Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпоры Экономика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
360.12 Кб
Скачать

10. Жиынтық ұлттық өнім: түсінігі, түрлері, оны есептеу әдістерін түсіндіріңіз

Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ) – макроэкономикалық жиынтық көрсеткіш. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған дайын өнімін құрайды.Басқа елдерде көптен бері кең қолданылып келе жатқанымен, отандық тәжірибеге 1988 жылдан енгізілген. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған, дайын өнімін құрайды. Оған сол елде және сол елдің иелігіне жататын, шет елдерде шығарылған өнім құны да кіреді. ЖҰӨ-нің жалпы ұлттық табыстан айырмашылығы — оған өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлардың амортизациясы және өндірістік емес жүйелер менсыртқы экономикасы қызметтен түсетін табыстар да қосылады.[1]

ЖҰӨ-ді есептеудің әдістері

ЖҰӨ-ді есептеудің бірнеше әдістері қалыптасқан:

Қосымша құнды, шығынды және табысты қосу арқылы;

Барлық кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халық ш-нда материалдық игіліктер өндіретін халықтың еңбекақысы мен басқадай табыстарын, әлеуметтік қамтамасыздандыру төлемдерін, пайда мен басқадай табыстарды, сондай-ақ, амортизациялық төлемдерді қосу арқылы.Соңғы тәсіл бойынша халықтың тауарлар мен қызметті тұтыну құны, қоғамдық ұйымдардың қызмет құны, ғылым мен басқару буындарына көрсетілген қызмет құны, қор жинау (күрделі қаржы және басқалар), сыртқы сауда сальдосы, экон. қызметтен түскен табыс сальдосы сияқтыларды қосу арқылы анықталады. ЖҰӨ шамасына баға деңгейінің әсері мол, ол баға индексі арқылы беріледі де, ағымдағы бағамен есептелген ұлттық өнім жалпылама (номинальді) көрсеткіш болып аталса, баға деңгейімен түзетілген ұлттық өнім нақты ЖҰӨ болып табылады. Ол ұлттық экономиканың дәл сипаттамасын береді.[2]

Қазақстандағы жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері

Толық мақаласы: Қазақстандағы жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері

Көптеген тауарлар және қызмет түрлері ЖҰӨ-де нарықтағы бағаларымен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осы көрсетілген кызмет құны ЖҰӨ- ге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн атауға ие болады. Мысалға, тұрғындарға әкімшілікполиция және өрт сөндірушілер қызмет көрсетеді. Осы көрсетілген қызмет құнын бағалау қиын, себебі олар сатылмайды және нарық бағасын иемденбейді. ЖҰӨ құрамында осы мемлекеттік жұмысшылар өнімінің құнының көрсеткіші олардың жалақысы болып табылады. Яғни, ЖҰӨ-де арнайы есептелінген құн жалға берілген жеке үйлер, машиналар және ұзақ қолданылатын тауарлар іс жүзінде жасалынбайды. Онымен қатар кейбір тауарлар үйде жасалынып, үйде қолданылады, олар нарықта болмайды.

11. Жұмыспен қамту: мәні мен түрлерін түсіндіріңіз

Жұмыспен қамтудың үш негізгі түрін атап көрсетуге болады: толық, оңтайлы және тиімді.

Толық жұмыспен қамту - бұл қоғамның халықтың барлық жұмысқа жарамды бөлігіне, оның негізінде жұмыс күшінің жеке (отбасы аясында) және ұжымдық (кәсіпорындардың, компаниялардың және мемлекеттің қатысуы) ұдайы өндірісі жүзеге асырылып, қажеттіліктің барлық жиынтығы қанағаттандырылатын қоғамдық жұмыспен айналысуға беретін мүмкіндігі.

Оңтайлы жұмыспен қамту - бұл қоғамдағы жасы мен жынысын және білім құрылымын еспке ала отырып, еңбек ресурстарын пайдалану және қайта бөлудің маңыздылығын ескере отырып орын алатын түрі. Жұмыспен қамтудың бұл түрі тиімді болып табылады, өйткені жұмыспен қамтудың жас және жынысы құрылымын жақсарту, еңбекке жекелеген артта қалған аймақтардан халықтың еңбекке жарамды бөлігін тарту мақсатында жүзеге асырылады.

Тиімді жұмыспен қамту - бұл ұдайы өндірістің қарқынды типінің талаптарына, экономикалық мүдделіліктің критерийлеріне және әлеуметтік нәтижелілікке сәйкес жүзеге асырылатын және қол еңбегін, тиімсіз және ауыр дене еңбектерін қысқартуға бағытталған жұмыспен қамту түрі.

Жұмыспен қамту саясатында жұмысбастылықтың әлеуметтік және эконономикалық тұрғыдағы мәнін анықтап алу керек. Әлеуметтік тұрғыдан жұмысбастылықтың мынадай түрлері бар: жалпы білім беретін және арнайы оқу орындарында оқу, әскер қатарындағы қызметі, үй шаруашылығы, балаларды тәрбиелеу, қарттар мен ауруларды бағып күту, қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу.Экономикалық тұрғыдан жұмысбастылық - тұрғындардың қоғамдық өнімді немесе ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте - жұмыс істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай жұмысбастылыққа алып келеді.Жұмыспен қамту мәселелері қолда бар еңбек потенциалын сақтауды, көбейтуді және тиімді пайдалануды көздейтін қазақстан экономикасы үшін өзекті болып отыр.