- •Психология ғылым ретінде
- •2. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
- •3. Психология салалары
- •Қайталау және бақылау сұрақтары:
- •Психика. Сана. Тән мен жан
- •2. Мидың ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау қызметі
- •4. Ми қызметінің физиологиялық негіздері
- •Қайталау және бекіту сұрақтары:
- •Психикалық танымдық процестер:
- •2. Түйсіктердің физиологиялық негізі
- •3. Түйсік түрлері
- •4. Түйсік қасиеттері
- •2. Қабылдаудың қасиеттері
- •3. Қабылдаудың физиологиялық негіздері
- •4. Қабылдау формалары
- •5. Бақылау және қабылдауға тәрбилеу
- •2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
- •3. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •4. Сөйлеу түрлері
- •Елес және ес. Ойлау
- •3. Ес теориялары
- •4. Ес түрлері
- •5. Ес процестері
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •1. Ойлау жөнінде түсінік
- •2. Ойлау формалары
- •3. Ой қызметтері
- •5. Ойлау және жеке адам.
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Зейін түрлері
- •3. Зейіннің физиологиялық негізі
- •4. Зейіннің негізгі қасиеттері
- •2. Қиялдың физиологиялық негіздері
- •3. Қиял түрлері
- •4. Шығармашыл қиял әдістері
- •5. Қиял және жеке адам
- •2. Нышан және қабілет
- •3. Қабілет және тұлға даралығы
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Тұлѓаның даму себептері
- •4. Тұлғаның бағыт-бағдары
- •4. Өзіндік сана
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •2. Ерік теориялары
- •3. Еріктің физиологиялық негіздері
- •4. Ерік құрылымы
- •5. Ерік сапалары
- •6. Т±лғаның ерік тәрбиесі
- •2. Темперамент туралы теориялар
- •3. Темперамент түрлері
- •4. Темперамент және іс-әрекет
- •2. Мінез жөніндегі білімдер
- •3. Мінез бітістері
- •6. Мінездің ұлттық ерекшеліктері
- •7. Мінез және адамның жас сатылары
- •2. Сезім ерекшеліктері
- •3. Сезім қызметтері
- •4.Сезім түрлері
- •5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
- •Жеке адамның психологиялық өзгешеліктері. Темперамент
- •1. Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып- қымтырылмайды, оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар.
- •Даму психологиясы пәні. Даму психологиясының негізгі категориялары
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •Адам дамуының психологиялық мәселелері. Онтогененездегі жас кезеңдері.
- •2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
- •3. Психикалық даму және оқыту.
- •4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
- •2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
- •3. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және
- •3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.
- •5. Кіші оқушының жеке басының дамуы.
- •6. 1 Сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың
- •Жасөспірім шақтағы қарым-қатынас ерекшеліктері.
- •Жасөспірімдердің өмірлік жоспарлары мен кәсіп таңдауы
- •Талқылауға арналған сұрақтар
- •Дәрістің жоспары:
- •Дәрістің жоспары:
- •Әдебиеттер:
1. Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып- қымтырылмайды, оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар.
Мұндай бала жылдам және қозғыш, көңіл күйі жиі өзгергіш келеді, көп нәрсеге қызығады, бәрін біліп алуға тырысады, бірақ біреу бағыттап отырмаса тез суып кетуі де ықтимал. Ақыл-ой әрекеті белсенді жүріп отырады. Класта мұғалімнің айтқандарын қиналмай ұғады, сұрақ қоюға жаны құмар. Оның сөзі жылдам, анық, түсінікті, паузалар мен интонацияларды жақсы сақайды, сөзді мәнерлей айтуға тырысады. Сөйлегенде ым-ишара (мимика, пантомимика) жағы басым келеді, көбінесе эмоциялы, қозу жағдайында тұрады. Осындай балалардың мінез- құлқын қажырлық, белсенділік сияқты кейбір жақсы қасиеттерді көруге болады. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.
2.Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жасқылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Мұндай балалардың сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді десе де болады. Ол оқушының дауыс екпіні баяу келеді, аптықпай, асып- саспай сөйлейді, сөзі ым- ишаралармен ерекшеленіп тұрмайды. Флегматик темпераменттегі балалардың көпшілігі мектепке келгеннен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.
3. Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Бұл ұшынқонып тұратын, күкгелек, танымсыз, шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгереті, қарым-қатынаста аумалы- төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді пысық, бірақ бейқам, ашуланшақ бала. Мұндай оқушы қимыл-әрекетті сүйеді. Әдетте оның қимыл-қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Онда ой әрекетінің белсенділігі оқу тапсырмаларын орындауынан жақсы көрінеді. Спорт, әсіресе қозғалыс ойындарына бар ықыласымен қатынасады. Мектепте ұйымдастырылатын жұмыстада балалардың алды болатын да осылар. Мұндай балалардың көбінің мінездері сотқар, шалдуар келеді. Өз эмоциялары мен қимыл- қоғалыстарын билей алмай, қабынып, «күйіп-пісуге» дайын тұрады. Ашуы шапшаң қатты қияңқы, ұнамсыз істерге әуес. Бұлардың сөзі жылдам, интонация толқамалы, кейде топ ішінде даусы қатты шығып та кетеді. Олар тез, қызу сөйлеп, төңірегілерді бірден ұйытады. Холерик темпераментіндегі бала өте сезімтал болғандықтан, түрлі әсерлерге тез беріледі, ызақор, ашуланшақ келеді. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.
4. Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Сәл нәрсеге ренжиді,өкпелегіш, пессимист тұйық, сөзге сараң аса баяу қозғалатыны жай басар. Мұндай оқушылардың сезімталдығы өте баяу көрінгенмен, онысы терең және ұзақ уақытқа созылады. Меланхоликтер мектеп өміріндегі оқиғалардың бәрін үлкен әсермен қабылдап, оларды көп ойлайды. Мәселен, мұғалім онвы тақтаға шақырып есеп шығартса, мұның өзі оған кейде әлдеқандай әсер етеді. Ол кейде қызараңдап ұялады, егер мұғалімнің тапсырғанын орындап шыға алмаса, осыған қатты қайғырады, көпке дейін бұл оның есінен кетпейді. Егер мұғалім кластағы балалардың көзінше оған ұрысатын болса (бұлай ету әрине дұрыс емес), мұндайда бала төмен қарап жылап, кейде жауап айта алмайтын жағдайға ұшырайды. Ол көпке дейін булығып, белсенді сөз айтудан қалады. Меланхолик темпераментіндегі оқушы, көбінесе өз жолдастарының арасында көзге түспей, жай ғана жүріп- тұрғанды ұнатады, «мен» деп ешқашан ұмтылмайды. Ол ұялшақ, тартыншақ тұйық болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Мектепте осындай балалардың құрбы- құрдастары «қорқақ», «сылбыр», «үндемес», «маубас» т.б. деп келеке ететін кездері де болады. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бірбет, қыңыр, қисық келеді.
Темпераменттердің адам психикасынан алатын орнын топырақтың өсімдікке тигізетін әсерімен салыстыруға болады. Өйткені темперамент- адамның табиғи жағын көрсететін басты белгілерінің бірі. Әтсе де темперамент адам психологиясының бүкіл мазмұнын көрсете алмайды. Өмір сүру барысында біртіндеп қалыптасып отыратын адамның дүниетанымымен сенімі, қызығуына қажеті, мұраты мен талғамы, оның темпераментіне тәуелді емес. Бұл жөнінде Г. Чернышевский өте тамша айтқан: «Егер қабағыңа қар жауған, сөзге сараң Балленштейн соғысты қандай жақсы жүргізе білетін болса,әзілқой, сөзшеңСуворов та соғыстаодан аспаса, кем түспейтін» 1 .
Әр адамның темпераменті психикалық әрекетінің көрінуінде сырттай із қалдырғанмен, ақыл- ойының дамуына ешқандай елеулі әсер ете алмайды деген қағиданың бірден-бір дұрыстығын меланхолик темпераментіндегі оқушылардың өмірінен жақсы көруге болады. Нерв жүйесі әлсіз, жуас балалардың мектептерде оқу озаты болып жүргендері аз емес. Осы айтылғандардан темпераменттердің қандай болмасын тәрбиенің ықпалымен қалыптасып отыратындығы, тіпті меланхоликтердің өзін ерік жігері күшті, мінезді, коллективтің бағалы мүшесі етіп тәрбиелеуге болатындығы байқалады.
Оқушы темпераментімен санасу
Адамдардың темпераментін анықтау үшін оны өте мұқият зерттеу қажет болады. Көпшілік жағдайда темпераменттердің кейбір ерекшеліктері байқала қоймайды да, осыған орай кейде қате қорытындылар жасалады. Темпераменттер нерв жүйесінің тума типтеріне көбірек тәуелді болғандықтан, оларды тек лаборатория жағдайына ғана зерттеу жақсы нәтиже береді. Жоғарыда атап өткендей, адамның іске қызығуы әуестенуімен байланыстылығы және істің әр саласында бір темпераменттің өзі әр түрлі көрінетіндерін психология ғылымы дәлелдеп отыр.
Түрлі темпераменттердің ішінен бұлардың қайсысы жақсы деп сұрақ қоюға болмайды. Кез келгеннің де ұнамды, ұнамсыз жақтары бар. Әр адам өз темпераменттінің жақсы жақтарын біліп, нашар жақтарынан арылу жолын қарастырса, сөйтіп өз темпераментін меңгере алатын халге жетсе- бұл осы адамның сана сезімінің жақсы көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Ал керісінше, адам темпераментіне еріп, өзіне-өзі ие бола алмаса, темпераменттің қайсысы болсын адамды ұнамсыз етіп көрсететін болады.
Оқушылардың мінез-құлқын жан-жақты етіп тәрбиелеуді олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөліп отырудың маңызы зор. Темперамент трбиесінде әрбір мұғалім И. П. Павловтың нерв жүйесінң типтері туралы іліміне сүйенуі тиіс, Павлов ілімі нерв жүйесінің типтері өмір барысында өзгеріске түсетіндігін, бұлардың тума ерекшеліктерімен қоса, қоғамдық тәрбиенің әсерімен қалыптасатын типтері де болатындығын, нерв жүйесінің типтерін арнаулы жаттығулар арқылы өзгертуге болатындығын көрсетті. Мәселен, қозуы аса күшті ұстамсыз типтің нерв процестерін теңдестіру арқыы одан темпераменттердің жақсы жақтарын тәрбиелеуге болатындыы байқалады. Осы ілімге сүйене отырып тәрбиешілер холериктерді ұстамсыздықтан аулақтатып,тыныш ұзақ жұмыс істеуге үйретіп, сангвиниктерді жұмысты сабырмен асықпай істеуге, флегматиктерді жабарақаттыққа тәрбиелеулері тиіс. Мұғалім оқушылардың темпераменттерін тәрбиелеулері олардың моральдық қасиеттерін тәрбиелеу ісімен ойластыра жүргізуді жоспарлаған жөн. Балалардың сабақ үстіндегі тәртібін ұйымдастырғанда, әсіресе, мінез-құлықтық кейбір теріс көріністерді әңгіме болған кезде олардың темперамент өзгешеліктері еске алынып отырылуы тиіс. Мұғалім үй тапсырмаларын сұрау, жаңа сабақты пысықтау кездерінде де әр баламен жеке –үндесіп отырмаса болмайды. Мәселен, тілі мен жағына сүйенген холерикті тыныштандырып, үндемей отырған флегматикті жауап беруге шақыру мұғалімнен асқан байсалдалықты қажет етеді. Ал кейбір жағдайда меланхолик бала тәртіп бұзған болса(мұндай жағдай өте сирек болады, әрі олар өздері бірінші болып тиіспейді), оны жұрт алдында қызартып, ұялту дұрыс емес. Мұндай баламен істің мәнісін ашу үшін оңаша сөйлескен дұрыс,тіпті бір қараудың өзі жетіп жатыр. Холерик темпераментіндегі балаға қатаң ескерту жасап, қойылған талапты қалайда орындатқызу жағын ойластырмаса болмайды. Сангвиниктер мен холериктердің мектептегі қоғам жұмыстарына өздері тіленіп қатысатыны өте жақсы әдет Бірақ бұларды қадағалап, жұмысына бағыт беріп отырмаса, жұмыстың нәтижесі төмен болуы ықтимал. Әсіресе сангвиниктерді қатты бақылаған абзал, өйткені олар жұмылып кіріскендерімен, жылдам суып қалатын балалар.
Темпераменттерді тәрбиелеуде баланың ерік-жігерін, мінез бітістерін, сезім-эмоцияларын тәрбиелеумен ұштастырыла жүргізілгені дұрыс. Адамның өзін-өзі ұстай алу қабілетінің дамуы темперамент тәрбиесіне жақсы жәрдем береді. Ерік темпераменттің кез келген түрінен де алдыңғы қатардан орын алу қажет. Ерік –жігері күшті дамыған адамға темпераменттің қандайы болсада жараса береді. Мәселен, нағыз холерик темпераментінің өкілі боп саналған орыс қолбасшысы Суворов ерік- жігерінің аса күштілігінен темпераменттің жетегінде кетпей, ерлік істердің небір кереметтерін көрсетіп, туған Отанының даңқын шығаруға зор үлес қосқан.
Оқушылардың темпераменттерін тәрбиелеудің айтылғандардан басқа да көп әдістер мұғалім баяу болса да темпераменттердің өзгеріп отыратындығын, яғни ол адамның жасына, білімі мен тәжірибесіне, тәлім-тәрбиесіне, нақтылы әрекетіне байланысты түрлі өзгерулерге түсетіндігін ылғи да еске ұстап, осыған орай әрбір оқушымен жеке жұмыстар жүргізу қажет. Мәселен, оқушының жасына қарай оқудағы үлгірім дәрежесін, тәртібін, басқа балалармен қарым-қатынасын, қоғам жұмыстарына қалай араласатындығын ұдайы қадағалау, олардың ата-аналарымен байланыс жасау, әсіресе қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстырып отыру қажет. «Темпераментті тізгіндей білу үшін адамның жақсы тәрбиеленуі керек» (М. Жұмабаев).
6- дәрісбаян.
