- •I Бөлім. Ер азаматтың міндеті
- •II Бөлім. Әйелдiң күйеуi алдындағы мiндеттерi
- •III Бөлім. Отбасылық өмірде ислам уағыздарын ұстану
- •IV Бөлім.Жұбайлардың хақтары
- •1.Неке суы туралы
- •2.Некені бұзатын сөздер
- •3.Шариғаттың үйреткен талақ ету тәсілі қандай?
- •1. Әхсан талақ (ажырасудың ең абзал жолы-أحسن الطلاق):
- •2. Хасан талақ:
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
2.Некені бұзатын сөздер
Шариғатта некені бұзатын сөздер екі түрлі болып келеді:
1. Ашық. Бұл категорияға кіретін сөз «талақ» сөзі. Және әр елдің ана тіліндегі тек «талақ» мағынасына келетін сөздерді де осы топқа кіргіземіз. Біздің тілде некені бұзу сөзі көбіне «ажырасу» сөзімен білдіріліп жататындықтан, оны да «ашық сөздер» қатарына кіргізсек қателеспеспіз. Яғни, әйеліне «сенімен ажырастым» деп өткен шақта, нақтылап айтылған болса, бір талақ орнына жүріп, ниеті қарастырылмайды.
2. Ауыспалы (әл-киная). Ажырасу мағынасында да, өзге мағынада да қолданылуы мүмкін сөздер осы топқа жатады. Мысалы «үйіңе кет», «көргім келмейді», «киіміңді жина» сияқты астарында нені мақсат етіп тұрғаны белгісіз сөздерді айтқан адамның ниеті қарастырылады. Егер ниеті ажырасу болса, некелері бұзылады. Ал, ондай ниеті жоқ болса некелері бұзылмайды.
Бірінші категорияға жататын сөздер – «рижғи талақ» үкімінде. Бұл дегеніміз – бірінші рет не екінші рет «сені талақ еттім» деп айтқан кісінің талағы (егер де үш рет айтпаған болса) арадағы некені бұзбайды. Сондықтан, ері үш хайыз келу уақыты ішінде әйелімен татуласуына құқылы. Неке жаңартуына керегі жоқ. Рижғи талақта татуласу – әйеліне «мен райымнан қайттым», «сөзімді қайтарып алдым», «сенімен ажыраспаймын», «сені қайтардым» деп айту сияқты сөз жүзінде немесе оны (әйелін) махаббатпен сүю, аймалау т.б. әрекеттері арқылы іс жүзінде жүзеге асады. Айта кететін маңызды мәселе, бір рет талақ айтқан болса, үш рет талақ айту құқы екіге кеміген болады.
Алайда, үш хайыз келу уақыты ішінде әйелін қайтармаған болса, «кіші байын талақ» үкіміне кіріп, некелері бұзылады. Қайта татуласқысы келсе, әйелінің рұқсатымен некесін жаңартуы тиіс.
Екінші категорияға жататын сөздерді (ауыспалы) қолданған кісінің талағы «кіші байын талақ» үкімінде, әрине егер ажырасу ниетінде айтқан болса. Егер ниеті ажырасу болмаса, онда ештеңе емес. Кіші байын талақта ерлі-зайыптылардың некелері бұзылады. Бұдан кейін, әйелімен татуласқысы келген ері, әйелдің ризалығымен, мәһр белгілеп, некелерін жаңартулары шарт.
Ері ауыспалы сөздерді ұрыс үстінде немесе ерлі-зайыпты арасында өзара ажырасу мәселесі қозғалып жатқан кезде тілге алған болса, сол сәттегі ахуалға сүйене отырып, ниетке қарамай, «кіші байын талақ» деген үкім кейде берілуі де мүмкін.
«Рижғи (қайтару) талақ» пен «Кіші байын талақтың» қасында, тағы «Үлкен байын талақ» деген талақ түрі бар. Үлкен байын талақтың үкімі – ерлі-зайыптылардың некелерін мүлдем бұзып, қайта қосылу құқынан айырады. Қайта қосылу үшін әйел басқа ер кісіге тұрмысқа шығып, белгілі бір себептермен ажырасып жатса ғана, әлгі бұрыңғы еріне халал болады. Үлкен және кіші байын талақтың арасындағы айырмашылық, кіші байын талақта ерлі-зайыптылар қайта қосылулары үшін өзара ризалықпен, мәһр белгілеп неке жаңартулары жеткілікті. Ал үлкен байын талақта олай емес.
Үлкен байын талақты тудыратын себептер мыналар:
1. Ері әйелін үшінші рет талақ етіп отырған болса;
2. Үш рет талақ айту құқын бір мезетте, яки бір тазалық уақытында қолданған болса;
3. Ауыспалы мағынасы бар сөздерді «үш талақпен ажырау» ниетінде айтқан болса;
