Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 сынып Қазақ тілі І -ІІ тоқсан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
470.02 Кб
Скачать

III. Қорытынды бөлім.

  • Ф дыбысы қандай дыбыс?

  • Ф дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

  • Ф дыбысы сөздің қандай буындарында кездеседі?

  • Сөздің барлық буындарында кездеседі. Мысалы: шкаф, фабрика, кофе, т.б.

«Қызықты грамматикада» берілген тапсырмалар орындалады.

IY. Үйге тапсырма. 5-жаттығу.

Y. Бағалау.

Сыныбы:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ч, щ дыбыстары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ч, щ дыбыстарының қатаң дауыссыз дыбыс екені; орыс және шет тілінен енген сөздерде ғана кездесетінін түсіндіру.

Дамытушылық: танымдылық қабілетінің, ой-қиялының дамуына ықпал ету; сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: сауатты, таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, карточкалар.

Сабақтың барысы:

I. Кіріспе бөлім.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  • Ч, щ қандай дыбыстар?

  • Ч, щ дыбыстары кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

Кесте ілініп, оқушылардың жауаптары толықтырылады.

Ч, щ дыбыстары

1. Қатаң дауыссыз дыбыстар.

2. Тіл мен еріннің қатысымен жасалады.

3. Орыс және өзге шет тілдерінен енген сөздер де ғана кездеседі.

4. Сөздің барлық буынында кездеседі.

5. Қалай жазылса, солай айтылады.

II. Негізгі бөлім.

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу бойынша жасалатын жұмыстар:

  • Сөйлемдерді көшіріп, ч, щ әріптері кездесетін сөздердің астын сызады;

  • Ч, щ қандай дыбыстар?

  • Олардың мағынасын түсіндіру.

2-жаттығу көп нүктенің орнына ч, щ әріптерінің тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жазады.

Ереже пысықталады.

«Ч» сөзжұмбағын шешуге тапсырма беріледі.

3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп, ч, щ әріптері бар сөздердің астын сызады. Ч, щ, ш дыбыстарының айтылуында қандай ерекшелік бар?

4- жаттығу. Жұмбақты жатқа жазып, ащы сөзіне мағынасы қарама қарсы сөзді тауып айтады. Осы екі сөзді қатыстырып сөйлемдер құрастырып жазады.

III. Қорытынды бөлім.

  • Ч, щ дыбыстары қандай дыбыстар?

  • Ч, щ дыбыстары кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

  • Ч, щ дыбыстары сөздің қандай буындарында кездеседі?

  • Сөздің барлық буындарында кездеседі. Мысалы: карточка, борщ, чемодан, т.б.

«Қызықты грамматикада» берілген тапсырмалар орындалады.

IY. Үйге тапсырма. 5-жаттығу.

Y. Бағалау.

Сыныбы:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ч, щ дыбыстары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ч, щ дыбысының қатаң дауыссыз дыбыс екені; орыс және шет тілінен енген сөздерде ғана кездесетінін түсіндіру.

Дамытушылық: танымдылық қабілетінің, ой-қиялының дамуына ықпал ету; сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: сауатты, таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, карточкалар.

Сабақтың барысы:

I. Кіріспе бөлім.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  • Ч, щ қандай дыбыстар?

  • Ч, щ дыбыстары кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

II. Негізгі бөлім.

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу бойынша жасалатын жұмыстар:

  • Әліппелік жұмбақты жатқа жазады;

  • Ч әрпі кездесетін сөздердің астын сызады;

  • Олардың мағынасын түсіндіру.

2-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, көшіріп жазады. Ч әрпі қай сөзде кездесіп тұр? Ч қандай дыбыс? Ч дыбысынан басталатын тағы қандай ерлерді білесің?

Ереже пысықталады.

3-жаттығу. Сөздерді көшіріп жазып, жазылуын есте сақта. Щ әрпі кездесетін сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрастырып жаз.

4- жаттығу. Әліппелік жұмбақты оқып, шешуін табады. Жұмбақты көшіріп жазып, щ әрпінің астын сыз.