Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 сынып Қазақ тілі І -ІІ тоқсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
470.02 Кб
Скачать

II. Мағынаны тану.

1-жаттығуды оындағаннан кейін, и және й әріптерін салыстыру үшін Венн диаграммасын толтыруға болады. Алдымен әр топ диаграмманы толтырып, өзара талқылайды. Содан кейін топ мүшелері бірін-бірі толықтыра отырып, барлығы бірлесіп тақтада Венн диаграммасын құрайды.

и

й

1. Дауысты дыбыс.

2. Дауыссыз дыбыстан кейін жазылады.

3. Сөздің басында көп кездеседі.

4. Буын құрайды.

5. Айтылуында и дыбысының алдында –ы, -і дыбысы естілгенімен, жазылмайды.

6. Тек тый, сый сөздерінде ы әрпі жазылады.

1. Дауыссыз дыбыс.

2. Әріптік таңбасы бар.

3. Сөздердің ішінде кездеседі.

4. Сөздің басы, ортасы, соңында келеді.

5. Дауысты дыбыстан кейін жазылады.

6. Шет тілдер енген сөздердің ғана басында келеді.

7. Буын құрамайды.

Содан соң 2-жаттығу орындалады. Тый, сый сөздерінен таралған сөздерді қай топ көбірек жазатынын анықтау үшін жарыс ұйымдастырылады.

3-жаттығуды орындау арқылы оқушылар у дыбысының дауысты, дауыссыз және кейде жуан, кейде жіңішке болу себептерін анықтайды. Берілген сөздерге у әрпін жалғау арқылы ы, і дыбыстарының түсіп қалатынына көздерін жеткізеді.

5-жаттығу арқылы балалар й әрпі сөз басында келетін шет тілінен енген сөздермен танысады.

III.Ой толғаныс.

«Семантикалық картаны» толтыру («+» «-» таңбаларын қою арқылы орындалады).

Дауысты

Дауыссыз

Жуан айтылады

Жіңішке айтылады

Сөз басында

Сөз ортасында

Сөз соңында

и

й

у

IY. Үйге тапсырма. 4-жаттығу.

Y. Бағалау.

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Я, ю әріптерінің жазылуын қайталаймыз.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: й+у дыбыстарының орнына «ю», й+а дыбыстарының орнына «я» әрпі жазылатынын оқушылардың есіне түсіру, қайталау; оқулықта кездескен жаңа сөздердің мағынасына түсініп, дұрыс қолдана білуді үйрету.

Дамытушылық: танымдылық қабілетінің, ой-қиялының дамуына ықпал ету; сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, «Ойлану, жұптасу, пікірлесу», «Дөңгелек үстел», «3 қадамдық сұхбат» стратегиялары (СТО бағдарламасының стратегиялары).

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылығын ояту.

Оқушылар топқа бөлінеді. Әр топқа мынадай тапсырмалар беріледі.

1-топқа тапсырма:

Дыбыс

Әріп

Қазақ тіліндегі сөздерде

Басқа тілден енген сөздерде

й+а

й+у

2-топқа тапсырма:

қи қию қи қия

жи + у = ... жи +а = ...

си ... си ...

3-топқа тапсырма:

сы сыюы

я ... ю ...

тыяды ...