Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОЫ КУРС ИНШАЛЛА Мади.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71.74 Кб
Скачать

IV Бөлім.Жұбайлардың хақтары

1.Неке суы туралы

Осылайша шариғат талаптары жөнінде кеңінен түсінік берілген соң, күйеу жігіт пен қалыңдыққа неке суы ұсынылады. Ол таза да дәмді болуы керек. Оған жүзік тағы басқа зат салу дұрыс емес. Неке суының тазалығына, дәмділігіне баса көңіл бөлу жаңадан отау тіккен екі жастың махаббаты Адам ата мен Хауа ана, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар мен Хадиша анамыз, хазіреті имам Әли мен хазіреті Фатима анамыздай мәңгілік бақытқа бастайтын биік те тұнық, мөлдір де таза болса екен деген ниет білдіремін . Осы орайда тағы бір айта кететін маңызды мәселе бар. Ол әрбір салауатты ерлі – зайыптылардың арасынан шариғат заңдылықтарын халал мен харамның айырмашылықтарын білулері міндет. Мысалы, көптеген бауырларымыз төсек ләззатынан кейін жан мен тән тазалығы үшін ғұсыл (бой дәрет) құйыну қажеттігінен де хабары аз Ал ғұсыл құйыну әрбір мұсылман орындауға тиісті парыз.

Расында Ислам әйелді құрметтеді. Әйел үшін бірнеше хақ берді. Және әйелінде күйеуінің бірнеше хақы бар. Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, бұл туралы ең үлкен жиналыста - қоштасу хажылығында Арафат тауында тұрған сәтте жариялады. Сол сәттегі Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, хұтбасында мына сөздер айтылды. “Әйелдер жөнінде Аллаһтан қорқыңдар. Өйткені сіздер оларды Аллаһтың аманаты етіп алдыңыздар. Сондай-ақ олармен қосылуды Аллаһтың сөзімен (неке) халал етіп алдыңыздар. Сіздердің олардағы хақтарыңыз: Олар сіздер жақтырмайтын ешбір кісіге төсектеріңізді бастырмайды, үйлеріңе кіргізбейді. Егер олар бұны істеп қойса, онда оларды ауырытпайтындай етіп ұрыңыздар. Ал, олардың сіздерге хақтары: Оларды әділетпен асырау, киіндіру. Шынында, мен сіздерге бір нәрсені қалдырып бара жатырмын. Егер мұны мықты ұстасаңыздар, ешқашан адаспайсыздар. Бұл – Аллаһтың кітабы. Сіздер мен туралы сұраласыздар. Сонда не дейсіздер?” Айналасындағылар: “Расында, сіз өз міндетіңізді орындап жіберіп, насихат еткеніңізге куәлік береміз.” Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, сұқ саусағын аспанға көтеріп, адамдарға қаратып үш рет: “О, Аллаһ, куә бол” деді .

Бұл үлкен хұтбадан алынатын пайдалар.

1. Әйелдердің хақтарын ақтауға әрі оларға жақсылық жасап, жақсы

өмір сүруге үндеді. Әйелдің хақтары баяндалған және оларды орындауға әлсіздік танытпауға үндеген тағы да басқа көптеген хадистер бар.

2. Шариғатта көрсетілген неке қию жолымен әйелдерге қосылу халал

болады. Аллаһ Тағала айтқан: “Өздеріңе жаққан әйелдерден екі, үш және төртке дейін үйленіңдер…” . (Ниса”4.3).

3. Әйел кісі күйеуінің үйіне күйеуі жақтырмайтын бірде - бір кісіні

кіргізуі мүмкін емес. Ол бөтен ер кісі әлде әйел кісі болады ма, әлде күйеуінің жақын туысқандарынан болады ма, бәрі бір. Өйткені, имам Ән-Науауи айтқандай қайтару барлығын өз ішіне алады.

4. Егер әйел кісі күйеуіне қарсы келетін болса, онда күйеуінің жеңіл

-желпі ұруына болады. Әсіресе бетке ұрудан және бетті балағаттаудан сақ болу керек. Өйткені бұл Аллаһтың жаратқаны және соққыдан көз, құлақ секілді мүшелер залалданып қалуы ықтимал.

5. Сахабалардың Расулуллаһтың, салла Аллаһу уа сәллам,

пайғамбарлықты жеткізіп, аманатты орындап, үмметке насихат еткеніне куәлік беруі.

2.4 Отбасы тұрмысына қатысты міндеттемелер.

Төл дініміз кейбір діндегілер сияқты ажырасуға тыйым салмай, керісінше оған қатысты өзіндік талаптар мен шарттарын реттеп, жасалу жолдарын түзеді. Исламнан бұрын жәһилият кезеңінде арабтар өз әйелдеріне қалаған кезде талақ айтып, қалаған кезде қайтарып жататын. Белгілі бір шегі не жолы жоқ-тын. Бұл - әрине әйел кісіге деген зұлымдық, оған көрсетілген әділетсіздік. Ислам келгеннен кейін, мұндай тұрпайылықты тоқтатты. Еркектің талақ айту құқын «үшеуге» шектеді. Үшіншісінде не қалдырасың, не дұрыс жолмен ажырайсың деді. Мұндай шектеу әр бір отағасына жауапкершілікті сездіріп, ажыраспастан бұрын жан-жақты таразылап, отбасы тірегінің бірі саналатын жарын бағалауына алып келді.

Отбасы - өзінше бір мемлекет іспетті. Оның іргесі өзара түсіністік, бауырмалдылық және сүйіспеншілікке құрылғаны жөн. Сонда ғана іргесі берік отбасы болмақ. Бірақ, кейде жанұя шаттықтан көрі қайғыға, бақыттан көрі қасіретке толып, отбасы мүшелері үшін шаңырақ «тозаққа» айналуы мүмкін. Мұндай жағдайда ерлі-зайыптылар арасында пайда болған мәселені анықтап, оны оңды шешуге тырысу керек. Оңтайлы шешімге көнбеген ерлі-зайыптылар жақсылықпен ажырасады.

Десе де, дініміздің себепсізден-себепсіз ажырасуды құптамайтынын да айта кету керек. Бұл – ерлі-зайыптылардың соңғы шешуші қадамы болуы тиіс. Одан бұрын, ерлі-зайыптылар арасында пайда болған мәселені анықтап, оны оңды шешуге тырысу ләзім. Әбу Дәуідтің хадис жинағында келтірілген бір хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у): «Рұқсат берілгендердің ішіндегі Аллаға ең ұнамсызы ол – талақ», – дей отырып, жөнсіз ажыраспауға үндеп отыр. Сондықтан да болар, кей ғалымдарымыз ажырасудың өзін жағдайына қарай уәжіп (ажырасуға міндетті), мәндуб (өз еркі) және харам (ажырасуға тыйым салынады) деп бөлген.