Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-3_synyp_o_1179_ushylaryn_a_1171_ylshyn_tilind...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
139.26 Кб
Скачать

II. Үйрету кезеңдері

2.1 Сөйлеу дағдыларының қалыптасуы

Сөйлеудің қалыптасуы жаттығулар жасау негізінде жүзеге асады. Сөйлеуді үйретудің бір тәсілі ретінде қарап көрейік. 2-3 сыныптарда ағылшын тілін үйрету тілдік бірліктер, тілдік үлгілер және құрылымдарда жүргізілгенде, айтылу дағдылары көрсетілген бірліктерде жүргізіледі. Мысалы, My name is ... деген сөйлеу үлгісін оқушылар түсінікті болатындай етіп айту керек. Бұл фраза [m, n, z, аі, еі, i] ағылшын дыбыстарынан, екпінді және екпінсіз элементтер мен интонациялық суреттен құралады. Дыбыстардың молшылығына қарамастан, бұл фраза оқушылар үшін айтуға оңай. Интонацияны балалар мұғалімге еліктеу арқылы игереді. Оқушыларды ағылшын тілінде сөздерді дұрыс айтуға үйрету үшін, олардың әрқайсысына 1-ші сабақтан бастап көңіл бөліп, игерілетін материалдың айтылуында хор немесе жеке формада жаттықтыруға болады. Хор бойынша айтқан кезде мұғалімнің оқушыларды ести алатындай қабілеті болу керек. Хор бойынша жаттықтырғанда әр оқушының белсене қатысқаны дұрыс. Алайда жеке формада жаттықтыруды да ұмытпау керек. Сабақта алдымен жақсы білетіндерді шақырып алып, олардың айтуы арқылы әлсіз оқушыларға үлгіні тағы бір естуге мүмкіндік беру қажет. Жаңа материалдарды арнайы фонетикалық жаттығулар арқылы игерген дұрыс. Бұл жаттығудың материалы дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлем және тұтас ұйқастар бола алады. Фонетикалық жаттығуды мұғалімнің өз дауысы арқылы да, дыбыстық жазулар арқылыда жүргізуге болады. Дыбыстық жазулар арқылы оқушыларды материалды тыңдауға, естуге және оны дұрыс жеткізуге дағдыландырған жөн. Бұл жағдайда оқушылардың дыбыстық жазумен деген дағдылары көбейеді. Ал үлгерімі төмен оқушылар дыбыстық жазумен мұғалімнің көмегі арқылы жеке тапсырмалар орындауларына болады. Мұғалім оқушылардың сөзді айтқанда неден қате жіберетінін байқап, оларды дұрыс жөндеу қажет. Мысалы, оқушы The tiger eats meat сөйлемінде eats сөзіндегі ұзақ [і:] деп айтудың орнына қысқа [i] деп жауап берсе, сөйлем мәнсіз болып қалады. Бұл жағдайда дауыстылардың ұзақтылығына мән берген жөн. Егер де мұғалім ағылшын тілінде жақсы сөйлеп, соның арқасында оқушылардың фонетикалық есту, өз-өзін бақылау, өз-өзін дұрыстау қабілеттерін қалыптастырып, сабақ кезінде дыбыстық жазулар қолданып және оқушылардың онымен сабақ кезінде, сабақтан соң немесе үйде жұмыс істеуге үйретсе, онда бұл оқушыларға әжептәуір жуықталған дұрыс сөйлеумен қамтамасыз етеді.

2.2 Лексикалық дағдылардың қалыптасуы

Оқушылардың лексикамен танысуы тыңдау арқылы жүзеге асады. Оқушылар сөзді тыңдап, олардың қалай дыбысталатынын және қандай мағына беретінін, қандай сөзбен тіркесетінін меңгереді. Оқушылардың сөзді меңгеруге жаттығулары сөйлеу арқылы жүзеге асады. Жаттығу мұғалімнің немесе диктордың сөзді айтуымен басталады. Сөзде жаңа дыбыстар болса ең алдымен осы қиындық шешіледі, ал егер болмаса балалар сөзді 2-3 рет хормен және жеке қайталайды. Әр оқушының меңгерілетін сөзді дұрыс айтуына көңіл бөліну керек. Сөздің көп қайталанып айтылуы, оқушылардың сөздік қорының көбеюі мен есте сақтау қабілетінің жақсаруына, керек сөзді сөйлеуде қолдануға мүмкіндік береді. Жаттығулардың саны сөздердің қиыншылықтарына қарай анықталады. Кей жағдайларда мұғалімдер сөздің оқушыға қаншалықты қиын екеніне көңіл бөлмей, әр түрлі қиыншылықтағы сөздерді үйретуде бірдей уақыт жұмсайды. Жаңа сөз тіркестерін құрудағы лексикалық дағдылардың қалыптасуы өте маңызды. Оқушылар ағылшын тілінің ережелеріне сәйкес сөздерді тіркестіріп білу керек. Бұндай жаттығулар өте пайдалы әрі мұғалімнің бақылауы арқылы жүргізіледі. Мысалы, good weather - fine weather, strong rain (snow) - heavy rain (snow). Лексикалық ауыстыру есте қалған сөзді таңдап алумен және оны сөйлеу тізбегіне қосумен байланысты. Мысалы, оқушыларға what we eat тақырыбында сөйлеуге тапсырма берілді. Оларға үлгі беріледі : We eat pears.

P1 – We eat apples.

P2 – We eat plums.

P3 – We eat cucumbers.

P4 – We eat potatoes.

P5 – We eat bread.

P6 – We eat bread and butter.

P7 – We eat meat.

P8 – We eat fish.

Бұндай тапсырма оқушыларға «Тамақ» тақырыбындағы сөздерді естеріне түсінуге мүмкіндік береді. Лексикалық бірлесуде оқушыларға белгілі бір тақырыпта меңгерілген сөздің басқа бір тақырыптағы сөзбен сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Мысалы, жеміс-жидектердің атымен оқушылар жыл мезгілдері тақырыбында,әсіресе күзді сиппаттауда танысады. Бұл сөздерді оқушылар екінші бір тақырыппен бірлестіре отырып қолдана алады, мысалы,тамақ туралы айтқанда, сауда-саттық, үйге қалай көмектеседі немесе саяхатқа шығарда не алып шығады және т.б. Лексикалық дағдының қалыптасуында орындалатын жаттығудың нақтылығы мен дұрыстығы қадағаланады.