Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 сынып Қазақ тілі І -ІІ тоқсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
470.02 Кб
Скачать

II. Мағынаны тану.

Оқулықта берілген жаттығулар орындалғанна кейін «Кубизм» стратегиясын қолдану. Оқушылар топтарға бөлінеді. Неше топ болса, текшенің сонша жағына тапсырмалар жазылады.

1-тапсырма. Мәтіннің сөйлемнен айырмашылығын айт.

2-тапсырма. Мәтіннің тақырыбын қалай таңдау керек?

3-тапсырма. Мәтіннің басталуы деген не?

4-тапсырма. Мәтіннің аяқталуы деген не?

5-тапсырма. Мәтінді қалай құру керек?

III. Ой толғаныс.

«Бір айналым сөйлесу» стратегиясы. Топтың санына қарай тақырыптар жазылады. Әр топ тақырып таңдап алады. Топтың таңдаған тақырыбына қарай әр оқушы бір сөйлемнен жалғастырып жазып, 4-5 сөйлемнен тұратын логикалық байланысқан мәтін құрастырады.

Оқушылардың мәтін туралы білімдері пысықталады.

IY. Үйге тапсырма. 5-жаттығу.

Y. Бағалау.

Сыныбы:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің жоспары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: мәтін құрастыру, негізгі идеясын; ондағы негізігі ойды анықтау арқылы мәтінге жоспар құру; құрылған жоспар бойынша мәтін құрастыруды үйрету.

Дамытушылық: танымдылық қабілетінің, ой-қиялының дамуына ықпал ету; сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: сауатты, таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: «Араласып кеткен оқиғалар», «Авторға сұрақ қою» стратегиялары.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылығын ояту.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Араласып кеткен оқиғалар» стратегиясы бойынша жұмыс. Шағындау мәтін таңдап алу. Мәтін бір бет қағазға жазылып, бөлімдер бойынша бірнеше бөлікке бөлініп қырқылады. Ол бөліктер партаның бетіне орындарын ауыстырып жайылып қойылады.

Оқушылар осы мәтіннің бөліктерін оқып, мазмұнына қарай ретін тауып құрастырады. Әр топқа құраған мәтіннің мазмұнын айтқызу.

II. Мағынаны тану.

1-жаттығу арқылы әңгімелеу мәтінін қалай құрастыруға болатынын еске түсіру. Оқушылар «Жайлаудағы бір күнім» тақырыбында әңгімелеу мәтінін құрастырады.

2-жаттығу, «Сұлтан Бейбарыс» мәтіні бойынша жасалатын жұмысты «Авторға сұрақ қою» стратегиясы арқылы жүргізіледі. «Автор» болған топ мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап береді. Оқиғаның әрі қарай қалай жалғасатынын болжайды.

3-жаттығуда берілген жоспар бойынша мәтін құрастырылады.

III. Ой толғаныс.

«Әңгімені бірлесе жазу» стратегиясы. Әртүрлі тақырып жазылған бірнеше карточка болады, әр топ бір-бір тақырыпты таңдап алады.Алдымен топ мүшелері тақырып бойынша қандай идеялар қамтылатынын топтастыру арқылы жазады. Оқиға желісін анықтап алғаннан кейін, 1-оқушы мәтіннің басталуын (кіріспе бөлім) жазады, 2-оқушы болған оқиғаны жазады, 3-оқушы мәтінді аяқтайды (қорытынды бөлім), 4-оқушы оқиғаға өз көзқарасын білдіреді.

IY. Үйге тапсырма. 5-жаттығу.

Y. Бағалау.

Сыныбы:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Мәтін

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: мәтіннің бір түрі – сипаттау мәтіні туралы түсінік беру; затты немесе құбылысты сипаттауды үйрету; сипаттау мәтінін құрастыруда теңеу сөздерді дұрыс қолдана білу дағдаларын арттыру.

Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: сауатты, таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: «Жұп болып оқу», «Дөңгелек үстел», «Топтастыру», «Еркін жазу» стратегиялары.

Сабақтың барысы: