- •I Бөлім. Ер азаматтың міндеті
- •II Бөлім. Әйелдiң күйеуi алдындағы мiндеттерi
- •III Бөлім. Отбасылық өмірде ислам уағыздарын ұстану
- •IV Бөлім.Жұбайлардың хақтары
- •1.Неке суы туралы
- •2.Некені бұзатын сөздер
- •3.Шариғаттың үйреткен талақ ету тәсілі қандай?
- •1. Әхсан талақ (ажырасудың ең абзал жолы-أحسن الطلاق):
- •2. Хасан талақ:
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
III Бөлім. Отбасылық өмірде ислам уағыздарын ұстану
Исламдағы некелік одақ кішігірім сезімдердің жарқ етуі немесе жан біткенге тән құмарлықтың іс жүзінде орындалуы ғана емес, ол бір үлкен ғалам. Олай дейтініміз нағыз мұсылман кісі ержүрек, шыдамды, кеңпейілді адамгершілігі мен қайырымдылығы мол қасиетке ие және әйелінің ұнамсыз істері үшін ұсақ - түйекке, ашу - ызаға бара бермейді. Оған қоса нағыз мұсылман Жаратушы Иесінің өмірін жерге тастай алмайды, сондықтан да ол әрдайым әйелімен жақсы қарым - қатынаста болады. Бұл былай түсіндіріледі. Мұсылман кісі қашанда Жаратушы Иесінің сөздеріне құлақ асып, ойланып жүруінің себебі оған кейде бірдеңе ұнамай қалып, одан жиіркеніп қашуы мүмкін. Ал шын мәнісінде ол нәрсе, құбылыс немесе жағдай жақсылық пен жарылқаулыққа мол болуы әбден мүмкін. Осыған байланысты ол кімді қалай ұнату, қалай ұнатпау керектігін біледі және соқыр сенімге иланбайды, мәнсіз істерге қадам баспайды, әрдайым қанағат пен әділдікті ұстанады.
Егер мұсылман кісіде Исламға ден қойған мұсылман әйеліне деген салқындық сезімі пайда болса, ол әйел ері қанағат тұтатын құрметке лайық бола алады, ол бұл әйелді жек көру үшін алдымен оның барлық қасиеттерін таразылау керектігін айтады. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген:
“Дінге сенуші ер дінге сенуші әйелді жек көрмеуі керек, егер оның бір қасиеті ұнамаса, онда оның басқа жағынан қанағат табуы тиіс.”
Жан тазалығын, ар тазалығын сақтағысы келген адам, әрине шариғат бойынша неке қиюдың қадір – қасиетін білуі керек деп ойлаймын.
Мұсылман үшін неке қиюдың 5 шарты бар:
1. Қалыңдық пен күйеу жігіттің тілін кәлимаға келтіру.
2. Олардың бір – біріне жар болуға ризалық білдіру.
3. Махр – ер адамның қалыңдығына жасайтын сыйлығы.
4. Куәлар – екі ер адам, не ер кісі мен екі әйел.
5. Құтпа оқу.
1. Кәлима “Лә иләһә илла-лла-һу, әшһәду ән-нә Мұхаммәдүр Расулул-лаһ” деп тілмен айтылып, жүрекпен орындалады.
2. Екі жақтың ризашылығы айтылмай, неке қиюға болмайды.
3. Күйеу жігіттің болашақ жарының ризалығына ие болатындай сыйлық жасауы. Махр – (сыйлық) жасалғаннан кейін, ол әйелдің
жекеменшік мүлкі болып саналады.
4. Құран қағидасы бойынша куәлар яки келісілген адамдармен қоса, ақ некенің қиылғанына періштелер де куәлік етеді. Олар о дүниеде де, Аллаһтың алдында да куәлік береді.
5. Құтпа оқылады.
Ал егер некеден кейін арақ ішіп, не басқалай харам істерге барса, ол
шаңырақтың тіршілігіне шайтан араласады. Ақ некенің қадірі қашады. Отбасының береке бірлігі, ынтымағы бұзылады.
Осы орайда, отбасындағы ер адамның 4 міндеті бар:
1. Отбасына жан – жақты жағдай жасау.
2. Ұзақ сапарға шығарда үй – ішін қажетті заттармен қамтамасыз ету.
3. Жұбайын сыйлау, оған күш көрсетіп, қоқан – лоққы жасамау.
4. Бір жаққа кетерде қайда баратынын ескерту.
Осы төрт міндетке сәйкес Құран –Кәрімнің аяттарынан үзінділер келтірейін. “Өзімен бірге қоректендіреді, киіндіреді, бетке ұрмайды, балағаттамайды, жалғыз қалдырмайды”. “Құдайдың жолына, кедейлерге және жақындарына жасаған садақадан өзінің туғандарына (отбасына) жұмсаған қаражаттың сауабы зор”. “Дәулет, тірек болатын садақа –
садақаның ең жақсысы” делінеді. Туған – туысқа, пақыр – міскінге, ғаріп – жолаушыларға (садақа) ақысын беріңдер. Басқаға босқа шашылмаңдар. Қолыңды мүлде жұмып алма (сараңдық жасама), жайып та жіберме (төгіп-шашып). Онда көзге түртілесің, немесе өкінішке қаласың (“Исра” 26-29 аяттар). “Садақа беруге асығыңыздар, оның жолын бақытсыздық кесіп кетпес үшін” делінеді риуаяттарда. “Қолдың қайыры – мың пәледен сақтайды” – дейді халқымыз. “Кім әйелімен жақсы қарым – қатынаста болса, сол Сіздердің ең жақсыларыңыз” делінген хадисте.
Бұл орайда: “Жібекті түте алмаған жүн етеді, аруды күте алмаған күң етеді” дейді дана жұртымыз.
Енді осы орайдағы әйелдің 4 міндеті туралы:
1. Болашақта дүниеге келер балаларын тәрбиелеу.
2. Күйеуі ислам талабына сай, орынды ақыл – кеңес, өсиет сөз айтса орындау.
3. Бір жаққа баруға жиналса, ерінен рұқсат сұрау.
4. Күйеуіне қарсы шығып, дөрекі мінез көрсетпеу.
Осы міндеттерге қоса Құран Кәрімнің аяттары былай дейді: “Аналар
баланың емшектегі уақытын толық сақтағысы келсе, оның мерзімі толық екі жыл” (“Бақара” сүресі, 233-аят). Кім өз қыздарына, балаларына қамқорлық жасап, оларға жақсы қараса, оның тозақ отынан қорғағаны болады. “Ол пейіштерде өз ерлерінен басқаға көз салмайтын, өз ерлерінен бұрын ешбір адам да, жын да жуымаған әйелдер тұрады. Олар бейне жақұттай (мөлдір), меруерттей (ақ)” (“Рахман” сүресі, 56-58 аят).
