Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОЫ КУРС ИНШАЛЛА Мади.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71.74 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ

АҚТӨБЕ МЕДРЕСЕСІ

Исламдағы ер мен әйелдің құқығы

« Фиқһ» пәні бойынша

курстық жұмыс

Орындаған:

«Исламтану» мамандығының

3 курс студенті,

Сынақ кіт. № 42 _

Ермағамбет Мәди Ғалиұлы

Тексерген:

Маткаримов Ғабит_

«10» сәуір 2015ж.

Баға:

_______________

Бестамақ селосы – 2015ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

I Бөлім. Ер азаматтың міндеті 5

II Бөлім. Әйелдің күйеуі алдындығы міндеті 7

III Бөлім. Отбасылық өмірде ислам уағыздарын ұстану 8

IV Бөлім. Жұбайлардың хақтары 10

1.Неке суы туралы 10

2. Некені бұзатын сөздер 13

3. Шариғаттың үйреткен талақ беру тәсілі қандай? 14

ҚОРЫТЫНДЫ 17

Пайдаланған әдебиеттер 18

Кіріспе

Ислам дінінің бейбітшілік пен тыныштықты, дінаралық, ұлтаралық татулықты, рухани бірлігімізді, ұлттық салт – дәстүрлерімізді, ана тіліміздің ғасырлар бойғы мұраларын сақтап, нығайтудағы игі әсері өлшеусіз. Иманды да салауатты өмір салтын ұстанған отбасылар Отанымыздың тірегі.

“Үйленуге мүмкіндігі бола тұрып, үйленбегендер – менің үмметімнен емес” – деген ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.). Аса қамқор жаратқан иеміз Құран Кәрімде тіршіліктің бар саласын қамтитын тура жолды көрсеткен. Соның ішінде отбасы тіршілігіне, ерлі – зайыптылардың

үйлестіріп әйел жынысын жаратқаны да (әйелді Адам атамыздың қабырғасынан жаратқан), араларымызға тіршілік ләззаты етіп сүйіспеншілік, мейірім бергені де Құран аяттарында ашық та анық айтылған.

Бабаларымыз ақ неке деп ардақтаған бұл игі қадам адам өміріндегі ұлы өзгеріс. Сіз кеше ғана жалғыз едіңіз, бүгін екеусіз. Қасыңызда тағдырдың түрлі сынағын бірге көтеріп, ыстық – суықты, жақсылық – жамандықты бірге бөлісер жан жарыңыз бар. Осы сезімнің өзі бойыңызға қуат беріп, жүрегіңізге нұр сыйлайтыны ақиқат.

Көптеген отандастарымыз шаңырақ көтерудің ең алғашқы шарты – Аллаһтың алдында, яғни шариғат талаптарына сай неке қию екенін біле бермейді. Білсе де ескере бермейді. Үкіметтің неке сарайында заңды түрде үйленгендерін білдіретін неке куәлігін алсақ болды деп санайды. Әрине, өзің өмір сүріп отырған мемлекеттің азаматы болғандықтан, сол елдің заңдарын мүлтікісіз орындаған абзал. Әйтсе де, ең алдымен Аллаһтың алдында жүзіңіздің жарық болғаны дұрыс деп ойлаймын.

Әлемдегі барлық нәрсенің бастауы бар. Солардың бір бөлшегі адамзат. Бұлар да туылады, өледі. Туылу мен өлу арасында тіршілік етуі тиіс. Оны қалайша, қай тұрғыда жүргізгені абзал? Әрине, адамгершілікке толы, әмбеге қолайлы баршаның мақсат - мүддесіне сай жол таңдалады. Өйткені, мұндай қағида - ережелер туындаған кезде мемлекет, саясат дегендер болмаған. Бұл дәуір нағыз демократиялық сипаттарға толы кезең болатын. Ол алғашқы қауымдық құрылыс (сана - сезімі төменгі тобыр) ыдырап рулық тайпалық одақ пайда болған заман еді. Сол рулық - тайпалық одақты әлемдегі барлық халық бастарынан өткерді. Амал не бәрі де (тек, біздің ата - бабаларымыздаң, басқалары) сол дәуірдегі жасалған қағида - ережелерін ұмытып адамды адам қанау, таптық теңсіздік пен әлеуметтік жіктелу процестеріне күш берді. Нәтижесінде тұрмыс формацияларын бастарынан кешіргені даусыз. Осы ретте біздің ата - бабаларымыз басқа жұрт өткен жолдармен өткенімен, алғашқы болмысын, оның қасиеттерін сақтап қалды. Ең бастысы алғашқы үлгі рулық тайпалық жүйені - осы кезеңге жеткізіп отыр. Бұл жүйемен бірге адамгершілікке толы ежелгі қасиеттер мен сипаттары ере келді. Олар: жақын туыстасына үйленбеу, әмеңгерлік, құда түсіп қалыңмал беру, туысқандық көмек, бауырлық, билік және т.б.

Ежелгі қалыптасқан қағида - ережелер жоғарыда айтылған екі сенімге дөп келді. Мұның басты мақсаты адамның өзіне сенімді болуы, сол сеніммен өмір сүруі. Сенімі бар адамға сенуге болады. Сөйтіп, «Алладан өзге тәңірі жоқтығына сену; Мұхаммед оның елшісі әрі соңғы пайғамбары екендігіне сену» - деп білуге болады. Мұхаммед (с.ғ.с.), мұсылмандықтың бұл кілтін кеңірек түсіндірген, яғни: «әмәнту биллаһи уа мәләикатихи уа кутубихи уа расулихи уа иаумил ахириуәл қадари, хайриха уа шаррихи мин Алла Тағала уәл бағсу уа бағдал маутихи хаққум. Әшхаду ән лә иллаһа иллалла, уа әшхаду әнна Мухаммадан абдуху уа рассулуху». Мәні: «мен Алланың бірлігіне, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, жақсылық пен жамандық Алланың жаратуы мен болатынына, өлгеннен кейін қайта тірілетініне (ахирет күніне) сенемін». Бұл алты ереже иманның негізіне жатады. Аллаға құлшылық ету осы алты ережеден басталады. Мен бұл арада құлшылық пен табынушылықтың ара жігін айта кеткелі отырмын. Өйткені, табынушылық күпірлікке яғни күнәға жетелейді. Құлшылық етудің мәнін терең түсіну үшін оның қарама қарсы жағын да әбден білгеніміз мақұл. Әрбір мұсылман үшін Аллаға басқа нәрсені теңу, Аллаға оны пара - пар ету барып тұрған күнә. Алла Тағала жоққа табынушылық күнәсінен басқа күнәнің бәрін кешіруі мүмкін, Құранда: «Шындығында Алла өзіне серік жасаушыларды кешіре алмайды, бірақ кімді қаласа, оның мұнан гөрі кішірек күнәларын кешіреді. Өйткені, кім де кім Аллаға серік жасаса, әрине, онда ол тіпті алжасқандардың алжасқаны болады.» («Майда» сүресі, 116 аят).

Зерттеу жұмысы.

Ең алдымен, ислам дініне дейінгі иудей, үнді, христиан діндеріндегі әйел құқықтарының айырмашылығы мен артықшылығын көрсету. Қазақ халқының отбасылық өмірінде ислам уағыздарының адамгершілікке толы қасиеттер мен тәлім – тәрбиенің ұқсастығының молдығын көрсету.

Зерттеу жұмысымның өзектілігі.

Әлемдегі барлық діндердің ішінде ислам діні ғана әйелдерді ер адамдармен теңестіріп, теңдей құқық бере алған бірден – бір дін. Және Қасиетті Құран Кәрімде ер мен әйелдің тең құқыққа ие екені жиі айтылады. Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) әйел құқығына ерекше мән беріп, «Сендердің ең ізгілерің мен жақсы қылықтарың - әйел құқықтарын құрметтеулерің,» - деп текке айтпағандығы бүкіл әмбеге аян.

Ислам діні ер мен әйелдің қосылып некелесуіне айрықша мән береді. Сондай – ақ отбасылық өмірде ер мен әйелдің араларындағы міндеттерін, парыздарын, әйел құқықтарының бұзылмауын қатаң қадағалайды. Міне, осы айтылған мәселелер тақырыптың өзектілігін нақтылай аша көрсетеді.

Зерттеу жұмысымның мақсаты мен басты міндеті.

Мұсылмандық құқықтың қайнар көздері жеке адамдар статусының құқықтарында жатыр. Негізінен, діни принциптерге негізделеді. Осы нормалардың негізгі институттары: неке, ажырасу, туыстық жөндері, отбасын материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету, бала тәрбиелеудегі міндеттер, өсиет, мұрагерлік, қамқоршы, т.б. Сол секілді жеке азамматтық құқықтарға (мәміле): жекеменшік мәселелерін реттеу, әр түрлі келісім түрлері мен оларды қамтамасыз ету, міндеттемелерді орындау тәртіптері т.б. кіреді. Сондықтан менің алға қойып отырған мақсатым да, осы нормалардың адам құқығына нендей әсері мен айтарлықтай айырмашылықтарын айтып көрсету.

Көптеген отандастарымыз шаңырақ көтерудің ең алғашқы шарты – Аллаһтың алдында, яғни шариғат талаптарына сай неке қию екенін біле бермейді. Білсе де ескере бермейді. Мұсылманның отбасылық өмірі қандай болуы керек, әйел құқығы, отбасылық өмірде нендей өзекті мәслелер бар, міне осы және басқа неке міндеттерін терең баяндап, мәнін ашып беру.

Курстық жұмысының құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Бөлім. Ер азаматтың міндеті

Ер кісінің міндеті діни және дүниауи болып бөлінеді.

Діни: Ер азамат жұбайына жақсылық етуі, құрмет көрсетуі іс-әрекеті мен сөйлеген сөзі жұмсақ болуы және көңіліне шаттық беруі күйеулік міндеті. Сонымен қатар әйелінің кейбір сөздері мен әрекеттеріне сабырлық танытуға да тиіс. Бұл жайлы Ниса сүресінің 19-аятында: «...Сондай-ақ олармен жақсы мәміледе болыңдар. Егер оларды жек көрсеңдер, сендер жақтырмаған нәрседе Алланың көптеген хайыры болуы мүмкін»,-деп баяндалған.

Ер кісі әйелін құрметтеп, қадір тұтуы оның жоғары көркем мінез иесі екендігін білдіреді. Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): «Муминдердің иманы кәмілділері көркем мінезділері. Ал, сендердің жақсыларың әйелдеріңе жақсы болғандарың »,-деп айтқан.

Ер азаматтың өз әйеліне деген қамқорлығына оның қадір-қасиетіне, ар-намысына тиетін өсек-аяңдардан және іс-әрекеттерден қорғауы да жатады. Өйткені мумин кісі өз жұбайын және бала-шағасын өзгенің орынсыз сөзі мен ісінен қызғануы қажет.

Сахаба Аммар бин Ясир (р.а.) айтқан хадисінде:«Үш түрлі адам жәннатқа мәңгі кірмейді: дәис, еркекшора әйел және араққа салынған адам,-деді. Сахабалар: уа, Аллаһ елшісі! Араққа салынған кісі дегенді білеміз. Дәис деген кім?,-деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Үйіне (әйелі мен бала-шаға алдына) кім кіріп-шығып жатқанына мән бермейтін кісі,-деп жауап берді. Сахабалар: еркекшора әйел кім?,-деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): ол (сыртқы көрінісі, киім киісі, жүріс тұрысы мен сөйлеу әдеті) ер кісілерге ұқсаған әйел »,-деп жауап берді.

Дүниауи: Мұсылман кісі әйелінің азық-түлігін, киім-кешегін, дәрі-дәрмегін және де басқа қажеттілігін қамтамасыз етуі отағасы ретіндегі міндеті. Бұл жайлы Талақ сүресінің 7-аятында: «Алланың бергені бойынша нәпақа берсін. Алла ешкімге бергенінен артық жүктемейді...»,-деп әмір етілген.

Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) қоштасу қажылығында ер кісілерге: «Әйелдер алдындағы міндеттеріңе ( немқұрайлы болудан) Аллаһтан қорқыңдар. Сендер әйелдерді Аллаһтың сөзімен некеге алдыңдар. Аллаһтың сөзімен адал жар еттіңдер. Сендер (жұбайларыңнан) ұнатпаған кісіні үйлеріңе жуытпауды талап ете аласыңдар. Егер кіргізер болса (әйелдеріңді) жөнімен тәртіпке шақырыңдар. (Әйелдер) сендерден өздерін азық-түлік және киім-кешекпен қамтамасыз етулеріңді талап ете алады»,-деген. Бұл имам Муслимнің сахих жинағында айтылған хадис.

Муғауия бин Хайда (р.а.) мен Аллаһ елшісінен (с.ғ.с.): Уа, расул! Әйелдеріміздің бізде қандай құқығы бар?,-деп сұрадым. Пайғамбарымыз: егер тамақтансаңдар, оларға да тамақ беру, егер киім алсаңдар, оларға киім алып беру. (тәрбиелейтін болсаңдар) бетінен ұрмау. Оларға жамандық жасамау. (Ұрысып қалған жағдайда) үйден шығып кетпей, бөлек жату,-деп жауап берді (Әбу Дауд риуаяты).

Ер кісі әйелін материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуге міндетті. Әйел рұқсатсыз күйеуінің шаңырағынан басқа үйге көшіп барса, сондай-ақ, рұқсатсыз жолға, яғни сапарға шықса, рұқсатсыз қажылық етсе күйеуі материалдық жағынан қараспауға құқылы. Сонымен қатар, әйел өз жолдасының рұқсатынсыз жұмысқа орналасып жатса, күйеуі материалдық міндетін орындамауына құқылы.

Әрине, ер азаматтың әйеліне және бала-шағасына беретін қаражат мөлшері жеке басының мүмкіндіктеріне және қоғамдық жағдайына қарай болады.

Күйеуінің берген қаражаты жетпесе, бірақ жоқшылықтан емес сараңдығынан болса, әйел рұқсатсыз мөлшерлеп және ысырап етпей қаражат алуына шариғат рұқсат береді. Айша анамыз (р.а.) риуаят еткен хадисте: сахаба әйел Һинд пайғамбарымызға : уа, Аллаһ елшісі! Әбу Суфиян сараң кісі. Маған берген қаражаты өзіме де, бала-шағама да жетпейді. Тек өзім оған білдіртпей алсам ғана, жеткізіп отырамын,-деп сұрайды. Пайғамбарымыз: «Өзіңе және балаңа жететіндей етіп шамамен ал»,-деп жауап берді.