы әсем емес екенін ажыратып, өзі соларға еліктеуге тырысады. 1 және 2,3 сыныптардың ойыны бірдей емес. 1 сыныпта бала: «мен ұшқыш боламын«, «маған сол рөл ұнайды« деп айтып, бірақ оны орындауға әрекет жасамайтын болса, 3 сыныптағылар рөл ойынына еліктеумен шектелмей, соларға орай тиісті қиыншылықтарды жеңуге тырысады. Демек, сөзден сөзден сол бейнелерді орындауға көшеді, өзі соларға еліктеп, іс жүзінде төзімді, шыдамды, қорықпайтын, епті, айлақор болу үшін әрекет жасайды. Осы өзін-өзі тәрбиелеудің бастапқы кезеңі – бұл ойын мақсатының мүлде өзгерілуі деп түсіну керек. Өйткені ойын бұрын ермек болып келсе, енді кіші оқушы үшін өзін-өзі тәрбиелеудің құралына айналып отыр.
Рөлдік ойындардан басқа неше түрлі тиісті ережелерге сүйенетін ойындармен де кіші оқушы 2-3 сыныптарда айналыса бастайды. Мысалы, шахмат не футбол ойнау. Егер шахмат баланың ақыл-ойын дамытуға әсерін тигізетін болса, футбол қайраткерлігін, дене мүшелерінің (қолының, аяғының) ептілігін дамытады. Сондықтан ойынның соңғы түрлері кіші оқушылардан психикалық дамуына ерекше орын алады.
4.Кіші оқушының таным процестері.
Кіші оқушылардың негізгі таным процестері (қабылдау, зейін, жат пен ес, қиял, ойлану) мектепке кіргеннен кейін недәуір өзгерістерге ұшырайды. Осыған орай біз талдауды әуелі қабылдаудан бастаймыз.
6-7 жастағы баланың қабылдауы мектепке дейінгілерге қарағанда едәуір қалыптасып қалған (көзінің көргіштігі, құлағының естігіштігі т.б. жақсы дамыған). Бірақ әлі де болса қабылдауының кейбір жеткіліксіз жақтары да кездеседі. Мысалы, орыс тілінен алынған ұқсас дыбыстарды ф,п немесе б,в фонемаларын дұрыс ажырата алмайтыны болады.
Жалпы алғанда, кіші оқушыға не қызықты немесе не қажетті соған мән беріп, осыны қабылдауға икем келеді. Мысалы, балаға берілген текст әр түрлі бояумен жазылса, осының өзі оқуға кедергі жасайды. Себебі, бала оқудың орнына, бояуға жазығып алаңдайды.
Кіші оқушыға, әсіресе кеңестік пен уақытты қабылдау қиындыққа соғады. Мысалы, алыстағы бағаның ұзындығы баланың қасындағы бағанадан қысқа не ұзын ба деп сұрағанда, ол қысқа деп жауап береді. Себебі алыстағы зат өзінің көлелімен (ұзындығынан) көзге кішкентай болып көрінетінін баланың ажырата алмауынан. Сол сияқты кіші оқушы 80 жастағы атасынан «Сен мамонттарды көрдің бе?«- деп сұрайды. Себебі мамонттар 10000 жыл бұрын өмір сүрді дегенді естігенімен, 80 және 10000 жылдың арасын жақсы ажырата алмай, екі оқиға да «алдақашан болып өткен«- деп шатастыруынан.
Баланың қабылдауында, мысалы, сөзді қабылдау (тыңдау) мен нақты затты қабылдаудың арасында недәуір айырмашылық бар: нақты затты қабылдау бірінші сигнал системасына әсер етеді де, сөзді қабылдау екінші сигнал системасының функциясы болып есептелінеді. Дамудың бұл түрі баланың әр түрлі объектілерді қабылдай алуына жағдай туғызады. Солай болса да, ілгеріде айтылған кіші оқушының қабылдауындағы жеткіліксіздіктер біразға дейін сақталынады.
Кіші оқушының зейіні де қабылдау сияқты әуелгі кезде терең дамымаған. Зейін, әдетте, ерікті және еріксіз түрлерге бөлінеді. Бала не қызық соған мән беретін екендігінен оның еріксіз зейіні алғашқы кезде ерікті зейінінен басым келеді. Оның еріксіз зейіні әсем бояулар не заттар немесе ұйқастырып айтқан сөздер өзіне тартқыш келетінінен мұғалім мүмкіндігінше сабақты қызықтыруға барлық күшті салады.
Кіші оқушыда 2-3 сыныптарда ерікті зейін пайда бола бастайды: ол қызық емес, бірақ қажет деген сабақтың бөлшектеріне зейінді бода алады. Баланың ерікті зейінін дамыту үшін оның істейтін жұмысын нақты етіп түсіндіріп, тапсырманы қалай орындаудың жоспарын көрсетіп отыру қажет.
Кіші оқушының зейінінің аумалылығымен күресу үшін объектілерді үнемі өзгертіп, не соларды бірінен соң бірін алмастырып отырған жөн. Тек сонда ғана бала зейінінің аумалы келуімен күресе алады.
Ес пен жадқа байланысты өзінше жұмбақ міндеттерді шешу кездеседі. Мұны мнемоникалық (“mnomo”- жад), міндет деп атайды. Мысалы, бір жағдайда берілген тапсырманы сол түпнұсқасынан айнытпай жадта қалдыру қажет. Екінші жағдайда тапсырманы өз сөзімен мән-мағынасын ғана айтып беруге болады. Осының өзі әр түрлі мнемоникалық міндет және әр түрлі психикалық әрекетті баладан талап етеді: егер түпнұсқасынан айтпай есте қалдыру жад процесіне байланысты келеді, өз сөзімен оны айтып беру ес процесіне жатады.
Ал балалар берілген мағлұматты жадында қалдыру үшін әуелі оған нендей талап қоятынын, тапсырманы жаттап алу қажет пе, не өз сөзімен айтып беру керек пе, соны білуі шарт.
Кіші оқушының қиялына келсек, әуелгі кезде мектепке дейінгілердің ойынында кездескендей мазмұнда болады. Бірақ оқудың талабына сай қиялдың мазмұны өзгерістерге ұшырайды. Әдетте, оқушының қиялы творчестволық және қайта жаңғырту қиялына бөлінеді. Ойынының көбісі шындықтан алыстап кеткенінен, мектепке дейінгілерде творчестволық қиял басым келеді де, мектептегілерде қайтадан жаңғырту қиялы кеңінен өріс ала бастайды. Қиялдың осы түрінің дамуына бастауыш сыныптардағы пәндердің көпшілігі едәуір ықпалын тигізеді. Оқуда бейненің қиялы бірте-бірте шындыққа дәл келе бастайды. Осының өзі творчестволық қиялға, яғни фантазияға қарағанда нәтижелі. Өйткені іске аспайтын қиялдан гөрі қиялданудың ақиқатқа жақын келуі баланы шындық тұрғысынан тәрбиелей алады.
Кіші оқушының ойлау процесіне келсек, оның қаншалықты дамығаны туралы әртүрлі пікірлер бар. Біз ілгеріде Ж.Пиаженің 7-11 жастағыларда тек қрапайым, яғни нақты ой операциясы кездеседі дейтінін ескерттік. Өзгелердің, яғни мәдени-тарихи теорияны жақтаушылардың (Л.С.Выготскийдің т.б.) пікірі бойынша оқымай келген бала мектепке барған соң ойы мен интеллектісі үлкен өзгерістерге ұшырайды: бала қарапайым, яғни натуралдық ойдан мәдени, яғни ұғым арқылы ойлануға көшеді. Соңғы пікір қазірге дейін үстем алып келсе де, әлі жете тексерілмеген. Нақты ой, яғни нақты бейнелерге негізделіп ойлану, көбінесе елестету не көрнекті заттың бейнесіне сүйеніп операция жасау болып табылады. Осының өзі талдау мен топтаудан, салыстырудан, абстракциялау мен нақтылаудан қарастырылады.
Ой операцияларының осы түрлері кіші оқушылардың оқу әрекетінде әртүрлі тереңдікте кездеседі. 1 сыныптағылар нақты затқа не солардың көшірмесіне (үлгісіне, суретіне т.б.) негізделе отырып, тапсырманы орындайды. Сол затқа не оның көшірмесін көз алдынан алып кетсе, тапсырманы орындау қиынға түседі. 2-3 сыныптағылар бірте-бірте заттың жеке қасиетіне, әсіресе негізгі белгілерін есінде қалдырып, соларды мүмкіндігінше топтастыра алуға үйренеді.
