Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпоры Экономика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
360.12 Кб
Скачать

8. Еңбек өндіріс факторын және еңбек ақыны еңбек бағасы ретінде түсіндіріңіз

Өндіріс факторлары -өндіру (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) барысында дайдаланылатын негізгі компоненттер: еңбек, жер, табиғат ресурстары, капитал. Қазіргі заманғы экономикалық теория игіліктерді (тауарларды) өндіру (қызметтерді көрсету) үшін қажетті есурстарды топтарға - өндіріс факторларына бөледі. Олардың алғашқысы - еңбек факторы. Жер факторының (табиғи ресурстар) мағынасы кең (адамдардың келген жері ретінде кәсіпорындар алып отырған аумақ ретінде, пайдалы қазындылардын, су ресурстары мен басқа да ресурстардың көзі ретінде ұғынылады). Капитал факторы дегеніміз заттық (нақты) капитал — ұзақ уақыт және сан қайтара пайдаланылатын өндіріс құрал-жабдығы (шикізат, машиналар, жабдық, өндірістік ғимарат, т. б.). Осы классикалық өндіріс факторларынан басқа қазіргі заманғы экономикалык теорияда кәсіпкерлік қабілет, ғылыми-техникалық прогресс және ақпарат та жиі бөліп көрсетіледі

9. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсынысты түсіндіріңіз

Жиынтық сұраныс — ел нақты сатып алушылық қабілетінің көрсеткіші, яғни елдегі сатып алушылар бағаның белгілі бір деңгейінде сатып алғысы келетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құндық тұлғадағы жиынтық көлемі. Жиынтық сұраныс халықтың жиынтық табыстың белгілі бір деңгейінде жоспарлайтын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығысының деңгейін көрсетеді. Сондықтан Жиынтық сұранысты жиынтық шығыс деп те атайды, бұл шығысқа мемлекеттік тұтыну шығысы, жеке меншік сектордың тұтынуы, жиынтық инвестициялар және экспорт-импорт шығыстың сальдосы кіреді.Макроэкономикалық тепе-теңдік — жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе — теңдігі.Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі. Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі. Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады. Графикалық түрде жиынтық сұраныс қисығының еңісі кері тәуелділікті болады. Экономикада ақшаның құнсыздануы басталса бағаның артқан кезінде өнімге деген сұраныс азаяды.

Жиынтық ұсынысқа мерзім аралықтары әсерін тигізеді: қысқа мерзімде – АS –көлденең сызық, ұзақ мерзімде — АS — тік сызық.

 

1 – кейнсиандық сызық, қысқа мерзім

 

2 – аралық мерзім

 

3 — классикалық сызық, ұзақ мерзім.

Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

— Өндіріс ресурстары бағаларының деңгейі.

— Нарықтық құрырылымы.

— Өнімділік.

— Құқық заңдылық нормалардың өзгеруі.