Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпоры Экономика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
360.12 Кб
Скачать

12. Жұмыссыздық пен инфляцияны экономикалық тұрақсыздықтың көріністері ретінде түсіндіріңіз

Жұмыссыздық дегеніміз- жұмыс күшінің 1 бөлігінің тауарлар мен қызметтер өндіруге қатыспауын көрсететін әлеуметті-экономикалық көрсеткіш.

Жұмыссыздық- өндірісте жұмыс істегісі келетін, еңбекке жарамды халықтың жұмыспен қамтылмауы. Жұмыссыздық нарықтық экономикада жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың бұзылуына байланысты пайда болады.

Экономистер негізінен жұмыссыздықтың үш түрін бөліп көрсетеді: фрикциондық, құрылымдық және циклдік.Фрикциондық жұмыссыздық халықтың әрдайым бір аймақтан екінші аймаққа (қалаларға, поселоктарға) ауысуымен, кәсіптерін ауыстырумен, өмір-сүру кезеңдерімен (оқу, жұмыс, бала туу және оған қарау және т.с.с.) туады. Осы мотивтермен пайда болатын жұмыссыздық ерікті жұмыссыздық ретінде қарастырылады, өйткені адамдар өз еріктерімен тұратын жерлерін, жұмысын, кәсібін ауыстырады, оқу немесе бала туу шешімдерін қабылдайды. Фрикциондық жұмыссыздық әрдайым болады, одан қашып құтылу мүмкін емес. Оның басты белгшісі – төмен ұзақтылығы. Осылай, 1980 жылдардың соңында АҚШ-да 50 пайыз жұмыссыздар осындай жағдайда 5 аптаға дейін болағн, ал 80 пайыз жұмыссыздар, шамамен 14 апта жұмыссыз болған. Бұл американдық жұмыссыздық табиғаты бойынша фрикциондық мінезге ие болатыны туралы айтады, ол экономикада ресурстарды қайта бөлудің қалыпты үрдісін, жұмысшы күші нарығының жеткілікті жоғары тиімділігі туралы куәландырады, бұл күрделі әлеуметтік мәселе болып табылмайды. Мұндай жұмыссыздықтың мәнді белгісі, соныменен қатар, жұмыс іздеуші адамдардың қажетті квалификацияға, кәсіби дайындыққа және жетістіктерге ие болып табылады. Олардың мүмкіндіктеріне фирмалар жағынан сұраныс бар.Жұмыстан ерікті түрде бас тарту тек фрикциондық жұмыссыздық кезінде сарқылымсыз. Ерікті жұмыссыздық адам төменгі жалақыға жұмыс істегісі келмеген уақытта пайда болады. Соныменен қатар, кез-келген қоғамда адамдардың белгілі бір пайызы мүлдем жұмыс істегісі келмейтіндер болып келеді (батыстық елдерде олардың үлесі 15 пайызға дейін ғана жетуі мүмкін). Бұл санатқа жеткілікті бай адамдар кіреді, олардың жұмыс істемей-ақ қоюына болады, өйткені олар еңбектен түсетін табысқа мұқтаж емес. Бұған соныменен қатар өз алдына «туа біткен арамтамақтар» (бомждар, сұраушылар және т.с.с.) жатады, олар үшін қаңғушылық - өмірдің ерекше кейпіндегі стиль, психологиялық құрылым. Адамдардың бір бөлігі табыстарды басқа көздерден алады (мемлекеттің, ерлі-зайытылардың біреуінің қамқорлығында болады) және өздерінің алатын жалақысын демалыс уақытын жоғалтуды өтемейді немесе балаларды бағумен және үй жұмысымен айналысуды енгізетін нарықтық емес қызмет деп есептейді.   Ең соңында, ерікті жұмыссыздар санатына төмен квалификациялы адамдар аз түседі, өйткені олар үлкен жалақыға үміткене алмайды, соныменен қатар салық мөлшері өте жоғары елдердің жұмысшылары кіреді, өйткені еңбектік табыстар сезінетін таза пайданы әкелмейді.

Құрылымдық жұмыссыздық өндірістегі технологиялық өзгерістермен байланысты еңбекті ұсыныс пен жұмыс күшіне деген сұраныстың сәйкес келмеуі нәтижесінде пайда болады, ол жұмыс күшіне сұранысты құрылымдық өзгерісті туғызады. Осы себепке байланысты құрылымдық жұмыссыздықты кейбірде технологиялық жұмыссыздық деп те атайды. Технологиялық өзгерістердің әсерінен кәсіптің бірқатар түрлеріне сұраныс қысқарады, және жұмыс берушілер жаңа мамандықпен мамандарды іздейді.  Соныменен бірге, жұмыс күшін терриотриялық бөлуде де өзгерістер болады, нәтижесінде жекелеген аймақтарда жұмыспен қамтылмаған тұрғындар жинақталуы мүмкін.Құрылымдық жұмыссыздық фрикциондық жұмыссыздықтан сонымен қатар ұзақтылығымен де ерекшеленеді. Фрикциондық жұмыссыздар, ережеге сәйкес, қосымша дайындықсыз жұмыс алуға мүмкіндіктері болады, өйткені еңбек нарығында олардың кәсібіне сұраныс сақталады. Керісінше, құрылымдық жұмыссыздарға тек қана қайта дайындық қана қажет болмайды, соныменен қатар тұратын жерін де өзгерту керек болады.

Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық сондай-ақ табиғи жұмыссыздық деп те аталады. Экономикалық ғылымға бұл түсінікті 1968 жылы енгізген М. Фридмен және оған байланыссыз басқа американдық ғалым – Э.Филипс енгізген болатын.

Табиғи жұмыссыздық экономика үшін неғұрлым жақсы жұмыс күшінің резервін мінездейді, өндірістің қажеттілігіне байланысты салааралық және аймақаралық жұмыс күшінің ауысуын тез жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мәні бойынша, табиғи жұмыссыздық – экономикадағы толық жұмыспен қамтудың мақсатты деңгейіне, яғни потенциалды ЖІӨ-ге сәйкес келетін жұмыссыздардың үлесі болып табылады.Толық жұмыспен қамтылу түсінігі қоғамдық өндірісте еңбекке қабілеті бар адамдардың барлығы қамтылғанын көрсетпейді, өйткені фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық міндетті түрде болады. Толық жұмыспен қамту кезінлегі жұмыссыздық деңгейі бірқатар факторлармен анықталады, және ең алдыменен минималды еңбек ақы. Оның төмен деңгейі жұмысты бірінші іздеуші жастар жұмыс іздеу мерзімін ұзартуға алып келеді, соныменен қатар неғұрлым жоғары ақы төленетін жұмыс іздейтін жұмыссыздармен.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне сонымен бірге жұмыссыздық бойынша әлеуметтік сақтандыру жүйесі, кәсіподақтардың авторитеті, адамдардың еңбек етуге бейімділігі, экономика секторлары бойынша өсу қарқындарындағы айырмашылықтар, салықтар және т.б. әсерлерін тигізеді. Бұл факторлар өзгермелі болғандықтан, онда табиғи жұмыссыздық деңгейі уақыттың өтуіне қарай өзгеріп отырады.

Табиғи жұмыссыздықтың деңгейін анықтайу үшін экономистер ұзақ кезеңдегі нақты жұмыссыздықтың орташа деңгейін қолданады. 40-50 жылда орташа деңгей циклдік ауытқуларды тегістейді. Табиғи деңгейдегі жұмыссыздық қажет болады, өйткені ол арқылы инфляцияны ұстап тұруға болады. Инфляция түсінігі (латын тілінен аударғанда –қампию) алғашқы рет Америкада 1861-1865 жылдары Азамат соғысы кезінде қолдана бастады. Бірақта инфляцияның пайда болуы адамдарға ақшаны шаруашылық айналымда кең көлемде қолдана бастағаннан бері әйгілі. Инфляция теориясының негізін қалаушы ретінде шотландық экономист және мемлекеттік қайраткер Джон Ло деп есептеуге болады, ол 18 ғасырдың басында Еуропада алғашқы рет қағаз ақшаларды айналымға шығаруға талпыныс жасағандардың бірі болған. Өзінің неғұрлым әйгілі «Ұлтты ақшамен қамтамасыз ету туралы ұсыныспен қарастырылатын ақшалар мен сауда» (1705 жылғы) еңбегінде Джон Ло қағаз ақшаларды елді байты үшін шығаруды ұйымдастыруды ұсынды.

Инфляция – орташа және жалпы бағалар деңгейінің өсуіне әкелетін тұрақты тенденция. Ол ақшаның сатып алу қабілеттілігінің төмендеуін ұзақ мерзімді көрсететін процесс. Инфляцияның ашық және жабық түрлерін бөліп көрсетуге болады. Ашық инфляция еркін баға жағдайында қалыптасады.

Бағалардың орташа деңгейі баға индексі көмегімен есептеледі. Жасырын инфляция тауарлардың жоғалуымен пайда болады. Егер де мемлекет баға деңгейін тепе-теңдік деңгейден төмен қоятын болса, онда тауарлы нарықта тапшылық ұалыптасады. Инфляцияның бұл түрі экономикаға жоғары деңгейде мемлекеттің араласуымен қалыптасқан кез-келген экономикалық жүйеге тән құбылыс. Жасырын инфляция деңгейін экономикадағы тапшылық деңгейі бойынша анықтауға болады, яғни мемленкеттік бағалар мен көлеңкелі нарықтағы бағалардың қатынасы бойынша, тапшылықты тауарларды іздеуге кететін уақыт шығындары бойынша анықтауға болады. 

Инфляцияға қарама-қарсы процесс дефляция деп аталады, ал инфляция қарқындарын ақырандататын процесс – дезинфляция деп аталады.

Экономикалық агенттердің көзқарасы бойынша болашақтағы бағалар деңгейі инфляциялық күтім деп аталады, ол экономикалық агенттердің іс-әрекетттерін барлық экономикалық нарықтарда күнібұрын анықтап қояды.

Инфляциялық күтім:

Қысқамерзімді және ұзақмерзімді инфляцияларды шектейді;

Инфляцияның себебі болуы мүмкін;

Экономикалық агенттерге инфляцияға бейімделуге мүмкіндік береді.

Егер де экономикалық агенттердің күтімі рационалды күтімдер схемасы бойынша қалыптасатын болса, ал инфляцияның өзі анықталған (күтілген) болса, онда инфляцияның негативті эффектісін болдырмауға болады. Инфляцияның жылдамдауының негізгі факторлары болып табылады:

Мемлекеттік шығындардың тез өсуі;

Массалық даму және кәсіподақтар монополиясын қысқарту;

Ақша массасының көбеюі;

Ақша айналымы жылдамдығының жоғарылауы;

Шығарылатын өнім көлемінің қысқаруы..

Инфляция – ақша шаруашылығы дамуының өнімі және монетарлық құбылыстарға көрсетеді: бағалардың құнсыздануы тауарлық шаруашылыққа қызмет ету үшін қажетті ақша массасы экономикада көп шығуы әсерінен болады.Баға қарқындарына байланысты инфляцияның қалыпты, қарқынды және гиперинфляция түрлері бар.

Қалыпты  инфляция – оның жылдық қарқыны бір белгілі санмен өлшенеді, яғни 10 пайызға дейінгі. Қалыпты инфляция кезінде бағалардың өсуі баяу жүреді және оны анықтауға болады, бірақ баға еңбек ақыға қарағанда тез өседі.

Қарқынды инфляция – оның жылдық өзгеру қарқыны 20-дан 200-ге дейінгі пайыздық шекте екі немесе үш белгілі санмен өлшенеді. Ол елдегі ақша-несие саясатында күрделі бұзушылқтар туралы куәландырады. Адамдар нақты ақшаны аз сақтайды, өйткені олар өздерінің құндылығын тез жоғалтады. Қаржылық нарықтар дағдарысқа ұшырайды, өйткені капитал шетке шыға бастайды.

Гиперинфляция – баға айына 50 пайыздан жоғары өседі,и оның жылдық өсімі төртбелгілі санмен өлшенеді. Гиперинфляция ақшаға деген сенімділікті төмендетеді, ол бартерлік мәміле жасауға әкеледі және еңбек ақы ақшалай төлеуден натуралды төлемге көшіреді.

Инфляцияны туғызатын факторларға байланысты инфляцияның екі түрі бар: сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы.

 Сұраныс инфляциясы – жиынтық сұраныс артықшылығымен қалыптасады, оның артынан өндіріс қуып жете алмайды. Сұраныс инфляциясы кезінде жиынтық сұраныс қисығы 

Шығындар инфляциясы бір өнім бірлігіне орташа шығындардың өсуі әсерінен пайда болады, бұл жағдайда ұсыныс сұраныстан қалып отырады. Шығындар инфляциясы өндіріс шығындарының өсуін көрсетеді, ол нақты табыс пен еңбеек өнімділігінің өсуінен асып кетеді. Сұраныс инфляциясы жалғаса береді, өте көп жалпы шығындар болған жағдайда, ал ұсыныс (шығындар) инфляциясы құлдырауды туғызады, өйткені ол қосымша шығындардың өсуін ұстап тұрады, өйткені автоматты түрде шектеу жүреді. Сұраныс инфляциясы кезінде бағаның өсуі тек ұзақ мерзімде болады.

Сұраныс инфляциясы мен ұсыныс инфляциясының сәйкестенуі инфляциялық спиральды қалыптастырады – бұл соңғы өнім мен өндіріс бағасының өсуін сәйкестендіретін механизм болып табылады. Бұл поцесте негізгі рөлді экономикалық агенттердің инфляциялық күтімі ойнайды. Экономикалық агенттер инфляциялық күтімге өздерінің тәртіптерін сәйкестендіреді. Инфляцияның пайда болуының ішкі және сыртқы себептерін бөліп көрсетуге болады.

Сыртқы себептеріне жататындар: әлемдік құрылымдық дағдарыстар (шикізаттық, энергетикалық), егер де елде тұрақты валюталық бағам ұсталатын болса, оннда сырттан әкелінетін тауарлар бағасының кез-келген өсімі ішкі нарықта бағаның өсуін туғызады. Соныменен қатар, ұлттық банктің ұлттық валютаны басқа шетелдік валютаға ауыстыруы қағаз ақшаның қосымша эмиссиясына қажеттілікті тудырады, ол ақша арналарын толықтырады да, инфляцияға әкеледі.

Ішкі факторларына жататындар: өндіріс құрал-жабдықтарын өндіретін өндірістен тұтыну заттарын өндіретін салалардың артта қалуы, мемлекеттік шығындардың көбеюіне байланысты мемлекеттік бюджет тапшылығы, ірі фирмалар мен корпорациялардың нарықта баға қою кезіндегі монополиясы, жоғары салықтар, пайыздық ставкалар және т.б.