Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
upr_uchet_gotovy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193.27 Кб
Скачать

41.Бюджетті бақылау.Негізгі бюджетті құрудағы мысалдар

Бюджеттендірудің негізгі мақсаттарының біріне әр түрлі ұйымдық функцияларды үйлестіруді қамтамасыз ету кіреді. Бұл бюджетті жасаудың тәртібін көрсетеді.

Бюджеттендіру жүйесіндегі сату бюджеті ұйымдарда бірінші болып қалыптасады, өйткені өнімді сатудың мүмкін көлемін бағалаусыз және жоспарлаусыз өндіріс бюджетін, шикізат пен материалдарды сатып алу және пайдалану, еңбек шығыны және т.б. бюджеттерін жасау мүмкін емес. Егер барлық осы құжаттарды толық емес (без детально) әзірленген сату бюджетімен әзірлеуді қолға алсақ, ұйымның нақты жағдайындағы қызметінде олардың маңызды орасан үлкен болмайды.

Бюджетті калыптастырудың шығу нүктесі - сату бюджеті. Кәсіпорын сатылатын тауарлардың қанша екенін біліп отырса, оларға қанша тауар өндіру керек екенін анықтай алады.

1-кадам. Сату бюджеті өнім түрлері бойынша бюджеттік кезеңнің ішіндегі сату көлемін көрсетеді

2-қадам. Өндіріс бюджеті алдағы бюджеттік (жоспарлы) кезенде шығарылатын өнімдердің түрі мен санын анықтайды.

3-қадам. Материалдарды пайдалану бюджеті. Оны әзірлеу үшін өндіріс бюджетінде көрініс тапқан жоспарлы шығарылым туралы дерек және өнімнің әр түрін дайындау кезеңіндегі материалдарды пайдаланудың нормативтері туралы мәліметтер қажет болады.

4-қадам. Материалдарды сатып алу бюджеті тұтас кәсіпорын және өнім түрлері бойынша заттай және құндық түрде алдағы бюджеттік кезеңдегі материалдардың, шикізаттың шығындары туралы ақпаратты қамтиды.

5-кадам. Негізгі өндіріс персоналының еңбек шығыны бюджеті негізгі өндіріс персоналының қажеттілігін және жоспарлы кезеңде оның еңбекақы шығынын көрсетеді.

6-қадам. Жанама өндірістік шығындарға өндірістік бағдарламаларды орындалуына қажет өндірістік инфрақұрылымын қамтамасыз етуге кететін шығындар кіреді.

7-кадам. Бұйым өндірісінің өзіндік құны. Қайта санау коэффициенті, шығарылатын өнімдердің еңбек сыйымдылығы және материалдар шығындарынын нормалары туралы ақпаратпен, бір бұйымды өндірудің шығынын есептеуге ақпарат бере алады.

8-кадам. Жоспарлы кезеңнің соңындағы қойма қалдықтарының бюджеті. Кәсіпорынның жоспарлау қызметінің сатысында есептік кезеңнің соңындағы заттай бағаланатын дайын өнімдердің қорлары басшылық тарапынан анықталады.

9-қадам. Өткізілген өнімдердің өзіндік құн бюджеті. Өткізілген өнімдердің бюджетін жасау негізінде мынадай есептеу формуласы жатады.

42. Бюджеттік бақылау. Икемді сметаны құру.

Бюджеттік бақылау 3 сатыдан тұрады:

1.Жоспарлауға әзірлеу;

2.Жоспарлау;

3.Бақылау.

Бақылау - не жоспарланды және нақты не болды, осылардың арасында айырмашылық болғанда қолға алынатын әрекет. Бақылауды жүзеге асырмас бұрын ең алдымен қолда жоспар болуы керек. Бақылау нақты іс пен жоспардың арасындағы айырмашылық алдын-ала анықталған белгілі бір саладағы ауытқудың аясынан шығын кеткенде жүргізіледі. Бюджеттік бақылау нақты шаманы жоспарлы шамамен салыстырады.

Икемді смета (бюджет) - бұл іскерлік белсенділіктің нақты деңгейі үшін емес, белгілі бір диапазон үшін жасалатын жоспар, яғни өткізу көлемінің бірнеше альтернативтік варианттарын қарастырады. Бұл жерде өткізудің әр мүмкіндік деңгейіне шығындардың сәйкес сомасы анықталады. Сонымен, икемді смета өткізу деңгейінің өзгеруіне байланысты шығындардың өзгеруін есептейді. Ол жоспарлы көрсеткіштер мен қол жеткен нәтижелерді салыстырудың динамикалық базасын білдіреді. Егер тұрақты бюджетте шығындар жоспарланса, онда икемді бюджетте олар есептелінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]