Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
upr_uchet_gotovy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193.27 Кб
Скачать

16 Еңбек ақы шығындарының есебі. Тоқтап қалу, үстеме ақы және сыйақы есебі

Тікелей өндіріс жұмысшыларына және көмекші өндіріс жұмысшыларына төленетін сыйақы жалпы өндірістік шығындар бөлігі ретінде қарастырылады және өндірістік үстеме шығындар шотына жатқызылып, тарату жолымен өнімнің өзіндік құнына енгізіледі.

Басқа да қалған жанама өндіріс жұмысшыларына берілетін сыйақы олардың еңбекақысына есептеледі және сол кезеңге қатысты табыс пен шағын шотына есептеледі.

Демалыс бойынша төленетін шығындар тікелей шығындарға жатқызылып, сағаттық ставкасын көбейту арқылы заказға есептеледі.

Нормадан артық жұмыс істеу уақыты – осы кезеңде бекітілген жұмыс уақытынан артық уақытқа төленеді.

Нормадан артық жұмыс істеу уақытының қажеттілігі 2 жағдайға байланысты болуы мүмкін:

    1. Өндіріс процесінде толық өтелген уақытты толықтыру үшін.

    2. Басында жоспарланған өнімнің санын көбейту үшін.

Нормадан артық жұмыс істелгені үшін шығындар оның пайда болу себептеріне байланысты әр түрлі есептеледі.

    1. Ішкі себептер, нормадан артық жұмыс істегені үшін шығындарды болдырмауға болады, кезең табыстары мен шығындар шотына есептен шығарылады.

    2. Сыртқы себептер немесе қажет болған нормадан артық жұмыстардың құны толығымен өндірістік үстеме шығындар құрамына өндірілген бірліктің өзіндік құнына енгізіледі.

Бірақ, егер бұл нормадан артық жұмыс уақыты өндірістік графигінің тығыздығы емес, тапсырыс берушінің сұранысының нәтижесі болып табылса, онда бұл үстеме шығындар тікелей тапсырыс шығындарына есептелінеді.

Жұмыстағы бос уақыты немесе жұмыс уақытында алған тоқтатулар, ол өнімді емес, бірақ төленетін уақыт.

Бос уақытының пайда болуына байланысты есептеу әдісі де ерекшеленеді:

  1. Ішкі себептер, тоқтатулар шығындары өнімнің өзіндік құнына енгізілмеуі керек және ол табыстар мен шығындар шотына есептен шығарылады, себебі алып тастауға болатын тоқтатулар жақсылап жоспарланған кезде пайда болатын жағдайларға байланысты болады. (материалдардың жетіспеушілігі, негізгі құралдардың бұзылуы)

  2. Егер тоқтатулар жалпы жұмыс жағдайларына немесе кәсіпорынға байланысты емес сыртқы факторларға (күтілмеген сұраныстың төмендеуі, негізгі жабдықтаушылардағы толқулар) байланысты болса, онда бұл тоқтатулар болдырмауға болмайтын және де бақыланбайтын кәсіпорынның ұсталуы болып табылады. Сондықтан да мұндай тоқтатулар үстеме шығындар есебінен өнімнің өзіндік құнына жатқызылады. Кәсіпорында өндірістік жұмысшылардың әр түрлі қызмет түрлеріне кеткен уақытының негізгі ақпарат көзі болып тапсырыс карточкалары, табель, тоқтатулар карточкалары және т.б табылады.

17 Еңбекақы шығындарының есебі: еңбекақы түрлері

Кез келген өндіріс процесінде жұмыс күші негізінен қозғаушы күш ретінде шығын элементтерінің маңызды бөлігі болып табылады. Еңбекақының негізгі ұстамы ретінде жалақымен өлшенетін жұмысшылардың жаңа өндірген өнім көлеміне сан және сапа жағынан қосқан үлесі саналады. Еңбекақы – еңбек өнімділігін арттыруға, құрылыс–монтаж жұмыстарының көлемін ұлғайтуға, оның сапасын көтеруге жұмысшының мүддесін арттырушы негізгі құрал болып табылатындықтан автокөлік жолдарын салу мен жөндеу жұмыстарын жүргізетін ұйымдар үшін еңбекақы шығындары есебі өндірістік есеп жүйесінде маңызды орын алады. Демек, еңбекақы шығындары есебінің негізгі мақсаты құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау барысында жұмысшылардың орындаған жұмыс уақыты мен жұмыс көлемін алғашқы құжаттарға түсіріп, оларға тиісті еңбекақыны есептеу болып табылады.

Негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақыларын есептеу үшін кесімді еңбекақы формасы және жол жұмыстарына тікелей қатысатын бригадир-мастерлерге, прорабтарға еңбекақыны есептеу үшін мерзімді еңбекақы формасы қолданылады.

Жалақы есебі бойынша негізгі құжаттар болып: «Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық», «Демалысты ұсыну туралы бұйрық», «Еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрық», «Жұмыс уақытын есептеу табелі ,кесімді жұмыс жүктелімі, рапорттер, маршруттық беттер, тізімдемелер» табылады. Алғашқы құжаттарда шығын баптары бойынша жалақыны топтауды және есептеуді қамтамасыз ететін реквезиттері болуы қажет, сонымен қатар өндірім нормаларын орындау есебі, тегі, аты-жөні, табель нөмірі, жұмыскердің тобы, жұмыс орны, жұмыс тобы және атауы, уақыт нормасы және өнім немесе жұмыс бірлігіне баға беру, жалақы сомасы және норма бойынша жұмысқа кеткен уақыт саны.

Кәсіпорын өз еркімен жұмыскердің еңбек төлем жүйесін және нысандарын тұжырымдайды. Еңбек төлемінің екі нысаны қолданылады.

Кесімді – жалақы нысанының табыс сапасын, қиындығын және еңбек шартын ескеретін өндірілген өнім бірлігінің санына байланысты.

Мерзімді – жалақы нысаны еңбек шартына және жұмыскердің квалификациясын есекере отыра кеткен уақыт сапасына байланысты.

Кесімді нысан келесі жүйеге бөлінеді:

  1. тура кесімді;

  2. кесімді – сыйлықақылы;

  3. аккорттық;

  4. кесімді – ілгерілі.

Мерзімді нысан келесі жүйеге бөлінеді:

  1. жай Мерзімді;

18 Үстеме шығындар есебі. Шығындарды таратудың екі сатылы (этап) үрдісі

Шетел тәжiрибелерiнде көптеген компаниялар үстеме шығындарды өнiмге 2 этап негiзiнде жатқызады.

Бiрiншi этапта үстеме шығындар өндiрiстiк цехтары бойынша үлестiредi. Бұл этап екi қадамнан тұрады. 1-шi қадамда үстеме шығындар барлық цехтардың арасында бөлiп тартылады, ал 2-шi қадамда көмекшi цехтардың үстеме ығындары негiзгi өндiрiстiк цехтарға жатқызылады.

Бiрiншi этапта жиi қолданылатын үстеме шығындарды бөлiп тарату базасы ретiнде төмендегi көрсеткiштер қолданылады:

Үстеме шығындар Бөлiп тарату

түрi базасы

Амортизация Жабдықтардың құндылығы

Кадрлар бөлiмi, буфет Жұмысшылар саны

Техникалық қызмет көрсету Әрбiр цехта iстеп шыққан

бөлiмi сағаттар

Ғимаратты сақтандыру Аудан көлемi

Коммуналдық қызмет және жал Аудан көлемi

Екiншi этапта үстеме шығындар өнiмге жатқызылады. Бұл этап екi қадамнан тұрады. 1-шi қадамда әрбiр өндiрiстiк цех бойынша цехтық нормативтiк ставкасы анықталады:

Үстеме шығындар  цех бойынша үстеме шығындардың көлемi

бөлiп тарату = -------------------------------------------------------

ставкасы цех  цехбойынша бөлiп тарату базасының көлемi

бойынша (жұмыс сағаттары немесе станок-сағаттары)

2-шi қадамда iс-жүзiндегi базаның көлемiн нормативтiк ставкаға көбейту жолымен есептелiнген үстеме шығындардың сомасы өнiмнiң өзiндiк құнына жатқызылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]