Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОЫ КУРС ИНШАЛЛА Мади.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71.74 Кб
Скачать

Қорытынды

Қорыта келгенде мұсылмандық құқықтың қайнар көздері жеке адамдар статусының құқықтарында жатыр. Негізінен, діни принциптерге негізделеді. Осы нормалардың негізгі институттары: неке, ажырасу, туыстық жөндері, отбасын материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету, бала тәрбиелеудегі міндеттер, өсиет, мұрагерлік, қамқоршы, т.б. Сол секілді жеке азаматтық құқықтарға (мәміле): жекеменшік мәселелерін реттеу, әр түрлі келісім түрлері мен оларды қамтамасыз ету, міндеттемелерді орындау тәртіптері т.б. кіреді. Сондықтан менің алға қойып отырған мақсатымда, осы нормалардың адам құқығына нендей әсері мен айтарлықтай айырмашылықтарын айып көрсету. “Исламдағы адам құқығы” менің дипломдық жұмысым болғандықтан, бұл курстық жұмыста қаралған тарау негізінен ер мен әйел арасындағы құқық болып отыр. Басты айтпағым Ислам әйелді ұрпақ тәрбиелеуші етіп құрметтейді және қоғамның түзелуін әйелдің түзелуіне, бұзылуын әйелдің бұзылуына байланыстырады. Өйткені, әйел өз үйінде ұлы іс атқарады. Бұл – ұрпақ тәрбиесі. Осыдан барып, қоғам пайда болады. Ал, қоғамнан мемлекет пайда болады. Ислам әйелді соншалық құрметтегеннен Құран Кәрім сүрелерінің біреуін әйелдерге арнап “Әйелдер” деп атады. Бұл Исламның әйелге, әсіресе анаға ерекше мән беруін көрсетеді. Өйткені, Аллаһ Тағала өзіне құлшылық етуге бұйырғаннан кейін, ата – анаға жақсылық жасауға бұйырған. “Раббы “Өзіне ғана ғибадат етулеріне және ата-анаға жақсылық етулеріңе әмір етті” . (Исра 17:23).

Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уа сәлләм, әйелге балалар тәрбиесін аманат етіп жүктеп, әйелді құрметтеп былай деген:

“…Әйел – күйеуі үйінде басшы және қол астындағыларға жауапкер”.

Қолданылған әдебиеттер

  1. “Құран Кәрім қазақша мағына және түсінігі”. аударған: Халифа Алтай. Сауд Арабиясы, Медине 1991жыл.

  2. Халифа Алтай Ғақыпұлы “Таңдаулы хадистер аудармасы”, Алматы 1994

  3. “1001 Хадис”, 1991жыл.

  4. “Бақытқа жету әліппемі”. Имам Ғазали

  5. Әбә Дәуід, Китабут Талақ – №2178 хадис.

  6. Абдур Рахман әл-Хәлләф, Әхкәмуль әхуәлиш шахсия – 143 бет.

  7. Бадаиғ – 4/225 бет.

  8. Алә’уддин әл-Кәсәни, Бадаиғ – 3/383 – 395 бет; әл-Лүбәб – 3/54 бет.

  9. Мұхаммед Ғашиқ әл-Бәрани, «Әт-Тәсһилуд-зарури»: Талақ-38 бет.

  10. Ибрахим ибн Язид ән-Нәхәғи, Ирак өңірінің ғұлама, фиқһшысы әрі хадисте «сиқа/сенімді» деген атаққа ие. Оның риуаят еткен хадистерін Нәсәий, Әбу Дәуід, Даруқутни сыңды ғұламалар өз хадис жинақтарына алған, кішкене күнінде Айша анамызға келіп, оны көрген кісі.

  11. Ибн Әби Шәйба, әл-Мусаннаф –4/57, «ат-талақ».

  12. Aлә’уддин әл-Кәсәни, Бадаиғ – 3/383 – 395 бет; әл-Лүбәб – 3/54 бет.

  13. Әл-фиқһ алал мәзәһибиль арбаға – 4/266 бет.

  14. Бадаиғ – 4/189 бет.

  15. Бақара сүресі- 228- 229 аят.

  16. Талақ сүресі – 1 аят.

  17. Нәсәи, әс-Сунәнуль Кубра, «Китабут Талақ», 2 баб/5557 хадис.

  18. Абдур Рахман әл-Хәлләф, Әхкәмуль әхуәлиш шахсия – 143 бет.

  19. Әл-Ихтияр – 3/144 бет.

  20. Сахих Муслим: Китабут Талақ «Бәбу тахрими талақил хаиз», №1471 хадис.

  21. Сахих Муслим: Китабут Талақ «Бәбу тахрими талақил хаиз», №1471

  22. Бадаиғ – 4/201-202 бет.

  23. Ақыл-есі дұрыс, кәмілетке толған болуы шарт.