Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
upr_uchet_gotovy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193.27 Кб
Скачать

5. Шешімдерді қабылдау үшін шығындардың жіктелуі: релевантты және релевантты емес шығындар.

Релеванттық және релеванттық емес шығындар оңтайлы басқару шешімін іріктеуде назарға алынатын шығындар.

Релевантты шығындар – бұл шамасы нақты қарастырылып отырған немесе басқа шешімдерге байланысты шығындар. Олар елеулі немесе маңызды деп саналады.

Релеванттық емес (иррелевантты) – бұл шамасы қабылданған шешімге тәуелді болмайтын шығын. Олар нұсқаларды бағалау барысында ескерілмейді.

6. Шешімдерді қабылдау үшін шығындардың жіктелуі: өспелі, инкрементті және маржыналды көрсеткіштер.

Өспелі шығындар барлық шығындарды негізделген (фиксированный) жəне ауыспалы деп екіге бөледі. Негізделген шығындар жұмыс көлеміне байланысты өзгермейді. Мысалы, медициналық құрал-жабдықтар барлық жұмыс көлеміне бірдей қолданылады, тек оларды жаңа құрал-жабдықтарды сатып алумен ғана алмастырады. Ал, ауыспалы шығын жұмыс көлеміне байланысты (мысалы, медицинада дәрі-дәрмектер) болады.

Инкрементті шығындар мен табыстар қосымша шығын б.т. Олар өнім бірліктерінің қандай да бір қосымша топтарын дайындау және сату нәтижесінде пайда болады. Көп жағынан маржиналдық шығындар мен табыстарға ұқсас. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық:

  1. Инкрементті шығындар қосымша шығын болып, өнім бірлігінің тұтас тобын өндіру көлемін ұлғайтудың, нәтижесі болып табылады;

  2. Маржыналды шығындар өнім бірлігінің қосымша шығындары мен табыстарын білдіреді.

Маржиналдық табыстар бұл өнімді сатудан түскен түсім мен өзгермелі шығындар бойынша есептелген оның толық емес өзіндік құндары арасындағы айырмашылық. Маржиналдық табыстың құрамына кәсіпорынның табысы мен тұрақты шығыны кіреді. Маржиналдық табыстан тұрақты шығынды шегеріп тастағаннан кейін операциялық пайданың көрсеткіші қалыптасады.

7. Шешімдерді қабылдау үшін шығындардың жіктелуі: релевантты, альтернативті шығындар.

Релевантты шығындар – бұл шамасы нақты қарастырылып отырған немесе басқа шешімдерге байланысты шығындар. Олар елеулі немесе маңызды деп саналады.

Альтернативті шығындар – пайдаланылмаған мүмкіндіктер. Бұдан туындайтын қорытынды экономикада альтернативті (баламалы) шығындары төмен тауар өндіру қажеттігі. Яғни, бір өнім пайдасы үшін екіншісінен бас тартумен байланысты шығындар. Өндірістегі барлық шығындар баламалы шығындар болып табылмайды. Баламалы емес - шығындар бұл өндірушінің бас тарта алмайтын шығыны. Ол шығындарды өндіруші міндетті түрде жұмсайды.

8 Шешімдерді қабылдау үшін шығындардың жіктелуі:релевантты емес: қайтарылмайтын шығындар. - өзгермелі, тұрақты; - бағалау есебіне қабылданатын және қабылданбайтын алдағы кезең шығындары; - қайтарылмайтын шығындар және аяқталған кезең шығындары; - жүктелген шығындар (вмененные затраты); - инкременттік және маржиналдык шығындар; - маржиналдық табыс; - жоспарланған және жоспарланбаған шығындар; - релеванттық және релеванттық емес шығындар;- өндіріс көлеміне қатысты шығын динамикасы. Релеванттық және релеванттық емес шығындар оңтайлы басқару шешімін іріктеуде назарға алынатын шығындар. Мұндай талдауда тек шамасы осы немесе басқа шешімдерге байланысты шығындар ғана ескеріледі. Мұндай шығындар релеванттық деп аталады, яғни елеулі немесе маңыздыдеп саналады. Шамасы қабылданған шешімге тәуелді болмайтын шығын релеванттық емес (иррелевантты) және нұсқалардыбағалау барысында ескерілмейді. Қайтарылмайтын шығындар немесе аяқталған кезеңшығындары. Бұлшығындарқандайда бір шешімдердіңпайдасы үшін болатын түйін (таңдау, байлам) осы шығынныңсомасына ешқандай әсерін тигізе алмайтын, сатып алынғанресурстардың құнын білдіреді. Ол бұрын қабылданған шешімнің нәтижесінде пайда болады және келешекте пайдаланатын шешімдер оны өзгерте алмайды. Талап етілмей (солкүйінше) қалған 100 мың теңге сомасындағы шикізат шығынықайтарылмайтын шығынның үлгісі бола алады.

9 Жоспарлау мен бақылау үшін шығындардың жіктелуі:айнымалы және тұрақты шығындар. Шығындарды жіктеу әр түрлі белгілер бойынша жүргізіледі: өндіріс процесіндегі экономикалық рөл (негізгі және қосымша); өнімнің өзіндік құнына кіргізу әдісі (тікелей және жанама); өндіріс көлеміне қатысты (өзгермелі және тұрақты). / Айнымалы шығындар өндіріс көлеміне тікелей байланысты және тәуелді өзгеретін сайма-сай (пропорциональды) өседі. Өндіріс көлемі екі есе 100-ден 200 бірлікте дейін өссе қалпы айнымалы шығындар 1000-нан 2000 теңгеге дейін ұлғаяды. Алайда өзгермелі шығындар өнім бірлігін есептегенде көлем өзгергенде тұрақты болып қалады. Бірінші, екінші, оныншы бірлік болғанына қарамастан. Сондықтан айнымалы және тұрақты шығындар шартты-айнымалы немесе шартты-тұрақты деп саналады, өйткені олар қосарлы рөл атқарады, бірақ әр түрлі көзқарас тұрғысынан. / Тұрақты шығын – белгілі бір уақытта анықталған облыста өндіріс көлеміне тәуелсіз. Өзгеріссіз. Бір қалыпты болатын шығын. Өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес дерлік (жылыту, өндістік бөлмеге жарық беру, амортизация, жалға алу жарнамаға шығындар және т.б.). Егер көлем 10%-ке ұлғайса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығындар өзгермей қалады, бірақ бір бірлікке тұрақты түседі.

10 Жоспарлау мен бақылау үшін шығындардың жіктелуі:шартты тұрақты немесе сатылы-өспелі шығындар, шартты айнымалы шығындар. Сатылы-өспелі шығындар- белгілі бір уақытта тұрақты болып, сосын айнымалыға ауысады. Шартты тұрақты шығындар – жалпы шығындар қозғалысы өндіріс көлеміне тәуелді бірақ пропорционалды емес. Өнім көлемі мен құрылымының өзгерісі, олар шартты-тұрақты шығындардың (амортизациядан басқа) салыстырмалы азаюына, амортизациялық аударымдардың қатысты азаюына, өнімнің ассортименті мен номенклатурасының өзгерісіне және оның сапасының артуына алып келеді. Шартты-тұрақты шығындар шығарылатын өнімнің санына байланыссыз болады. Өндіріс көлемін арттыру арқылы олардың өнім бірлігіне деген саны азаяды, ол оның өзіндік құнының төмендеуіне алып келеді. Шарттыс айнымалы шығын - толық емес өзіндік құнның есеп айырысуы жүргізіледі. Ағымдағы шығындардың бір бөлігі (кезең шығындары) ескерілмейді және калькуляцияланбайды, залалсыздық нүктесіне қол жеткізуге дейін өзіне тұрақты шығынды қосатын, қол жеткізгеннен кейін – салық салуға дейінгі пайданы өзіне қосатын маржиналдық табыс есебінен жабылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]