- •Басқару есебінің объектісі мен әдістері, оның ұйымды басқарудағы рөлі.
- •Басқару есебі ақпараттарының қалыптасуы. Басқару есебіндегі ақпараттар түрлері мен қолданылатын көрсеткіштері.
- •4.Басқару және қаржы есебінің өзара байланысы мен айырмашылықтары.
- •5. Шешімдерді қабылдау үшін шығындардың жіктелуі: релевантты және релевантты емес шығындар.
- •6. Шешімдерді қабылдау үшін шығындардың жіктелуі: өспелі, инкрементті және маржыналды көрсеткіштер.
- •7. Шешімдерді қабылдау үшін шығындардың жіктелуі: релевантты, альтернативті шығындар.
- •11. Негізгі өндіріс шығындарының элементтері:
- •12 Көмекші өндіріс шығындары есебінің тәртібі
- •Негізгі материалдарды сатып алу, сақтау және босату есебінің тәртібі.
- •14 Өндіріске босатылған материалдар құнын бағалау
- •15 Тікелей және жанама еңбек есебі
- •16 Еңбек ақы шығындарының есебі. Тоқтап қалу, үстеме ақы және сыйақы есебі
- •Үстеме шығындардың есебі. Қызмет көрсететін бөлімшелердің шығындарын анықтау әдісі.
- •Үстеме шығындардың есебі. Кем және артық таратылған шығындар есебі.
- •Өзіндік құнды калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі. Тапсырыстық калькуляциялай әдісінің ерекшелігі (спецификасы)
- •Өзіндік құнды калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі. Өзіндік құнды калькуляциялаудың тапсырыстық әдісінің есеп процедурасы.
- •Өзіндік құнды калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі. Жартылай аяқталған келісім шарттан алынатын пайданы есептеу.
- •Өзіндік құнды калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі. Қалдық, ақаулы өнімді жөндеу және жою шығындарының есебін қосқандағы тікелей және жанама шығындарынң есебі.
- •25. Өнімнің өзіндік құнды калькуляциялаудың үрдіспе-үрдіс әдісінің ерекшелігі.
- •26. Үрдіспе-үрдіс калькуляциясы: бірліктің өзіндік құны.(эквиваленттік бірлік)
- •27 Үрдіспе-үрдіс калькуляциясы: Алдыңғы үрдістегі өнімнің өзіндік құны.
- •31. «Шығын – өнім көлемі – пайда» талдауын жүргізудегі жіберулер (қағидалар)
- •32.Зиянсыздық нүктесін есептеу. Маржиналды табыс әдісі, графикалық әдіс.
- •33.Операциондық тұтқа: мәні, маңызы, есептеу тәртібі
- •34 Шығын өнім көлемі – пайда талдауы Қауіпсіздік маржасын есептеу
- •35 Шығынды толық таратудың өзіндік құны калькуляциясы және айнымалы шығындардың ерекшеліктері мен кемшіліктерінің жүйесінің мәні.
- •36 Директ-костинг» жүйесі басқару шешімдерін қабылдаудың негізі ретінде.
- •37 «Стандарт-костинг» пен нормативтік әдіс шығындарды жоспарлаудың, бақылаудың және есебінің құралы ретінде.
- •38 Сметаларды құрастыру кезеңдері
- •39.Бюджеттік жүйелерді дайындау және енгізу.Бюджеттік жүйелер түрлері.Жоспарлау үрдісінің кезеңдері.
- •40.Бюджеттік бақылау.Функционалды смета құрудың мысалдары.
- •41.Бюджетті бақылау.Негізгі бюджетті құрудағы мысалдар
- •42. Бюджеттік бақылау. Икемді сметаны құру.
- •43. Нормативті шығындардың өзіндік құнды калькуляциялаудың мақсаттары.
- •44. Нормативтік шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау кезіндегі нақты шығындардың нормативтен ауытқуын талдау әдістемесі.
- •45.Ауытқу түрлері, материалдар, еңбекақы және үстеме шығындар бойынша ауытқуды есептеу тәртібі.
- •47. Баға қалыптастыру бойынша шешім қабылдау (шығындар қосу) баға қалыптасуы
- •48. Баға қалыптастыру бойынша шешім қабылдау, мақсаттық баға қалыптасуы
- •49.Баға қалыптастыру бойынша шешімдер қабылдау:арнайы тапсырыстың бағасын қалыптастыру.
- •51. Күрделі салымдардың сметасын құрастыру үрдісі және мақсаты
- •52.Инвестицияларды бағалаудың дисконттық емес әдістері
- •53. Инвестицияларды бағалаудың дисконттық әдістері
- •54. Шығындарды бағалау: ең кіші квадраттар әдісі
- •56 Өндірістегі жоғалтулар есебі.
- •60 Трансферттік баға қалыптасу ?
- •61 Көмекші қызмет шығындарын өндірістік бөлімшелерге бөліп тарату ?
- •65.Инвестициялық бағалау әдістері
- •66. Басқару есебі үшін сызықтық бағдарламалау.
- •68.Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісі және ауытқуды талдау
- •69.Бірлесіп өндірілетін және жанама өнімдер түсінігі.
- •70. Бірлесіп өндірілетін өнімдердің шығындарын тарату әдістері(бөліну нүктесінен кейін шығындар шығарылмайтын болса)
39.Бюджеттік жүйелерді дайындау және енгізу.Бюджеттік жүйелер түрлері.Жоспарлау үрдісінің кезеңдері.
Бюджеттендіру - бүді кәсіпорын бөлімшелерінің қызметін келісіп басқарудын жеке-жеке тарамдарға бөлінген жүйесі. Бюджеттендірудің шешуші сәтіне үйлестіру, адрестік және шығынды бағалау жатады. Бюджеттендіру бюджет жүйесіне негізделеді.
Ол басшылардың сандық жобаларын сәйкестендіріп, нақтылайтын кәсіпорын қызметінің және дамуының жоспарын сандық тұрғыдан білдіреді; кәсіпорын қандай нұсқалар арқылы пайда түсіре алады деген сауалға жауап береді.
Бюджетті қолдану мына артықшылықтарды қалайды:
Стратегиялық тұрғыдан да, тактикалық тұрғыдан да жоспарлау өндіріс ахуалын бақылауға көмектеседі.
Бюджет басқарушылық бақылаудың құрамдық бөлігі болып табылады, тұтас ұйымның және оның бөлімшелерінің қызмет нәтижелерін бағалаудын объективті негізін қалайды.
Бюджет кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелерінің қызметтерін үйлестіру құралына қызмет етеді.
Бюджет - жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындағанын бағалайтын бағаның негізі: менеджерлердің жұмысы бюджетті орындау туралы есеп беру бойынша бағаланады; бюджет деректерімен нақты нәтижелерді салыстыру менеджерлердің қызметін қай салаға бұру керек екенін көрсетеді.
5. Бюджеттің көмегімен ауытқудың талдауы жасалады.
Маңызы зор жоспарлы шешім әдетте бағдарламаны әзірлеу барысында жасалады, ал бюджетті әзірлеу процесі мәні бойынша осы жоспарларды нақтылаушы болып табылады.
Жылдық бюджетті жасау процесі алдағы кезең жоспарларын нақтылай түседі, өйткені басшылар алдағы кезең жоспарлары нақтылыққа айналуы үшін ретімен толық (подробные планы) жоспарлар жасауы керек. Бюджетті жасау келесі кезендердегі қызметгердің ықтимал өзгерістерін назарға алып, алдағы кезеңнің операцияларын жоспарлауды білдіреді және келешекте кездесуі мүмкін өзгерістердің шарттарын жұмсарту үшін бүгінгі күннен кешіктіруге болмайтын шараларды анықтайды.
Күнтізбелік-жоспарлы нормативтердін, негізінде әзірленетін бұйымдар мен бөлшектер шығарудың бағдарламасы озық техника мен технологияларды, кәсіпорынның өндірістік қуатын, еңбек өнімділігін арттыратын материалдық және моральдық ынталандыруды толық пайдалануды қарастырады.
Жоспарлау процесі шектеуші факторларды іріктеуден басталады. Көптеген кәсіпорындар үшін бұл бәсеке аумағы мен клиент санын қоса ескеріп нақты қол жеткізуге болатын сату көлемі болуы мүмкін. Бәлкім, бұл болжам жасауға келе бермейтін қиын сала шығар, десе де ол дұрыс есептеуде әлдеқайда маңызды орын алады. Ал қалған жоспарлар негізінен өткізу жоспарына, әсіресе, тікелей шығын және ақша ағынына байланысты болады.
40.Бюджеттік бақылау.Функционалды смета құрудың мысалдары.
Өндірістік қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның өндірістік міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыруын қамтамасыз ететін құрылымдық элементтер мен өзара байланысты функциялардың жиынтығын білдіреді.
Өндірістік қызметті басқару ең алдымен жиынтық функциялар арқылы жүзеге асырылады. Ол көп қырлы әрі әр түрлі объектілерді, қызмет түрлерін, міндеттерді және т.б. қамтуы мүмкін. Бұл қатынаста басқару функциясын мына белгілер бойынша жіктеуге болады:
ұйымның алдына қойған мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ететін операцияларды жоспарлау;
әр түрлі қызмет түрлерін және бөлімшелерді үйлестіру.
Тұтас ұйым бойынша топтардың және жеке қызметкерлердің мүдделерін бір арнаға салу;
өз жауапты орталықтардың мақсаттарына жеткізу үшін барлық деңгейлердегі басшыларды ынталандыру;
ағымдағы қызметті бакылау және жоспарлы тәртіпті қамтамасыз ету;
жауапты орталықтар мен оның басшыларының жоспарды қалай орындағанына баға берудің негізі;
менеджерлерді оқыту құралы;
ақпарат және басқару.
Бюджеттеудің мақсаты мен мінеттерію ұйым бюджетінің функциялары. Бюджеттеу үрдісінің сатылары. Сату көлемі жоспарлаудың қиындықтары. Кәсіпорын тарапынан бақыланбайтын фактордың сатудан түскен түсімге әсері (бәсекелестердің бықыланбайтын қызметі, жеткезушілер мен сатып алушылардың тұрақтылығы, жарнамалардың нәтижелілігі және басқалар).
Бюджеттеу үрдісінің сатылары.
Жоспарлау. Маңызы зор жоспарлы шешім әдетте бағдарламаны әзірлеу барысында жасалады, ал бюджетті әзірлеу процесі мәні бойынша осы жоспарларды нақтылаушы болып табылады.
Үйлестіру. Әрбір жауапты орталықтың қызметі басқа жауапты орталықтардың жұмысына байланысты болып, бір-біріне әсерін тигізіп отырады. Сондықтан да жеке қызмет түрлерінің бюджетін әзірлеу процесінде ұйымның ортақ мақсатына ұмтылатын бөлімшелердің ұйымшылдықпен, яғни келісімге келіп жұмыс істеулерін үйлестіреді. Өндіріс жоспары маркетинг бөлімінің жоспарымен үйлестірілуі аса маңызды, яғни жоспарланған сату көлеміне сай өнім өндіру аса қажет.
Ынталандыру. Бюджетті жасау процесі тұтас ұйымның да, жауапты орталықтардың да мақсаттарын жүзеге асыруға басшыларды ынталандырудың аса қуатты құралы болуы мүмкін. Әрбір басшы өзінің жауапты орталығының қызметінен қандай нәтиже күтетінін анық білуі керек.
Бақылау. Бюджет - оны (бюджетті) қалыптастыру, яғни жасау сәтінде қалаулы нәтижелер туралы есеп беруді білдіреді. Мұқият әзірленген бюджет - ең жақсы стандарт. Онымен нақты қол жеткен нәтижелерді салыстырады, өйткені ол өзіне әзірлену кезінде болжам жасалған барлық өзгермелілердің тиімділігіне баға беруді де қосады.
Бағалау. Ай сайын анықталатын бюджеттегі ауытқулар жыл бойы бақылауға алынады. Бір жылдың нақты деректерімен бюджетті салыстыру әрбір жауапты орталықтар мен оның басшыларының қызметін жыл аяғында бағалаудың басты факторы болып табылады. Бірқатар ұйымдарда менеджерлердің сыйақысы оның жауапты орталығы бойынша жағымды ауытқуының белгілі бір проценті ретінде есептеледі (мысалы, үнемделген материалдардың, еңбекақы қорының сомасынан болады).
Оқыту. Бюджет менеджерлерді оқытуға да қызмет етеді. Бюджетті жасау әркімнің өз бөлімшелерінің қызметін толық зерделеп, басқа жауапты орталықтармен қалай қарым-қатынас жасайтынын білуге мүмкіндік тудырады. Бұл, әсіресе, жауапты орталықтардың басшылығына тағайындалған тұлғаларға маңызды. Өз саласының жылдық бюджетін әзірлеуде тәжірибесі бар әрбір адам бұл процестің үйретуші жағын бағалай білуі керек.
Негізгі бюджет үшін фунционалды смета құру мысалы. Бюджет түрлері: негізгі бюджетті құрудағы негіз ретіндегі сату бюджетті. өндіріс бюджетті. Материалдар бюджетті. Еңбек бюждетті. Өндірістік үстеме шығысндар бюджетті. Өндірістік өзіндік құн бюджеттіюкоммерциалық және әкіншілік шығыстар бюджеті.
