Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРПС ЭКОЛОГИЯ.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
505.86 Кб
Скачать
  1. Кіріспе

I.1. Атмосфераның ластануы және қоршаған ортаға әсерін бағалау.  Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік ортасы Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтардың ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Атмосфера бірнеше қабаттан – тропосфера (10-12км), озон қабаты стратосфера (40-50км), мезосфера (70км), термосфера (80км) және экзосферадан (800-1600км) тұрады. Әр қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше.

   Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның негізгі себептері – ауаға адамның антропогендік іс-әрекетінен болатын әртүрлі газдардың шығарлыуы. Оларды ауаны ластағыш заттар деп атайды.

   Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі жоғары Атмофера – бұкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен ( оттегі, азот, көмір қышқыл газы, аргон т.б) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергиялық алмасуларды, ауа райының кызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.

   Бірақ, адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себеп ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көршеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы ШМК қалыпты құрамынан асып кетіп сай келмесе, онда ауаны ластанған деп саналады.

   Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, зауаттар, жылу энергетикасы, қару жарақтарды сынау, ғарыш кемелер мен ұшақтар т.б. Жоғарыда аталған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысумен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, топыраққа түсіп, барлық тірі организімдерді, ғимараттарды, құрлыс материалдарын бүлдіреді.

   Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты болуы жалпы ауа бассейінің тепе-теңдігіне әсер етеді. Мысалы, оттегі тірі организімдер үшін тыныс алуды қамтамасыз ете отырып, топырақ пен судағы бүкіл химиялық реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген жағдайда жануарлар мен адамдар тұншыға бастайды.

 Оның өндіруші көзі – жасыл өсімдіктер әлемінде жүріп жатқан фотосинтез процесі. Көмірқышқыл газының да ауадағы шекті мөлшері көбейсе адамдар мен жануарлардың тыныс алуы нашарлайды. Сондықтан ауа құрамындағы негізгі екі газдың тепе -теңдік мөлшері қатаң сақталуы тиіс. Міне, осы жағдайлардан бүкіл әлемдік атмосфера экологиялық дағдарысқа ұшырап отыр. Ауаны ластауға жер шарындағы мемлекеттер өзінің экономикалық даму деңгейіне қарай түрліше үлес қосып келеді.

Біздің республикамызда атмосфера ауасына шығарылатын зинды заттар мен газдар, т.б. бөгде химиялық қосылыстар Казгидромет ғылыми-зерттеу институтының үнемі бақылауында болып отырады. Ол көршеткіштер әр жылға және тоқсанға жіктеліп « Ақпараттық экологиялық бюллетень» журналы арқылы көпшілікті хабардар етеді.

   Республика жағдайында атмофераның ластануына өнеркәсіптің техникалық жағынан жабдықталуынан нашар болуы әсер етеді. Яғни, ескерген технологиялық процестер нәтижесінде құрамында қатты және сұйық бөлшектері бар газ тәрізді заттар орасан көп мөлшерде бөлінеді, әрі осы химиялық қосылыстар өте қауіпті, улы келеді. Олар негізінен күкірт диоксиді, көміртек оксиді, азот оксиді, күкіртті сутек, аммиак және әртүрлі қатты және сұйық заттар.

   Атмосфера тұрақты көздерден шығатылатын зиянды заттардың мөлшері (АЭБ-келтірілген деректер) қалалар бойынша : Павлодар (763,0 мың т.), Қарағанда (601,6 мың т.), Жезқазған (487,0 мың т.), Шығыс Қазақстан қаларында (170,0 мың т.), Қостанай (170,0 мың т.), Ақмола (120,0 мың т.), Атырау (90,0 мың т.) облыстары болды. Бұл аймақтарда жылу энергетикасы,

металлургия, мұнай-газ кәсіпорындары шоғырланған.

 

Сондықтан, атмосфераға көтерілген қоқыстар мен газдардың көпшілігі осы облыстар мен қалалардың аумағына түсіп, өсімдіктерді, суды, жер ресурстарын, ғимараттарды жалпы қоршаған ортаны ластап жатыр. Қазгидромет мәліметі бойынша республиканың әрбір шаршы километріне жылына орта есеппен 1,13 тонна зиянды заттар келетіні байқалған.

   Қазақстан жағдайында көптеген қалалардың ау бассейні автокөліктерден шығарылатын зиянды заттармен ластанып отыр.

   Соңғы 2001 жылдың мәліметі бойынша Өскемен қаласының ауасында күкірт диоксиді және фенол, формальдегид, азот диоксиді қалыпты денгейден 1-4 ШМК-ға артып отыр. Сол сияқты ауаның ластануы Ақтау, Теміртау, Шымкент, Тараз қалаларында өсе түсуде. Әсіресе, улы формальдегид (3 есе көбейгені )- Шымкент, Тараз және Петропавл қалаларында байқалып отыр. Ауадағы аммиак пен фенолдын мөлшері Теміртауда (2,3 ШМК), Петропавлда (3 ШМК)жетсе, ал Астанада фторлы сутегі 4 ШМК мөлшеріне жеткен.

  Қазақстан жағдайында ауа бассейнінің ластануы көбінесе қатаң континентальды ауа райына да байланысты. Жауын-шашын мөлшері өте аз болғандықтан, ауаның табиғи тазаруы нашар. Мысалы, Алматы, Шымкент, Ленинагор, Зырян, Глубокое қалаларында ауа бассейіндерінде табиғи ауа ағыстары балмайды, соның себебінен қалалар үнемі қалын зиянды улы тұманмен оранып жатады.

   Ауа бассейінің құрамында ауыр металлдардың болуы да өте қауіпті.

Әсіресе, кадмий, қорғасын, мырыш, сынап, мөлшері үнемі бақылауға алынады. Ауыр металлдармен ауаның ластану республика бойынша жоғары болмағанмен жекелеген қалалар бойынша жағдай жақсы емес. Мысалы, қорғасын көрсеткіші Ленингорде – 17 ШМК, Балхашта – 8, Шымкентте – 6 есе болып отыр. Бұл көрсеткіштер кейбір жылдар 17-81 ШМК- ға жеткен.

Қазақстан ауа бассейінің ластануы көршілес мемлекетердің ауаға шығарлатын зиянды заттардың есебінен де көбейе түседі.

Өйткені, ауа бассейінің бәрімізге ортақ екені айқын.

 

Төмендегі мәлімет осыны дәлелдейді. Мысалы, Қазақстанның өз ластану көздерінен түскен және шекаралас ауа арқылы өткен заттардың үлесі төмендегідей болған:

       

Ластағыштар

Қазақстан ластағыш

көздерінен түскен

Көршілес елдердің көздерінен түскен үлес

  1. Күкірт

46%

54%

  1. Азот (тотыққан)

19%

81%

  1. Азот (тотықсызданған)

51%

49%

  1. Күкірт (сутек)

68%

32%

  1. Көмірсутектер

61%

39%

 

   Әрине, өз кезегі кезегінде Қазақстанның ауа бассейінің де Ресей,Қырғыз, Өзбек республикаларына да күкірт пен азот қосылыстары өтеп отырады.

Атмосфера ауасын ластайтын заттардың мөлшері дүние жүзі бойынша жылына 200 млн тоннаға жетіп отыр. Ал, оның құрамы 20-дан астам химиялық элементтен тұрады. Соның ішінде қорғасын, кадмий мен мырыштыңауада таралуы және онымен адамдардың улануы жиі байқалуда. Олардың мөлшері ауада 0,0003 мг/м3 аспауы керек.Оның негізгі көзі – автокөліктер, қорғасын аккумуляторы, қару-жарақ технологиясы. Осы заттармен адамдардың улануы жиі болғандықтан, қазір көптеген елдерде балық аулауда, аккумулятор және қорғасын өнеркәсібінде жалпы қорғасынды пайдалануды шектеп отыр.

Сондықтан, ауаға зиянды заттардың шығарлыуын реттеу,технологияныжетілдіру, өндіріске қалдықсыз және ағызылымды заттарды қайта өңдеп пайдаға асыру бүгінгі күнің қатаң талабы болмақ.

  

Атмосфера ауасының шекарасы болмайтындықтан бүкіл жер шары халықтары мен онда тіршілік ететін жануарлар, құстар және тірі организмдер мен өсімдіктер дүниесі үшін ортақ байлық болғындықтан, оны ластамау, сапасын тіршілікке зиян келтірмейтін ббиосфераның құрамдас бөлігі болып табылады.

   Адам іс-әрекетінің нәтижесінде ондағы түрлі газдар және басқа қалдықтар бөлніп шығарлуда. Ол ластағыш заттар атмосфера ауасының газалық сапасын төмендетуде. Атмосфера адам үшін атқаратын қызметі орасан зор, Атмосфер бүкіл әлемді таза ауа мен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газдармен, басқа химиялық элементтермен (О2, N2, СОжәне т.б.) байытады. Жер планетасын күн мен ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден, метеориттерден қорғайды, климатты, ауа райын, зат алмасу, энергия алмасу және т.б. іс-әрекеттерді, жалпы жер шарындағы тұрақтұлықты жоғары дәрежеде үйлестіріп отырады.

   Адам кез келген қызметі жердің жалпы ресурсына әсер етеді.

Бұл қызметтердің нәтижесінде жер ресурстары аяқталуы керек сияқты.

Бірақ, жердің үнемі күн сәулесінен жаңа энергия алынатынын естен шығармау керек.

   Адамзатқа орасан зор пайдалы ауа бассейні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себебі ауаның ластануы болып отыр. Атмосфера ауасының сапалық көрсеткіштері оның ластану дәрежесімен анықталады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың ШМК-сы қалыпты құрамынан өсіп кете сай келмесе, онда ондай ауаны ластанған ауа деп санайды.

   Ластағыш заттардың негізгі көздері- өнеркәсіп, автокөліктер, жылу энергетикасы, мұнай, газ, көмір өндіру, өндеу орындары, космос және т.б. өндіріс салалары. Бұл аталған обьектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттердің қатысумен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды.

  1. Негізгі бөлім

II.1. Өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері. Өндіріс орындарының күрт артуы кезеңінде, ғылыми-техникалық революцияның дамуына байланысты, қоршаған ортаны сақтау, қорғау және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану қазіргі проблемаларының бірі болып отыр. Бұл мәселелерге түсініксіздікпен селсоқ қарау мен техникалық экологиялық қате саясаттар, қоршаған ортаның ластануына және жер бетіндегі организмдердің қалыптасқан жағдайларына негативті әсерін тигізеді. Қордаланған негізгі проблемаларды шешуде, табиғат пен адамзат қоғамының арасындағы қарым-қатынастардың орны ерекше. Бұл қарым-қатынастардың дұрыс дамумауы адамзатқа үлкен қауіптер туғызуы мүмкін.

Адамдар және олардың шаруашылық әрекеттері жер бетіне тікелей және жанама зор ықпал әсерін тигізіп келеді. Егерде жылына ауаға дүние жүзі бойынша 1 млрд. т деңгейінде антропогендік заттар (СО2-ні есептемегенде), гидросфераға шамамен 15 млрд. т ластағыштар енгізіліп отырса, топыраққа түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд. т. жетеді. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, ХХ-шы ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында топырақта жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд. тоннаға дейін көтерілген. Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығы антропогендік ландшафтқа айналған. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүние жүзі шөлдерінің барлығының шығу тегі де антропогендік.

Топырақты зиянды ластағыштардан қорғау адамның негізгі мақсаты, өйткені оның құрамындағы зиянды қоректік қосылыстар қоректік тізбек арқылы адам ағзасына түседі. Біріншіден, ластағыш заттар сумен шайылып ашық су көздері мен ыза суларына қосылады, ал ол суларды адам ауыз су ретінде және әр түрлі қажеттілігіне пайдаланады. Екіншіден, бұл ластағыштар топырақ ылғалы, грунт сулары мен ашық су көздерінен өсімдіктер мен жануарлардың ағзаларына түседі. Үшіншіден, зиянды қосылыстардың көбісі адам ұлпасы мен сүйегінде шоғырлану қауіпіне ие.

Зерттеулер көрсеткендей биосфераға жыл сайын 20 - 30 млрд. тонна қатты қалдықтар және 1 млрд. тоннаға жуық газды, аэрозольді ластағыштар түсуде. Сонымен қатар топырақты ластаушы негізгі көздер автркөліктер болып табылады. Бір автокөлік жүргенде атмосфераға, орташа есеппен, СО – 200 кг, NO - 60 кг, СН - 40 кг, SO2 – 2 кг,  Pb - 0,5 кг, бензопирен - 2 кг шығарылады, сондықтан да автокөлік атмосфера мен топырақтың айтарлықтай бөлігінің ластануына себепші болады.

Қала – адамның колымен жасалған жасанды экожүйе болып табылады. Қала экожүйесінің ерекшелігі – халықтың бұрын болып көрмеген тығыздығы. Мұндағы адамды қоршаған ортаға шамадан тыс экологиялық салмақ түседі, себебі мұнда организмге әсер етуші факторлардың бәрі жасанды түрде өзгертілген – климат, ауа, су, микроклимат, құрылыстар және т.б. әсерінен ауаға шығарылатын әр түрлі ластықтар және жылу, су булары әсерінен үлкен өзгерістерге ұшырайды. Ірі ғимараттар ауаның табиғи түрде алмасуын қиындатады, бұл әсіресе жазғы түндерде қаланың салқындауын баяулатады, әрі атмосфера тазалығын нашарлатады. Қалаларда орташа жылдық температура айналадағы қоршаған ортадан ең кем дегенде 1 градусқа артық болып келеді.

Қалаларда ауылдық жерге қарағанда тұмандар да жиірек кездеседі, ал тұман – ауаның қатты ластануының көрсеткіші. Қала ауасының улы газдар және т. б. заттармен өте жоғары дәрежеде ластануы себебінен қала тұрғындары арасында өкпе және жоғарғы тыныс жолдары ауруларымен ауыратын адамдар көбірек кездеседі. Қала ауасы күн сәулелерін нашар өткізеді, көбінесе УК сәулелерді ұстап қалады. Сондықтан қалада рахит /мешел/ ауруы да жиі кездеседі. Жаңбыр суы қалада жинақталмай тез ағып кеткенімен, топыраққа көп сіңе алмайды, себебі оған асфальт, бетон, тас құрылымдар бөгет жасайды. Сондықтан қала ішінде ағатын өзендер жиі тасып, грунт суларының деңгейі төмендейді. Канализациялық және өндірістік сулар қала өзендерін ластайды. Қала көшелерінен өзендерге ағып қосылатын жаңбыр, қар сулары NaCl – ас тұзымен ластанған болуы мүмкін, себебі қыста қала көшелеріне көптеп тұз себіледі; ал жанар, жағар майлар асфальттан жаңбыр суларымен жуылып, өзенді одан әрі ластайды.

Өндіріс орталығы болып табылатын ірі қалаларға тән бұл жағдай Тараз қаласында да экологтардың негізгі проблемаларының бірі. Жамбыл облысының өндірістерінің жетекші салалары – тау-кен өндірісі, химия өндірісі. Бірақ экономикалық қыйындықтарға байланысты бұл салалардың мекемелері жұмыстарын толық тоқтату алдында. Соған қарамастан, жеке шаруашылықтар, кіші кәсіпорындар, әсіресе көліктердің көбеюі ауаның ластану дәрежесінің әлі де болса жоғары деңгейде болуына себеп болып отыр.

Жамбыл облысының 144,6 мың шаршы км. территориясында 1,04 млн. адам тұрады, оның 479,6 мыңы – қала тұрғындары.

Соңғы уақыттарда антропогендік әсер деңгейі төмендегенімен облыста жалпы экологиялық жағдай әлі де жақсарды деуге болмайды. Облыс территориясының 15 %-і экологиялық жағдайы қолайсыз аймақта, ал 5 %-і экологиялық дағдарыс (кризистік аймақта) аймағында жатыр. Осы, 5 %-тік территория Шу, Талас, Аса өзендері бассейіндерімен қатар Тараз қаласына және оның маңайына тиісті жерлер болып отыр.

Облыс тұрғындарының басым көпшілігі тұратын Тараз қаласының ауасы қоршаған ортаның негізгі компоненті ретінде адамдардың денсаулығына тікелей әсер етеді. Қала ауасын негізгі ластаушы компоненттерге органикалық шаң-тозаң, күл, СО, NO, NO2, SO2  жататыны анықталды. Бұл жағдай ескірген қондырғылар мен технологиялар таза емес отын түрін жағу, жылыту жүесінің децентрализациялануы және шығарылатын ластықтарды бақылау жұмысының жеткіліксіз екендігі себебінен деп түсіну керек.

Жамбыл облысы өңірінің ластануы ұзақ уақыт бойы химия өндірісімен тікелей байланыстылығы мәселесі өз маңызын жойған жоқ. Бұл жағдайда қоршаған табиғи орта сапасын реттеу стратегиясының  ең маңызды мәселесі  - халық денсаулығына және биосфераға ең күшті әсерін тигізетін факторлар мен көздерді анықтайтын және осы әсерге көбірек ұшырайтын биосфера элеметтерінің анықтайтын жүйе ұйымдастыру мәселесі болып табылады. Мұндай жүйеге қоршаған орта жағдайының антропогендік өзгерістерінің мониторингі жатады.

II.2. Жамбыл фосфор өндіріс қалдығы- фосфогипс сақтау қоймасы орналасқан ауданның атмосфералық ауасының сапалық көрсеткішін анықтау. Қоршаған табиғи ортада зиянды қалдықтардың түзілуінің негізгі көздерінің бірі – химия өнеркәсібі екендігі белгілі. Соның ішінде фосфор өндірісінің қалдықтарының табиғи ортаға, адам мен жануарлар ағзаларына және өсімдіктер дүниесіне зиянды әсерін тигізіп отырғанын айтпай кетуге болмайды. Фосфоритті шикізатты өндіру және өңдеу жұмыстары қоршаған ортаға кері әсер ете отырып, онда қалыптасқан экологиялық байланыстарды бұзады. Бұл өзгерістер әртүрлі жағдайда қоршаған табиғи ортаға зиянды әсерін тигізеді. Соның ішінде, ең маңыздысы жер асты және жер үсті суларының ластануы. Су нысандарына үлкен қауіп төндіретін минералданған ағызынды сулар және олардың құрамындағы фосфорлы және фторлы қосылыстар мен жер асты суларының ластануы берілген нормадан 3-4 есе артып отыр.  Жер қорларының жағдайына әсер етуі бойынша жерді рекультивациялау мүмкін болмайды, себебі, ашылған жыныстардың құрамында уранның, фосфордың радиоактивті қосылыстардың болуы, топырақты тек ластап қана қоймай, биосферадағы тірі заттар жүйесінің алмасу механизмін де бұзады. Фосфатты  шикізатты өңдеудің негізгі мәселелерінің бірі – фтордың зиянды әсері. Бұл фтордың аз ерігіш түрде болатындығын растайды және эндемикалық флюороздың дамуына мүмкіндік жасайды. Фосфаттарды өндіру барысында фтор, әдетте, тез ерігіш және ұшқыш түрге түзіледі. Минералды тыңайтқыштар алу мақсатында фосфатты кендерді өңдеуде фтордың дайын өнім мен қалдыққа (сұйық, қатты, газ түріндегі) бөлінуі жүреді. Жаңатас аймағында үлкен жылдамдықтағы  желдердің болып отыратындығын ескерсек, ондағы атмосфераның әртүрлі құрамды шаң-тозаңмен бірге фосформен ластануы едәуір жоғарылайды.

Экономикалық тұрғыдан тиімді әдіс болғандықтан, болашақта пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру артады да, бұл іс-әрекет нәтижесінде бұзылған жерді рекультивациялау мәселесінің өзектілігінің де артуына себеп болады.

Сондықтан, бұл жұмыста Тараз қаласындағы фосфор өндірісінің қалдығы болып табылатын фосфогипс қалдығының қоршаған ортаға зиянды әсері мен оны агломерациялық жолмен өңдеу технологиясы қарастырылған.

Фосфор және фосфор өнімдерін шығаратын өндіріс орындарынан атмосфераға тасталынатын зиянды заттардың өндірістің санитарлық қорғау белдемі шекарасындағы концентрациялары ШРК талаптарынан аспайтындығын мониторинг жүргізу нәтижесінде анықталған. Бірақ, сол мониторинг құжатында аса ұнтақ дисперсті болып табылатын фосфогипс сақтау  қоймасынан желді күндері атмосфераға көтерілетін фосфогипс  шаңы мен оның құрамындағы қоспалардың атмосфераға сапалық көрсеткіштеріне қосатын үлесі анықталмаған.

Атмосфера ауасының сапасын экологиялық қауіптілік немесе қауіпсіздік тұрғысынан анықтау үшін, оны бақылау әдістері қолданылады. Бірақ қоршаған ортаның экологиялық  жағдайын индикаторлар мен индекс арқылы анықтау тиімді әдіс болып табылады. Атмосфераның сапалық индикаторларына экологиялық қауіпсіздік коэффициенттер (ЭҚК) және талдауға негізделген экологиялық индикатор (АЭИ) жатады. Бұл мәліметтер бойынша фосфогипс сақтау қоймасынан атмосфераға көтеріліп қоршаған ортаны ластайтын зиянды заттардың концентрациясын экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан бағалау үшін мынадай формула қолданылады:

 

                                               (1)

                                                                                    (ШРКорт)                   

                                 

мұндағы: β – экологиялық қауіпсіздік коэффициенті; ШРКорт – зиянды заттардың орта тәуіліктік ШРКмәні; ШРКмах зиянды заттардың бір мезетте әсер ететін максимал концентрациялары; Сфакт – ауадағы зиянды заттар концентрацияларының нақты мәні.

Бұл формуладағы Сфакт табу үшін, алдымен, желді күндері атмосфераға көтерілетін фосфогипс пен оның құрамындағы Р2О5-тің мөлшерлері анықталуы тиіс. Біздің жүргізген зерттеулер нәтижесі бойынша жылдық орташа жел жылдамдығы 3,3 м/с болған жағдайда атмосфера ауасына «Қазфосфат, «Минералды таңайтқыштар» өндірісінің қалдық сақтау қоймасы бетінен атмосфераға 81 г/с фосфогипс шаңы тасталынады. Ал мұндай жағдайда фосфогипстің құрамындағы Р2О5-тің үлесі орта шамамен 2,20 % болуы себепті, оның атмосфера ауасына тасталыну мөлшері 1,8 г/с шамасында болады.

Фосфогипс сақтайтын қоймаға жақын орналасқан Шайқорық елді мекені онан 3500м қашықтықта, оңтүстік-батыс жел бағытында орналасқан. Ластау көзінен атмосфераға көтерілетін фосфогипстің тірі ағзаларға қауіпті деңгейдегі концентрациялары өндірістің санитарлық қорғау белдемі аясынан шығып селитебті белдемге тарайтындығын және (1) формуладағы Сфакт анықтау үшін, аспиратордың көмегімен зиянды заттардың ауадағы концентрацияларына талдау жүргізілді. Осындай зерттеу нәтижелері жел жылдамдығы     3,3 м/с-тан асқан кезде зиянды  заттардың ауадағы бұл концентрациялары Хм максимал қашықтықта білінеді.

Фосфогипс сақтау қоймасының оңтүстік-батыс жағында 3700 м қашықтықта орналасқан Шайқорық елді мекені маңындағы фосфогипс шаңы мен фосфор тотығының Сфакт концентрациялары, сәйкесінше, 0,349 мг/м3 және 0,0075 мг/м3 шамасында болатындығы анықталды. Бірақ, нормативтік құжат бойынша фосфогипс шаңы 3-экологиялық қауіптілік тобына жатуына, оның ШРК-сы 0,15 мг/м3, ал фосфор тотығы 2 экологиялық қауіптілік тобына және ШРКорт 0,05 мг/м3 болуына байланысты, бұл зиянды заттардың тек фосфогипс шаңы ғана тірі ағзаларға экологиялық қауіп төндіреді. Осыған байланысты бұл жердің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар жүргізу үшін, алдымен олардың экологиялық қауіпсіздік коэффециентін анықтап, жұмыс нәтижелерінің бұл коэффициентті қаншалықты арттырып отырғандығын біліп отыру қажет. Дәлірек айтқанда, экологиялық қауіпсіздік коэффициенті жүргізілген іс-шаралардың нәтижелерін экологиялық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді.

Егер nі = ШРКmax/ШРКорт болса, онда экологиялық қауіпсіздік коэффициентін мынадай түрде анықтауға болады:

                                                            (2)

Талдауға негізделген экологиялық индикатор моделі бойынша оны мынадай есептеу жолымен анықтауға болады:

                                                               (3)

Осындай есептеу әдісімен анықталған Шайқорық елді мекенінің маңындағы экологиялық қауіпсіздік коэффициенті 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте. Атмосфера ауасының сапалық индикаторын есептеу нәтижелер

Көрсеткіштер

Зиянды заттарды ауадағы концентрациялары, мг/м3

Сандық мәндер

ШРКорт

0,15

ШРКmах

0,5

Қауіптілік класы

3

ШРК-ның қатынас саны n

3,33

Βі экологиялық қауіптілік коэффициенті

Шайқорық елді мекені

0,3

Талдауға негізделген экологиялық индикатор

0,15

 

АЭИ-ді атмосфера ауасының ластану деңгейін бағалауға пайдалану үшін, оны 2-кестедегі мәндермен салыстыру қажет.        

2-кесте. Талдау нәтижелеріне негізделген экологиялық индикатор

Анализге негізделген экологиялық индикатор

Экологиялық қауіп деңгейінің сапалық сипаты

0,01 – 0,1

Апатты

0,1 – 0,2

сынақты

0,2 – 0,4

Қауіпті

0,4 – 0,8

Экологиялық қауіптіліктің өтпелі аймағы

0,8 – 1,0

шекті

1 – 2

қолайлы

2 – 4

Қанағаттанарлық

4 – 7

жақсы

8-ден жоғары

фондық

Талдау нәтижелеріне негізделген экологиялық индикатордың тірі ағзаларға қолайлылық сипаты мен Шайқорық елді мекені атмосферасындағы фосфогипс шаңының экологиялық индикаторы арасындағы салыстырмалылық диаграммасы 1-суретте көрсетілген. Бұл диаграммадан қалдық сақтайтын қойма бетінен желді күні атмосфераға көтерілетін фосфогипс шаңы сол қойманың Оңтүстік батыс жағында, 3500 м қашықтықта жатқан Шайқорық елді мекенінің тұрғындарына апатты жағдайдағы экологиялық қауіп төндіретіндігін байқатады. Бірақ, экологиялық индикатор өндіріс орындарына жақын жатқан жер аумақтарының жел розасына байланысты ШРК шекарасына қаншалықты қамтылатындығын және оның экологиялық қауіпті желге байланыстылыған толық сипаттай алмайды. Өндіріс орындарына жақын жатқан жер аумақтарының және елді мекендердің ондай экологиялық сипаты өндіріс орналасқан ауданның экологиялық карта – схемасында, егер көрші жатқан ластау көздері атмосфераға аттас зиянды заттар тастайтын болса, олардың атмосферадағы қосынды концентрацияларын қаперге алу арқылы ШРК деңгейіне дейін сейілу сызықтары тұрғызылады.

      Экологиялық карта-схемада зиянды заттардың ШРК деңгейіне дейін сейілу сызықтарын тұрғызарда, олардың экологиялық қауіпті желге байланысты сейілуі қаперге алынуы керек. Экологиялық қауіпті жел кезінде атмосфераға көтерілген зиянды заттар, оның жоғарғы бөлігімен араласып, оның концентрациясын азайтудың орнына, зиянды заттарды керісінше төмен басып, атмосфераның жерге жақын жатқан қабатындағы зиянды заттар концентрацияларын жоғарылатып жібереді. Жер бетіне жақын жатқан ауа қабатындағы зиянды заттар концентрацияларын мейлінше жоғарылатып жіберетін экологиялық қауіпті жел жылдамдығы фосфогипстің қалдық сақтау қоймасынан көтерілу жылдамдығын көрсететін  -ге байланысты анықталады. Uт > 2 болған жағдайда,  . Қауіпті жел жылдамдығында зиянды заттардың жер бетіне жақын жатқан ауа қабатындағы максимал концентрациялары С мынадай формуламен анықталады:

                                                                    (4)

Мұндағы  -ге қатынасына байланысты анықталатын размері жоқ шама.  болған кезде, r мынадай формуламен анықталады:

                                   (5)

Осыған байланысты экологиялық қауіпті жел кезіндегі фосфогипстің ауадағы максимал концентрациясы  мг/м3 болатындықтан оның қауіпті жел кезіндегі сейілуі қаперге алынбайды. Сондықтан, зиянды заттардың жерге жақын жатқан ауа қабатында ШРК деңгейіне дейін сейілуі және жел розасына байланысты сейілу шекарасын анықтаған кезде, оның См максимал қашықтығы пайдаланылды. Сондықтан, экологиялық қауіпті жел кезіндегі фосфогипстің максимал концентрациясы  мг/м3, ал фосфор тотығының максимал концентрациясы  мг/м3 болғандықтан, тек фосфор тотығының ғана  сейілуі қаперге алынбайды. Фосфогипс сақтайтын қоймадан Шайқорық елді мекенінің қашықтығы 3500 м болуы себепті S1=0,427 болады да, атмосфераға көтерілетін фосфогипстің көлденең У бағытында таралуын қаперге алатын S2 коэффициенті мынадай формуламен анықталады:

                                                  (6)

Осы формулаларды пайдалану арқылы жүргізілген есептеулер фосфогипс сақтайтын қойманың Оңтүстік батыс жағында, 3500 м қашықтықта орналасқан Шайқорық ауылына жел бағытында ұшып барғанша сейілу концентрациясын есептеу нүктелерін де анықтауға мүмкіндік береді де, оларды сызықпен қосу арқылы фосфогипстің ШРК деңгейіне дейін сейілу диаграммаларын тұрғызуға болады. Осындай есептеулер фосфогипстің атмосфера ауасында Оңтүстік батыс жел бағытында ШРК деңгейіне сейілгенге дейін Шайқорық елді мекенін толық қамтитындығын анықтауға мүмкіндік берді. Өндірістің фосфогипс сақтайтын қоймасын қоршаған ортаны ластау көзі ретінде қарастырғанда, оның санитарлық қорғау белдемі атмосфера ауасына тасталынатын зиянды заттардың румбаларға бөлінген жел розасына байланысты ШРК деңгейіне дейін lсейілу қашықтығы болып табылды. Фосфогипс сақтау қоймасынан көтерілетін зиянды заттардың ШРК деңгейіне дейін сейілу қашықтығын анықтайтын L0 S1 мен Х/Хмқатынасына байланысты 2456 м шамасына тең болады.

Бұл есептеулер нәтижесі бойынша жел бағытының сегіз румбасы бойынша фосфор шаңының ШРК - ға дейін сейілу шекарасының концентрациялық сызыған белгілеуге болады. Мұнан оңтүстік, солтүстік оңтүстік шығыс және солтүстік батыс желдері кезінде ғана ластау көзінен атмосфераға көтерілетін фосфогипс шаңының ШРК деңгейіне сейілгенге дейін 3537 м-ден 4715 м-ге дейін жер ауданын қамтиды. Бірақ ол жел бағыттарының ішіндегі оңтүстік-шығысқа қарай бағытталған жел басқа желдерге қарағанда  жиі соғуына  байланысты, сол бағытта орналасқан Шайқорық елді мекеніне қауіп төндіретіндігін дәлелдейді.

  1. Қорытынды

III.1. Тараз қаласының экологиялық проблемаларының алдын алу үшін даярланған бағдарламар. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2004 жылғы 24 қарашадағы нұсқауы бойынша меншік түрлеріне және ведомстволық иелігіне қарамастан тұрақты және жылжымалы көздерден — кәсіпорындарға, автокөліктерге, жол құрылыстары мен ауылшаруашылығына, өзге де техникаға, тағы басқа ластау көздеріне, шайынды су мен өндірістік-тұрмыстық қалдықтарының қоршаған ортаға кері әсер ететіні үшін төлем мөлшері белгіленген. Қоршаған ортаны шектен тыс ластағаны үшін төлемақы да еселеніп алынады.

Көптеген дау талаптары бөлініп шыққан ластағыш заттардың, шайынды сулардың, қалдықтарды орналастырудың нормадан артық болуына байланысты болды. Осындай экологиялық талаптарды бұзғандығы үшін «Ақбақай тау кенін байыту комбинаты», «Қазақмыс» корпорациясы», «БМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Шығыс кен басқармасы», «Қант» және «Бурный ірімшік зауыты» ашық акционерлік қоғамдары, басқа да біраз ірі кәсіпорындарға дау талаптары қойылды.

Облыс бойынша жер үсті су көздерін шайынды су шығарылымдары мен ластайтын негізгі кәсіпорындар — Тараз қаласының, Жамбыл және Жуалы аудандарының кәсіпорындары болып табылады. «Тараз» ЖШС-нің шаруашылық-тұрмыстық және өнеркәсіптік шайынды суы табиғи биологиялық тазалаудан өтіп (сүзгі алаңы) Талас өзеніне, ал, шартты-таза өндірістік су — Төрекелді каналына бұрылады. Дәл осындай тазалау мен шайынды су бұру жүйесі «Жамбыл ГРЭС» ААҚ-да да бар, онда шаруашылық-тұрмыстық шайынды суы толық биологиялық тазалаудан өтіп, Талас өзеніне бұрылады. 2001 жылы «БМ» ЖШС-нің шайынды суды биологиялық тазалау стансасы пайдалануға берілгелі Талас өзеніне бұрылатын су сапасы жөнделді.

Облыста шайынды су тазалайтын 28 құрылым бар, олардың ішінде қазіргі кезде біраз кәсіпорындардың тоқтап тұруына байланысты «Ұлар» АҚ, «Луговой РМЗ» ЖШС, «Нұрлан» АҚ жұмыс істемейді. Қала типтес Мирный және Ақсүйек елді мекендерінің тазалау құрылымдары қайта жөндеуді қажет етеді, қазіргі кезде бұл кенттерге ауыз су беру тоқтатылғандықтан тұрғындар тасымалданып әкелінетін суды пайдаланады.

Бүгінде облыста 96,27 млн тонна қалдықтар шоғырланған, соның ішінде өндірістік қалдықтар — 94,66 млн тонна. Нақтылай айтсақ, радиоактивті аршынды жыныстар — 29,23 млн тонна, химиялық өнеркәсіптік қалдық — 20 млн тонна, өнеркәсіптік тау-кен аршынды жыныстары — 44,81 млн тонна, қалдық қоймасындағы шламдар — 2,03 млн тонна, шала әк — 0,043 млн тонна, сүзгі тұнбалары — 0,155 млн тоннаны құрайды.

1999 жылдан бастап химия өнеркәсіп орындарынан шыққан өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу тоқтатылды. Бұл жыл сайын қалдықтардың молаюына әкеліп соғуда. «Химпром 230» ЖШС 2003 жылдан бастап шлак тастарын өңдеп, шлак шағалын шығара бастады, бұл шлак тастарының 273,5 мың тоннаға кемуіне себеп болды.

Өте бір күрделі проблема — іске жарамайтын пестицидтер мен улы химикаттарды көму мәселесі. Улы қалдықтарды, жарамсыз улы химикаттарды көму полигонының жоқтығынан 114.41 тонна калдықтар 1947 литр пестицидтер көмусіз күйде.

Бұрынғысыншаавтокөліктердің облыстың ауа кеңістігін ластауы арта тұсуде. Олардың үлесіне облыс көлеміндегі жалпы шығарындылардың 69 пайызы тиесілі. Және бұл жағдайдың түзелер түрі жоқ, шығарындылар көлемі бұрынғы деңгейде — 26, 3 мың тоннаны құрайды. Экологиялық таза заттарды пайдалану үлесін арттыру немесе табиғи газға көшу, троллейбустарды көбейту туралы мәселе өз шешімін таппай отыр. Автокөліктерде катализаторлар-нейтрализаторларды пайдалану жұмыстары жүргізілмеуде.

Мына жәйтті айтпай кетпеске болмайды. Облыстың айдалмалы жерлерінің жағдайы қатты алаңдатуда. "Облыс жерінің тек 5 пайыз ғана жоғарғы дәрежеде гумусталған (қара шіріндімен), 26 пайызы орташа және 69 пайызы төмен және өте төмен дәрежеде.

Шабындықтар мен жайылымдарды жиі және жүйесіз пайдалану олардың өнімділігінің төмендеуіне, шөп түрлері құрамының (55-60 пайыз) нашарлауына алып келді, ал кей жерлерді мүлдем тоздырып жіберді. Ал, жайылым жерлердің үлкен бөлігін бұталар басып және талқандалып кеткен. Жел және су эрозиясына ұшыраған жер көлемі 7073,4 мың гектарды құрайды.

Көпжылдық бақтар, жұзімдіктер, көкөніс отырғызылған жер көлемі 10,9 мың гектарды құрайды. Олардың үлкен бөлігі суармалы жерлерде орналасқан. Соңғы жылдары бұндай жерлер көлемінің азаю тенденциясы байқалуда.

Проблемалық мәселелердің бірі бұзылған жерлерді қалпына келтіру болып табылады. Қазіргі кезде облыста жерді қалпына келтіру жұмыстары мүлдем жүргізілмеуде. Осыған байланысты ауыпшаруашылық айналымынан шығып қалған жерлер жыл сайын молая түсуде.

Қоршаған ортаны қорғау мәселесі бойынша елеулі жетістіктердің бар екенін де айта кеткен жөн. Өткен тексеру шаралары бойынша берілген ескертулер мен нұсқауларға мән беріп, жіберілген қателіктерін дер кезінде түзеткен өндіріс, өнеркәсіп орындары басшыларының іс-әрекеттері құптарлық. Олардың қатарына «ДСУ-85» ЖШС, «Қордай Фуд Мастер», «Жамбыл жолдары» ашық акционерлік қоғамдары, «Меркі қант зауыты» ЖШС, тағы біраз кәсіпорындарды қосуға болады, «Жамбылгипс» ұнтақтау бөлімінде 2,5 миллион теңге игеріліп, шаңтосқыш жүйесіне кұрделі жөндеу жүргізді.

Осы тұрғыда айта кететін мәселе, 2005-2007 жылдарға арналған Жамбыл аймақтық экологиялық бағдарламасы облыс көлеміндегі экологиялық проблемалар ескеріліп жасалған және қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендетуге бағытталған. Бұл бағдарлама облысымыздың экологиялық ахуалын жақсартуға бірден-бір сеп болады деген сенімдеміз.