Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпоры Экономика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
360 Кб
Скачать

32. Меншік объектілері мен субъектілерін талдаңыз

Меншікті анықтау барысында меншік субъектілері мен объектілері қарастырылады. Меншік субъектісі – меншік объектісін иелену мүмкіндігі мен құқыққа ие меншік қатынастарының белсенді жағы.

Меншік объектісі – келесідей түрдегі меншік қатынастарының пассивті жағы:

а) жылжымайтын мүлік — жер учаскелері, сондай-ақ ғимараттар, құрылыс және жермен тығыз байланысты өзге де мүліктер, яғни орны ауысқан жағдайда негізгі қызметіне айтарлықтай көлемде (қалпына келместей) нұқсан келетін объектілер;

б) жылжитын мүлік — көлік құралдары, айналыстағы тауарлар, бағалы қағаздар, ақша, мүліктік құқықтар, т.б.

в) ақыл-ой меншігі (интеллектуалды меншік) – рухани, ой қабілетімен байланысты іс-әрекеттің нәтижелері және оларға теңестірілетін келесідей индивидуализация құралдары: фирмалық ойлау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, ноу-хау, авторлық құқық, технологиялық жобалар т.б.

Меншік мазмұнының экономикалық тұрғысы оның заңдылық тұрғысынан біршама ерекшеленеді. Осы ерекшеліктердің талдауы меншіктің экономикалық мазмұнындағы негізгі сипаттарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Біріншіден, экономикалық ғылымды игіліктерді жаулау, сыйлау, мұраға алу т.б. жолдармен иелену қызықтырмайды. Экономикалық ғылыми игіліктерді өндіріс, айырбас, бөлу жолымен иеленуді зерттейді.

Екіншіден, экономикалық тұрғыдан иелену объектісі өте маңызды болып табылады. Объектілерді бір жағынан өндіріс факторлары, талаптары және құралдары, екінші жағынан тұтынушылық игіліктер деп бөлу шешуші әлеуметтік экономикалық мәнге ие. Алайда, меншік жүйесіндегі басты анықтаушы объект өндіріс құралдары болып табылады деп есептеу жөн емес. Жұмыс күші, ақпарат, ақыл-ой өнімі, сондай-ақ ақша қаражаттарына деген меншік те экономикалық үрдістерге айтарлықтай дәрежеде әсер етеді.

33.Меншік теориясын, экономикалық меншіктің көптүрлі формаларын талдаңыз

Меншік — бұл жеке адамның затқа байланысты қарым қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалды Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Қазақстан республикасының Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады және қорғалады. Жеке меншік—бұл азаматтардіңжәне мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер мемлекеттік меншік болып есептеледі Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының қажеттілігін тудырады.Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру (приватизация) жүргізіліп жатыр.Өндірістік қатынастардан пайда болған өнімді өткізу, оны тұтыну, табысты бөлу кезінде тағы бір қатынас түрі туындайды. Түйіні, біреудің мүлкін пайдалану арқасында қоғамдық өндірістік қатынастар­дың негізі жеке меншік негізінде экономи­калық қатынастар пайда болады. Осылайша адамның өзі, оның жанұясы тұратын үйі пайда болады. Бұл үй - оның дербес (жеке) меншігі. Бірақ үй иесі өз үйін жалға беруі мүмкін. Жалдаушымен шарт жасасып, жылдық төлемді анық­тады, 5 жыл мерзімге нотариалды түрде келісім жасады дейік. Үй иесі пәтерлік қызметтер көрсете бастайды, қоғамдық қатынастар туындайды. Осы жай қызмет түрі, пәтерді қажет ететін әрбір адам пайдалана алады. Жекеден дербес меншіктің айырмашылығы - оның экономикалық мәнінде дербес байлық - оны қажет ететіндерге билік беріп, банкирдің көмегімен қоғамдық қатынастар туындайды.

Сонымен, меншік формасының құрылымын үш сөзбен сипаттауға болады: мен иеленемін, пайдаланамын және билеймін.

Сәйкесінше, өндіріс - бұл түрлі меншік иелері, экономикалық субъектілердің өзара қатынасы. Немесе, өндіріс - бұл өзара араласуымен өз қажеттерін қанағаттанды­ра­тын қоғам мүшелерінің, жеке меншік иелерінің қызметі.

Нарықтық экономикада дәстүрлі түрде меншікті мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөледі.

Мемлекеттік емес жеке меншікке - нақты субъектіге меншік объектісін пайдалану құқығы мен тиімділікті алуға мүмкіндік беретін оның түрлі үлгілері жатады.

Қатынастар жүйесі ретінде мемлекеттік меншік жал­пы ұлт мүдделерін есепке ала отырып, барлық экономи­ка­лық жүйенің өмірге бейімділігін қамтамасыз етеді.

Жеке меншік ерекшелігі меншік иесінің иеленуі, билеуі, басқаруы, пайдалануы және меншіктену құқықтарын іске асыруы жатады. Ол объективті заңдары бар, қатал бәсекелестік үстемдік ететін нарықта өз үрейімен, тәуекелі­мен әрекет етеді. Нарықтағы табыстылық, көп пайдалы­лық, белгілі бір саладағы қызмет, осының барлығы - жеке меншік иесінің еңбек нәтижесі, ұтуы, ұтылуы.