Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 сынып Қазақ тілі І -ІІ тоқсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
470.02 Кб
Скачать

I. Қызығушылығын ояту.

«Адасқан сөздер» дидактикалық ойыны.

II. Мағынаны тану.

Оқушылар сөздердің мағынасын ашуға ұмтылу арқылы әр затты, құбылысты саралап, дәл анықтауға дағдыланады.

Мағыналас сөздермен танысу мақсатында берілген жаттығуларды орындау арқылы балалар кейбір сөздерді сол мағынаны беретін басқа сөздермен ауыстырып айту, ол сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрау, берілген мағыналас сөздердің ішінен өз ойын дәл беретінін таңдап, мәндес сөздерді қолданып мәтін құрастыруды үйренеді.

Мәндес сөздердің мағынасын ашуға арналған жаттығулар орындау.

1-жаттығуда мәтінді мәнерлеп оқып, қарамен жазылған сөздерді төмендегі мәндес сөздермен ауыстырады.

2-жаттығуда берілген сөздерге мәндес сөздер тауып жазады. Өздері қалаған үш сөзге сөйлем құрастырады.

3-жаттығу сөйлемдерді оқып,жақша ішіндегі сөздердің тиістісін қойып, мәтінді көшіріп жазу.

4-жаттығуда суреттерді мұқият қарап, берілген мәндес сөздер қай суретке сәйкес келетінін анықтайды.

III. Сабақты қорытындылау.

Дыбысталуы әртүрлі, мағынасы бірдей сөздерді оқытуға ерекше көңіл бөлінеді. Оқушылар сабақта дыбысталуы әртүрлі, мағынасы бір сөздердің мағынасын ашып үйренеді. Әртүрлі айтылатын сөздердің бірдей мағынасына анықтама береді, ол сөздер сөйлемде қандай мағына беріп тұрғанын анықтайды.

IY. Үйге тапсырма. 5 -жаттығу.

Y. Бағалау.

Сыныбы:3 «А»

Пәні:қазақ тілі

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Мәндес сөздер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың мәндес сөздер және оның мағынасы туралы білімін кеңейту; берілген сөздермен мағыналас сөздерді таба білуге, сөздердің мағынасын анықтай білуді үйрету.

Дамытушылық: өз бетімен талдау, саралау, қолдану арқылы шығармашылық тапсырмаларды орындату.

Тәрбиелік: сауатты, таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Адасқан сөздер» дидактикалық ойын, кесте.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылығын ояту.

«Адасқан сөздер» дидактикалық ойыны.

II. Мағынаны тану.

Оқушылар сөздердің мағынасын ашуға ұмтылу арқылы әр затты, құбылысты саралап, дәл анықтауға дағдыланады.

Мағыналас сөздермен танысу мақсатында берілген жаттығуларды орындау арқылы балалар кейбір сөздерді сол мағынаны беретін басқа сөздермен ауыстырып айту, ол сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрау, берілген мағыналас сөздердің ішінен өз ойын дәл беретінін таңдап, мәндес сөздерді қолданып мәтін құрастыруды үйренеді.

Мәндес сөздердің мағынасын ашуға арналған жаттығулар орындау.

1-жаттығуда сөйлемдерді оқып, қарамен жазылған сөздерді мәндес сөздермен ауыстырып жазады.

2-жаттығуда берілген сөздермен мәндес сөздер тауып жазады. 3-4 сөзге сөйлем құрастырады.

3-жаттығуда жақша ішіндегі сөздердің тиістісін қойып, мәтінді көшіріп жазады.

4-жаттығуда мәндес сөздерді пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құрастырып жазады.

III. Сабақты қорытындылау.

Дыбысталуы әртүрлі, мағынасы бірдей сөздерді оқытуға ерекше көңіл бөлінеді. Оқушылар сабақта дыбысталуы бір, мағынасы әртүрлі сөздердің мағынасын ашып үйренеді. Әртүрлі айтылатын сөздердің бірдей мағынасына анықтама береді, ол сөздер сөйлемде қандай мағына беріп тұрғанын анықтайды.

IY. Үйге тапсырма. 5 -жаттығу.

Y. Бағалау.

Сыныбы:3 «А»

Күні:

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қарама-қарсы мағыналы сөздер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қарама-қарсы сөздер және оның мағынасы туралы білімін кеңейту; берілген сөздермен мағыналас сөздерді таба білуге, сөздердің мағынасын анықтай білуді үйрету.

Дамытушылық: өз бетімен талдау, саралау, қолдану арқылы шығармашылық тапсырмаларды орындату.

Тәрбиелік: сауатты, таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Сиқырлы сөздер» дидактикалық ойын, кесте.

Сабақтың барысы: