Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 сынып Қазақ тілі І -ІІ тоқсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
470.02 Кб
Скачать

III. Қорытынды бөлім.

  • Сан есім дегеніміз не?

  • Сан есімнің сұрақтарын айтыңдар?

  • Сан есім мағыналық түріне қарай нешеге бөлінеді?

IY. Үйге тапсырма. 5-жаттығу.

Y. Бағалау.

Сыныбы:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: дыбыстардың дауысты және дауыссыз болып бөлінетінін, дауысты дыбыстардың өзі жуан және жәңәшке болып бөлінетінін еске түсіру.

Дамытушылық: танымдылық қабілетінің, ой-қиялының дамуына ықпал ету; сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: сауатты, таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: сурет салынған плакат, дыбыстар жіктемесінің кестесі.

Сабақтың барысы:

I. Кіріспе бөлім.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  • Дыбыс дегеніміз не?

  • Әріп дегеніміз не?

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Әліпбиде әріптер қалай беріледі?

Сурет бойынша жұмыс.

II. Негізгі бөлім.

  • Дыбыс пен әріптің айырмашылығын айтыңдар?

1-жаттығуда берілген сөздердің әрбірінде неше дыбыс, неше әріп бар екенін тауып, сосын оның алғашқы үш сөзіне дыбыстық талдау жасауға тапсырма беріледі.

2-жаттығу. Алдымен жуан дауысты дыбыстары бар сөз, сосын бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздер, одан кейін құрамында жуан да, жіңішке де дауысты дыбыстары бар сөздері қатыстырып, бірнеше сөйлем құрауға тапсырма беру керек.

3, 4-жаттығу да осындай ретпен орындалады.

III. Қорытынды бөлім.

«Сөз құра, көп құра» дидактикалық ойыны. Тақтаға әріптер жазылады. Оқушылар осы әріптерді қатыстырып бірнеше сөз құрайды.

Б а қ ж ш т д

А о ы у і л е к қ

  • Құрастырған сөзде неше дыбыс, неше әріп бар?

  • Бір сөзге дыбыстық талдау жаса.

«Қызықты грамматикада» берілген тапсырмаларды орындау.

Оқушылардың дыбыс пен әріп туралы алған білімдері пысықталады.

IY. Үйге тапсырма. 5-жаттығу.

Y. Бағалау.

Сыныбы:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Э дыбысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Эәрпі орыс және өзге шет тілдерінен енген сөздерде ғана қолданылатынын түсіндіру; дыбыс пен туралы алаған білімдерін пысықтау.

Дамытушылық: танымдылық қабілетінің, ой-қиялының дамуына ықпал ету; сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: сауатты, таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың: «Ой қозғау», «Венн диаграммасы», «Топтастыру», «Еркін жазу» стратегиялары әдісі (СТО бағдарламасының стратегиялары).

Сабақтың барысы:

I. Кіріспе бөлім.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Негізігі бөлім.

Терме диктант жаздыру. Төмендегі сөздердің ішінен э дыбысы бар сөздерді теріп жазуға тапсырма беріледі. (Елік, экспедиция, ескерту, ереже, экспорт, кесіртке, энциклопедия).

Е дыбысы мен э дыбысы бар сөздерді салыстыртып оқыту.

Е жіне э дыбыстарын дұрыс айтып үйрену. Бұл дыбыстарды айтқан кезде:

  • Ерін керіліп, екі езу құлаққа қарай жылжиды;

  • Иек төмен түсіп, ауа еркін шығады;

  • Тіл ұшы ілгері жылжып, тілдің үсті шамалы төменге ойысады. Осының нәтижесінде бұл дыбыстардың жіңішке айтылатыны түсіндіріледі.

Э дыбысының дауысты дыбыс екені, тек орыс және өзге шет тілдерінен енген сөздерде ғана кездесетіндігі айтылады.

Оқулықтағы жаттығуларды орындауға тапсырма беру.

Жұмыс түрлері: Е мен э дыбыстары салыстырылады, бірнеше сөйлем құрастырып, дыбыстық талдау жасалады, сөйлемдерді көшіріп жазылады, мәтінді қып, мазмұны ашады.