Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Respublik_test_Office_Word.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.61 Mб
Скачать

30 Жастағы науқаста кенеттен дисфагия, тағамды жұтқаннан кейін төс артының ауырсынуы пайда болды. Сіздің болжамалы диагнозыңыз қандай?

A) өңештің қатерлі ісігі

B) халазия

C) ахалазия

D) өңештің полиптері

E) көк еттік жарық

{Дұрыс жауабы}=C

$$$007

Науқас шап аймағындағы жарықтың болуына және оның жиі қысылуына шағымданады. Қысылған сәтте қасаға үсті аймағына тартылып ауырсыну, кіші дәретке жиі баруы анықталады. Науқаста не болуы мүмкін?

A) жапқыш тілігінің жарығы

B) шаптың тіке жарығы

C) сан жарығы

D) шаптың қиғаш жарығы

E) жылжымалы жарық

{Дұрыс жауап}=Е

$$$008

Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатографияға негізгі көрсеткішті атаңыз?

A) іріңді холангит

B) паренхиматозды сарғаю

C) өт қабының перфорациясына күмән

D) жедел панкреатит

E) механикалық сарғаю, холедохтың терминальді бөлігінің тасы

{Дұрыс жауабы} = E

$$$009

Науқас К. 55 жаста, екі ай бұрын холецистэктомия операциясы жасалған, операция кезінде қателікпен холедох тілініп, қайта тігілген. Орташа ауырлық дәрежесінде келіп түсті. Тері жамылғысы сарғыш. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға доғасының астында ауырсыну, іш қуысының тітіркену симптомы жоқ. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?

A) резидуальді холедохолитиаз

B) холедохтың стриктурасы

C) өт өзегінің тұқылының ұзын болуы

D) Одди сфинктерінің тарылуы

E) холецистэктомиядан кейінгі холедохтың кеңеюі

{Дұрыс жауабы} = В

$$$010

Портальді гипертензиямен асқынған бауыр циррозы бар науқастарға қандай радикальді хирургиялық ем жүргізу қажет?

A) порто-кавальді анастомоз салу

B) бауыр трансплантациясы

C) экстраперитонизация жасау арқылы бауырдың электрокоагуляциясы

D) лимфовенозды анастомоздар салу

E) спленэктомия

{Дұрыс жауабы} = В

$$$011

Бауырдың 5-6 сегментiнде орналасқан, көлемi 15-20 см кистасы анықталған, эхинококкэктомия жасалды, хитиндi қабығы алып тасталды. Фиброзды қабығы жартылай алынды. Қалдық қуысты қалай жабу керек?

A) қуысты тампондап дренаж қою

B) оментопластика, дренаж

C) капитонаж

D) диафрагмапексия

E) марсупиализация

{Дұрыс жауап}=С

$$$012

Науқас Т., әлсіздік, тамақтан ішкеннен соң 30 минуттан кейін үдемелі болатын құсыққа шағымданады. 20 күн бойына науқастанады. 10-15 кг жүдеген. Анамнезінде 8 жыл бойына 12 елі ішек жара ауруымен науқастанады. Қандай зерттеу әдісі диагностика мақсатында ең тиімді?

А) іш қуысының УДЗ

B) іш қуысының жалпы шолу рентгенограммасы

С) ФГДС

D) диагностикалық лапароскопия

Е) асқазанның контрасты рентгеноскопиясы

{Дұрыс жауап}=Е

$$$013

88 жастағы науқас хирургиялық стационарға түсті, диагнозы: холедохолитиаз, механикалық сарғаю. Операция алдылық дайындаудан кейін науқас операцияға алынды, осы кезде науқасқа қандай операция керек екені туралы сұрақ туды. Қандай операциялық әдіс бұл науқасқа тиімді?

A) лапароскопиялық холецистэктомия

B) лапаротомия операциясы, холедохолитотомия

C) ретроградты эндоскопиялық папиллотомия

D) лапароцентез

E) лапароскоптың бақылауымен микрохолецистостомия

{Дұрыс жауабы}=С

$$$014

39 жасар науқас Р, қалтқының (привратник) субкомпенсация сатысындағы тарылуымен асқынған асқазанның созылмалы ойық жарасы клиникасымен түсті. Асқазан ойық жарасына тиімді жоспарлы операцияны атаңыз?

A) ваготамия және пилоропластика

B) антрумрезекция

C) селективті проксималды ваготомия

D) асқазан резекциясы

E) ойық жараны кесу

{Дұрыс жауап}=D

$$$015

Қан диабетінің I түрімен ауыратын 30 жастағы науқас инсулин жібергеннен 3 сағаттан кейін комотоздық жағдайға түсті. Ең алдымен қандай шара қолдану қажет?

А) ЭКГ түсіру

В) 5%- глюкоза ерітіндісін жіберу

С) 10-20 бірлік инсулин жіберу

D) қандағы креатининнің, элетролиттің және глюкозаның деңгейін анықтау

Е) 20 мл 40% глюкоза ерітіндісін жіберу

{Дұрыс жауабы} = Е

$$$016

25 жасар науқас П,стационарға үнемі шуыл естілетін екіншілік варикозды кеңейген көктамыр, аяқ көлемінің ұзаруы мен ұлғаюы клиникасымен түсті. Аталған белгілер қандай ауруға тән?

A) Паркс-Вебер ауруы

B) Педжет-Шреттер синдромы

C) Мондер ауруы

D) Бюргер ауруы

E) Клиппель-Треноне синдромы

{Дұрыс жауап}=С

$$$017

52 жасар науқасқа, жоспарлы түрде созылмалы тасты холециститке лапароскопиялық холецистэктомия жасалды. Операциядан кейін екінші күні сарғаю пайда болды. Қандай асқыну болып тұр?

A) өт өзегі тұқылының ашылуы

B) гепатикохоледохтың интраоперациялық зақымдануы

C) операциядан кейінгі панкреатит

D) гепатит

E) холедохтың клеммамен бітелуі

{Дұрыс жауап}=Е

$$$018

Науқас 60 жаста, өт-тас ауруымен бірнеше жыл ауырады, қазіргі ұстамасы түгелімен басылған жоқ, оң жақ қабырға тұсының ауырсынуы әлі мазалайды, 3 күннен кейін тері жамылғысының және склераның сарғаюы пайда болды.

Бауырдан тыс өт жолдарының қай бөлімінде тас болуы мүмкін?

А) өт қабында

В) ұйқы безінде

С) тас жалпы өт жолында болуы мүмкін

D) жалпы бауыр жолында

Е) қап жолында

{Дұрыс жауабы } = C

$$$019

Курвуазье синдромы қай ауруға тән?

А) Жедел холецистит;

В) Бауыр гемангиомасы;

С) Созылмалы панкреатит;

D) Ұйқы безінің кистасы;

Е) Ұйқы безі басының ісігі;

{Дұрыс жауабы }=Е

$$$020

Бадд-Киари синдромы кезінде қандай вена тромбозы дамиды?

А) Жоғарғы шажырқай венасының;

В) Көкбауыр венасының;

С) Кіндік венасының;

D) Бауыр венасының;

Е) Қақпа венасының;

{Дұрыс жауабы }=D

$$$021

Бауыр эхинококкозы бар жоспарлы түрде жатқызылған 30 жастағы науқаста операция алдында кенеттен ішінің ауырсынуы, перитонеальді белгілер, температурасының көтерілуі және теріде бөртпелер пайда болды. Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

А) Асқазанның ойық жарасының тесілуі;

В) Жедел паразитарлы гепатит;

С) Торсылдақтың жарылуы;

D) Торсылдақтың іріңдеуі;

Е) Пирогенді реакциясы;

{Дұрыс жауабы }= С

$$$022

Науқас М. 47 жаста, емханадағы хирург дәрігерге әлсіздікке, дене салмағының азаюына, тәбетінің төмендеуіне шағымданып келді. Анамнезінен: ауырғанына 1 жыл болған. Қарап тексергенде: Науқас жүдеген, іші үлкейген, перкуторлы жатық орындарда тұйықталу, склералары сарғайған, терісінде телеангиоэктазиялар бар. Науқаста қандай болжамды диагноз анағұрлым ықтимал?

A) Асқазан обыры;

B) Бауыр циррозы;

C) Ойық жара ауруы;

D) Ұйқы безі обыры;

E) Созылмалы панкреатит;

{Дұрыс жауабы }=В

$$$023

Науқас К., 42 жаста, қабылдау бөліміндегі хирургқа 39 С0 дене температурасының жоғарлауына, артқы тесік аймағындағы ыңғайсыздық сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде перианальді аймақтың ассиметриясы. Саусақпен тексергенде ішектің сол бүйір бетінде қабырғасы инфильтрацияланған, жедел ауырсыну сезімі байқалады. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

А) Шонданай-тік ішектік абсцесс;

B) Шатаралық теріасты абсцесс;

С) Жамбас-тік ішектік абсцесс;

D) Ретроанальді абсцесс;

E) Шырышасты абсцесс;

{Дұрыс жауабы }=А

$$$024

Науқас Л. 67 жаста, емханадағы хирургқа іштің кебуіне, дефекацияның қиындауына, үлкен дәреттен кейін ауру сезімі мен алқызыл қан мен шырыштың болуына шағымданды. Саусақпен тік ішекті тексергенде сфинктерден 8 см қашықтықта қуыстың тарылуымен түзіліс және анальді тесікте ауру сезімі анықталады. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі бірінші кезекте?

А) Аноскопия;

В) Колоноскопия;

С) Ирригоскопия;

D) Рентгенография;

Е) Ректороманоскопия;

{Дұрыс жауабы }=Е

$$$025

Науқас М. 76 жаста, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне әлсіздікке, бас айналуға, оң мықын аймағындағы болып тұратын ауру сезіміне, 37,60С дейінгі температураға шағымданды. Анамнезінен ауырғанына 4 ай, жағдайының нашарлағанына 6 тәулік болды. Қарап тексергенде оң мықын аймағында ауру сезімді, шекаралары анық емес инфильтрат пальпацияланады. Қан анализінде: эритроциттер 3,0х1012, лейкоциттер 9,0х109, гемоглобин – 87 г/л, гематокрит – 29% . Науқаста қандай болжам диагнозы анағұрлым ықтимал?

А) Аппендикулярлы инфильтрат;

В) Меккел дивертикулының қабынуы;

С) Тоқ ішектің бұралуы;

D) Соқыр ішек обыры;

Е) Ішек инвагинациясы;

{Дұрыс жауабы }= D

$$$026

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]