Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОЫ КУРС ИНШАЛЛА Мади.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71.74 Кб
Скачать

II Бөлім. Әйелдiң күйеуi алдындағы мiндеттерi

Әрбiр қыз бала бой жетiп, ата-ананың аясында бұлғақтаған дәуренiн қалдырып, басқа бiр елге келiн болып, келiншек атанады. Өз шаңырағын көтерiп, үй мен шаруаға иелiк етiп, түтiн түтетедi, ана болып өмiрге перзент әкеледi. Осы жағдайда әйел кiсiнiң өз үйiнде атқаратын мiндеттерi ауыр да ардақты. Үй шаруасына икемдiлiк, iскерлiк, жүрiс-тұрыс сыпайылығы мен ширақтылығы, жинақтылық пен тазалық, күйеуiне iлтипаттылық пен қамқорлық, елге деген iзеттiлiк, жұртпен татулық, сыйластық — Исламда осының барлығы әдеп-инабаттылық талаптарын құрайды.

Муьаз (р.а.) Шамнан келген уақытта Нәбиге (с.ғ.с.) сәжде еттi. Мұны көрген Нәби (с.ғ.с.): “Ей, Муьаз (р.а.)! Мұның не?”, — деп сұрағанда, ол (р.а.): “Мен Шамға барғанымда ондағы адамдардың өздерiнiң епископ пен ақсүйектерiне сәжде ететiндерiн көрiп, бiз де Сiзге (с.ғ.с.) солай сәжде етуiмiздi оң көрдiм”, — деп жауап бердi. Сонда Расулуллаһ (с.ғ.с.): “Олай iстемеңдер. Мен адамның адамға құрмет пен бойұсыну белгiсi ретiнде сәжде етудi бұйырар болсам, ең алдымен әйелдiң өз ерiне сәжде етуiн бұйыратын едiм. Әйелдiң ерi осыған лайық. Мухаммадтың (с.ғ.с.) жаны билiгiнде болған Аллаһ Тағаламен ант етемiн! Тiптi ерi әйелiнен “жаныңды бер” деп талап еткен болса да, әйел өз ерiне қатысты мiндетiн өтемейiнше, Раббысының алдындағы мiндетiн өтемеген болады.”

Хадистi Абдуллаһ ибн Әбу Ауфтен (р.а) Имам Ибн Мажәһ риуаят еттi.

Күйеуi жанында бола тұрып зайыптың Рамазан айынан тыс уақытта ерiнiң рұқсатынсыз ораза ұстауына, үйiне бөтен адамды кiргiзуiне, малын жұмсауға болмайды.”

Ерi бiр қажетi үшiн әйелiн шақыратын болса, әйелi ошақ басында тұрған болса да ерiнiң талабына жауап берсiн.”

Перiштелер, ерi төсекке шақырған уақытта, оған бағынудан бас тартқан және осының себебiнен күйеуi түндi наразыланған күйде өткiзуiне себепкер болған әйелге таң атқанға дейiн лағынет айтады.”

Қайсы бiр әйел жан тапсырып, тiрi кезiнде ерi одан разы болған болса, ол әйел жәннатқа кiредi.”

Сендердiң әрбiрiң жауапкерсiңдер және жауапкершiлiктерiңде болған нәрсе үшiн сұраласыңдар. Патша өз қоластындағылар үшiн жауапкер және солар үшiн сұралады. Отағасы жанұя үшiн жауапкер және сол үшiн сұралады. Әйел күйеуi сыртта болған уақытта үй шаруасы мен балалардың тәрбиесi үшiн жауапкер және сол үшiн сұралады. Қызметшi қожайынның мүлкi үшiн жауапкер және сол үшiн сұралады. Сендер барлығың жауапкершiлiктерiңде болған нәрсе үшiн сұраласыңдар.”

“Әйелдердiң жақсысы — көзiң түскенде қуандырып, бұйырғаныңа мойынсынғаны. Үйiңде болмағаныңда сенiң ар-намысың мен малыңды сақтағаны.”

Түсiнiктеме: Расулуллаһтың (с.ғ.с.) “көзiң түскенде қуандырып” дегенi — әйел адам әуретiн жауып, тек ерi көруге болатын жерлерiн бөгде кiсiлерден жасырғаны. Жалғыз болғанда ерiнiң ар-намысын қорғағаны осы болар. Керiсiнше, мұсылманшылық ұят-әдеп жоралғыларын белден басып өте беретiн, отырғанда, тұрғанда, өзiнiң әйелдiк жаратылысын ескермейтiн, қыз-келiншекке жарасатын қымсыну, тартыну, имену деген ойына кiрiп шықпайтын әйел кiсi өзiне ғана емес, ата-анасына, күйеуi мен бауыр-туғандарына сөз келтiрiп, жерге қаратады.