Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
upr_uchet_gotovy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193.27 Кб
Скачать

11. Негізгі өндіріс шығындарының элементтері:

Өндіріс негізгі өнімнің өндірістегі роліне байланысты негізгі және көмекші болып екіге бөлінеді.

негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады;

көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге тікелей ықпал етеді (электр-көліктік, жөндеу цехтары, сумен жабдықтау т.б).

Өндірістік шығындар дайын өнімді өндірумен байланысты шығындар жиынтығы. Бұл шығындар өнімнің өзіндік құнын құрайды. Негізгі өндіріс шығындарының элементтеріне: негізгі материалдар, негізгі еңбекақы шығындары мен өндірістік үстеме шығындар қосылады.

Негізгі материалдық шығындар қайта өңдеу арқылы дайын өнімге айналатын шикізаттар мен материалдар.

Негізгі еңбекақы шығындары негізгі өнімді дайындаумен байланысты өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы.

Өндірістік үстеме шығындар негізгі материалдық және негізгі еңбекақы шығындарынан басқа өндірісте шығарылған шығындар жиынтығы. Мыс., коммуналдық шығындар, көмекші материалдар құны, цех мастерінің еңбекақысы, т.б.

Негізгі өндіріс шығындарын есепке алуға арналған шоттар жүйесі

Өндіріс шығындарын есептеу үшін 8110 “Негізгі өндіріс” (НӨ) бөлімшесінің мына шоттары қолданылады:

8110 “Негізгі өндіріс” - өндіріске жұмсалған және бір элементтік транзиттік шоттарында есепке алынған барлық шығындарын қорытындылау (шолу) үшін арналған;

8111 “Материалдар”;

8112 “Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы”;

8113 “Еңбекақыдан аударылатын аударымдар”;

8114 “Үстеме шығындар”.

12 Көмекші өндіріс шығындары есебінің тәртібі

Өндіріс негізгі өнімнің өндірістегі роліне байланысты негізгі және көмекші болып екіге бөлінеді.

негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады;

көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге тікелей ықпал етеді (электр-көліктік, жөндеу цехтары, сумен жабдықтау т.б).

Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып жұмыс жасйтын және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс (КӨ) деп аталады. Бұл – қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық цехы, автокөлік және т.б.

КӨ-тің шығындарын есептеуге 8310 шоты арналған және ол “Цехтардың шығындары” деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндіріс үшін жеке талдамалық шоты алынады.

КӨ-тің шығындарын есепке алу үшін мына шоттар арналған:

8310 “Көмекші өндірістер (қорытушы шот)”

8311 “Материалдар”;

8312 “Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы”;

8313 “Еңбекақыдан аударылатын аударымдар”;

8314 “Үстеме шығындар”.

КӨ-тің талдамалы (аналитикалық) есебі әрбір цехта, өнім түрлері (егер, олар әрқилы болса) және баптары бойынша жүреді.

Технологиялық процестің сипатына және шығаратын өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің біртектілігіне қарай КӨ қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Қарапайым өндіріс біртекті, күрделілігі бірдей өнімдерді шығарады. Оларда, әдетте, АӨ пен шалафабрикаттар болмайды (электр станциялары, бу-қазандық, компрессорлық станциялары, автокөлік).

Күрделі өндіріс алуан түрлі өнім түрлерін шығарады, оның АӨ-сі болады, және бұйымдардың, өнімдердің түрлері бойынша есеп жүргізуді талап етеді. Күрделі өндіріске жөндеу, модельдік, аспаптық, ыдыс цехтары жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]