- •1.“Экономика” ұғымын және оны үш көзқарастық тұрғыдан анықтаңыз
- •2. Айырбас қатынасының дамуы және ақшаның пайда болуын түсіндіріңіз. Ақшаның қызметтерін атаңыз
- •3. Ақша-несие саясаты және оның құралдарын көрсетіңіз
- •5. Бәсеке мәні мен оның экономикалық рөлі
- •6. Бәсекенің түрлерн және жетілген, жетілмеген бәсеке теориясын көрсетіңіз
- •7. Бухгалтерлік және экономикалық шығындарды түсіндіріңіз
- •8. Еңбек өндіріс факторын және еңбек ақыны еңбек бағасы ретінде түсіндіріңіз
- •9. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсынысты түсіндіріңіз
- •10. Жиынтық ұлттық өнім: түсінігі, түрлері, оны есептеу әдістерін түсіндіріңіз
- •11. Жұмыспен қамту: мәні мен түрлерін түсіндіріңіз
- •12. Жұмыссыздық пен инфляцияны экономикалық тұрақсыздықтың көріністері ретінде түсіндіріңіз
- •13. Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері, Оукен заңын түсіндіріңіз
- •14.Икемділік ұғымын және икемділік коэффициентін түсіндіріңіз
- •15. Инвестициялар және оның түрлерін түсіндіріңіз
- •16. Инфляция: мәнін, пайда болу себептерін түсіндіріңіз
- •17. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдарын, Қазақстандағы инфляцияны түсіндіріңіз
- •18. Экономикалық категориялар мен заңдарды талдаңыз
- •19. Экономикалық теорияның пәнін талдаңыз
- •20. Экономикалық зерттеу әдістерінің түрлерінің айырмашылықтарын салыстырмалы талдаңыз
- •22.Капиталдың техникалық және экономикалық ескіруін, амортизацияны түсіндіріңіз
- •23.Кәсіпкерліктің түрлері мен нысандарын түсіндіріңіз
- •24. Қазақстан Республикасының салық және фискалды саясатын түсіндіріңіз
- •26. Қоғамдық шаруашылық формаларын түсіндіріңіз
- •29.Макроэкономиканы ұлттық экономиканың негізі ретінде
- •30.Мемлекеттің әлеуметтік саясаты: қажеттілігі, мәні мен мақсаттарын түсіндіріңіз
- •31.Мемлекеттің экономикалық қызметтерін талдаңыз
- •32. Меншік объектілері мен субъектілерін талдаңыз
- •33.Меншік теориясын, экономикалық меншіктің көптүрлі формаларын талдаңыз
- •34. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұнын түсіндіріңіз
- •35.Нарық механизмінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсекені талдаңыз
- •36. Нарық тепе-теңдігін көрсетіңіз
- •37. Нарықты экономиканың ауытқымалы дамуын көрсетіңіз
- •38. Экономикалық өсу мен оның өлшемдерін көрсетіңіз.
- •39.Экономиканы мемлекеттік реттеудің теорияларын көрсетіңіз
- •40.Экономикалық теорияның қызметтерін талдаңыз
- •1.2 Кесте
- •2 Бәсекенің түрлері
- •2.1 Жетілген бәсеке
1.“Экономика” ұғымын және оны үш көзқарастық тұрғыдан анықтаңыз
Экономика (грек. oikonomia – шаруашылықты жүргізу өнері) ұғымы алғашында үй шаруашылығын жүргізу туралы заң дегенді білдірген. Қазіргі кезде бұл ұғым одан әлдеқайда кең мағынада: өндіріс, тұтас халық шаруашылығы, жалпы өндірістің әр саласы, қаражат-ақша айналысы, т.б. байланысты айтылады. Біздер экономиканы кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп түсінеміз. Экономика ұғымы материалдық игіліктер өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды сипаттайды. Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың базисі болып табылады [4,53б]. Экономика ғылымы ең ертедегі ғылымдардың бірі. Алғаш рет экономия термині III ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксинофонд және Аристотель еңбекреінде пайда болды. Көп ғасырлар бойы “экономия” (ойканомия) сөзі үй шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізу ережелерін қамтыған. Сонымен қатар жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерінің анықталуын қажет етті. Осыған байланысты экономия ұғымы жаңа мәнге ие болып, саяси экономияға айналды.Ол грек тілінде “полис”-мемлекет, “ойкос”- үй шаруашылығы, “номос”- заң дегенді білдірді. Саяси экономия ұғымын алғаш енгізген Антуан де Монкретьен болатын. 1615жылы оның “Саяси экономия трактаты” деген еңбегі жарық көрді. Мұнда мемлекеттік шаруашылықты жүргізу кеңестері мазмұнданған. Саяси экономия ғылым ретінде XVI-XVII ғасырларда пайда болған. Бұл кезеңнің алғашқы ілімі Меркантелизм (итальян сөзі – саудагер, көпес) болды. Осы ілімнің негізгі мазмұны байлық көзі тауар мен ақша айналымы саласында болды деп есептелінді. Меркантелизм екі кезеңнен тұрды: алғашқы кезең – ақша балансы теориясын ұсынды, оған сәйкес олар елден ақшаны сыртқа шығаруға тыйым салу қажеттілігін ұсынды; соңғы кезең – меркантелистер тауар айырбастау сферасын зерттеуге көшті. Алғашқы меркантелистерден айырмашылығы олар ақшаны шетке шығаруға тыйым салмады, өндірістік тауарлардың экспортын көбейтіп, протекционизм саясатын жүзеге асыруды ұсынды. Протекционизм – ұлттық экономиканы қорғау. Меркантелистер өкілдеріне Монкретьен, Стафорд, Мен, Фосашков жатады. Айналыс аясындағы бағыттарды жаулап алып, буржуазия аясына өтеді. Оның мәні байлықтың көзі өндірілген игіліктер тек айырбасталатын сауда сапасы емес, өндіріс болып табылатыны дәлелденген. Шынайы байлық - ақша емес, тауар. Ол идея алғашқы рет физиократтар (физио-табиғат, кратос-билік) еңбектерінде пайда болды. Осы мектептің басты тұлғасы – Франсуа Кене. Ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығы еңбегі деп есептетеді. Кейінен бұл сұрақтар Уильям Петти, Давид Рикардо, Адам Смит еңбектерінде қарастырылады. Олар ұлттық байлық тек ауыл шаруашылығы ғана емес, барлық өндіріс саласындағы еңбектен көрінетінін айғақ етті.
