- •1.“Экономика” ұғымын және оны үш көзқарастық тұрғыдан анықтаңыз
- •2. Айырбас қатынасының дамуы және ақшаның пайда болуын түсіндіріңіз. Ақшаның қызметтерін атаңыз
- •3. Ақша-несие саясаты және оның құралдарын көрсетіңіз
- •5. Бәсеке мәні мен оның экономикалық рөлі
- •6. Бәсекенің түрлерн және жетілген, жетілмеген бәсеке теориясын көрсетіңіз
- •7. Бухгалтерлік және экономикалық шығындарды түсіндіріңіз
- •8. Еңбек өндіріс факторын және еңбек ақыны еңбек бағасы ретінде түсіндіріңіз
- •9. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсынысты түсіндіріңіз
- •10. Жиынтық ұлттық өнім: түсінігі, түрлері, оны есептеу әдістерін түсіндіріңіз
- •11. Жұмыспен қамту: мәні мен түрлерін түсіндіріңіз
- •12. Жұмыссыздық пен инфляцияны экономикалық тұрақсыздықтың көріністері ретінде түсіндіріңіз
- •13. Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері, Оукен заңын түсіндіріңіз
- •14.Икемділік ұғымын және икемділік коэффициентін түсіндіріңіз
- •15. Инвестициялар және оның түрлерін түсіндіріңіз
- •16. Инфляция: мәнін, пайда болу себептерін түсіндіріңіз
- •17. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдарын, Қазақстандағы инфляцияны түсіндіріңіз
- •18. Экономикалық категориялар мен заңдарды талдаңыз
- •19. Экономикалық теорияның пәнін талдаңыз
- •20. Экономикалық зерттеу әдістерінің түрлерінің айырмашылықтарын салыстырмалы талдаңыз
- •22.Капиталдың техникалық және экономикалық ескіруін, амортизацияны түсіндіріңіз
- •23.Кәсіпкерліктің түрлері мен нысандарын түсіндіріңіз
- •24. Қазақстан Республикасының салық және фискалды саясатын түсіндіріңіз
- •26. Қоғамдық шаруашылық формаларын түсіндіріңіз
- •29.Макроэкономиканы ұлттық экономиканың негізі ретінде
- •30.Мемлекеттің әлеуметтік саясаты: қажеттілігі, мәні мен мақсаттарын түсіндіріңіз
- •31.Мемлекеттің экономикалық қызметтерін талдаңыз
- •32. Меншік объектілері мен субъектілерін талдаңыз
- •33.Меншік теориясын, экономикалық меншіктің көптүрлі формаларын талдаңыз
- •34. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұнын түсіндіріңіз
- •35.Нарық механизмінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсекені талдаңыз
- •36. Нарық тепе-теңдігін көрсетіңіз
- •37. Нарықты экономиканың ауытқымалы дамуын көрсетіңіз
- •38. Экономикалық өсу мен оның өлшемдерін көрсетіңіз.
- •39.Экономиканы мемлекеттік реттеудің теорияларын көрсетіңіз
- •40.Экономикалық теорияның қызметтерін талдаңыз
- •1.2 Кесте
- •2 Бәсекенің түрлері
- •2.1 Жетілген бәсеке
13. Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері, Оукен заңын түсіндіріңіз
Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды. Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықты екі топқа бөледі: - жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты; мысалы циклдық жұмыссыздық; - жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты; мысалы фрикциондық, құрылымдық жұмыссыздық. Қазақстанда экономикалық реформалардың бастауынан ашық жұмыссыздық өсе бастады, бірақ онымен қатар жасырын жұмыссыздық та орын ала бастады. Қазақстандағы еңбек нарығында ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа орналаса алмады. Құрылымдық және циклдық жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін жоғалтады. Толық жұмысбастылық деген мағынаның экономикада жоқтық қасы, себебі барлық жұмыс күші жұмыспен толық қамтылған жағдайда да жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі болуы қалай да болса қажетті және заңды процесс. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықтың деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық қосындысына тең. Ол жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Жұмыспен толық қамту жағдайындағы қарқынды инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі дәрежедегі нормасын жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Егерде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы ұлттық өнімнің азаюына әкеледі. Жұмыссыздықтың зардаптары: 1. Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда: - халықтың сатып алу қабілеті төмендейді, - қазына – қор қысқарады, - инвестицияға сұраныс қысқарады, - өндіріс құлдырайды. 2. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады. 3. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі. Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін Оукен заңы қолданылады. Осы заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1 %-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің потенциальдық мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2,5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциальды ЖҰӨ толық жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім. Кез келген елдің экономикасында жұмыспен айналыспайтын белгілі бір адамдар саны бар, сондықтан мемлекет тарапынан оларға жұмыссыздық бойынша қаржы төлейді. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси зардаптарын азайту үшін дамыған елдердің үкіметтері соңғы жылдары жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда. Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады. Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады. Жасырын жұмыссыздық - өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы, немесе ақпараттың болмауына байланысты. Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші. Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикада жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздардан) құралады. Жұмыссыздықтың деңгейі жұмыссыздар санының қоғамдағы барлық жұмыс күшіне қатынасымен анықталады. (% пен есептеледі) Оукен заңы –жұмыссыздықтың іс жүзіндегі деңгейі оның табиғи деңгейінен 1% -ға артуы, іс жүзіндегі ЖҰӨ көлемін әлеуметтік көлемін салыстырғанда 2,5 % -ға кейіндеуге жеткізеді.
