1.1 «Сөйлеу» сөйлеу қызметінің бір түрі ретінде
Тіл – қарым-қатынас құралы. Тіл сөйлеу арқылы жүзеге асады, сөйлеу арқылы ғана дамып, өмір сүреді. Сөйлеудің негізгі мағынасы адамның әлеммен қарым-қатынасы адам санасында көрініс табатын ой. Сөйлеудің мазмұны ойды ауызша түрде жеткізу. Сөйлеудің негізгі объектісі адамның шыншыл өмірмен байланысы. Сөйлеуді адамдар бірдеңені айту қажеттілігі туған кезде қолданады. Сөйлеу – көп аспектті әрі қиын құбылыс. Біріншіден, ол адам өмірінде қарым–қатынас құралы функциясын атқарады. Екіншіден, сөйлеу қызметінің арқасында пікір айту қалыптасады. Үшіншіден, сөйлеу қарым–қатынас тапсырмаларын шешу мақсатындағы өз ойыңды жеткізу. Сөйлеу әрқашан белгілі бір мақсатқа көзделген.
Сөйлеуге үйрету оқушының «сөйлегісі келу» арманына қатысты болу керек, ол мұғалімге тікелей қатысты. Бұл құбылысты жүзеге асыру үшін оқытушы мен оқушының қайырымды қарым-қатынасы болу керек, мысалы оқушы «my pet» деген тақырыпқа қызыға талқылама жасайды. Олар өздерінің сүйікті үй жануарының суретін, ойыншығын алып келіп сыныпта әңгіме жүргізе алады.
Сөйлеу аудитория үшін арналған және тыңдаушыға бағытталған түрде бола алады. Яғни біз сөйлеу кезінде сөзімізді белгілі бір адамға бағыттап ойды бөлісіп, дәлелдеп сұрай аламыз. Мысалы оқушы белгілі бір нәрсені айту кезінде оны сыныпқа немесе өзі қарым-қатынас жасап отырған адамға қатыстыруы қажет.
Сөйлеу әрқашан эмоционалды боялған түрде бола алады. Яғни сөйлеуші айтып тұрған объектіге өзінің сезімін, қатысын білдіре алады. Сөйлеудің бұл мінездемелері алғашқылармен де тікелей қатысты. Мыс: «my pet» деген тақырыпта I like my dog very much деген сөйлемде «like» деген сөзді белгілі бір екпінмен айта алады.
Сөйлеу арқашан алдын ала келісу негізінде жүзеге асады. Мысалы, оқытушы оқушылардын белгілі бір нәрсені сұрау алдында оқушылардың бұл тақырыпқа қатысы бар ма, лексикалық қорлары жете ме, оқушы санасына сай ма деген сұрақтарға жауап бере алуы қажет.
1.2 2-3сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері
2-3сынып оқушылары шамамен 7-10 жас аралығындағы оқушылар.Олар бейнелі-көркем ойлауымен ерекшеленеді. Бұл жас оқушылары үшін мнемоникалық әрекет нәтижесінде еріксіз есте сақтау тән. Сабақтың қызықты мәліметі олардың назарын тез аударып алғанмен, олар осы қызығушылықпен ұзақ уақыт жұмыс істей алмайды, себебі олар шаршап кетеді. Жалпы осы жас кезеңі байсалды әрі біркелкі даму кезеңі болып табылады, яғни бұл кезеңде оқушы миының жүйелік толық жетілуі болады. 2-3сынып оқушылары арасында оқу дағдысы жетекші рөлді атқарады, бірақ олардың ойынға деген қызығушылығы жоғалмайды. Сондықтан да оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен материалды қабылдау деңгейі төмен түспеу үшін, мұғалімнің тапсырмаларды ойын түрінде таңдап алғаны жөн. Осы ойын арқылы шет тілдегі материалдың айтарлықтай бөлімі еріксіз есте қалады. Р.И.Жуковскийдің тәжірибелеріне қарағанда бала балалық шағынан бастап өлеңдер мен түрлі ұйқастарды оңай оқып үйренеді. Ал С.Л.Рубинштейннің пікірі бойынша өлеңмен жазылмаған материалға қарағанда, өзінің ұйқасы мен ырғағы арқасында өлеңдер тез есте сақталады. Сондықтан да 2-3сынып оқушыларының сөйлеуін дамыту үшін, тез жатталынатын өлеңдер мен ұйқастарды таңдау керек. Сондай-ақ осы жастағы оқушылар қарым-қатынасқа бейім және тез әсерленгіш келеді. Олардың назарын жаңа әрі кенеттен болған жағдайлар қызықтырады. 7-10 жасар оқущылардың ақыл-ой мүмкіндіктері әжептәуір кең. Олардың пікір алмастыруға, шешім қабылдауға, ойша пайымдауға, заттар мен құбылыстарға анализ жасауға мүмкіндіктері қалыптасқан. Сондай-ақ 2-3сынып оқушылары да мұғалімнің қойған бағасына сезімтал келеді.
1.3 2-3 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінде сөйлеуді қалыптастыру
Біз шет тілін оқыту туралы айтқанда, оны ең алдымен қатынас құралы ретінде оқимыз. Биляев ойынша, шет тілін игеру яғни басқа тәсілдермен және жолдармен санадағы ойды шығару. Шет тілін оқытудың нәтижесі жемісті болу үшін оқушының дербес және жас ерекшеліктерін ескеру маңызды шарттардың бірі болып табылады. Әдістемелік және психологиялық әдебиеттерде (дәстүрлі орта білім беру мектебі, шет тілін тереңдетпей оқыту) 3 сатыны бөліп қарастырады:
Бастапқы (4-6 сыныптар )
Орта (6-7 сыныптар)
Жоғарғы (8-10 сыныптар)
Ал қазіргі уақытта шет тілін тереңдеп оқытуға байланысты оқыту сатылары мынандай:
Бастапқы (1-3 сыныптар)
Орта (4-6 және 7-8 сыныптар)
Жоғарғы (9-11 сыныптар)
Орта мектептерде бастапқы саты деп оқушыға керекті коммуникативті компетенция негіздерін салу болып табылады. Ал бұл компетенциялар осы курсты ары қарай дамытып оқуға қажетті және жеткілікті болу керек. Ағылшын тілін оқытудың алғашқы сатыларында оқушыларда ағылшын тілінде өз ойын жеткізу қажеттілігі туады. Ол қарым-қатынас жасап отырған қимыл іс-әрекет негізінде көрінеді. Мысалы, бірдеңені жеткізу, сұраққа жауап беру, өтінішті орындау,сондай-ақ қаламды әперу, есікті ашу, тақтаны сүрту т.б. Бұл жағдайлардың негізгі мақсаты күтілетін қорытынды. Бұл бөлімде сөйлеу не үшін, неге және не айту керек деген қызметтерді ғана атқарады. Сөйлеуді қалай жүзеге асыру сөйлеудің 2-ші бөлімінде яғни аналитика-синтетикалық бөліміне қатысты. Бұл бөлімінде тіл арқылы ойды жүзеге асыру процесі жүреді. Ағылшын тілінде ойды жеткізу кезінде оқушы естегі сөздерді теріп (анализ) оны ойды жеткізу үшін сөйлеу бүтініне қосу керек (синтез). Сөзді жадыда сақтау үшін оларды белгілі бір нәрсемен қатысты жүйелеу керек. Олар парадигматикалық және синтагматикалық бола алады. Сөйлеудің осы екі түрі көп болса оқушының сөйлей алу қабілеті жоғары болады. Парадигматикалық байланыс негізінде сөздерді әртүрлі белгісіне қарап есте сақтай алады:
жазу кезінде әртүрлі,ал дыбысталуы бірдей, мысалы two-too,one-won, see-sea;
мағына жақындығына байланысты, мысалы small-little;
мағынасының қарама-қарсылығына байланысты, мысалы answer-ask.
Cөйлеу кезінде синтагматикалық байланыста үлкен роль атқарады. Яғни сөздердің басқа сөздермен сәйкес келуі, мысалы order деген сөз келесі сөз тіркестерінде қолданылады:
order - something (order dinner, order breakfast, a new coat etc )
order to do something (order to stand up, to close the door, to stay in bed)
give an order to do something (to stand up, to stay after classes)
Сөйлеушілер арасындағы қарым- қатынас кезінде лексикалық сөздік қорларына қатысты құралдарды таңдап алу мына жағдайларды іске асырады:
күнделікті қолданылатын ағылшын тіліндегі бірліктер, мысалы good afternoon, thank you, my name is, I am on duty, may I come in.
сөздердің орнын ауыстыру және құрылымын өзгерту, мысалы my name is деген дайын тіркестен name is бірлігі өзгеріссіз қалып, my түрін his, her немесе my sister’s деп ауыстыруға болады. Осы құрылымды өзгерту кезінде біріншіден ойлау тікелей мен арқылы жүзеге асып, 2-ші жағдайда грамматикалық құрылымы іске асады.
Шет тілін оқытудың қиындығы осында. Адам ойын жеткізер кезінде оны бірінші ойлап алады, ал ол ана тілінде іске асады. Сөйлеу тыңдау, оқу және жазумен тығыз байланысты. Тыңдау мен сөйлеу ойды ауызша жеткізу ретінде бір-бірімен тығыз байланысты. Сөйлеу тікелей оқумен байланысты, яғни сөйлеу мен дауыстап оқудың қарым қатынасын дәлелдеп жату артық. Сөйлеу жазумен де байланысты, мысалы оқушы жазу үстінде өз ойынан сыбырлап айтып отырады.
