Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 сынып Қазақ тілі І -ІІ тоқсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
470.02 Кб
Скачать

III. Қорытынды бөлім.

  • Х, һ дыбыстары қандай дыбыстар?

  • Х, һ дыбыстары кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

  • Х, һ дыбыстары сөздің қандай буындарында кездеседі?

  • Сөздің барлық буындарында кездеседі. Мысалы: қаһарман, жиһан, хат, хикая, т.б.

«Қызықты грамматикада» берілген тапсырмалар орындалады.

IY. Үйге тапсырма. 4-жаттығу.

Y. Бағалау.

Сыныбы:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Х, һ дыбыстары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: х, һ дыбыстарының қатаң дауыссыз дыбыс екені; орыс және шет тілінен енген сөздерде ғана кездесетінін түсіндіру.

Дамытушылық: танымдылық қабілетінің, ой-қиялының дамуына ықпал ету; сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: сауатты, таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, карточкалар.

Сабақтың барысы:

I. Кіріспе бөлім.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  • Х, һ қандай дыбыстар?

  • Х, һ дыбыстары кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

Кесте ілініп, оқушылардың жауаптары толықтырылады.

Х, һ дыбыстары

1. Қатаң дауыссыз дыбыс.

2. Сөздің барлық буынында кездеседі.

3. Қалай жазылса, солай айтылады.

II. Негізгі бөлім.

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу бойынша жасалатын жұмыстар:

  • Төмендегі сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрастырып жазады;

  • Сөздердің жазылуын есіңе сақтаңдар;

  • Х әрпі сөздің қай жерінде кездесіп тұр?

2-жаттығу. Өлеңді жатқа жаз. Өлеңдегі қарама-қарсы мағынадағы сөздерді тауып айт. Х дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтір. Өлеңнің мағынасын түсіндір.

Ереже пысықталады.

3-жаттығу. Мәтінді түсініп оқыту, мазмұнын сұрау. Х, һ әріптері кездесетін сөздері бар сөйлемдерді көшіріп жазады. Археолог мамандығы туралы не білесің?

Кесене деген не?

4- жаттығу. Күзгі жапырақтардың орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқы. Х, һ әріптері сөздердің астын сыз.

III. Қорытынды бөлім.

  • Х, һ дыбыстары қандай дыбыстар?

  • Х, һ дыбыстары кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

  • Х, һ дыбыстары сөздің қандай буындарында кездеседі?

  • Сөздің барлық буындарында кездеседі. Мысалы: хайуанат, халық, шаһар т.б.

«Қызықты грамматикада» берілген тапсырмалар орындалады.

IY. Үйге тапсырма. 5-жаттығу.

Y. Бағалау.

Сыныбы:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің тақырыбы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: мәтін туралы алған білімін әрі қарай жетілдіру; мәтіннің сөйлемнен айырмашылығын анықтай білу; мәтін құрастыру, оған тақырып таңдай білу дағдыларын арттыру.

Дамытушылық: танымдылық қабілетінің, ой-қиялының дамуына ықпал ету; сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: сауатты, таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: «Пирамидалық оқиға», «Кубизм», «Бір айналым сөйлесу» стратегиялары.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылығын ояту.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

«Пирамидалық оқиға» стратегиясы.

1._____________________

2.__________________________

3. ______________________________

4.____________________________________

5.___________________________________________

6.________________________________________________

7. ______________________________________________________